Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



бет24/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   215
Тәрбие жұмысы – бұл жеке тұлғаның неғұрлым толық дамуына бағытталған ересектер мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруға бағытталған мақсатты іс-әрекет.

Қазіргі мектептің жалпы даму тенденциялары, тәрбие жүйесінің болуы, әр мектептегі тәрбие жұмысының атқаруда түрлі әлеуметтік институттардың өзара қызмет бөлісіп алуын, тәрбиешілер қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің өзгеріске ұшырауын, олардың функцияларын байта қарауды талап етеді.

Шындығында оқушының іс-әрекетін тудыруда негізінен түрткі болу қажет. Іс-әрекет құрылымының негізгі компоненттері материалдық, экономикалық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, уақытша жағдайлар негізінде іске асады. Бұл жағдайлар іс-әрекеттің құрылымына тікелей кірмесе де оның іске асуына тікелей жағдай жасайды. Мектеп дамуында жаңашыл үрдістің, жаңашыл іс-әрекеттің субъектісі болып: мектеп-гимназия директоры, директордың орынбасары, мұғалімдер, ғалымдар, оқушылар, ата-аналар, демеушілер, әдіскерлер, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, кеңесшілер, білім беру органдарының қызметкерлері т.б. енеді.

«Мектеп-гимназиядағы тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық неде?»,-дегенге келетін болсақ, жеке тұлғаны қалыптастыруда, сабақ үрдісінде, тәрбие беруде және сыныптан тыс уақытта тәрбие беру мәселелері негізгі орын алады, сыныптан тыс жүргізілетін іс-шараларының негізгі көздеген мақсаты, бүгінгі қоғамдық ағымға еркін араласатын, өз ойларын еркін айта алатын белсенді, әлемдік прогресс көшіне ілесе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі тәрбиенің негізгі мақсаты тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясын іске асару.

Жаңа типті мектептегі тәрбие жұмысы, аты айтып тұрғандай өзіндік жаңашылдығымен айшықталуы керек. Яғни, жаңа типті мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық: білім берудің мазмұнында; оқу-тәрбие үрдісінде; әдістерінде; технологиясында; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда; жаңа типті мектептің басқару жүйесінде, оқушыларды білімін және тәрбиелік деңгейлерін бағалауында көрініс табуы керек.Қазір технологияның көптеген түрлері мектептің оқу тәрбие үдерісіне енгізіліп жатыр. Біздің мақсатымыз тәрбие технологиясын басқа педагогикалық технологиялармен сыни тұрғыда ойлау технологиясы, миға шабуыл технологиясы, ақпараттық технология т.б. өзара байланыста жүргізу қарастырылуы қажет. Қазір аталған үдеріс барлық білім жүйесінде еркін пайдаланып отыр.

Субъективтік құрылымына қарай мектеп-гимназия жұмысының қандай дәрежеде екенін байқауға болады. Кейбір жадайда әртүрлі тығыз істерге байланысты субъективтік құрылымдар өзгеріске ұшырайды.

Жаңашыл үрдістің мазмұндық құрылымы: оқыту, тәрбиелеу, оқу-тәрбие үдерісінде, мектеп-гимназияны басқаруда өзіндік жаңашылдығымен көрініс табуы керек. Әрбір компонент өзіндік күрделі құрылымнан тұрады. Оқу-тәрбие үрдісінде ол білім мен тәрбие берудің әдістерінде, түрінде, тәсілінде, құралында және т.б. жаңашылдығымен көрініс табады.

Жаңа үлгідегі мектеп-гимназияларда тәрбие жұмысын төмендегі бағытар бойынша жүргізу көзделді:



  1. Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту.

Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар өзара байланыста іске асады. Яғни, сабақ үрдісінде өтілетін материал гимназистердің танымдық іс-әрекетін, белсенділігін дамытуға ықпал ету (гимназистердің шығармашылық ізденуіне түрткі тудыру арқылы, ойын әрекеті: дискуссия, эксперименттік, зерттеушілік) негізде іске асырылады.

Ал, сабақтан тыс уақытта гимназистердің танымдық белсенділік іс-әрекетін дамытуға:



  • Оқытудың сабақтан тыс шығармашылық түрі арқылы: пән апталығы, байқаулар, пәндік олимпиада, турнирлер, марафондар және т.б.

  • Клубтық және үйірмелік іс-әрекеттер арқылы: драмалық клуб, дискуссиялық клуб, музыка студиясы, пәндік үйірмелер.

  • Кітапханаларға, музейлерге, театрларға, көрмелерге жүйелі және үзбей бару арқылы жүзеге асады.

Оқушы гимназистедің ұжымдық іс-әрекетінің ұйымдастырылу түрінің әр түрлілігіне байланысты, олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмысы:

  1. Сынып ішіндегі жүргізілетін тәрбие жұмыстары.

  2. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары: а) клуб, үйірмелерде жүргізілетін тәрбие жұмыстары; ә) сынып аралық тәрбие жұмысы болып екіге бөлінеді.

  3. Қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасын және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

  4. Жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік негіздерді қалыптастыруда адамгершілік сезім, адамгершілік сана, ерік, ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады.

  5. Жеке тұлғаның ішкі қажеттілігі бойынша өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет