ПМПИ-ДА МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫН ЖАСАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТУРАЛЫ
Х.Г. Дәндібаева, Н.А. Колодина
ПМПИ, Павлодар қаласы
Заманауи ақпараттық қоғамда мектеп кітапханасының миссиясы өзгеруде. Мектеп кітапханасы білім беру үдерісінің тиімді қызмет ету жағдайын қамтамасыз етеді, білім беру және тәрбие үдерісіне қатысады, мектептің ақпараттық орталығы, кітап оқудың негізгі кеңістігі болып табылады. Мектептің осы ақпараттық орталығының жұмыс деңгейі мектептің білім нәтижелерінің сапасына тәуелді екенін халықаралық тәжірибе көрсетті.
Заманауи мектеп кітапханалары қызметінің көпфункционалдығы және олардың жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың жоғары деңгейі кітапханалардың түрін әдістемелік қамтамасыз ету мәселесін өзектендіре түседі. Қазақстан Республикасында мектеп кітапханаларын әдістемелік қамтамасыз ету әдістемелік басшылықтың кеңес тұжырымдамасы шеңберінде 20- ғасырдың соңында қалыптасқан үшдеңгейлік иерархиялық жүйемен жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасының мектеп кітапханаларын әдістемелік қамтамасыз ету жүйесіне Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана (РҒПК) атынан республикалық орталық, штаты 1-2 қызметкерден тұратын мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарының кітапханалары атынан облыстық әдістемелік орталықтар, қала және аудан деңгейіндегі әдістемелік бірлестіктер кіреді. Мектеп кітапханаларының қызметін әдістемелік қостау жөніндегі негізгі жүктеме қалалық және аудандық білім беру бөлімдеріндегі кітапханалық қорлар жөніндегі әдіскер/мамандарға жүктеледі.
Тәжірибедегідей, мектеп кітапханалары білім беруді жетілдіру жағдайында белсенді өзгеріп отыратын ақпараттық ортада дами отырып, кітапханалық теория мен практиканың жетістіктерін енгізуде және жаңа технологияларды меңгеруде көп қиындықтарға да тап болады. Мектеп кітапханашылары өз проблемаларының қатарына кәсіби біліктілігін арттырудағы қиындықтарды, беделді авторлардан тұрақты әдістемелік көмектің болмауын, кәсіби қарым-қатынастың үзілгендігін жатқызады. Мектеп кітапханашылары көпшілік кітапханалардағы әріптестерінен әдістемелік көмек алады. Бірақ, оқу
кітапханаларының ерекшелігін білмей, орталықтандырылған кітапхана жүйелерінің мамандары мектеп кітапханасының қызметінің барлық мәселелері бойынша кеңес бере алмайды.
Білім беру жүйесі үшін мектеп кітапханасының маңызды рөлін түсіне отырып, Павлодар мемлекеттік педагогика институтының кітапхана ұжымы 2005 жылы бастама негізінде ПМПИ ғылыми кітапханасы базасында аймақтың мектеп кітапханаларын әдістемелік қолдау қоғамдық орталығын құру жөнінде инновациялық жобаны әзірледі.
Достарыңызбен бөлісу: |