Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,17 Mb.
#1644
1   2   3   4   5   6   7   8
  Оның  өлең-
дерінің бір ерекшелігі: Жетісу өлкесін ең алғаш отарлау бастал-
ғанда  қазақ  даласында  басталған  қым-қиғаш  көтеріліс,  ілгерілі 
кейінді ел ауған қозғалыс, дүрбелең дәуірді суреттеуі.  
Кез келген ақынның өзі өмір сүрген дәуірдің шындығынан 
ұзап кете алмайтындығы әмбеге аян. М.Әуезов мұндай адамдар-
ды екіге бөледі: «Біреуі  – тарихи өлеңдерде саналған ел  қаһар-
мандары, екіншісі – ел тілегін айтып, зар мұңын сөзбен шығар-
ған ойшыл қария, өлеңші ақын, жырау болатын» [2, Б. 176]. Осы 
тұжырымға  сүйенетін  болсақ,  А.Барманбекұлы  –  «ел  тілегін 
айтып зар мұңын сөзбен шығарған» ақындар санатындағы ақын. 
Ол  патшалық  жүйеге  қарсы  шыққан,  сол  жолда  жанын  да  ая-
маған қалам қайраткері екендігі дау тудырмайды. Оның қолына 

71 
 
қалам  ұстатқан  осындай  заманның  ауыр  да  қасіретті  жай-күйі 
еді. Сондықтан да оның өлеңдерінде зар мен мұң басым.  
Жазайын қағаз жазайын, 
Іштен дертім аз қалсын. 
Замананың түрінен, 
Асан атты кәріден
Кейінгіге сөз қалсын [50, Б. 15],  
–  деген  жыр  жолдарынан  ақынның  ішкі  жан  күйзелісін, 
дертті жүрегін аңғаруға болады. Заманның түрін көрсетіп беруді 
үлкен  жауапкершілікпен  қолға  алады.  А.Барманбекұлының 
өлеңдерінің  басты  ерекшелігі  сол,  ол  айтар  ойын  жасырып-
жатпай ашық айтып, өзін ашындырған, көріп-біліп жүрген жайт-
тардың бірін қалдырмай жырға қоса білді. Сол заманның бүкіл 
суретін  айна-қатесіз  көз  алдымызға  әкелген  ақын  шығарма-
ларынан  тарих  беттерінде  осы  бір  жеткілікті  түрде  айтылмай 
келген тұстарын көре аламыз. Асан ақын өлеңдерінде бұрынғы 
заманды  аңсау  сезіліп  тұрады.  Шалқыған  жайлау,  мыңғырған 
мал, еркін жүрген ел, қазыналы көлге жоқтау айтып таусылады. 
«Қандай  тар  заманға  тап  болдық?»  деп,  болашағы  бұлдыр  за-
манды қабылдай алмай қайғырады, қамығады.  
Ол  «Қазақтың  күні  қайда  шалқып  жатқан,  Мал  толып 
өзен-сайда толқып жатқан», – дей келіп бұрынғы заманның тү-
рін  термелей  жөнеледі.  «Кермелеп  жүйрікті  терлеткен»  бай, 
«кім  бұрын  қонса  жерлеткен»  бөлімі жоқ  жер,  «ұлына  жабағы, 
тайын үйретіп ойнатқан» әке, «шыңғыртып асау үйретіп, құнан, 
дөнен  жайлатқан»  ырду-дырду  заман,  «балуанға  түскен 
бозбала»,  «тал  жібектей  есіліп»  тұрған  келін,  «отбасында  көсі-
ліп»  отырған  бәйбіше,  «желбегейленіп,  шешініп жатқан»  бай  – 
міне,  осы  сынды  қой  үстіне  бозторғай  жұмыртқалаған  заман 
кейпін  аңсайды.  Бұл  заман,  ақынның  өзінің  айтуы  бойынша, 
«қайран өзбек заманым» деп келеді. Тарихқа жүгінсек, Ұлы жүз-
дің жерін Қоқан хандығы билеп тұрған кездің өзінде халық ауыр 
алым-салықтан  құтылмаған.  Ол  туралы:  «XIX  ғасыр  басында 
Ұлы жүз мекенінің недәуір бөлігі Қоқан хандығының өктемдігін 
мойындауға мәжбүр болса, осы ғасырдың ортасында Ресей пат-
шалығына бодандыққа еріксіз мойынсұнды», –  дейді зерттеуші-

72 
 
лер [54, Б. 45]. Соның өзі ақын үшін «қой үстіне бозторғай жұ-
мыртқалаған»  еркін  заман  болып  көрінеді.  Соған  қарағанда 
Қоқан хандығы тұсында діні бір түркі тектес халықтардың мұңы 
да бір болған болу керек. Бір қызығы олардың әдет-ғұрып, салт-
дәстүрлерінде  ортақ  жайттар  өте  көп,  сондықтан  бір-бірінің 
тілдерін  де  еркін  түсініп,  аралас-құралас  өмір  сүріп  отырған. 
«Бұл  заманды  бұзған  кім?»    деген  сауалдың  жауабын  ақын 
орыстың  келуімен  түсіндіреді.  Тілі  де,  діні  де  бөлек  халықтың 
әдет-ғұрпы,  салт-дәстүрі  мүлде  бөлек  болатыны  белгілі. 
Орыспен  бірге  келген  заң,  закондардың  оған  дейін  дау-дамай-
ларын би-шешендер мен ру ақсақалдарының шешіп отырғанына 
үйренген,  дала  заңымен  жүрген  еркін  қазақ  халқына    түрпідей 
тиеді. Оны ақынның өзі былай деп түсіндіреді:  
Тар заманға кез болдық тақырлаған, 
Берекесіз, түгі жоқ артып жатқан. 
Жалды ат мінсең қоңы жоқ көзге түсер, 
Жоталата жасауыл тарсылдатқан. 
Қарсы келген момынды ұлыққа айдап, 
Бишараның буынын қалтылдатқан. 
Әділеттік бола ма бұ заманда? 
Мынау қалай дегенді сотқа тартқан [52, Б. 80]. 
Қоқан  әміршілдігі  тарапынан  Жетісу  өңірі  қатты  зардап 
шегіп  келгендігінің  себебі  ол  жерлердің  алыстау  жатқандығын 
тілге тиек еткен С.Танекеев: «Қоқан хандығына жылына бір рет 
салық  төлегені  болмаса,  тікелей  басқыншылық,  қорлық  көре 
қоймады,  бостандық  өмірдің  дәмін  көбірек  татты.  Бұл    орыс 
отаршыларына  өте  тиімді  жағдай  болды.  Сол  себепті  де,  орыс 
басқыншылары  бұл  өңірге  билік  орнатысымен  Қоқан  мен 
Бұхара әмірінен де жаман заман туды деп зарлады Албан Асан» 
[56, Б. 13], – деп жазады.  
Жас  шамасы,  өмір  сүрген  уақыты  әр  түрлі  болғанымен, 
заманы  бір,  заңы  ортақ,  мұңы  бір  көптеген  ақындардан 
А.Барманбекұлының  да  үйренері  көп  болғанға  ұқсайды. 
І.Жансүгіров  көрсеткендей:  «Асан  ақын  әлеумет  басындағы 
күйді қанша айқындаса да, қанша «бұқара тілегіне жанастырам» 

73 
 
деп жырласа да, айналып келіп, өзінің арғы заманының ескі көзі 
Асан қайғыға әкеп тірей береді» [42, Б. 355].  
Асан  қайғыдан  А.Барманбекұлына  дейінгі  ақын-жырау-
лардың  көбі  орыс  отаршылдарының  қазақ  жеріне  қоныс  ауда-
руынан  қауіптеніп,  ұрпақтарының  бодан  болатынын,  бұрынғы-
дай ірілік кетіп, бақа-шаян тірлік басталатынына сәуегейлік жа-
саған.  Халықтың  басына  түскен  нәубет,  халықтың  алдындағы 
өміріне  алаңдаушылық  білдіру,  елді  төніп  келе  жатқан  қауіп-
қатерден  сақтандырып  отыру  Асан  қайғы  жырларының  негізгі 
өзегі.  
Ертісті өрлеп орыс жүр, 
Тіл алсаң іздеп қоныс көр… 
Ай…Жәнібек ойласаң, 
Қилы-қилы заман болмай ма, 
Суда жүрген ақ шортан, 
Қарағай басын шалмай ма? 
Мұны неге білмейсің? [57, Б. 121]  
– деп ол болашаққа болжал жасаған. Қазақтың ұлы  дала-
сының түбі бір жаулап алыну қаупін сезген ақын-жыраулардың 
сәуегейлігіне  қайран  қаласың.  Бұл  қауіпті  сезе  де  сескене  бол-
жаған Асан қайғы: 
Ол күнде қарындастан қайран кетер, 
Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, 
Ұлы, қызың орысқа бодан болып, 
Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер [57, Б. 111] 
–  деп  толғайды.  Осыдан  келіп  шығатыны.    ХV  ғасырда 
Асан  қайғы  болжаған  жайттардың  Бұқар  жырау  заманында-ақ, 
жүзеге аса бастағанына көз жеткіземіз: 
Күн батыстан бір дұшпан, 
Ақырға шығар сол тұстан
Өзі сары, көзі көк, 
Бастығынаң аты поп. 
Күн шығысқа қарайды. 
Шашын алмай тарайды. 
Құдайды білмес діні жоқ, 
Жамандықта міні жоқ, 

74 
 
Осы сынды бір кәпір! 
Аузы-басы жүн кәпір. 
Жаяулап келер жұртыңа. 
Есеп алар жұртыңнан,  
Солдат алар ұлыңнан [58, Б. 83]  
– деп, болмай қоймас жайдың ұштығын шығарып айтады.  
Осындай болашақты болжау XX ғасырда Д.Бабатайұлы шығар-
маларында өзінің дәстүрлі жалғастығын тапқаны белгілі: 
Күнбатысқа көз салмай, 
Күншығысты еске алмай… 
Бізді алатын жау жоқ деп, 
Ақбөкендей алданып, 
Аңдамай келіп түскенсің [58, Б. 102]  
Ата-баба  жолының  құрықталуына,  елдің  басқыншылыққа 
ұшырауына  әкелер  себептерден  алдын-ала  сақтандыру  қырғыз 
ақындары  шығармаларында  да  көптеп  орын  алады.  Қырғыз 
жыршысы Қалығұл: 
Өңі сары, көзі көк, 
Орыс деген ел келер, 
Арқанға өлшеп жер бөлер… 
Заманың бұзылар… 
Қайран елім қайтер екенсің, 
Қайыр сұрап кетер ме екенсің? 
Теңдігің теңселер, 
Тентіреткен күн келер, 
– 
деп болжайды[59,Б.47]. Мұндай сарын А.Барманбекұлының
 
шығармаларында да мол ұшырасады. «Залымдар атқа мінгенде, 
жұртты түтіп жеп болды» деген ақын пікірімен Дулаттың: «Қа-
зіргі  қазақ  ұлығы,  жаман  иттен  несі  кем?»  деген  ойы  үндесіп 
жатыр.  Ұлықтар  мен  бектерді  өлтіре  сынау  көрінісі  Албан 
Асанда: «Бұқарасын жеп-ішіп, Шаяндай боп шағып жүр» немесе 
«Шетінен  басып  жей  түсіп,  Қасқырдай  боп  бағып  тұр»  деп  кө-
рінсе, Дулатта ол «Азған елдің бектері, Қан шықса, елін жұлма-
лар,  Қасқырменен  аралас»  деген  тіркестермен  беріледі. 
А.Барманбекұлы  мен  Д.Бабатайұлы  шығармаларындағы  ой  өр-
нектері бір жерден шығады. Д.Бабатайұлының қазаққа танымал 

75 
 
ақын екендігін ескерсек, А.Барманбекұлы замана түрін жазардан 
бұрын біраз ақындар өлеңдерінен хабардар болғандығы сезіледі. 
Олар  атап  көрсеткен  «ақыр  заман»  белгілері  де  қадау-қадау. 
Олар:  пайда  қуған  алыпсатарлар,  ел  билегіш  күштілердің  әді-
летті  болмауы,  кедей-кепшік  жағдайының  ауырлауы,  алым-са-
лықтың көбеюі, ақша мен сауда-саттықтың өршуі, ел бастар аза-
маттың  сатымпаздығы,  дінді  желеу  етіп  білгірсіген  құр  кеуде 
молдалар.  Көркем  шығармаға  өмір  шындығының  арқау  болуы 
жөнінде  Қ.Жұмалиев:  «Қай  халықтың  әдебиеті  тарихына  көз 
жіберсек те сол халықтың өмірі, әлеуметтік-тарихи жағдайлары-
мен  әдебиеттің  тығыз  байланысты  дамитындығын  көреміз»,  – 
дейді [60, Б. 153].  Олай болса, қазақ ақындарының шығармала-
рына сол тұстағы өмір шындығы арқау болғандығы рас. Ендеше 
қазақ тарихынын хабар берер  Д.Бабайтайұлы шығармаларынан 
да мысалдар келтіруге болады. Ол:  
Кешегі бір заманда, 
Қасиетті еді хан, қараң. 
Мынау азған заманда, 
Қарасы антқор-ханы арам, 
Батыры көксер бас аман
Бәйбіше тантық, бай-сараң; 
Бозбаласы бошалаң, 
Қырсыға туды қыз балаң [61, Б. 198]  – деп қамықса, 
А.Барманбекұлы: 
Ізет көрмей барасың, 
Балаң менен ініңнен. 
Әдеп көрмей барасың, 
Қызың менен келіннен  [50, Б. 16], 
Немесе«Бұзық заман болды енді, 
Нашарға мұң залымға, 
Қызық заман болды енді, 
Сұңқарлардың орнына, 
Құзғын құлай қонды енді. 
Түрлі бұзық әлемет, 
Жұрт ішіне толды енді [50, Б. 76],  

76 
 
–  деп  күйзеледі.  Елдің  азып,  өз  жеріне  қожалық  қылудан 
қалғанына  қазақ  ақындары  істерге  айла  таппай,  дінді  таяныш 
етеді.  Дулат  ақын  өлеңдерінде  «Құран  кітаптарды  оқыдым», 
«молдаға  жүгіндім»  деген  сияқты  сөз  тіркестері  көп  қолданы-
лады.  
XIX  ғасырдағы  ақындардың  шығармашылығына  талдау 
жасаған М.Әуезов Шортанбайдан бастап дінге бет бұрылғанын, 
тіпті  XIX  ғасырдың  соңында  діни  қиссалар  көптеп  шығарыл-
ғанын, сол арқылы шайырлар дінді таяныш еткенін айтса [2, Б. 
193],  түрколог  ғалым  В.В  Радлов  «Зар  заман»,  «Заман  ақыр» 
сияқты  өлеңдер  дінді  насихаттай  отырып,  халыққа  адамгерші-
лікті  насихаттайтынын  жазады [20, Б.  18].   Десе де  ел  ішіндегі 
келеңсіздіктің  ең  сорақысы  дүмше  молдалардың  ақ  жолдан 
шығып,  азғындыққа  ұшырауы  еді.  Шариғат  қағидаларын  жетік 
білетін  ғұламалармен  айтыс-тартысқа  түскен  дүмше  молдалар 
жер  дауы,  жесір  дауы,  жаназа,  неке,  талақ  сияқты  діни  мәсе-
лелерде  теріс  үкімдер  шығарып  отырды.  Осындай  жайттарды 
шешу  мақсатында  ел  ішін  реттеу  үшін  патша  үкіметінің  бұй-
рығы бойынша енді ел ішінде «указной молда» дегендер шықты. 
С.Мұқанов  осы  жайлар  туралы  мына  бір  ойды  алға  тартады: 
«Патша  үкіметі  қазаққа  крестьян  дінін  ұсынуға  қорықты  да, 
татар,  башқұрттың  молдалары  арқылы  қазақ  даласына  дін 
жаюды  ойлады.  …Молдаларға  патша  үкіметі  үш  түрлі  міндет 
жүктеді: 1) Хан ордасында патшалық жұмысын атқару; 2) Тың-
шылық  ісін  басқарып,  қазақ  арасындағы  патшаға  қарсылықты 
үкіметке  жасырын  жеткізіп  тұру;  3)  Мешіт  салдырып,  дін  үй-
ретіп, халықты патшаға қарсы болмауға үндеу» [62, Б. 27]. Указ-
ной молдалардың үстінен округ ахуны және мухтасибтер (есеп-
ші)  тексеріп  отыруға  тиіс  болды.  Олар  атқарар  істер  аясы  кең 
болды.  Ереже  бойынша  туу  туралы  куәлік  қағазы,  өлген  адам-
дарды тіркеу, неке, талақ сияқты істерді ретке келтіру  үшін ар-
найы қағаздармен қаруланған молдалар указдарын алып, күйме-
лерін  сылдырлатып,  мойындарына  шынжыр  баулы  сағаттарын 
тағып,  тойға  келгендей  сән-салтанат  құрып  келіп-кетіп  жатты. 
Бұларсыз,  не  болмаса,  олар  атынан біреу  бармаса  өлген  адамға 
жаназа  да  шығарылмады.  Указной  молдалар  жаназа  шығарған 

77 
 
молдаға зекет етесің, підияға мынаны бер, құранға берерің мы-
нау,  жаназаға  берер  бағаң  мынау  деп  өздері  тағайындаған    өл-
шемді  ұсынатын  болды.    Басқа  біреулер  жаназа  оқып  қойса, 
олар  қуғынға  ұшырайтын  болды  және  қайда  жүрсе  де  тауып 
алып, айып төлететін еді. Бұл указной молдалар елдің пікірімен 
санаспай,  адалдықтан,  адамдықтан  жұрдай  болып,  бар  ойы  ел 
үстінен көрер пайдада болды. Осы жерде бір ескеретін жай, ел 
арасында  сенімсіздік  тудырып  отырған  «дүмше  молдалардың» 
және  ислам  дінін  таратушы  ілімді  молдалар  арасындағы  ара 
жікті дұрыс ажырата білу туралы ой туындайды. Ол айтқандай 
«сайламыш  молдалар»  мен  Алланың  адал  жолында  жүрген 
сауатты молдалардың арасы жер мен көктей. Асан ақын соның 
соңғысына  жататын  ақын.  Сондықтан  да  «Зәлім  молда  болған-
ша, түзу жүрген надан бол» дейді Асан ақын. Сөйтіп, Алланың 
ақ  жолына  мойын  ұсынбаудың  неге  апарып  соғатынын  нақты 
мысалдар  арқылы  көрсетеді.  Алланың  жолында  жүрген  молда-
ның  қарапайым  халықтан  бір  сүйем  болса  да  биік  тұруы  керек 
екенін ескертеді, арамдықтан сақтандырады: 
Алдап, арбап айламен, 
Момын малын жесек біз, 
Мұндай азғын молданы, 
Айдайды шайтан жетексіз [50, Б. 53]. 
Ақын «Молда болсаң, тәкрар бол, Көңіліңе ілім тоқыған» 
деп, жол көрсетеді. Алланың ақ дінін ұстанған екенсің, таза бол, 
Аллаға шәк келтірме, сонда жолың оңғарылар», «Қисаймасаң ақ 
жолдан,  таза  бақтың  гүлісің»  дейді.  Исламның  ақ  жолын  берік 
ұстанған,  дін  жамылған  дүмше  молдаларды  сынаған,  шариғат-
тың  жолын  жақсы  түсінген  ақындар  жөнінде  У.Қалижанұлы: 
«Өз  заманында  ислам  дінін  берік  ұстанып,  елді  тазалыққа  да, 
қайырымдылыққа,  парасаттылыққа,  кісілікке  үндеген  ақындар-
дың  қатарына  Мұсабек  Байзақұлы,  (жұртқа  молда  Мұса  деген 
атпен белгілі) Жүсіпбек Шайхисламұлы
 және Асан Барманбекұлы 
(халықтың Асан қайғыдан ажырату үшін ел оны Албан Асан деп 
атап  кеткені  белгілі)»,  –  деп  жазады  [63,  Б.  38].  Адамдардың 
азып,  теріс  жолға  түсуі,  арам  жолға  түскендердің  қадірінің  ар-
туы, үлкенге ізет, кішіге құрметтің жоғалуы Ж.Баласағұнның да 

78 
 
жан  айқайына  алып  келген.  Рухани  жағынан  құлдыраған  рухы 
төмендеген, саудагерлік, маскүнемдік, надандық, арамдық сын-
ды  жаман  қасиеттер  етек  алған  елді  көзімен  көрген  ақын  зар 
илеп запыран төгеді. Сондықтан да оның шығармаларында зар-
лай арнаудың үлгілері басым: 
Ел неге азды? Заңды қалай түзедім? 
Қай заманға келдім, қалай жүремін? 
Сауда қуып бұзылды ма маңайым,                  
Елес пе әлде көзімді кең ашайын? 
Заң, ізгілік кетті ниет қарайып, 
Сұмдар қалды, 
қайдан шындық табайын [64, Б. 585-586]. 
Әдебиетімізде  халықты  осындай  адал  жолға  үндейтін 
жырларды  әр  дәуір  әдебиетінен  де  келтіруге  болады.  Сыпыра, 
Асан  қайғы,  Бұқар  жыраулар,  берідегі  Дулат,  Мұрат, 
Шортанбай,  Шөже,  Түбек,  Сүйінбай,  Құлмамбет,  Жамбыл, 
қырғыз  ырчыларының  ішінен  Қалығұл,  Арыстанбек,  Тоғалақ 
молда,  Молда  Қылыш  сияқты  ақындар  жырларында  Алла  жо-
лын  ұстана  жүріп  азғындаған,  адасқан  жандардың  көркем  бей-
несін  жасаса,  осы  қалыптасқан  дәстүрге  өз  үлесін  қосып 
А.Барманбекұлы шала молдалардың кескін-келбетін, ел арасын-
дағы қылықтарын:  
Сайламыш молдамын десіп, 
Өлгенді қаттай келдім, – деп 
Немесе: 
Жаназам менің ақымды, 
Ұрықсатсыз неге көмдің? 
–  деген  жолдармен  мысқылдайды.  Ел  ішіндегі  молдалар 
салған  ылаңға  ақын  көзі  ашық  сауатты  адам  ретінде  төзбейді, 
көз  жұмып  қарай  алмайды.  ХХ  ғасыр  басындағы  әдебиет  ту-
ралы:  «ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  әдебиеті  өмірдің  тарихи 
шындығын көркем бейнелеуші ретінде  өз тұсындағы халықтың 
ой-пікірінің шежіресі бола біледі», – деген болатын С.Қирабаев 
[65,  Б.  41].  Олай  болса  ақын  қаламынан  туған    шығармалар  өз 
заманының көркем  шежіресін жасағаны анық. Себебі ХХ ғасыр 
басындағы әдебиеттің негізгі кейіпкеріне айналған «дүмше мол-
далар» барлық ақын-жазушылар шығармаларының негізгі кейіп-

79 
 
керлеріне  айналды.  Олардың  барлығы  да  «шала  молдалардың» 
типтік  бейнесін  жасады.  Ислам  дінінің  хақ  жолын  бұрмалап, 
теріс  насихаттаған  шала  молдаларды  уытты  тілмен  сынаған 
ақын  өлеңдері  сол  тұстағы  қазақ  әдебиетіндегі  «дүмше  молда-
лар» бейнесін толықтыруға қызмет етеді: 
Бұл заманның молдасы, 
Бопыраз тартып боза ішіп, 
Шайтан болды жолдасы.  
Немесе: 
Кейбіреулері тағы бар, 
Апиын, наша сормасы. 
Арақ ішіп аят оқып,  
Келісті ғой пормасы [50, Б. 51].  
Осындай  ауыр  сәттерде  ақиқат  жолын  Алладан  іздеген 
А.Барманбекұлының сөздері халыққа әсері тиіп, рухани серпіліс 
алып  келді.  Ол  Аллаға  жүгіну,  иманды  болу  қазақтың  рухани 
деградацияға ұшырауынан аман алып қалатын күш деп есептеді. 
Осындай  дүмше  молдалар  Шортанбайдың  да  қатты  сынына 
ұшырағаны қазақ әдебиеті тарихынан белгілі:  
Асылық азған заманда 
Қожа, молда көбейіп
Отырар төрде шөмейіп; 
Жамандығы ішінде 
Жан-жағына қарасып. 
Немесе: 
Өңкей арам залымдар 
Зәремізді алады  
Арам берсең жымиып 
Қалтасына салады [66, Б. 170].  
А.Барманбекұлының қисса жазуына біріншіден, орыс хал-
қының  «зар  заман  ақындарын»  зарылдатқан  келеңсіз  оқиға,  ел 
басына  бодандық  бұғауын  шырмалтқан  отаршылдық  ойранды 
алып  келгендігі,  екіншіден,  имандылықты  жамылған  дүмше 
молдалардың ымырасыздығынан діннен безушілік  әрекеттердің 
бой  алдыруы  белең  ала  бастағандығы  себеп  болған  еді.  Асан 
ақынның  өлеңдерін  жазудағы  негізгі  мақсаты  –  діннің  берер 

80 
 
тазалығына,  ғибратына  халықтың    назарын  аудару.  Тұйықтан 
шығар жолдың түйінін де осы жолдан іздегенін, қазақ халқының 
жарқын болашағы үшін Алладан жалбарынып араша сұрағанын, 
оны  көмекке  шақырғанын  мына  өлең  жолдарынан  көруге  бо-
лады:  
Намаз, ораза, зекет, қажы исламға тән дін үшін. 
Таңдағыны ойламай жүгіреміз күн үшін 
Көп тәрбие айтамыз арам нәжіс бұл үшін. 
Дүние жалған алдамшы қартбайды шын үшін. 
Үмметім деп қайғырған ойлаңыз расул кім үшін 
Қамқоршылық ойлаған біз күнәһәр құл үшін. 
Сүннетін тұт, расулдың бұйырғанын ақтық қыласың. 
Алдамаққа біреуді айтамыз құры тіл үшін. 
Шариғаттың жолына тура келмес бұл ісің. 
Дін ислам жолына бір құдайдың құлысың. 
Лә иләһә илла Алла мұсылманның ұлысың. 
Қисаймасаң ақ жолдан, таза бақтың гүлісің [67, Б. 26]. 
Осы  сынды  ақындар  туралы  В.Радлов:  «Мұндай  кітап 
өлеңді  шығарушылар  –  моллалар,  сауатты  қазақтар.  Олардың 
сөз  оралымдарында  исламның,  кітаби  тілдің  әсері,  табы  айқын 
сезіледі»  деп,  орынды  пікір  айтқан  [20,  Б.  18].  Осылайша  ақын 
жалған дүниеде желік қумай, арғы өмірді де ойлауға шақырады. 
«О  дүниедегі  тамұқ  азаптарының  бәрі  бүгінгі  қылған  теріс  қы-
лықтарыңнан»  деп, адасудан сақтандырады. Дінді негізге алып, 
сөз ету зар заман ақындарының көпшілігіне тән. Оған бірер мы-
сал келтіруге болады.  
Шортанбай:  
Таңда мақшар күн туса, 
Таразыны түзетер. 
Жаһаннам деген дозақта  
Шайтан болар жолдасың. 
Қыбыласын білмей құл, 
Сонда тартар жазасын. 
Кешірмейді құдайым  
Бес намаздың қазасын. 
Құрт-құмырсқа жиылып, 

81 
 
Сонда алады мазасын [66, Б. 170]. 
  Дулат: 
...Таңда махшар күнінде 
Құрылады таразы. 
Залымның қылған күнәсі, 
Кәлима- и шәһадат, 
Тәмәм кітап арасы [66]. 
А.Барманбекұлы: 
 Елден қалып барады, 
 Ертеңгі айтқан азаны.  
 Өлмейміз деп ойлаймыз,                                 
 Әр кімнің тұр мазары.  
Алдымызда қазулы,  
Мақшар күннің азабы [50, Б. 8],  
–  деп  жырлаған.  Көріп  отырғанымыздай  ақындардың 
барлығы да бұл өмір жалған, шын өмір о дүниеде деп түсінеді. 
Сондықтан да олар мәңгілік өмірге адал-пәк болып баруды жөн 
санайды. Өздерінің осы ойларын көпшілік бұқараға түсіндіруге 
тырысады. Осы өлеңдерді оқыған адам арғы дүниеде жұмақ пен 
тозақтың  болатындығын,  тозақ  отына  жанбау  үшін  ақ  жолдан 
адаспау керектігін түсінсе керек. Алдағы келер мақшар күнінің 
азабын  жырға  қосу,  Қазақстанның  әр  түкпірінде  өмір  кешкен 
ақындар  Әбубәкір  Кердері  [68,  Б.  144]  мен  Базар  жырау 
Оңдасұлы  [69,  Б.  45]  еңбектерінде  де  кездесуі  –  заңды    құбы-
лыс. Бастауы арыда жатқан бұл дәстүр Қожа Ахмет Йасауи за-
манынан бері жалғасын тауып келе жатқаны мәлім: 
Мәңкүр, Нәңкүр: «Раббың кім?»  деп сұраққа алғай, 
Е, сорлылар, сонда халің нешік болғай? 
Жан мен ділде хақ зікірін айтқан, достар.  
Жаратқанға бойұсынбағандардың халі мүшкіл, 
Мақшар күні Құдайына таппас жауап. 
Жаппар ием қаһарын төксе ойран қылар, 
Дозақ ішінде азап берер, достарым-ә [70, Б. 80]. 
Осы  ақындардың  барлығы  дерлік  атадан  балаға  сан  ға-
сырлар бойы ескірмей келе жатқан наным-сенімдердің жойылып 
кетпеуін  басты  назарда  ұстаған.  Өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың 

82 
 
бабалар  салған  сара  жолдан  ауытқымай  жаман  қылықтардан 
бойларын  аулақ  салуын,  діл,  дін  тазалығының  болуын  тілек 
еткен.    
Асан  поэзиясында  сопылық  танымның  белгілерінің  көп-
теп орын алатынының себебін ақынның дін жолын ұстанып, ес-
кіше  оқудың  қағидаларына  жетіктігінен  іздеу  орынды  болатын 
сияқты. Ол ойымыздың  дұрыстығын М.Мырзахметовтың: «Со-
пылық  танымның  қазақ  даласындағы  ең  соңғы  соғылған  қоңы-
рау  үніндей  А.Барманбекұлының  өлеңдерімен  аяқталады»,  – 
деген пікірімен дәйектейміз [71]. Ол өзіне бағыт-бағдар ретінде 
түркі  халықтарындағы  сопылық  ағымның  ірі  ұстазы  Ахмет 
Йасауи хикметтерін негізге алады. А.Барманбекұлы: 
Мырзалардан сиық кетіп, 
Қыз- келіннен ұят кетіп, 
Жан ашыған сият кетіп, 
Әжеп сұмдық заман болды [50, Б. 72] – десе, Яссауи 
хикметінен: 
Үлкен-кіші адамдардан әдеп кетті, 
Қыз келіншек, нәзік жаннан ұят кетті [70, Б. 114]  
– деген ұқсастықты аңғаруымызға болады.  Бұл турасында 
белгілі ғалым Б.Омаров: «Зар заман поэзиясының негізгі арқауы 
болып  табылатын  өз  төңірегіндегі  құбылыстарға  көңіл  толмау-
шылық, бейберекет әрекеттерді ақырзаманға телу үрдісінің бас-
тау бұлағы сопылық әдебиеттің ірі өкілі Қожа Ахмет Йасауидің 
әйгілі  ақыл  кітабы–«Диуани-хикметтерінде»  жатқаны  сөз  ту-
дырмайды», –  деп атап көрсетеді [7, Б.71-72]. 
Асан  ақынның  Ташкент,  Бұқара  жерлерін  аралап,  ислам 
дінінің  негіздерін  сіңіруі  Йасауи  еңбектерімен  таныс  болған-
дығының  тағы  бір  дәлелі.  Ғалым  С.Дәуітұлы  өзінің  «Диуани 
хикмет» және қазақ поэзиясы» деген   еңбегінде ақын шығарма-
шылығындағы   дін  туралы  айтылған  ойлардың  Йасауи  хикмет-
теріне  ұқсастығы  мен  үндестігін  тани  отырып,  соның  жолын 
жалғастырушы  ретінде  көрсетеді  [72].  Ахмет  Йасауидің  өмір-
шең  хикметтері  түркі  әдебиетін  негіз  еткен  қазақ  әдебиетінде 
дәстүр жалғастығын XIX ғасыр ақындарының шығармаларында 
тапты.               

83 
 
А.Барманбекұлы  өткен  заманның  артықшылықтарын  тер-
мелеп  келіп,  содан  соң  патша  билеген  заманның  халық  басына 
келтірген  залалдарына,  алмағайып  заман  тудырған  келеңсіздік-
терге  тоқталады,  оларды  термелеп  жырға  қосады.  Одан  шығар 
жол қайсы дегенде жол тек бір Алладан тілеу, Аллаға сиыну, ақ 
сөйлеу,  таза  жүру  дегенге  келіп  саяды.  Адамның  сөзге  еруі  де 
заманның  бұзылуы  да  адамның  пейілі  бұзылғандықтан  болып 
шығады.  XIX  ғасырдағы  ақындар  шығармашылығындағы  өзге-
шеліктерге  М.Әуезов:  «Бұл  ғасырда  қазақ  ақындары  екі  алуан 
болған.  Біреуі:  есі кірген  ойлы  ақындар  нағыз  зар  заманның  өз 
ақындары,  екіншісі:  елдің  қызық-сауығын  салт  қылған  айтыс 
ақындары», – деп тоқталады [2, Б. 19]. Демек, А.Барманбекұлын 
«зар  заман»    ақындары  ішіндегі  «есі  кірген  ойлы  ақындар»  қа-
тарына жатқызуға болады. Себебі, ақын өлеңді жас кезінен серік 
қылмаған.  Заманның  түрін  көріп,  елдің  кері  кетіп  бара  жатқан 
жолына  көңілі  толмағандықтан,  қайғы  мен  шері  ішіне  сыйма-
ғандықтан  есейген  кезінде  қолға  алғандығын  өлеңдерінде  ес-
кертіп  өтеді.  Сондықтан  Асан  ақын  өлең  жазумен  жасы  ұл-
ғайыңқыраған шағында айналысқан.  
«Доңыз  жылы  мизамда,  Асан  қалам  сайлаған»,  «Көп 
ісінде жарылқа”  деген және  «Мың  тоғыз  жүз  он бесте.  Жаздан 
қоян  жылымыз. Төртінші  числа  февраль. Тамам  еткен  күніміз» 
деп  басталатын  өлеңдерінде  көрінетініндей  оның  өлең  жазып 
қалдыруының  да  ең  бірінші  себебі  заманның  түріне  шыдай  ал-
мағандықтан, «іштегі дертін» шығарып кетудің бірден-бір жолы 
деп осы жолды таңдағанынан көруге болады. Көрнекті әдебиет 
зерттеушісі Е.Ысмайылов: «Ақындық таланттың оянып жарыққа 
шығуына адамның бар өмірінде ұмытылмай есте қалатын ересен 
оқиға  себеп  болуы  ықтимал.  Өлім,  апат,  ыза,  намыс    немесе 
тамаша ересен қуаныш, шаттық оқиғалар, қол жетпес махаббат-
тың үміті талант иесінің басынан көшетін болса, сөз жоқ, оның 
ашынған  немесе  өте  шаттанған  жанын,  сезімін  қозғайды,  ол 
барлық  жан  дүниесін  сапырылыстырған  ерекше  оқиға  туралы 
өзінің сезімін өлең-жырмен сыртқа шығаруға тырысады», – деп 
пайымдаған[73,Б.79].Осы ретте ақын  А.Барманбекұлының «жан 
дүниесін  сапырылыстырған»  мәселенің  өзі  –  ел  басына  түскен 

84 
 
ауыртпалық,  одан  әрі  төзуге  болмайтын,  жанын  азапқа  салған, 
өзі  көріп  куә  болған  келеңсіз  оқиғалар  тізбегінің  тізіліп,  буыр-
қанып  шыққан  тобы,  өлеңдерінде  көрсеткеніндей  «заманның 
халі» көрінеді.  Көре тұра шыдай алмаған ел басына түскен мә-
селелерді  көзі  тірісінде  көрсетіп  кетуді  өзімнің  міндетім,  аза-
маттық борышым  деп санаған ақынның мақсаты негізгі идеясы 
– халыққа рухани көмек беру.   
Ел арасына шығып іздестірудің нәтижесінде бұрын-соңды 
жарияланбаған  бірқатар  өлеңдерін  қолымызға  түсірдік.  Осы 
өлеңдердің бірсыпырасы: 
Көзім көріп тұрған соң қиса қылдым
Азамат айыптама болса мінім. 
Доңыз жылы мизамда жазып едім, 
Алғаш мұны қисаға жазған жылым. 
Немесе: 
Заманның қалын көріп жазып едім 
Қиса жазған жоқ едім бұдан бұрын [41], 
–  деп  басталады.  Ақынның  өз  шығармаларын  қисса  деп 
атауының  басты  себебі  –  батырлық  жырлар  мен  қиссалардың 
сол тұста ел арасында көптеп таралуы. Ал, ол кездегі  қиссалар 
жөнінде  А.Қыраубаева:  «ХІХ-ХХ  ғасыр  басында  жазылған 
қиссалардың негізгі ерекшелігі – шығыста бұрыннан белгілі сю-
жетке  құрылды»,  –  дейді  [74,  Б.134].    Мұны  М.Әуезовтің  «нә-
зирашылдық»  әдіс  деп  жүргенін  ескеретін  болсақ,  аталған  ке-
зеңде  қиссалардың  ел  ішінде  көптеп  тарағанын  білуге  болады. 
Авторлық  шығармалардан  гөрі  ауыз  әдебиеті  мұралары  ауыз-
дан-ауызға  көптеп  тарайтын  болған.  Ол  кезде  халық  арасында 
сюжетті  қиссалардың  көптеп  тарағанын  ескеретін  болсақ,  Асан 
ақын  өз  өлеңдерін  қиса  деп  атауды  жөн  санаған  тәрізді.  Бірақ 
қиссаларға  негізінен  сюжетті  оқиғалар  арқау  болатыны  белгілі. 
Сондықтан  ақынның  қаламынан  туған  жыр  жолдары  түрі 
жағынан қисса деп атауға келмейтінін жадымызда ұстағанымыз 
жөн.  Асан  сөзіне  қарағанда  өзінің  «қиссаларын»  доңыз  жылы  
бастап (1911 жыл),  қоян жылы, яғни 1915 жылы аяқтаған болып 
шығады. Оның соңғы шығармалары қоян жылы жазылғандығын 
І.Жансүгіров: “…Асанның өз айтуына қарап, бір бөлегін доңыз 

85 
 
жылы (1911 жыл), бір бөлегін қоян жылы (1915 жылы) жазған-
дығын  анықтаймыз”,  –  деп  нақтылаған  еді  [39,  Б.  356].    Ақын 
кейбір  шығармаларының  жазылған  уақытын  да  көрсетіп  оты-
рады.  Әдеби  мұраларын  іздестіру  барысында  ақынның  кейбір  
өлеңдерінің соңында  «Тамам.  Жұма.  1912  жыл  20  июльде жаз-
дым. Ұруым Алжан Молда Асан Парманбекұлы», – деп жазыл-
ғанына да куә болдық [41].  
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институтының 
Қолжазба қорында сақталған бір қолжазбада мынадай мағлұмат 
кездеседі: «1916 жылы қазақ-қырғыз көтерілерден бұрын, 1915-
ші жылы Жетісудың Жәркент уезіндегі Ұлы жүздің Албан руы-
нан  Асан  деген  өлеңші  кісі  сол  күндегі  заман  түрін,  ел  жайын 
өлең  қылған»  [67,  Б.  77].  Осы  қолжазбада  әлі  баспа  бетін  көр-
меген өлеңдері  де кездеседі. Біздің қолымызға түскен деректер 
бойынша әуелгіде А.Барманбекұлы өлеңдерін «Жеті қисса» деп 
берген.  Оның  шәкірттерінің  бірі  Қ.Сауранбаев  М.Ғұмароваға 
жазған  хатында  былай  дейді:  «Қазір  қолымда  1916  жылдан 
бұрын  сол  заманның  жырын  жырлаған  Асан  молда  дегеннің 
«Жеті  қиса»  деген  жырының  «бір  қисасы»  арабша  жазылғаны 
бар»  [67].  Осы  деректі  Т.Әлібеков  зерттеулері  де  растайды: 
«А.Барманбекұлының «Жеті қисса» аталған қиссалар топтамасы 
XX  ғасырдың  бас  кезінде  қазақ,  қырғыз  арасында  кеңінен  та-
ралған.  Олар  «Бірінші  сөз,  екінші,  …  болып,  «Жетінші  сөзге» 
ретімен топтасқан жеке қиссалар» [43, Б. 146]. Жоғарыда жазыл-
ғандардан  ақынның  өзі  де,  оның  мұрасын  зерттеушілердің  бір-
қатары  да  А.Барманбекұлы  туындыларының  жанрлық  атауы 
ретінде  «қисса»  деген  сөзді қолданғанын  аңғарамыз.  Дегенмен, 
қисса  жанры  жөніндегі  арнайы  зерттеулер  қорытындысы  бұл 
ұстанымды қуаттай бермейді. Осы
 жанр жөнінде А.Квятковский: 
«Қисса-шым-шытырық  оқиғаға  құрылған  ғашықтық,  тарихи 
қаһармандық сипаттағы әңгіме, аңыз түрінде келетін жазба әде-
биеттің  және  фольклордың  жанры»  [75],  –  десе,  қазақ  фольк-
лорындағы қисса жанрын  зерттеуші  Б.Әзібаева  «қисса»  туралы 
мынадай  тұжырым  ұсынады:  «Хикаят»,  «қисса»  –  слова  араб-
ские по происхождению, прочно вошедшие во многие восточное 
языки.  Буквальное  их  значение  «рассказ»,  «повествование», 

86 
 
«сказка», «история», «факт», причем прозаическое по форме», – 
деген  тұжырым  жасайды  [76,  С.25].  Көріп  отырғанымыздай 
қиссада шым-шытырық оқиғаға құрылған әңгіме, ертегі, тарихи 
оқиғалар  жырланатын  болса,  ақын  өлеңдерінде  де  өзі  өмір 
сүрген  заман  шындығы  арқау  болған.  Асан  ақынның  өз  топ-
тамасын  «Жеті  қисса»  деп  атауының  да  өзіндік  себептері  бар. 
Себебі  онда  біріншіден,  өмір  шындығы  көрінсе,  екіншіден  сол 
тұстағы  тарихи  оқиғалар  нақты  деректермен  көрсетіледі.  Ақын 
өлеңдерінде  сол  оқиғалардың  қай  жылы  болғандығын  нақты 
көрсетіп  отырады.  Осылардың  бәрі  жинақтала  келіп,  ақын шы-
ғармаларын қисса деп атауға мүмкіндік бергенмен оларда шым-
шытырық оқиға жүйесі жоқ. Сондықтан ақын шығармалары кең 
құлашты  оқиғаларды  арқау  етпегендіктен  оны  қисса  деп  атау-
дың  қисыны  жоқ.  Өмір  шындығын  бейнелеу  жөніндегі:  «Қазақ 
әдебиетінде  қолданылып  жүрген  осы  «толғау»  деген  сөздің  өзі 
сол  шығарманың  лирикалығын,  өмір  шындығын  алып,  өзінің 
субъективтік  сезімімен  көрсеткенін  білдіреді  (Толғау,  толғану, 
ойлану – бәрі де сезімді білдіретін синоним сөздер ғой)», [77, Б. 
83-84],  –  деген  М.Базарбаевтың  пікіріне    сүйенетін  болсақ, 
А.Барманбекұлы  Жетісу  өңіріндегі  патша  өкіметінің  бұратана 
халық  деп  қазаққа  тізе  батыруын  нақты  да  шынайы  бейнелей 
білді.  Оның өмір шындығын көркем  шындыққа айналдыра біл-
ген шығармаларында өмір туралы толғану, ойлану басым. Сон-
дықтан оларды толғау деп қабылдауға әбден болады. Осы ойы-
мызды ақынның мына өлең жолдары аша түсері даусыз: 
Қараңыздар, азамат, 
Бұл күнде заман бұзылған. 
Байтақ жатқан кең қоныс, 
Қазынаға сызылған. 
Малыңды ұстап ақша алды,  
Жылқы жатқан сазыңнан. 
Тамам түгел айрылдық, 
Көгалды көл қазыңнан. 
Ұзын жатқан қос сызық
Ор болды саған қазылған. 
Күннен-күнге қарасаң, 

87 
 
Тарылып заман азылған. 
Азаматты көпсініп, 
Мазаң кетті азыңнан. 
Әркім құлап жығылды, 
Жылымға кетіп жазымнан. 
Бұл күн енді айрылдың, 
Ойын-күлкі назыңнан [67, 78 б.].  
Көріп  отырғанымыздай  ақын  өзі  өмір  сүрген  тұстағы 
замана сазын шертеді. Бұл жолдардан жан-жағында болып жат-
қан өзгерістерге деген ақынның сезім күйлері мен мұндалайды. 
Ол  төңірегінде  болып  жатқан  оқиғаларға  бей-жай  қарамайды, 
бәрі  де  алаңдатады.  Сондықтан  да  ақынның  негізгі  ұстанымы 
халықтың, көптің арман-тілектерімен тұтасып бірігіп кеткен. 
А.Барманбекұлы  өлеңдері  XIX  ғасыр  әдебиетінің,  мәде-
ниетінің дамуынан мол мағлұматтар береді, ақын шығармалары 
және  сол  кездегі  қоғам  өмірін,  сол  тарихи    кезеңнің    ащы 
шындығын  бүркемелемей  көрсетіп  бергендігімен  құнды.  Ақын 
өлеңдерінің  халықты  рухани  тазалыққа, елін  сүюге  шақыратын 
ғибраты,  өнегесі  мол.  Асан  молда  өлеңдерінің  мазмұнында  да 
түрінде де Шортанбай үлгісі байқалады. Шортанбай мен Албан 
Асан  поэзиясының  бір  арнадан  алып  қарастыруға  боларлық 
ортақ өрнектер жеткілікті. Шортанбай мен Асан арасындағы бұл 
құбылысты дәстүр жалғастығы деп түсіну аз, мұндай ортақ ой – 
екі  таланттың  рухани  жақындықтарын  аңғартатыны  даусыз. 
А.Барманбекұлының  еңбектерін  жинақтап  ең  алғаш  рет  баспа 
бетінде  жариялаған  І.Жансүгіров  «Зар  заманның  әдебиетінің 
басы да Асан болса аяғы да Асан болып біткендей. Сондықтан 
бұл албан Асанды біз арғы Асаннан бағыт алған, Шортанбайдан 
үлгі  көрген,  зар  заман  ақынының  соңғысы  екінші  Асан  Қайғы 
дейміз», –  деп көрсетуі осының айғағы [42, Б. 355].          
Ақынды да, ақындық  өнерді де  қоғамдық  өмір  қалыптас-
тыратынын  ескерсек,  оны  өз  кезеңінде  болып  отырған  құбы-
лыстар мен сол ортаның мүдделерімен бірлікте сөз еткен орын-
ды.  Осы  тұрғыдан  алып  қарағанда  Ш.Қанайұлы  мен                           
А. Барманбекұлы шығармаларындағы ортақ үндестік:  тарихтың 
қат-қабат  оқиғаларын,  қым-қиғаш  теперіштерін  еске  түсіретін-

88 
 
дігінен,  Ресей  патшалығының  отаршылдық  ылаңы,  елдің  өз 
дәстүр-салтынан  айырған  патша  тәртібінің  орныға  бастауына 
деген наразылықтан байқалады.   
Әдебиеттегі тарихилық жөніндегі Ш.Елеукеновтің: «Тари-
хилық  принцип  –  көркем  әдіс  құралы.  Бұл  құрал  көмегімен 
өткен  мен  бүгінгі  «шығарма  жазылған  кездегі  уақыт»,  бүгінгі 
мен  болашақ  арасына  көрінбейтін  көпір  төселеді.  Бүгінгінің 
жүрегіне  түскен  сызатқа  өткен  күннен  дәру  ізделеді»,  –  деген 
[78,  Б.  82]  пікірінен    қазақ  халқының  тарихы  әр  дәуірде  жа-
зылған көркем шығармаларда көрініс тауып отырғанын байқау-
ға  болады.  Себебі  қазақ  ақын-жазушылары  ел  басына  төнген 
барлық  қайғы-қасірет  қазақ  даласының  орыс  патшалығына  ба-
ғынуынан  болып  отыр  деп  түсінді.  Қазақ  халқының  найзаның 
ұшымен,  білектің  күшімен  келген  жерін  тарылтып,  намысын 
жасытып  ашындырған  жағдайлар,  нулы-сулы  жерге  орыс  шар-
уаларының жаппай қоныстануынан болып отырған індет екенін 
баса  көрсетеді.  Осындай  жайттар  жөнінде  А.Барманбекұлы 
өлеңдерінде  былай  дейді:  «Албан,  бұғы  қонысы.  Пайдаланған 
жерді алды. Жазықтан тегіс айрылдың. Қысылмаған нең қалды», 
«Ойлап тұрсам біздің жұрт. Ата заңнан адасты. Ойлағаны арам-
дық. Бір тиынға таласты». Негізінен мал шаруашылығымен ай-
налысқан  қазақ  халқы  үшін  жайылымды  жерлерден  айырылу 
өмірдің бітуі, заманның ақыры тәрізді көрінді. Отты да шұрайлы 
жер мен жайылымдарынан айырылу мал өсімінің азаюына алып 
келді. Малдан басқа кәсібі жоқ халықтың осылайша әлеуметтік 
тұрмысы  нашарлап,  кедейлене  бастады.  Осындай  тығырыққа 
тірелген  елдің  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрінен  айырыла  бастауы, 
ғасырлар бойы жазылмаса да ел ішіне сіңісіп кеткен ата заңның 
бұзылуы ақынды ғана емес, сол тұстағы исі қазақты алаңдатқан 
өзекті мәселелер еді. Ұлттық белгілерімізден айырылу ұлттығы-
мыздан  айырылуға  алып  келері  даусыз  еді.  Сондықтан  да  осы 
заманды  А.Барманбекұлы  «ақыр  заман»,  «тар  заман»,  «арамза 
заман»  деп,  Ш.Қанайұлы  «зар  заман»  деп  атаған  еді.  Өмірге 
көңілі толмаған ақын заман туралы былай деп зарлады:  
Жер жүзіне шөп өнбей, 
Тақыр заман болды енді. 

89 
 
Қолда қылар қайрат жоқ,  
Қатын заман болды енді.  
Мұның бәрін ойласам, 
Ой түбіне бойласам, 
Ақыр заман болды енді [50, Б. 77]. 
Зар  заманның  бет-бейнесін  көрсетіп  беруде  Нарманбет 
өлеңдерінің де мәні зор. Елі, мекені басқа болғанмен заман әкел-
ген  ымырасыздық  пен  патша  салған  ауыртпашылық,  жер  мәсе-
лесі,  би,  болыстар  тарапынан  болған  үстемшілдік  айна  қатесі 
жоқ  А.Барманбекұлы  дүниеге  келген    өңірді  елестететін  еді. 
Ресейдің  арандай  ашылған  аузына  түсіп  бара  жатқан  ел  тағды-
рын  «Аждаһаның  аузында»  деген  өлеңінде  Н.Орманбетов  бы-
лайша бере отырып: 
Айрылып қалдық қоныстан, 
Әділеттік азайды, 
Би, старшин, болыстан – [79, Б. 118] 
 –  деп  ызалы  өкініш  білдіреді.  Нарманбет  бұл  заманды 
«Керзаман» деп атайды. Осы аттас өлеңінде «приставтың» аңқау 
елге  көрсеткен  жауыздық  істерін  көрсету  арқылы  заман  түрін 
береді.  Сары-арқа  атты  өлеңінде  туған  жердің  жат  қолының 
қанауы  мен  талауына  түскен  аянышты  халін  Нарманбет  ақын 
былайша жырлап еді:   
Сары арқа сайран жерім-ай, 
Салқын да самал белім-ай! 
Сандықтай тауың тізілген, 
Өлкелі өзен, көлім-ай! 
Сансыз қара айдаған, 
Салқында бие байлаған. 
Сары қымызды сапырып, 
Шілдеде мас боп ақырып, 
Кемпір де шалдар ойнаған. 
Сары арқаны өрт алды, 
Мезгілінен ерте алды [80, Б. 278], 
Ақынның  өлеңінен  сол  тұстағы  Сарыарқаның  мүшкіл 
халін  көруге  негіз  бар.  Осы  өлең  жолдарындағы  «жерім-ай», 
«белім-ай»,  «көлім-ай»  деген  сөздерден  ақынның  көкірегін 

90 
 
кернеген  ащы  запыранды  сеземіз.  Көбінде  мұндай  аһ  ұрған 
зарлау  үлгісі  жоқтау  жанрында  кездесетін  болса,  ақынның  өз 
елін  зарлай  жоқтағанын  байқаймыз.  ХХ  ғасыр  басындағы  әде-
биетті  жете  зерттеген  Б.Кенжебаевтың:  «Қай  ақын-жазушының 
болсын ұлты, қай халықтың ақын жазушысы екені туған жеріне, 
ата-анасының  ұлтына  қарай  анықталады:  ол  шығармалары  қай 
халық  тілінде  жазса,  қай  халық  тұрмысынан  алып  жазса,  сол 
халықтың ақын жазушысы болады» [81, Б. 32], – деген пікіріне 
сүйенетін  болсақ,  қазақ  ақындарының  бәрі  де  өз  тұрмысын 
жырға  қосты.    Қазақ  халқының  басына  туған  отарлау  саясаты 
Сарыарқада осылай іске асып жатса, Жетісу өңірінде қалай іске 
асып жатқандығын Асан ақын былайша жырға қосып еді: 
Қыстау болса жайлау жоқ. 
Жүрген жері тарылды. 
Өрден, қырдан тұқырып 
Қанаттары қайрылды. 
Қысылған соң қайран ел, 
Барды жоқты қайырды, 
Нашардың күні мұң болып, 
Құдайға жылап зар қылды [56, Б. 79].  
Көріп  отырғанымыздай  ақынның  да  айтып  отырғаны  – 
қайран  қазақ  елінің  өз  жерінен  айрылуы.  «Қанатынан  қайрыл-
ған» елдің мүшкіл хәлін ақын қанатынан айрылған құстың дәр-
менсіз  күнімен  еске  түсіреді.  Тұрмысы  нашар  жандардың  жағ-
дайының нашарлауының да түп төркіні жерден айырылуға алып 
келеді.  Міне,  осы  мысалдардан  қазақ  ақындарының  қазақ  елі 
мен  жеріне  жүргізілген  отаршылдық  зардаптарын  ашына  оты-
рып  зарлағандығы  көрінеді.  Көпке  қаратыла  айтылған  мұндай 
өлең  жолдары  қазақ  әдебиетіндегі  зарлай  арнаудың  қатарын 
толықтыра  түсті.  Өз  заманының  зарын  жырға  қосқаны  үшін  де 
олар  зар  заман  ақындары  болып  танылды.  Ол  жөнінде 
І.Жансүгіров:  «Зар  заман  ақынының  соңғысы,  «екінші  Асан 
Қайғы» дейміз», – десе [42, Б. 355], зар заман поэзиясын арнайы 
зерттеуші  Б.Омарұлы:  «Мұның  соңғы  сарындары  Албан  Асан 
мен  Нарманбеттің  өлең  толғауларында  анық  байқалады»,  – 
деген болатын [82, Б. 66]. Көріп отырғанымыздай кеңестік дәуір 

91 
 
мен  тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  жазылған  зерттеулер-
дің бәрі де бір арнаға келіп құяды. Сондықтан да А.Барманбекұлын
 
зар заман ақындарының соңғы өкілі деп айта аламыз.             
Осыдан 
ұғатынымыз 
Шортанбайдың, 
Асанның, 
Нарманбеттің  де  жанын  жегідей  жеген  өз  қара  басының  қамы 
емес,  қалың  қазақ  халқының  ащы  зары  мен  толассыз  мұңы. 
Сонымен қатар ақындар ата салттың бұзылуынан болып жатқан 
бассыздықтарды да жеткізе жырға қосты. Асан ақын «тәрбиесіз 
бала,  кердең  келін,  бағасы  кеткен  жігіттердің»  пайда  бола  бас-
тауын былай деп көрсетті:  
Доңызша қарар әкеге 
 Ұлдың өзі туғандай. 
Бар малына өзі ие 
Басқаны үйден қуғандай. 
Баланың қылған ісіне 
Жүрегің мұздап суығандай. 
Бауырың тастай қатқан соң 
Не бет бар оған жуығандай  
Немесе: 
Кердең, кердең басады  
Келіннің өзі келгендей 
Байларда қайыр қалды ма 
Артына кедей ергендей [50, Б. 84-85]. 
Міне, осындай жайттардың бәрі ақын жанын жегідей жеп 
маза бермейді. Осындай келеңсіз көріністерді өткір сынай отыр-
ғанмен,  Ш.Қанайұлы  мен  А.Барманбекұлының  өлеңдерінен  ай-
қын  көрінетіні  –  олардың  алдағы  өмірден  күдер  үзе,  бұрынғы 
артта  қалған  заманды,  өткенді  көксеу  көп  орын  алады.  Бұндай 
келеңсіздіктерден  қалай  құтылуға  болады,  заманды  қайтсе 
түзетуге болады деген сұрақтарға  тап сол заманда жауап беруге 
Ш.Қанайұлының да А.Барманбекұлының да саяси өресі жетпеді. 
Олар тек Алладан көмек сұраудан басқа жол таба алмай қамық-
ты. Себебі қазақ халқында жазылмаған заңдар бар. Олар: үлкен-
ге құрмет, кішіге ізет, үлкеннің алдын кеспеу, ата тұрып ұл сөй-
лемеу, ата заңды құрметтеу, әке-шешені сыйлау, т.б. Ел ішіндегі 
осындай  ымырашылдықты  көріп  өскен  ақындар,  қазақ  ішіне 

92 
 
басқа  ұлт  өкілдерінің  араласуымен  бірге  қазақ  халқы  бұзылып 
бара  жатыр  деп  түсінді.  Себебі,  бұрын  қазақта  боза  ішкенмен, 
арақ  сынды  харам  сусын  болған  емес.  Міне,  осындай  исламға 
жат  дүниелердің  мұсылман  еліне  дендеп  кіруі  көзі  қарақты 
ақындарды  алаңдатып қана  қойған жоқ,  олар  содан  шығар жол 
іздеді.  ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің  негізгі  мәселе-
лерінің  біріне  айналған    адамгершілік  туралы  А.Ісмақова: 
«Имена Шакарима Кудайбердиева, Мирякуба Дулатова, Ахмета  
Байтурсынова,  Жусупбека  Аймауытова  и  Магжана  Жумабаева 
дают уроки высокой человеческой морали, что так необходимо 
в  наше  время»,  –  деген  болатын  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет