Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет23/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
 
8.2 Бағалау критерийлері 
8.2.1 Білім беру бағдарламаларында нақты пәндер бойынша жаңа 
жетістіктердің, пәндерді, олардың мазмұнын өзектілеудің бар болуы. 
8.2.2 Білім беру бағдарламалары мен пәндердің өзгермелі еңбек 
нарығының, жұртшылықтың, жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкестігі. 
8.2.3 Студенттік жүктемені, білім беру бағдарламалары бойынша 
ілгерілеу мен аяқтауды бағалау. 
8.2.4 Студенттерді бағалау рәсімдерінің тиімділігі.
8.2.5 Білім беру бағдарламаларынан студенттердің күткен нәтижелері
сұраныстары және қанағаттануы. 
8.2.6 Білім беру ортасы және қосымша қызметтер, олардың білім беру 
бағдарламасының мақсаттарына сәйкестігі. 
8.2.7 Білім беру бағдарламаларын тұрақты түрде бағалау және қайта 
қарау, осы процеске студенттер мен басқа да мүдделі тараптарды тарту. 
8.2.8 Білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты талдау және 
олардың өзектілігін қамтамасыз ету үшін бейімдеу.
8.2.9 Білім беру бағдарламаларының қайта қаралған талаптарын ашық 
түрде жариялау. 
8.2.10 Жоғары оқу орындары сапаны қамтамасыз етудің ЖОО ішіндегі 
жүйесінің өзгерістерін бағалау үшін жыл сайын аккредиттеуден кейінгі 
мониторингтен өтуі тиіс.
8.2.11 Еуропалық стандарттар мен нұсқаулыққа, ҚР «Білім туралы» 
Заңына сәйкес ЖОО тұрақты түрде бес жылда бір рет сыртқы бағалау 
рәсімінен – білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өтуі керек. 
 
9. АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫН ӘЗІРЛЕУ, БЕКІТУ 
ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖАРАМДЫЛЫҚ МЕРЗІМІ
9.1 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын 
аккредиттеудің 
қолданыстағы 
стандарттарына 
өзгертулер 
мен 
толықтыруларды оларды әрі қарай жетілдіру мен ҚР БҒМ жүргізіп отырған 
білім саясатына, жоғары оқу орындарының қызметіне және Еуропалық 
стандарттар мен нұсқаулығына сәйкестендіру мақсатында БСҚА енгізеді.


30 
9.2 Аккредиттеу стандарттары мен критерийлеріне өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу бастамасы орын алған жағдайда ұсыныстар мен 
ескертулер БСҚА-ға жолданады. 
9.3 БСҚА сарапшылары ұсыныстар мен ескертулерге сараптама 
жасағаннан кейін және аккредиттеу кеңесімен мақұлданғаннан кейін БСҚА 
өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді. 
9.4 Стандарттар мен критерийлер жаңа редакцияда басылып 
шығарылады және агенттік сайтында жарияланады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет