8.2 Бағалау критерийлері
8.2.1 Білім беру бағдарламаларында нақты пәндер бойынша жаңа
жетістіктердің, пәндерді, олардың мазмұнын өзектілеудің бар болуы.
8.2.2 Білім беру бағдарламалары мен пәндердің өзгермелі еңбек
нарығының, жұртшылықтың, жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкестігі.
8.2.3 Студенттік жүктемені, білім беру бағдарламалары бойынша
ілгерілеу мен аяқтауды бағалау.
8.2.4 Студенттерді бағалау рәсімдерінің тиімділігі.
8.2.5 Білім беру бағдарламаларынан студенттердің күткен нәтижелері,
сұраныстары және қанағаттануы.
8.2.6 Білім беру ортасы және қосымша қызметтер, олардың білім беру
бағдарламасының мақсаттарына сәйкестігі.
8.2.7 Білім беру бағдарламаларын тұрақты түрде бағалау және қайта
қарау, осы процеске студенттер мен басқа да мүдделі тараптарды тарту.
8.2.8 Білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты талдау және
олардың өзектілігін қамтамасыз ету үшін бейімдеу.
8.2.9 Білім беру бағдарламаларының қайта қаралған талаптарын ашық
түрде жариялау.
8.2.10 Жоғары оқу орындары сапаны қамтамасыз етудің ЖОО ішіндегі
жүйесінің өзгерістерін бағалау үшін жыл сайын аккредиттеуден кейінгі
мониторингтен өтуі тиіс.
8.2.11 Еуропалық стандарттар мен нұсқаулыққа, ҚР «Білім туралы»
Заңына сәйкес ЖОО тұрақты түрде бес жылда бір рет сыртқы бағалау
рәсімінен – білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өтуі керек.
9. АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫН ӘЗІРЛЕУ, БЕКІТУ
ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ
9.1 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын
аккредиттеудің
қолданыстағы
стандарттарына
өзгертулер
мен
толықтыруларды оларды әрі қарай жетілдіру мен ҚР БҒМ жүргізіп отырған
білім саясатына, жоғары оқу орындарының қызметіне және Еуропалық
стандарттар мен нұсқаулығына сәйкестендіру мақсатында БСҚА енгізеді.