Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет184/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   215
Жеке даралық әлеуметтік мәдени әлем – нақты баланың әлеуметтік дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктерін және жеке басына тән өзіндік ерекшелігін анықтайды. Оның көмегімен баланың әлеуметтену деңгейінің сәйкесуін немесе сәйкеспеуін, алға жылжығанын немесе кері кеткенін бағалауға болады. Әр бала даралығымен ерекшеленеді, сонымен бірге жасына лайық, әлеуметтенуінің дамуы мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты типтік әлеуметтік мәдени әлемге сай келеді.

Баланың әлеуметтік мәдениетінің негізі әлеуметтік педагогикалық сапасының сипаттары:айналадағы ортаны қабылдау, оған жауап беру; сөйлесе білу; жан дүниесі және көңіл-күйі; өзінше көрінуі (тұлғалық «Менінің» көрінуі), айналаға қарым-қатынасы, өзара қатынасы; тәртібі, іс-қимылы, әрекеті .



Айналадағы ортаны қабылдау және оған жауап беру. Айналаны қабылдау баланың жасына лайық өзгереді. Ол оның дамуына, әлеуметтенуіне және әлеуметтік толысуына байланысты болады. Баланың психикалық дамуы оның зияттық және әлеуметтік өзгерісіне себепші болады, өз кезегінде, оның психикасының дамуына әсер етеді. Балалардың әр жас кезеңіндегі психикалық дамуын жас ерекшелік психологиясы зерттейді.

Сөйлесе білу. Балалар сөйлеуге табиғи түрде бейім келеді. Бұл әлеуметтенудің бір қыры. Белгілі психолог А.Р.Лурия (1902-1977) былай дейді: «егіздер сөйлесудің «өзіндік» тілін қалыптастыруға қабілетті, олар бір-бірімен өздерінше қатынас орнатып, бірін-бірі түсінеді».

Сөйлеу табиғатынан әлеуметтік саналады: баланың бойында сөйлеуге деген қажеттілік бар, бірақ оның ашылуы әлеуметтік факторға тәуелді, оның өзіндік ерекшелігі баланың сөйлеуді меңгеру қабілетіне байланысты болады. Тілдік орта баланың әлеуметтік мәдени әлемін қалыптастырады.



Баланың жеткіншектік мәдени-әлеуметтік өмірінің көрінісіндегі ерекшеліктері және оны есепке алу қажеттігі. Бала дамуы жағынан өз қатарластарынан алда болуы мүмкін, бұл оның әлеуметтік мәдени әлемінен көрінеді. Баланың дамуын тежеудің қажеті жоқ, оның жеке бас ерекшелігіне қарай, оны белсендіруге түрткі тудыруға болады. Ең маңыздысы баланың әлеуметтік мәдениетін дамытатын орта жасай білу керек. Кейде бала өзінің дамуында кешеуілдеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда оның дамуын қалыптастыру жолдарын ойластыру керек. Бұл іс-әрекеттер әр баланың дамуына және тежелуінің себептеріне (ортаға, тәрбиеге) байланысты жасалады. Әр кезеңде баланың әлеуметтік мәдени дамуы мен тәрбиесіне ерекше қатынас құру қажет. Баланың әлеуметтік мәдени дамуына әсер ететін факторлар мыналар:

- «жас ерекшелігіне» сай (игерілген) мәдениеті;

- ата-аналар, тәрбиешілер, өзінен үлкендер, құрбы-құрдастары;

- өмір сүру ортасы (үйде, көшеде, бақшада, т.б.);

- баланың әлеуметтік мәдени әлемін қалыптастыруға түрткі тудыруға мақсатты іс-әрекет ету;

- баланың зияттық-шығармашылық іс-әрекетіне өз тарапынан күш жұмсауы.



Баланың «жас ерекшелік» (игерген) мәдениеті - ұрпақтан - ұрпаққа берілетін дәстүрдің, баланың өмір сүрген және дамыған, тәрбиеленген ортасындағы субмәдениетінің нәтижесі.

Әр жас кезеңіне лайық субмәдениеттің өзіндік қалыптасуы мен көрінісі орын алады. Мысалы, американ психологы Г.Эриксон жеткіншектік кезеңде өзіндік сана қалыптасуындағы типтік шиеленістерді бөліп көрсетеді, олар соған сай субмәдениетті және жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасу нәтижесін сипаттайды:

1) уақытша келешек немесе уақыттың нақты сезінбеу;

2) өзіне деген сенім немесе ұяңдық;

3) түрлі рөлдерді тәжірибеден өткізу немесе бір рөлде ғана тұрақтау;

4) шәкірттік немесе еңбек әрекетінің тоқталуы;

5) жыныстық полярлылық немесе екіжыныстылық бағдар;

6) көшбасшылық – бірізділік қатынас немесе анықталмаған бедел;

7) идеологиялық сенім немесе құндылықтар жүйесінің нақтылығының болмауы.

Ата-аналар, ересектер, құрбы-құрдастар – бұлар мәдениет иелері және оны таратушылар, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас барысында баланың да әлеуметтік әлемі қалыптасады және дамиды. Баланың баламен әрекеттесуі бір-біріне еліктеудің маңызды факторы (бастауы) және оның әлеуметтік дамуына мейілінше ықпал етеді. Матео Вежио (1406-1458), итальян гуманисті «балалар көбінесе үлгімен тәрбиеленеді, оларды жағымсыз мінезді жолдастарынан және теріс қоғамнан сақтау қажет»,-деп жазған еді. Соған орай, халық арасында «Досың кім, мен сенің кім екеніңді айтамын» деген даналық тұжырым бар.

Баланың өзге адамдармен араласуы, олармен қарым-қатынас құра білуі, оның табиғи формасын көрсетеді. Алғашқы қарым-қатынас – «бала – ата-ана» арасында қалыптасады. Міне, осы тұста ересек адамның мәдениеті мен баланың әлеуметтік әлемінің өзара байланысы жүзеге асады. Әсіресе, баланың анасымен жағымды әлеуметтік байланысының арқасында, бала мәдениетінің дамуын байқауға болады. Анасы оның тірегіне, қорғаушысына айналады, оның барлық қажеттерін орындайды, оның әлеуметтік дамуы мен мәдениеті қалыптасады. Бала есейе келе өзгелермен өзінің қызығушылығына орай қарым-қатынас жасайды. Оны ең әуелі балалар мен өз қатарластарымен қарым-қатынас жасауы қызықтырады. Балалардың арасында олардың ортақ қызығушылықтары анықталады, бірін-бірі түсінеді және ортақ қызығушылықтары білінеді. Онан кейінгі кезеңде баланың ересектерге деген қызығушылығы төмендейді. Оның түрлі себептері бар, ең біріншісі өзара түсіністіктің бүлінуі салдарынан – «ұрпақтар шиеленісі», «әке мен бала» арасында туындайтын мәңгілік мәселелер. Сонымен қатар өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас орнатуға қызығушылығы арта түседі, олардың қауымдастығына кіру, жеткіншектер мен жастарға тән ортақ қызығушылықтар сипатына ие болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет