А. Абишева, К.С. Искаков
С. Торайғыров атындағы ПМУ, Павлодар қаласы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы республиканың кітапхана ісінің ең ірі ғылыми-зерттеу және ғылыми- әдістемелік, ақпараттық - библиографиялық орталығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 1910 жылдың желтоқсанында ұыйымдастырылды. Осы уақыттан бастап кітапхана мемлекеттік ұлттық кітап қорын сақтау орталығы, ұлттық және өлкелік библиография орталығы ретінде жаңа сапалы қызмет атқарып келеді.
1991 жылы еліміздің бас кітапханасы республикамыздың Ұлттық кітапханасы статусын алды сонымен бірге ерекше мәнге ие болды.
ҚР Ұлттық кітапханысы 1992 жылдан ИФЛА-ның мүшесі болып қабылданды. ҚР Ұлттық кітапханасы - Қазақстан баспалары шығармаларының міндетті экземплярының және 1993 жылдан бастап ЮНЕСКО басылымдарының сақталатын орны.
ҚР Ұлттық кітапхананың қызметіндегі басты бағытының бірі библиографиялық қызмет болып табылады.
Ұлттық кітапхана әр түрлі типті библиографиялық құралдарды басып шығарудағы сонымен бірге өлкетану библиографиясы саласындағы әдістемелік орталығы:
Республика масштабында құрастырылатын библиографиялық құралдар жүйесін одан әрі жетілдіру жайында ұсыныстарды дайындайды;
Библиографиялық құралдар басылымдарының болашақтағы жинақ жоспарын дайындайды, оның орындалуына бақылау жасайды;
Әдебиеттер көрсеткіштерін қазақ тілінде құрастыру әдістемесін жасайды;
Мемлекеттік кітапханалар басып шығаратын көрсеткіштерді рецензиялайды, библиографиялық құралдардың жылдық аналитикалық шолуларын дайындайды, кітапханалардың библиографиялық қызметін зерттейді және талдап қорытады;
Басқа кітапханалармен бірігіп библиографиятану бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жүргізеді;
Библиографиялық көрсеткіштерді қолданудың нәтижелігін зерттеуді ұйымдастырады.
Қазіргі жағдайда ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақстанның корпоративтік каталогтау орталығы» жұмыс істейді. Орталықтың ең басты міндеті - еліміздегі ірі кітапханалардың күшімен Қазақстан Республикасы туралы жинақтық электрондық мәліметтер банкісін құру және әліппе режимінде жұмысты ұйымдастыру.
ҚР Ұлттық кітапханасы библиографиялық құралдарды, кітапхана ісі туралы инструктивті құжаттарды және құқықтық жинақтарды, рефератифтік журналдарды дайындап шығарады. ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстан авторларының өнер, тіл білімі, әдебиет, мәдениет, қоғамдық ғылымдар жайында рефератифтік журнал шығарады. Журнал республикалық жүйедегі рефератифтік ақпаратқа кіреді. Ол екі серияда шығарылады: 6 – «Қоғамдық ғылымдар», 7 «Мәдениет», «Тіл білімі», «Әдебиет», «Өнер».
Кітапхана СО-КОМ-да «Қазақстанның музыкалық мұрасы» атты мультимедиялық анықтаманы дайындап шығарды - ол Қазақстан музыкасы жайындағы әлемдегі жалғыз ғана ағылшын тіліндегі анықтамалық басылым. Сонымен бірге СО - КОМ «ҚР Ұлттық кітапханасына 90 жыл», СВ - КОМ «Қазақстанның мәдени ой- пікірі», СР - КОМ «1913 -1932 жж. газеттеріндегі Қазақстан хроникасы» дайындалды.
Анықтамалық - библиографиялық бөлім-ҚР Ұлттық кітапхана- сының бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан бөлімі, ол 1933 жылы құрылды. Бөлімнің қазіргі қызметінің бағыттары мыналар:
Электрондық ресурстар мен дәстүрлі библиографиялық сұраныстарды қамтамасыз ету.
Оқырмандарға библиографиялық құралдарды қолдану мәселелерінде кеңес беру.
Анықтамалық - библиографиялық құралдарды дайындау және ұсыну.
Ақпараттық библиографиялық қорды қалыптастыру. Библиографиялық қорда XIX ғасырдағы сирек кездесетін басылымдар бар, олар: «Азияның библиографиясы», В. И. Межовтың «Түркістан жинағы».
Ерекше құнды көрсеткіштер қатарына «Қазақстанның пайдалы қазбалары» (1752-1929 жж.), «Қазақстандағы мал шаруашылығы» (1917 жылға дейін) т.б. жатады. Қор үнемі жаңа басылымдармен толықтырылып отырылады.
Анықтамалық-библиографиялық бөлімде «Қазақстан туралы» жүйелі мақалалар картотекасымен, ҚРҰК-ның электрондық мәліметтер банкімен және базасымен, «Юрист» электрондық анықтамалық - құқық жүйесімен жұмыс атқарылады. Дәстүрліктен электрондық тасымалдаушыға көшу мерзімінде карточкалық формасындағы каталог пен электрондық каталог қатар жүргізіледі.
ҚР ҰҚ - дағы анықтамалық - библиографиялық аппарат барлық білім саласы бойынша жарияланымдар мен басылымдарды қамтып, библиографиялық ресурстардың маңызды бөлігі болып библиографиялық ақпараттағы әр түрлі қажеттіліктерді қанағаттандырады.
ҚР Ұлттық кітапханасы ақпаратты пайдаланушыларға көп салалы және республикаға қатысты комплекстік мәселелері бойынша ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Жаңа ақпараттық технологияны қолдана отырып оқырмандардың жалпы білім жөніндегі сауалдарды орындау мәселелері жайында библиографиялық жұмыс жүргізеді. Кітапханада оқырмандарға ақпаратты жеткізуде компьютерлік технология молынан қолданылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы компьютерлік техника негізіндегі бағдарлама тәсілі мен жаңа ақпараттық технологияны кітапхананың іс тәжірибесіне енгізу орталығы болып табылады.
Республикалық, облыстық әмбебап ғылыми кітапханаларына АБИС бағдарламасын енгізу Ұлттық кітахананың тікелей басшылығы мен көмегі арқасында жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасындағы барлық облыстық әмбебап ғылыми және басқа да кітапханаларды бір жүйеге біріктіретін РАБИС бағдарламасы да енгізіліп жатыр.
2004 жылы ҚР Ұлттық кітапханасында Ақпараттық ресурстардың орталығы құрылды. Ол үш сектордан тұрады :
Ағымдағы библиография секторы
Электрондық ресурстар секторы
Өндеу бөлімінде электрондық каталогтарды құру және жаңа түскен басылымдарды сапалы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Ағымдағы библиография сектордың міндеті - Қазақстан туралы библиографиялық көрсеткіштерді дайындап басып шығару, библиографиялық мәліметтер базасын толықтырып жүргізу және ағымдық библиографиялау жұмыстарын атқару. Сектордың негізгі қызметі «Қазақстан: бүгіні мен өткені» деп құрылған библиографиялық мәліметтер базасын (қазақ және орыс тілдерінде) толықтыруға бағытталған.
1966-1998 жылдар аралығында дәстүрлі технология негізінде
«Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер» библиографиялық көрсеткіштің басылып шығуы ағымдық библиографиялаудағы басымдық бағыты болып есептеледі. Қазір осы көрсеткіш автоматтандырылған режимде
«Қазақстан: бүгіні мен өткені» деген библиографиялық мәліметтер базасында басылып шығады. Библиографиялық құрал Қазақстан туралы жаңа жарияланымдар жайында оқырмандарға кең ақпарат береді. Көрсеткіште материалдардың топтастырылуы тақырыптық рубрикатор арқылы жүзеге асырылады. Басылымның шығу мерзімі жылына 2 рет. Бұл библиографиялық көрсеткіш орыс және қазақ тілдерінде шығады.
Баспа библиографиялық құралдардың шығуымен қатар сектор библиографиялық өнімдерді СИ – КОМ - да шығаруға кірісті.
«Қоғамдық ғылымдар» деген мәліметтер банкі (МБ) негізінде
«Мемлекет және құқық», «Экономика», «Философиялық ғылымдар»,
«Әлеуметтану», «Психология» деген СБ - КОМ -дар дайындалды.
Электрондық ресурстар секторы мәліметтер база негізінде библиографиялық анықтамаларды орындау жұмыстарын жүргізеді.
Қазіргі кезеңде сектор РАБИС жүйесінде жұмыс істейді. Жұмыстың көбісі қордағы кітаптарды, құжаттарды электрондық түріне келтіруге байланысты. Сектордың қызмет істеу функциясының бірі электрондық түрде қызмет көрсетіп, құжаттарды жеткізу болып табылады.
Кітапханалық-библиографиялық процесстерде жаңа технологияларды белсенді түрде меңгеруде ҚРҰК-ғы жаңа даму болашағы ашылады. ҚРҰК-ның компьютерлік техникасының негізінде жаңа ақпараттық технологияны меңгеру 1989 жылдан жүзеге асырылады. 1992 жылдан ҚРҰК-да тақырыптық мәліметтер базасы
мен электрондық каталогтарды құру жұмысы басталды. РАБИС жүйесі кітапхана ГОСТ-ын сақтау арқылы құрылады, мәліметтер базасының өзіндік ішкі құрылымы бар, ШМАЯС форматы пайдаланылған.
ҚРҰК-ның оқырмандарын интернетті, электрондық каталогты, электронды тасымалдаушы ақпаратты пайдаланады, олар: студенттер, орта арнайы білімі бар азаматтар, жоғары білімі бар мамандар, аспиранттар, ғылым кандидаттары, ғылым докторлары, ғылыми қызметкерлер және т.б.
Бибилографиялық ақпараттың неғұрлым көп таралған түрі- библиографиялық құрал. ҚР Ұлттық кітапханасының қызметінің маңызды бағыттарының бірі - библиографиялық құралдарды құрастыру.
Ұлттык кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыруда жаңа шыққан және басуға дайыңдап қойылған кітаптар мен мақалалар жайындағы шапшаң ақпаратты беріп отыруға тырысады.
Бұл үшін кітапхана жаңа түскен көрсеткіштерді, жаңа кітаптар жайында ауызша шолуларды, хабарлама күндерін, тағы да басқа түрлерін, сол сияқты ҚРҰК шығаратын әдістемелік және библиографиялық құралдарды қолданады. ҚРҰК-ның библиографиялық қызметінде әр түрлі тақырыптағы оқырмандарға хабарлама беретін әдебиеттер көрсеткіші маңызды орын алады.
«Мәдениет. Өнер. Әдебиет» тақырыбындағы библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші ҚРҰК-ның компьютерлік мәліметтер базаларының негізінде басылып шығарылады. Көрсеткіш жылына екі рет шығарылады.
Оқырмандарға библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруда рефератифтік басылымдардың көмегі өте зор. ҚРҰК- дағы рефератифтік журналдар – білім саласына сәйкес құжаттар рефератын құрайтын ақпараттық журнал формадағы мерзімді басылымдар. Рефераттарды құрастыру материалдарына кітаптар, жинақтар, мерзімді және жалғасты басылымдар, конференция материалдары және басқа да қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар кіреді.
Кейінгі жылдары библиографиялық құралдары құрастыруда ақпараттық технологиялар кең қолданылады. Библиографиялаудың көп кезендері компьютерлердің көмегімен жүзеге асырылады.
Әдебиет
1. Қазақ ССР мемлекеттік Кітап палатасы. - Алматы, 1987.
Достарыңызбен бөлісу: |