Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
 
 
СТАНДАРТ 7. 
ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ 
 
7.1 Стандарттың жалпы ережелері 
7.1.1 ЖОО білім беру бағдарламалары туралы анық, нақты, шынайы, 
өзекті және қолжетімді толық ақпаратты жариялауы тиіс. 
7.1.2 Білім беру бағдарламалары туралы ақпарат талапкерлерге, 
студенттерге, сонымен қатар, бітірушілер мен барлық мүдделі тараптарға 
пайдалы болуы керек. 
 
7.2 Бағалау критерийлері 
7.2.1 Білім беру бағдарламалары туралы, бағдарламалар бойынша 
оқудан күтілетін нәтижелер туралы ақпараттың болуы. 
7.2.2 Білім беру бағдарламалары туралы: бағдарламалар бойынша білім 
алушы студенттердің саны, оқытуды жүзеге асыратын оқытушылар туралы 
ақпаратты ЖОО сайтына, порталына, ақпараттық стендке, буклеттерге 
орналастыру. 
7.2.3 Тағайындалатын академиялық дәрежелер, берілетін біліктілік, 
оқытуда қолданылатын рәсімдер, бағалау критерийлері, үлгерім пайызы, 
сонымен қатар, бітірушілер мен олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері 
туралы ақпарат. 
СТАНДАРТ 8. 
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ҮЗДІКСІЗ 
МОНИТОРИНГТЕУ ЖӘНЕ МЕРЗІМДІК БАҒАЛАУ, МЕРЗІМДІК 
АККРЕДИТТЕУ 
8.1 Стандарттың жалпы ережелері 

8.1.1 ЖОО бағдарламаларды жетілдіру үшін өздерінің білім беру 


бағдарламаларына үздіксіз мониторинг және мерзімді бағалау жүргізуі 
қажет. 


29 
8.1.2 Білім беру бағдарламаларын тұрақты мониторингтеу, талдау және 
қайта қарау қажетті деңгейде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге және 
студенттерге жағымды және тиімді оқу ортасын құруға бағытталған. 
8.1.3 Білім беру бағдарламаларын үздіксіз мониторингтеу мен 
мерзімдік бағалау нәтижелері барлық мүдделі тараптарға жеткізілуі тиіс. 
8.1.4 ЖОО-ның білім беру бағдарламалары Еуропалық стандарттар мен 
нұсқаулыққа сәйкес сыртқы сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу) рәсімінен 
тұрақты түрде өтуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет