Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
СТАНДАРТ 2.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ, БЕКІТУ ЖӘНЕ 
АҚПАРАТТАРДЫ БАСҚАРУ 
 
 
2.1 Стандарттың жалпы ережелері 
 
2.1.1 ЖОО-да басқару, жүзеге асыру және олардың тиімділігін бағалау 
процестерін қамтитын, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту 
ережелері болуы тиіс. 
2.1.2 Білім беру бағдарламалары білім берудің әр деңгейі бойынша 
Ұлттық біліктілік жүйесіне сәйкес әзірленуі және тиісті сала немесе қызмет 
аясының кәсіби стандарттарының талаптарын сипаттауы тиіс. 
2.1.3 Модульдік принципке негізделген білм беру бағдарламаларының 
құрылымы оқыту нәтижелері мен құзыреттіліктерді (маңызды және кәсіби) 
қамтуы тиіс. Дегенмен, Дублин дескрипторларына негізделген кредиттер, 
құзыреттіліктер және оқыту нәтижелері, ECTS пен ЖБЕК-нің біліктілік 
шеңберлерін есепке ала отырып, бір-бірімен байланысты болуы керек.
2.1.4 Білім беру бағдарламаларының мазмұны кредиттік оқыту 
технологиясына бағытталған болуы, инновациялық оқыту формаларын 
(қашықтықтан, интерактивтік және т.б.), сонымен қатар, инклюзивті білім 
беруді қоса есептегенде, білім алушылардың түрлі санаттарын қамтуы тиіс. 
2.1.5 Оқу орны алынған ақпаратты тұрақты мониторингтеу, жинақтау, 
талдау және қолдану негізінде ақпаратты тиімді басқаруы керек. 
 
2.2 Бағалау критерийлері 


19 
2.2.1 Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен бекітудің, олардың 
нормаларын сақтаудың ішкі ережелері болуы тиіс. 
2.2.2 Білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының 
құрылымын, оқу мерзімдерін бекіту. 
2.2.3 Білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының 
мазмұнын әзірлеу. Оқытудан нақты күтілетін нәтижелерге көзделуі: Дублин 
дескрипторларына сәйкес білім беру бағдарламаларының құзыреті, 
құзыреттілігі және тәжірибеге бағытталуы. 
2.2.4 Бағдарламаларды әзірлеуде модульдік оқыту технологияларын 
қолдану, модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу. 
2.2.5 Міндетті компонент бойынша білім беру бағдарламалары 
мазмұнының тиісті деңгейдегі МЖМБС талаптарына және үлгілік оқу 
жоспарына сәйкестігі. 
2.2.6 Жұмыс оқу жоспарларының құрылымы мен мазмұнының үлгілік 
оқу жоспарлары мен элективті пәндер каталогына сәйкестігі. 
2.2.7 Білім беру бағдарламаларында кәсіби тәжірибені жүзеге асыру: 
түрлері, көлемі (кредит), базалары, ұйымдастыру, нәтижелері, тиімділігі. 
2.2.8 Білім беру бағдарламаларында студенттердің, магистранттардың, 
докторанттардың 
кәсіби 
құзыреттіліктерін 
қалыптастыратын, 
шығармашылық қабілеттерін дамытатын, тұлғалық дамуына көмектесетін 
құрамдастардың бар болуы. 
2.2.9 Білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі. 
2.2.10 Білім беру бағдарламаларына студенттер мен еңбек нарығы 
тарапынан сұраныс. Жұмыс берушілердің ұсыныстары бойынша оқу 
жоспарына қосылған пәндердің тізімі. Білім беру бағдарламаларын әзірлеу 
процесіне студенттердің қатысуы. 
2.2.11 Білім беру бағдарламаларының Ұлттық біліктілік шеңберлерімен 
және кәсіби стандарттармен келісушілігі. Бағдарламаны бекітуде сыртқы 
сараптау мен рецензиялаудың бар болуы. 
2.2.12 Кредиттік оқыту технологиясының деңгейі, ендіру сапасы және 
жүзеге асырылуы. 
а) бір жоғары оқу орнының (трансферт қызметі) басқа жоғары оқу 
орнында игерген пәндерді қайта есептеу мүмкіндігінің бар болуы; 
б) білім алушының білім беру таректориясына, ең алдымен, оқуды 
жалғастыру және келесі білім беру деңгейіне (жинақтау қызметі) өту 
мүмкіндігіне қатысты ұстанымын анықтау үшін ECTS кредиттерін қолдану.
2.2.13 Оқу жоспарында, оның ішінде аудиториялық және өз бетінше 
жұмыс, тағылымдама, тәжірибе және т.б. қарастырылған студенттің оқу 
қызметінің 
барлық 
түрлерін 
оның 
оқу 
жүктемесінің 
көлемін 
бағдарламаларды әзірлеуде есепке алу деңгейі. Студенттің үлгерімі мен 
олардың ілгерілеуіне көмек беруде білім беру бағдарламаларының 
бағытталғандығын бағалау. 
2.2.14 Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы білім 
беру бағдарламаларын жүзеге асырудағы ЖОО-ның мүмкіндіктері. 


20 
2.2.15 Оқу жоспарының және белгіленген міндеттердің орындалуын 
бақылауды қамтамасыз ететін, білім беру бағдарламаларының сапасын ішкі 
бағалау мен мониторингтеудің тиімді, үздіксіз тетіктердің, сонымен қатар 
төмендегі бағалауларды қамтитын, оларды жетілдіру үшін кері байланыстың 
бар болуы: 

пәндер бойынша жаңа зерттеулер аясындағы, бағдарламалардың 
өзекті жағдайда екендігін қамтамасыз етудегі бағдарламалардың мазмұны; 

студенттерді бағалау рәсімдерінің тиімділігі; 

бағдарламаға қатысты студенттік күтулер мен қанағаттану. 
2.2.16 Оқу орны ақпараттарды жүйелі жинақтау, талдау және басқару 
негізінде студенттердің, қызметкерлердің және басқа да мүдделі тараптардың 
қатысуымен бағдарламаларға тұрақты бағалау мен қайта қарауды жүргізеді, 
нәтижесінде бағдарламалар олардың өзектілігін қамтамасыз ету үшін 
бейімделеді. Қайта қаралған бағдарламалардың бөлімдері жарияланады. 
Дегенмен ЖОО келесі көрсеткіштерді ескеруі тиіс: 

студенттердің контингенті туралы ақпарат; 

үлгерім деңгейі, студенттердің жетістіктері және үлгермеушілердің 
шығып қалуы; 

бағдарламаның жүзеге асырылуымен студенттердің қанағаттануы; 

оқу ресурстарының және студенттерді қолдау қызметтерінің 
қолжетімділігі; 

бітірушілердің жұмысқа орналасуы; 

ЖОО қызметінің маңызды көрсеткіштері. 
2.2.17 ЖОО-да жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары 
мен қосымша кәсіби білім беру бойынша оқуды жалғастыру мүмкіндігінің 
бар екендігін көрсетеді. 
2.1.18 Оқу орны бағдарламаларды меңгеру нәтижесінде алынған 
біліктіліктің студенттерге толық және анық түсіндіріп, Ұлттық біліктілік 
шеңберлерінің тиісті деңгейіне қатысты дәлелдеулерін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет