Қазақстан Республикасы Білім және ғылым



бет4/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114
Байланысты:
«кітап. Уа ЫТ. О АМ» (1)

Ректор ПГПИ,


д.филос.н. Н.Р. Аршабеков

Құрметті халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушылары!
Құрметті халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар!

Еліміздегі көпшілік кітапханалар атынан конференция қатысушылар мен қонақтарды бүгінгі айтулы оқиға - қоғамдағы ең өзекті мәселені көтеріп отырған «Кітап. Уақыт. Қоғам» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуымен шын жүрегімнен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Оқитын Ұлт қана бәсекелестікке қабілетті мемлекет құрып, оқитын Ұлт қана ұлы адамдарды тудыратынын біз жақсы білеміз.

Барлық сала бойынша адамдардың білімі тек қана қағаз бетінде, кітапта сақталады. Сондықтан кітапты сақтаушы және жинаушы кітапхана ғана адамзат білімінің өшпейтін, жоғалмайтын жады деуге болады.

Ешбір Интернет және теледидар ұлттың рухани өміріндегі кітаптың орнын ауыстыра алмайтыны шындық. Бірақ оларды оқырмандардың оқу дағдысын қалыптастыруда пайдалану уақыт талабы.

Кітап мәдениеті, оқу дағдарысы, оқырманды қалыптастыру және де басқа ауқымды тақырыптарды талқылайтын конференция білімге өлшеусіз үлес қосып, келешек ұрпақтың оқуға деген қызығушылығын арттыруға көмектесетініне біз сенімдіміз.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты ғылыми кітапханасына тақырыбы кең, көтерген жүгі ауыр ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырып отырғандарына алғысымыз шексіз.

Мұнда қаралатын мәселелер қоғамдағы әлеуметтік институт ретінде бәрімізді де ойландырады, толғандырады, бір бағытта жұмыс істеуде біріктіреді.

Конференцияның шешімдері білімге өлшеусіз үлес қосып, оқу дағдарысының алдын алатынына сенім білдірейік.

Конференцияға қатысушыларға сәтті жұмыс және маңызды қорытындылар тілеймін!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет