Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
СТАНДАРТ 6. 
ОҚУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ 
 
6.1 Стандарттың жалпы ережелері 
 
6.1.1 Оқу орындары оқу процесін ұйымдастыру үшін пайдаланатын 
ресурстардың білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда жеткілікті және 
талаптарға сәйкес болып табылатындығына кепіл болуы тиіс. Қажетті 
ресурстар барлық білім алушылар мен оқытушыларға жеңіл қолжетімді, 
олардың орналасқан жері туралы хабардар болуы керек. 
6.1.3 Оқу ортасы: материалдық-техникалық ресурстар, қаржыландыру, 
оқу-зертханалық база, кітапхана қоры, ақпараттық қамтамасыз ету білім беру 
бағдарламасын табысты жүзеге асыруға бағытталуы тиіс. 
6.1.4 ЖОО-ның қаржылық саясаты білім беру бағдарламасының 
сапасын қолдауға бағдарлануы тиіс. ЖОО-ның бюджеті жеткілікті және білім 
беру бағдарламасын толық қамтамасыз етуі қажет. 
 
6.2 Бағалау критерийлері 
6.2.1 Студенттердің білімдік, жеке және мансаптық қажеттіліктерін 
жүзеге асыруда оларды қолдау үшін қызмет көрсету құрылымдарының бар 
болуы: тіркеуші офисі, кеңес беру қызметі, кітапхана, ақпараттық және 
ғылыми-зерттеу орталықтары, жатақхана, асханалар мен буфеттер, 
медициналық орталықтар, спорт залдары, клубтар. 
6.2.2. Студенттерге білім бағдарламасын меңгеруге көмек беретін 
білікті эдвайзерлер, кураторлар, кеңесшілер бар құрылымдық бөлімдердің, 
студенттерді қолдау қызметтерінің бар болуы. 
6.2.3 Білім алушыларға отандық, алыс және жақын шетелдік ЖОО-да 
кредит түрінде қосымша тәжірибе мен құзыреттілік меңгеру үшін 
академиялық ұтқырлықты (ішкі және сыртқы) жүзеге асыруға көмек беретін 
қызметтің бар болуы. Басқа ЖОО-нан білім алушыларды қабылдаудың, 


27 
академиялық ұтқырлық аясында меңгерілген кредиттерді тану мен қайта 
есептеудің жүйеленген рәсімдерінің бар болуы. 
6.2.4 Заманауи құралдардың, жабдықтардың, аудиториялардың, 
зертханалардың бар болуы, олардың қолжетімділігі, жарамдылығы; 
материалдық-зертханалық базаны қолдау және жаңарту. 
6.2.5 Ақпараттық қамтамасыз ету бағдарламаның талаптарына сәйкес 
болуы тиіс; кітапхана оқуға қажетті барлық материалдарды: оқу, техникалық, 
анықтамалық және жалпы әдебиетті, түрлі мерзімдік басылымдарды қамтуы 
тиіс. 
6.2.6 Кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетудің бірыңғай 
жүйесі, кафедралар мен факультеттердің тапсырысы бойынша оқу-
әдістемелік әдебиетті сатып алу, әдебиетті сатып алуға бөлінетін қаражат 
көлемі. 
6.2.7 Кітапханада қажетті әдебиетті іздеуге мүмкіндік беретін және 
жекелеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдардың электронды 
нұсқасына қол жеткізуді қамтамасыз ететін электронды каталогтың бар 
болуы. 
6.2.8 Білім бағдарламасының жалпы білім беру, базалық және бейіндік 
пәндері бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиет қорының қағаз және 
электронды нұсқада бар болуы; білім беру қызметін лицензиялаудың 
біліктілік талаптарында белгіленген нормаға сәйкес әдебиет қорының 
жаңартылуы. 
6.2.9 
Заманауи 
компьютерлік 
кластары: 
студенттер 
мен 
оқытушылардың ақпараттық ресурстарға (локальдік желі, Интернет) 
қолжетімділікті пайдалану мүмкіндігі, ақпараттық базаны тұрақты жаңарту, 
жетілдіру және кеңейту.
6.2.10 Барлық білім беру бағдарламалары бойынша студенттер мен 
оқытушыларды (мысалы, Web-сайт негізінде) ақпараттық қамтамасыз етудің 
бірыңғай жүйесінің бар болуы; студенттерге, профессор-оқытушыларға және 
қызметкерлерге ыңғайлы орындарда Интернетке қолжетімділігін қамтамасыз 
ету үшін Wi-Fi аумағының бар болуы. ЖОО-ның заманауи электронды 
базасының деректеріне, оның ішінде шетелдік деректер базасына (Sсopus, 
Tomson Reuters және т.б.) студенттердің қолжетімділігін қолдау. 
6.2.11 Студенттердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қолдау 
қызметі қызметкерлері біліктілігінің сәйкестігі. 
6.2.12 Оқуда қиындықты сезінетін, білім беру бағдарламасын 
меңгеруде түрлі себептермен артта қалушы студенттерді, сонымен қатар 
бағдарламаны терең меңгеруге, жазғы семестр, академиялық ұтқырлық 
барысында қосымша кредиттерді меңгеруге ұмтылысы бар студенттерді 
қолдау. 
6.2.13 Студенттердің түрлі топтарының (ересектердің, жұмыс 
істейтіндердің, сырттай білім алушылардың, шетелдік студенттердің, 
сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі студенттердің) қажеттіліктерін есепке 
алу.


28 
6.2.14 Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық 
базасын заманауи жабдықтармен тұрақты жаңарту және кеңейту. 
6.2.15 Білім беру бағдарламаларын бюджеттік қаржыландыру, сондай-
ақ ақылы білім беру қызметін көрсету табысы, ғылыми-зерттеу немесе басқа 
да заңнамаға қайшы келмейтін жұмыстар есебінен жеткілікті қаржыландыру. 
6.2.16 
Зертханалық жабдықтарды, оқу әдебиетін, мерзімдік 
басылымдарды, ақпараттық ресурстарды, компьютерлерді алуға бөлінетін 
қаржыландыру динамикасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет