Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер



бет64/215
Дата28.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#24503
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   215
Өзіндік жұмысқа арналған әдебиеттер


  1. Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. - М.: Академа, 2003.

  2. Гликман И.З. Теория и методика воспитания. – М. ”Владос Пресс”, 2002.

  3. Қалиев С., Майгаранова Ш., Иманбаева С.Т., т.б. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі. – Алматы. “Рауан”, 1999. -124 б.

  4. Шахгулари В.В., Иманбаева С.Т., Муратханова Р.М., Мухамединова Н.А. Педагогика школы. Учебное пособие. – Алматы: КазГосЖенПУ, 2006. - 260 б.



5.3. Оқушының жағымды тәжірибесі мен мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері
Жоспар:

Оқушының мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері: үйрету, тапсырма беру, жаттықтыру, тәрбиелік жағдаяттарды қолдану.



Негізгі түсініктер:үйрету, жаттықтыру, педагогикалық талап қою, тәрбиелік жағдаят.
5.3.1. Оқушының мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері
Адам еңбек, таным, қарым-қатынас субьектісі ретінде іс-әрекет барысында қалыптасады. Оқушыға субьект ретінде шындықтың ғылыми негізін меңгертіп, қызығушылығы мен сезімін арттырып, жаңа қажеттіліктер қалыптастырып, ерік пен күш-қуатын белсендіретін жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытып жетілдіру көзделеді. Қоғамдық қатынастар мен қоғамдық тәртіпті оқушылар іс-әрекет арқылы меңгереді. Кез-келген қызмет операция мен іс-әрекеттен тұрады. Операциялар-іс-әрекет арқылы жүретін үрдістер. Іс-әрекеттер–қызмет мотивімен анықталатын үрдістер. Тәрбие үрдісінде педагог басқару операцияларынан іс-әрекетті басқаруға, онан кейін қызметті басқаруға көшеді.

Педагогикада іс-әрекет пен қоғамдық мәдени тәжірибені басқарудың заңдылықтары бар:

-қоғамдық мақсаты бар әрекеттің бәрі, оқушыны дамытатын және тәрбиелейтін мүмкіндіктерге ие. Сондай кез-келген әрекеттің тек өзіне тән білім, біліктері бар. Бір әрекет түрімен бүкіл дүниені меңгерту мүмкін емес, сондықтан да тәрбиеде кешенді әрекеттер жүйесі қолданылады;

- оқушының «жеке басы үшін маңызды емес» кез-келген қоғамдық әрекет түрі (А.Н.Леонтьев) оның дамуына ықпал жасамайды. Ол үшін қоғамдық қатынас жеке бастық қатынасқа айналса ғана өзінің мәнін ашады;

-оқушыларға педагогикалық ықпал жасау, мақсат пен әрекет түрін таңдауды қалыптастырады. Мақсат үнемі нәтижені алдын-ала белгілеп отырады (П.К.Анохин). Адамның көздеген мақсаты оның әрекет тәсілі мен сипатын анықтайтын күш болып саналады;

- оқушы тұлғасын қалыптастыруға таңдалып алынған іс-әрекет нәтижелі болуы үшін, педагогикалық құралдарды қолдану тәсілдері анықталуы шарт. Педагогикалық құралдарда қоғамдық мәдени тәжірибені қалыптастыратын үйрету, жаттықтыру әдістері қолданылуы тиіс.



Үйрету балаларды дамыту үшін жас кезінен бастау керек. Бұл әдісті қолдану үшін педагогикалық талаптаррды орындау қажет. Үйретілетін нәрсе нақты болуы тиіс. Кез-келген әрекетті үйрету үшін оны қысқа және нақты түрде көрсеткен жөн. Әр уақыт кезеңінде белгілі әрекет түрі үйретілуіне оқушының іс-қылық формаларын қалыптастыруға болады. Тәжірибелі педагогтар іс-қылық түрлерінің үлгілерін көрсетіп, соған байланысты көңіл-күйді тудырады. Үйрету барысында әдет қалыптасады, оны қарқындатудың пайдасы жоқ. Бастапқыда қажетті әдеттер қалыптастырғаннан соң оны жылдам орындауға дағдыландыруға болады. Үйрету әдісі үнемі тәрбиешіден бақылауды және оқушыдан өзін-өзі бақылауды қажет етеді. Үйрету әдісі оқушының жасына, өскен ортасына және тәрбиесіне байланысты. Қоғамдық қылықтар формасы қалыптасқан оқушылар кез келген жағдайда өзін ұстай біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   215




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет