Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


III бөлім. ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҰСТАНЫМДАРЫ



бет23/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   215
III бөлім. ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҰСТАНЫМДАРЫ
Жоспар:
3.1.Тәрбие - арнайы ұйымдастырылған және саналы жүргізілетін педагогикалық үдеріс.

3.2. Тәрбие заңдылықтары.

3.3. Тәрбие үдерісінің жалпы ұстанымдары.
Негізгі түсініктер: Педагогикалық үдеріс, тәрбие үдерісі, іс-әрекет құрылымы, заң, заңдылықтар, тәрбиенің заңдылықтары.
3.1. Тәрбие арнайы ұйымдастырылған және мақсатты түрде жүргізілетін педагогикалық үдеріс
Тұтас педагогиалық үдерісте тәрбие үрдісі маңызды орын алады. Ол сырттан ықпал ету арқылыда, оқушының өзінің белсене қатынасуы арқылы да қалыптастырылатын үдеріс. Тәрбие үдерісінде мазмұндық және әдістемелік жағы бөлініп алынады.

Тәрбиенің мазмұнына алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес оқушылар меңгеруге тиіс білімдер, сенімдер, дағдылар, сапалар және тұлғаның ерекшеліктері деген ұғымдар енеді.Әлеумдік жаһандану көшіне ілесе алатын тұлғаны тәрбиелеуде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Тәрбие негіздері» тұжырымдамасында анықталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тәрбие жұмысының басым Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, ұлттық тәрбие; отбасы тәрбиесі, еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие, зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі, көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негізінде тәрбие жұмысын іске асыру тиімділігін өлшеуші ретінде критерийлер: олар тұлғаның қоршаған әлемге, қандай да бір құндылықтарға және құбылыстарға қарым-қатынастары арқылы байқалады, тәрбие тұтастай педагогикалық үдеріске қосылған жағдайда тәрбиенің басты мақсатына жетуге, тұлғаны жан-жақты және үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Қазіргі таңда тәрбиенің негізі басты бағыты–тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны қалыптастыру ол үздіксіз жүргізілетін педагогикалық үдеріс. Адам кәсіби мамандық иесі, оған дайындық барысында, мамандыққа сай білімін жалғастырғанда бірге жүреді. Тұлға дегенімізге философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылымы тұрғысынан жан-жақты зерттеу жүргізіліп, әр қырынан өздерінің анықтамалық тұжырымын береді.Тұлға–ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз адамның өзіне тән жеке бас қасиеттерін іске асыруы.Тұлға дегеніміз–сезімнің, әсердің ішкі күшінің-сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі.

Ұлттық тұлға - тілі, діні, мәдениеті, салт санасы қалыптасқан ортада жеке адамға тән қасиеттермен өз ұлтының, халқының тұрмыс тіршілігін бойына сіңіріп, ұлттық намыс, талғам және ұлттық сана белгілерін өз бойында тұтастай көрсетіп, ең жоғары рухани деңгейде дамыған адам (К.Оразбекова).

Шынайы патриот тұлға – жалпы адамзаттық құндылықтардың негізін салушы және таратушы (С.Л.Рубинштейн).

Жан-жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәдениетке де тәнті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады.

И.П.Подласый тәрбиені мәдениет тұрғысынан қарастыра отырып, кешенді жүргізу технологиясы төмендегі талаптарды орындау барысында іске асатынына тоқталады:


  1. тәрбиеленушіге төмендегі үш бағыт: олардың санасына, сезіміне және тәртібіне әсер ету арқылы;

  2. жағымды нәтижеге тәрбиенің табиғи байланысы (ішкі педагогикалық әрекеттесу) және тұлғаның өзін-өзі тәрбиелуі арқылы жетеміз;

  3. тәрбиеге қатысы бар әлеуметтік институттар мен бірлестіктерді, жалпы баспасөз құралдарын, әдебиет, өнер, отбасы, мектеп, құқық қорғау органдары, т.б. кешенді ықпал ету жағдайларының бірлігі және оларды үйлестіру;

  4. тұлғаның сапалық қасиеті жүйелі нақты тәрбие ісі арқылы қалыптасады;

  5. кешенді ықпал тәрбие жүйесіне және оны басқаруға жүйелі ықпал ету арқылы табысты болады. Тәрбиені басқару ішкі және сыртқы факторлардың өзара әректтестікте болғанда ғана жақсы нәтиже беретініне тоқталады.

Сонымен қатар, мектептегі тәрбиелеудің міндеттеріне:

  • Жеке тұлғаның адамгершілік бейнесін қалыптастыру;

  • Қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру;

  • Жеке тұлғаның ішкі мүмкіндігі бойынша дамуын жетілдіру жатады.

Жалпы мектептердің тәрбие жұмысы тұлғаның іс-әрекеті негізінде іске асады.

Келесі құрамдас бөлік – бұл мектептің тіршілік әрекетінің бейнесі. Ол оқу орнындағы іс-әрекетті, қарым-қатынас пен араласа білуді ұйымдастыру туралы түсінікті, жүйе жасаушылардың байланыстары мен факторларды, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың бірлескен тіршілік әрекетінің басым бағыттарын анықтауды қамтиды.

Баланың тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін мүмкіндіктер мен ұжым мүшелерінің рухын анықтайтын оқу тәрбие процесі не қатысушылардың тұлғааралық қатынастарының сипаты мен принциптері назарда болуы керек.

Мұғалім де, оқушы да мектептен өз орындары мен рөлін таба алса ғана мектеп бейнесі жеке мәнге және маңызға ие бола алады.

Қазіргі мектептегі ізгілендіру мен демократизація идеясы мұғалім мен оқушыға оқу-тәрбие жұмыстарының тәсілдерін, бағыттарын, әртүрлі деңгейлердегі бағдарламаларды, дифференциялық білім беруді таңдап алуға еркіндік құқығын беріп отыр. Мұның өзі үлкендер мен балалардың бірлесе отырып еңбектенуіне, бір тәрбие жүйесін екіншісі мен ауыстырып қолдануға жағдай туғызады. Шығармашылық, еркіндік пен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырушының кәсібі мен жалпы мәдениетіне жоғары талапқ ойыпотыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет