1939-41жылдар аралығында ақын Д.Әбілев ҚазҰПУ-дың аспиранты болған. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Ұлы Отан соғысы дәуірінің қауырт уақиғаларын тез көріп, оперативтікпен бейнелеуде, майдандағы қаһарман қимылдар мен жауынгерлердің ерлік образын жасауда поэзия зор қызмет атқарды. Себебі көптеген қазақ жазушылары қолына қару алып, жауға қарсы күреске аттанған еді. Солардың ішінде Дихан Әбілев те бар еді.