27
академиялық ұтқырлық аясында меңгерілген кредиттерді тану мен қайта
есептеудің жүйеленген рәсімдерінің бар болуы.
6.2.4 Заманауи құралдардың,
жабдықтардың, аудиториялардың,
зертханалардың бар болуы, олардың қолжетімділігі, жарамдылығы;
материалдық-зертханалық базаны қолдау және жаңарту.
6.2.5 Ақпараттық қамтамасыз ету бағдарламаның талаптарына сәйкес
болуы тиіс; кітапхана оқуға қажетті барлық материалдарды: оқу, техникалық,
анықтамалық және жалпы әдебиетті, түрлі мерзімдік басылымдарды қамтуы
тиіс.
6.2.6 Кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетудің бірыңғай
жүйесі, кафедралар мен факультеттердің
тапсырысы бойынша оқу-
әдістемелік әдебиетті сатып алу, әдебиетті сатып алуға бөлінетін қаражат
көлемі.
6.2.7 Кітапханада қажетті әдебиетті іздеуге мүмкіндік беретін және
жекелеген оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдардың электронды
нұсқасына қол жеткізуді қамтамасыз ететін электронды каталогтың бар
болуы.
6.2.8 Білім бағдарламасының жалпы білім беру, базалық және бейіндік
пәндері бойынша оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиет қорының қағаз және
электронды нұсқада бар болуы; білім беру
қызметін лицензиялаудың
біліктілік талаптарында белгіленген нормаға сәйкес әдебиет қорының
жаңартылуы.
6.2.9
Заманауи
компьютерлік
кластары:
студенттер
мен
оқытушылардың ақпараттық ресурстарға (локальдік желі, Интернет)
қолжетімділікті пайдалану мүмкіндігі, ақпараттық базаны тұрақты жаңарту,
жетілдіру және кеңейту.
6.2.10 Барлық білім беру бағдарламалары бойынша студенттер мен
оқытушыларды (мысалы, Web-сайт негізінде) ақпараттық қамтамасыз етудің
бірыңғай жүйесінің бар болуы; студенттерге, профессор-оқытушыларға және
қызметкерлерге ыңғайлы орындарда Интернетке қолжетімділігін қамтамасыз
ету үшін Wi-Fi аумағының бар болуы. ЖОО-ның заманауи электронды
базасының деректеріне, оның ішінде шетелдік деректер базасына (Sсopus,
Tomson Reuters және т.б.) студенттердің қолжетімділігін қолдау.
6.2.11 Студенттердің қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қолдау
қызметі қызметкерлері біліктілігінің сәйкестігі.
6.2.12
Оқуда қиындықты сезінетін, білім беру бағдарламасын
меңгеруде түрлі себептермен артта қалушы студенттерді, сонымен қатар
бағдарламаны терең меңгеруге, жазғы семестр, академиялық ұтқырлық
барысында қосымша кредиттерді меңгеруге
ұмтылысы бар студенттерді
қолдау.
6.2.13 Студенттердің түрлі топтарының (ересектердің, жұмыс
істейтіндердің, сырттай білім алушылардың, шетелдік студенттердің,
сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі студенттердің) қажеттіліктерін есепке
алу.
28
6.2.14 Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық
базасын заманауи жабдықтармен тұрақты жаңарту және кеңейту.
6.2.15 Білім беру бағдарламаларын бюджеттік қаржыландыру, сондай-
ақ ақылы білім беру қызметін көрсету табысы, ғылыми-зерттеу немесе басқа
да заңнамаға қайшы келмейтін жұмыстар есебінен жеткілікті қаржыландыру.
6.2.16
Зертханалық
жабдықтарды, оқу әдебиетін, мерзімдік
басылымдарды, ақпараттық ресурстарды, компьютерлерді алуға бөлінетін
қаржыландыру динамикасы.
Достарыңызбен бөлісу: