Қазақстан Республикасы Білім және ғылым


«Біз аттандық майданға, Ар ұлдары даланың



бет24/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   114
Байланысты:
«кітап. Уа ЫТ. О АМ» (1)

«Біз аттандық майданға, Ар ұлдары даланың.


Кездессе қатер қандай да Ақ сүтін ақтап ананың,

Найзасын оқпен сындырып, Танкісін талқан күл қылып, Елеуреген фашистің Кездескенін кіл қырып,


Алдарына келтіріп Арға тиген мазағын, Дегіземіз сонда біз:

«Қайтеді-ей, мына қазағың?» - деген жыр жолдары жеңіске деген сенімге толы. Қанды майдан үстінде туған «Деуші еңіз», «Отан сен қымбат», «Москва түбінде», «Біздің батыр полковник», «Сиқын қара фашистің», т.б. өлеңдері және «Майданбек», сияқты ерлікті, патриотизмді, майдан мен тыл бірлігін жырлаған поэмалары

«Шалқыма»/1937/, «Қуат», «Өрт» 1938/, «Мұңсыз Мәриям»/1940/,

«Москва түбінде» /1942/, «Майданбек» /1945/, «Жұлдызды жігіт»,

«Жүректен» /1945/, «Тұлға» /1947/, «Жас азамат» /1949/т.б. Ал төрт бөлімді «Алтай таулары» /1953-57/ атты өлеңмен жазылған романы мен «Отты толқындар» /1956/, «Уақытпен сырласу» /1967/,

«Миллиард жыры» /1974/, «Толғаныс толқындары» /1979/, т.б. жинақтары – тарихи және бүгінгі күн тақырыптарын көркемдікпен жырлайтын туындылар.

Поэзия әлемінде ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен Д.Әбілевтің

«өзге жанрға» - прозаға көшуі және бірден роман жазуы, сырт қарағанда кездейсоқ құбылыстай сезіледі. Бірақ романды оқыған кісі жаңа талап прозаиктің емес, материалды меңгерген, жанрдың құпиясымен жақсы таныс, өмірді өзінше пайымдаған салауатты суреткердің қалам сілтесін көреді.

Прозамыздың жалпы дәрежесінің биікке шығып, көптеген озық, үлгілі дәстүр қалыптастырғаны Д.Әбілевтің роман шарттарын абыроймен атқарып шығуына септескен, «Ақын арманы» автордың прозадағы үлкен қадамы болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет