Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата06.06.2022
өлшемі480,71 Kb.
#36417
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
СТАНДАРТ 4. 
СТУДЕНТТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ, ҮЛГЕРІМ, ТАНУ ЖӘНЕ 
СЕРТИФИКАТТАУ 
 
4.1 Стандарттың жалпы ережелері 
 
4.1.1 Жоғары оқу орындары студенттік «өмір циклінің» барлық 
кезеңдерін қамтитын, бекітілген және жарияланған қағидаларды қолдануы 
тиіс: қабылдау шарттары, ЖОО-на түсу кезіндегі бағдарлау, бір курстан 
келесі курсқа ауысуды бағалау критреийлері мен шарттары, студенттердің 
жетістіктері туралы жинақтау мен мониторингтеу құралдары және ақпаратты 
басқару, дәреже және/немесе біліктілік тағайындау туралы ақпараты бар 
құжаттаманы алуы. 
4.1.2 Жоғары білімнің, оқу кезеңінің және алдағы оқудың біліктілігін, 
формалды емес және бейресми оқытудың тануын қоса есептегенде әділ 
тануы үлгерімді, сонымен қатар академиялық ұтқырлықты қамтамасыз етуде 
маңызды құрамдасы болып табылады. 
Тану рәсімдері төмендегілерге: 

Тану туралы Лиссабон Конвенциясына сәйкес институционалдық 
тану тәжірибесіне;


23 

тұтас мемлекетте келісілген тануды қамтамасыз ету мақсатында 
сапаны қамтамасыз ету бойынша басқа мекемелермен, агенттіктермен және 
ENIC/NARIC ұлттық орталықтарымен ынтымақтастыққа негізделуі тиіс.
4.2 Бағалау критерийлері 
4.2.1 Талапкерлермен мектептің және ЖОО-ның көптеген жылдар 
бойы жүргізген жұмысының нәтижесінде білім беру бағдарламаларын 
саналы таңдаған «өз» талапкерлерін іріктеуге және дайындауға бағытталған 
жүйелі кәсіптік бағдар жұмысының бар болуы. 
4.2.2 Білім беру бағдарламалары беретін оқу шарттары, мүмкіндіктері, 
сонымен қатар, болашақ жұмысқа орналасу мүмкіндіктері сипатталған, 
талапкерлер үшін қолжетімді, ашық, нақты әзірленген критерийлер негізінде 
ЖОО-на қабылдау жүргізу. Білім беру бағдарламалары бойынша білім алуға 
студенттерді қабылдаудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайдың бар 
болуы. 
4.2.3 ЖОО-да бірінші курс студенттері үшін бағдарлау рәсімдерінің бар 
болуы. 
4.2.4 Алмасу бойынша басқа ЖОО-нан келген студенттердің ЖОО 
жағдайына, оқу жағдайына тез бейімделу мүмкіндіктерінің бар болуы. 
4.2.5 Білім беру бағдарламаларының түрлері мен білім беру деңгейлері 
бойынша студенттер контингентінің электронды базасының бар болуы. 
Қажетті студенттер контингентін қабылдау үшін ЖОО-ның саясаты мен 
маркетингі, білім беру бағдарламаларына қабылдау шарттары мен ерекше 
қабылдау шарттары (шет тілін білуі, кәсіби тәжірибесінің бар болуы және 
т.б.) 
4.2.6 ЖОО-да білім беру нәтижелерін, дипломдық жұмыстар мен 
жобалардың, магистрлік және докторлық диссертациялардың орындалуы мен 
қорғалуын бағалау кезіндегі студенттердің үлгерімі мен жетістіктерін 
мониторингтеудің бар болуы. 
4.2.7 Әр түрлі деңгейдегі GPA-і бар студенттердің үлгерімі, бітірушілер 
туралы деректер, дипломдық жұмыстардың (жобалардың), магистрлік және 
докторлық диссертациялардың орындалуы мен қорғалуы, бітірушілердің 
жұмысқа орналасу нәтижелері, оның ішінде білім беру бағдарламасын 
аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша, бітірушілердің дайындық деңгейінің 
сапасына жұмыс берушілердің қанағаттануы және т.б. бойынша 
статистикалық мәліметтердің бар болуы. 
4.2.8 Білім беру нәтижелері мен құзыреттіліктері тек біліктілік 
деңгейінде ғана емес, жекелеген модульдер мен әр оқу пәні деңгейінде 
сипатталуы керек. 
4.2.9 ЖОО-да білім беру нәтижелерінің негізгі көрсеткіштеріне талдау 
мен бағалау жүргізу: 
а) талапкерлерді конкурстық іріктеудегі талаптардың деңгейі; 
б) МЖМБС талаптарын орындауға бітірушілердің дайындық деңгейі; 


24 
в) еңбек нарығында бітірушілердің сұраныс деңгейі; 
г) жұмыс берушілердің пікірлері. 
4.2.10 Студенттердің тағайындалған біліктілік, оның ішінде қол 
жеткізілген оқу нәтижелері туралы ақпараты бар құжатпен қамтамасыз 
етілуі. 
4.2.11 ЖОО бітірушілерінің еуропалық талаптарға сәйкес, оқудың 
контексті, деңгейі, мазмұны мен мәртебесі, игерілген және табысты 
аяқталған, студенттің жеке траекториясы және ұтқырлығы есепке алынған 
дипломға қосымшамен қамтамасыз етілуі. 
4.2.12 Ағымдық мониторингтеу мен нәтижелерді қамтамасыз ету 
стандартталған әдістерінің, жекелей алғанда, студент өзінің тәуелсіз 
бағалауын беретін сәйкестендірілген сауалнамаларды қолдана отырып, әр 
пәнге қатысты сауалнаманы жүргізу әдісінің бар болуы. 
4.2.13 ЖОО-да студенттердің курстық, дипломдық жұмыстарды және 
жобаларды, магистрлік және докторлық диссертацияларды («Антиплагиат» 
бағдарламасында тексеру жүйесі және т.б.) орындау кезінде иемдену 
деңгейін бағалау туралы жұмыстың бар болуы. 
4.2.14 «Дипломнан кейінгі сүйемелдеуді» (верификация кезеңі), 
дайындау сапасын жақсарту саласында бітірушілермен және жұмыс 
берушілермен ынтымақтастықтың тиімді әдістерін іздестіруді дамыту. 
4.2.15 Жоғары білімнің, оқу кезеңінің және алдағы оқудың, формалды 
емес және бейресми оқытудың тануын қоса есептегенде, төмендегілерге 
негізделген біліктілікті тану тәжірибесінің бар болуы: 

тану туралы Лиссабон Конвенциясына сәйкес әрекеттерді 
қамтамасыз ету;

келісілген тануды қамтамасыз ету үшін сапаны қамтамасыз ету 
бойынша басқа мекемелермен, агенттіктермен және ENIC/NARIC ұлттық 
орталықтарымен ынтымақтастық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет