Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
 
СТАНДАРТ 3. 
СТУДЕНТКЕ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ОҚЫТУ, БІЛІМ БЕРУ 
ЖӘНЕ БАҒАЛАУ 

3.1 Стандарттың жалпы ережелері 
 
3.1.1 Студент білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда басты 
қатысушы болып табылады, сондықтан оқу процесінің сапасын қамтамасыз 
етуде ең алдымен оның қызығушылықтары ескеріледі және оқыту студентке 
орталықтандырылған болуы керек. 
3.1.2 ЖОО-да бағдарламаларды жүзеге асырудағы оқыту әдістері 
студенттерді оқу процесіндегі белсенді рөлге ынтыландыруы тиіс. 
3.1.3 
Оқыту 
нәтижелерін 
бағалау 
процесі 
студентке 
орталықтандырылған оқытудың ұйымдастыру тиімділігін көрсетуі тиіс. 


21 
 
3.2 Бағалау критерийлері 
 
3.2.2 Студентке орталықтандырылған оқыту мен білім беруді жүзеге 
асыруда: 
а) студенттердің түрлі топтарын, олардың сұраныстарын құрметтеу 
және көңіл бөлу;
б) оқудың икемді траекториясын ұсыну;
в) қажет болған жағдайда оқытудың түрлі педагогикалық әдістері мен 
формаларын қолдану;
г) оқыту формалары мен педагогикалық әдістерге тұрақты бағалау мен 
өзгерістер енгізу; 
д) оқытушы тарапынан қажетті нұсқаулық пен қолдауды қатар 
қамтамасыз етуде студенттің дербестігін ынталандыру; 
е) «білім алушы – оқытушы» қарым-қатынасындағы өзара 
сыйластықтың болуын ЖОО қамтамасыз етуі тиіс. 
3.2.3 Студенттің даралығы, еркіндікке ұмтылысы, тұлғалық және 
кәсіби өсуі, дербестігі, өзін-өзі құрметтеуі сияқты мінездемелерін оқу 
процесінде есепке алу. 
3.2.4 
Студенттің оқу жүктемесін оның жеке қабілеті мен 
мүмкіндіктерін есепке ала отырып құрастыру. Студенттің жеке оқу 
жоспарында білім беру бағдарламаларының деңгейлері бойынша барлық 
құрамдастары мен элементтерінің толық бейнеленуі. 
3.2.5 Оқу пәндеріне жазылудың нақты рәсімдерінің, оны жүзеге асыру 
мен сақтау тәжірибесінің бар болуы. 
3.2.6 Студенттердің оқу жетістіктерін және дайындық деңгейін бағалау. 
Қолданыстағы білімді, дағдыны, машық пен құзыреттілікті бағалау жүйесі, 
оның ұлттық деңгейде қабылданған тәжірибеге сәйкестігі. Бағалау саясаты 
мен рәсімдері, ашықтығы және қолжетімдігі. 
3.2.7 Студенттердің қолданылатын бағалау критерийлері туралы, 
емтихандар және бақылаудың басқа түрлері туралы ақпараттандырылуы. 
ЖОО бекіткен білім бағдарламаларының стандартталған тесттерінің немесе 
пәндер сұрақтарының бар болуы. 
3.2.8 Студенттердің білім бағдарламаларын нормативтік талаптарға 
сәйкес меңгеруі. Білім беру деңгейлері бойынша студенттердің оқу 
жүктемесі. Аудиториялық жүктеме, студенттердің өзіндік жұмысы, оның 
ішінде білім беру деңгейлері бойынша оқытушының басшылығымен 
жүргізілетін өзіндік жұмысы. 
3.2.9 Әр студенттің академиялық жетістіктері бойынша, білім 
алушылардың жетістіктері туралы жүйелі жүргізілетін деректерді 
жинақтаудың, мониторингтеу мен ақпаратты басқарудың электронды 
базасының бар болуы. 
3.2.10 Студенттердің білім сапасын ішкі мониторингтеу жүйесінің бар 
болуы: 


22 
а) бағалау критерийлері мен әдістері, олардың ашықтығы, 
шынайылығы және әділдігі; 
б) қол жеткізілген оқу нәтижелерін талдау, күтілген оқу нәтижелерімен 
салыстыру, басқарушы шешімдерді қабылдауы
в) емтихан рәсімдеріне бірнеше оқытушылардың қатысуы; 
д) бағалау ережелерінде жеңілдетілген жағдайлардың, егер бар болған 
жағдайда қолдануы; 
е) бағалауда Ұлттық деңгейдегі қабылданған ережелердің сақталуы. 
3.2.11 Оқу орнында студенттердің өтінімін/апелляциясын қарастыруда 
қолданатын ресми рәсімдердің бар екендігін көрсетеді. 
3.2.12 Студенттердің ар-намыс кодексін және оқуға, білім алуға
бағалауға абыройсыздық қарым-қатынасына «нөлдік төзімділікті» сақтауы. 
3.2.13 Студенттердің ағымдық бақылау, аралық аттестаттау нәтижелері. 
Студенттердің межелік білімін бақылау рәсімінің жүргізілуі. 
3.2.14 Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысуы, халықаралық 
алмасулар мен тағылымдамалардың бар болуы және тиімділігі. 
3.2.15 ЖОО-да қол жеткізілген оқу нәтижелерімен күтілген нәтижелерді 
салыстыра отырып, тұрақты талдаудың жүргізілуі. 
3.2.16 Ауыстыру, қайта қабылдау, академиялық демалыс беру 
академиялық қағидаларының сақталуы.
3.2.17 Білім беру қызметінің сапасымен студенттердің қанағаттануы 
(сауалнаманың жүйелі жүргізілуі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет