Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
СТАНДАРТ 5. 
ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ 
 
5.1 Стандарттың жалпы ережелері 
 
5.1.1 Оқытушының рөлі оқытудың жоғары сапасын анықтаушы болып 
табылады. Сондықтан ЖОО-да профессор-оқытушылар құрамын жұмысқа 
қабылдаудың, кәсіби өсу мен дамытудың шынайы және ашық процестері 
болуы керек.
5.1.2 Профессор-оқытушылар құрамы жүргізетін пәніне қажетті білімді 
болуы және пәннің өзгешелігін ұғынуы, оқу процесі аясында студенттерге 
тиімді білім беру үшін қажетті дағдысы мен тәжірибесі болуы керек.
5.1.3 ЖОО өз қызметкерлерінің жұмысының сапасына және олардың 
қызметі үшін жағымды жағдай жасауға басты жауап беруші болады. 
 


25 
5.2 Бағалау критерийлері 
 
5.2.1 
ЖОО-ның 
профессор-оқытушылар 
құрамына 
және 
қызметкерлерге қатысты (жұмысқа қабылдау, қызметте жоғарылау, 
марапаттау, қысқарту, жұмыстан босату; құқықтары мен міндеттері
қызметтік нұсқаулар) институционалдық процестер сипатталған кадр 
саясаты, оның ОПҚ мен қызметкерлерге қол жетімділігі. 
5.2.2 Соңғы 5 жылдағы ОПҚ-ның сапалық құрамы, ОПҚ санаты 
бойынша (штаттық ОПҚ, қосалқы жүктемедегі ОПҚ) көрсеткіштері. 
5.2.3 Білім беру қызметін лицензиялаудың біліктілік талаптарына 
сәйкес профессор-оқытушылар құрамының бар болуы. ҚР «Білім туралы» 
Заңына сәйкес профессор-оқытушыларға қойылатын ұлттық нормативтік 
талаптардың орындалуы. 
5.2.4 
Білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша тиісті 
мамандардың бар болуы: базалық білімінің, ғылыми дәрежесі мен ғылыми 
атағының мамандық шифрының, 6 айдан кем емес біліктілікті арттыру 
курстарының немесе замамануы (озық) кәсіпорындардағы тәжірибелік 
өтілінің сәйкестігі. 
ЖОО профессор-оқытушылар құрамының атқаратын лауазымына 
сәйкес біліктілік деңгейіне, белгіленген білім саласындағы ғылыми 
дайындығының жоғары деңгейіне кепіл болуы тиіс. 
5.2.5 ЖОО-да профессор-оқытушылар құрамының қызметін жоспарлау 
әр оқу жылына құрастырылатын оқытушының жеке жұмыс жоспарының 
негізінде жүзеге асырылуы керек. 
Білім беру бағдарламасы аясында ОПҚ-ның оқу жүктемесін, 
кафедралар бойынша оқу пәндерін бекіту туралы мәліметтердің бар болуы. 
5.2.6 Оқытушының жеке жұмыс жоспарының, оның құрылымының бар 
болуы. Оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарын қамтитын 
профессор-оқытушылар құрамының жеке жұмыс жоспарларының және 
есептерінің дайындалу деңгейі. 
5.2.7 Оқытушының қызметі: оқытушының оқу, ғылыми, әдістемелік 
және ұйымдастыру-тәрбиелік қызметінің арасындағы теңгерімді бағалау. 
Педагогикалық жүктемені бөлудің тиімділігі. 
5.2.8 Оқытушылардың бағдарламаны жетілдірудегі, білімдік мақсаттар 
мен нәтижелерді анықтаудағы, оқытудың тиімділігін арттырудағы үлесі. 
5.2.9 Білім беру сапасының ішкі жүйесін қамтамасыз етуге 
оқытушылардың тартылу деңгейі. 
5.2.10 ЖОО әкімшілігінің оқытушылардың құзыреттілігін жүйелі 
бағалау, оқыту сапасының тиімділігін бағалау (ашық сабақтар, өзара 
сабақтарға қатысу, студенттер мен әріптестерден сауалнама алу және т.б.) 
нәтижелері. 
5.2.11 Біліктілікті арттыру, кәсіби дамыту және педагогикалық 
шеберлігінің жоғарылығы, ғылыми нәтижелері мен өз ісіне берілгендігі үшін 
оқытушыларды ынталандыру жүйесінің бар болуы. 


26 
5.2.12 
ОПҚ шетелдік және отандық ғылыми басылымдарда 
жариялануы, оқу процесіне ғылыми зерттеу нәтижелерін ендіру. 
Оқытушылардың 
импакт-факторлы 
басылымдарда 
жариялануы, 
жарияланымдарынан дәйектердердің келтірілуі (цитируемость). 
5.2.13 ОПҚ-ның оқу процесінде заманауи педагогикалық оқыту әдістері 
мен инновацияларды қолдануы, мүмкін болған жағдайда ғылыми зерттеу 
нәтижелерін оқу процесіне ендіруі. 
5.2.14 ОПҚ мен қызметкерлердің академиялық адалдығы мәселелерін 
қарастыруы, ЖОО оқытушысының ар-намыс кодексін сақтауы. 
5.2.15 Білім беру бағдарламалары бойынша штаттық ОПҚ-дан басқа 
жетекші ұйымдар мен кәсіпорындардан шақырылған жоғары білікті 
мамандардың бар болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет