Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


17 
СТАНДАРТ 1.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН 
САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ
1.1 
Стандарттың жалпы ережелері 
 
1.1.1 Білім беру бағдарламалары ЖОО-ның миссиясына және даму 
стратегиясына сәйкес жүзеге асырылуы, оқу барысында студенттің игеруі 
тиіс болатын болашақ маманның дайындық мақсаттарын, құзыреттілігін 
және біліктілігін анықтауы керек.
1.1.2 Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету 
саласындағы саясаты барлық оқу процесінің қатысушыларына және мүдделі 
тұлғаларға қолжетімді жоғары оқу орнының сапаны қамтамасыз ету 
саласындағы саясатының бөлігі ретінде ресми мәртебесі болуы тиіс. 
1.1.3 Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету 
саласындағы саясаты сапа мәдениетін дамыту үшін білім беру ұйымдарының 
барлық 
деңгейлерінде 
(ректораттың, 
деканаттардың, 
мектептердің, 
кафедралардың) жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламаларының 
орындалуын қамтамасыз ететін ұжымның барлық мүшелері, студенттерді 
қоса есептегенде бағдарламаны әзірлеуге қатысуы және олардың сапасына 
жауапкершілікті алуы тиіс. 
1.2 
Бағалау критерийлері 
 
1.2.1 Білім беру бағдарламалары мақсаттарының жоғары оқу орнының 
миссиясына, стратегиялық жоспарына, мақсаттары мен міндеттеріне, өзекті 
біліктілік пен құзыреттілік алуға студенттердің сұранысына қанағаттану 
сәйкестігінің болуы. 
1.2.2 Білім беру бағдарламасын студентке орталықтандырылған білім 
беру, оқыту және бағалау акцентімен аймақтың және мемлекеттің 
экономикасын дамыту мен еңбек нарығының сұранысы есебімен 
қалыптастыру. 
1.2.3 ЖОО-да сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатты қабылдау 
және бекіту рәсімі. Білім беру бағдарламаларының ұлттық деңгейде 
қабылданған нормативтік талаптарға, МЖМБС талаптарына сәйкестігі. 
1.2.4 Білім беру бағдарламаларының сапаны қамтамасыз ету 
саласындағы саясатын қалыптастыру мен қолдауға әкімшіліктің, профессор-
оқытушылар құрамының және студенттердің қатысуы: департаменттердің, 
кафедралардың, факультеттердің (мектептердің) және басқа да құрылымдық
міндеттері. Бағдарламалардың сапаны қамтамасыз ету саясатын жүзеге 
асыруға сыртқы мүдделі тараптардың қатысуы. 
1.2.5 ЖОО-ның ақпараттарды басқару базасында өзгермелі жағдайлар 
мен қоршаған ортаға байланысты (еңбек, серіктестер, әлем нарығы) білім 


18 
беру бағдарламасының сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатын 
мониторингтеу, тиімділігін бағалау, қайта қарау жүйелілігінің бар болуы. 
1.2.6 
Бағдарламалардың сапаны қамтамасыз ету саласындағы 
саясатында оқыту, ғылыми зерттеу және білім беру арасындағы қарым-
қатынас деңгейі. 
1.2.7 Сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағдарламалардың 
ұзақ мерзімді бағыттарын, жаңа мақсаттарды қоюын жетілдіру мен түзету 
үшін бағалау нәтижелерін қолданудың тиімділігі мен жүйелілігі. 
1.2.8 Академиялық адалдық пен академиялық еркіндікті қолдау, 
студенттерге, оқытушыларға немесе қызметкерлерге қатысты кез-келген 
төзбеушіліктен немесе кемсітушіліктен қорғау шаралары. 
1.2.9 
Жоғары оқу орнындағы жемқорлыққа қарсы саясат 
бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету саласындағы саясаттың маңызды 
элементтерінің бірі ретінде. Жемқорлыққа қарсы шаралар, оқытушылар мен 
студенттер үшін ЖОО, факультет басшылығының қолжетімділігі, 
сұраныстарға әсер ету икемділігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет