Қазақстан республикасы білім және ғылым


Әбубәкір шығармаларының жариялануы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,17 Mb.
#1644
1   2   3   4   5   6   7   8

 
Әбубәкір шығармаларының жариялануы   
«Он  ғасыр  жырлайды»  атты  ұжымдық  жинақта 
Әбубәкірдің көптеген өлеңдері топтастырылған. Атап айтқанда: 
«Заманның  опасыз  халіне  айтқаны»,  «Жарандар  кеңес  жа-
зайын»,  «Екі  жақсы  бас  қосса»,  «Құлақ  салсаң  әлеумет»,  «Дос 
болмас  сыртта  жүріп  мақтамаса»,  «Атқа  мінген  азамат»,  «Құр 
молдалықтан  не  пайда»,  «Азырақ  кеңес  жазайын»,  «Халыққа 
насихат  етіп  жазған  үшінші  сөзі»,  «Ауырып  жатқанда  айтқан 
екінші сөзі, «Мұсылманның баласы», «Білмеймін деген бір жан 
жоқ»,  «Надан  сопылар  хақында»,  «»Насихат  толғауы»,  «Зор 
сүйініш айтайын»,  «Жолдас көріп біз жүрміз»,  «Дүнияда айтпа 
өсекті», «Ғажайып сөздер айтайын», «Инабатты және инабатсыз 
адамдарға  айтқаны»,  «Ноғай  халқына  насихат  етіп  айтқаны», 
«Ия,  Аллаһ  сыйынамын  бір  өзіңе»,  «Бір  насыбай  атқан  адамға 
айтқаны» атты өлеңдері (Алматы, 2006). 

53 
 
М.Мағауин,  М.Байділдаевтың  құрастыруымен  шыққан 
«Ай,  заман-ай,  заман-ай»  (Бес  ғасыр  жырлайды)    М.Әуезов 
атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты.  (Алматы,  1991)  кіта-
бында бірқатар шығармалары жарық көріп, оқырмандарына жол 
тартты.  
Орталық  ғылыми  кітапханасында  бірқатар  өлеңдері 
«Әбубәкір Кердері өлеңдері» деген атпен сақтаулы. 411 папка.
 
 Әбубәкір шығармашылығының ғылыми зерттелуі 
С.Бермағамбетов.  «Діни-ағартушылық  және  Кердері 
Әбубәкірдің әдеби мұрасы» фил. ғыл. канд. ...диссертациясында 
Әбубәкір 
мұрасын жан-жақты зерттеп зерделеді. (Алматы,  2004)  
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
 1. Әбубәкір Кердерінің өмірбаяны мен шығармашылығы. 
 2. Әбубәкір Кердері шығармаларындағы кереғар пікірге 
тоқталыңыз. 
 3. Әбубәкір Кердерінің толғаулары. 
 4. «
Заманның опасыз
 халіне айтқаны» атты  өлеңінің идея-
лық-көркемдік ерекшеліктері. 
 
Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918)
 
 
Нарманбет ақын 1860 жылы сол кездегі Қарқаралы уезін-
де,  қазіргі  Қостанай  облысының  Ақтоғай  ауданынында  
Нарманбет  ауылында  дүниеге  келген.  1918  жылы  Қарқаралы 
қаласында  соттың  төрағасы  болып  жүргенде  қайтыс  болады. 
Абаймен аталас туыстығы бар ол жас кезінен бастап өзін оның 
шәкірті  деп  санаған.  Нарманбеттің  аталары  биліктен  де 
шешендіктен де құр алақан емес-ті. Сол себепті де тегіне тартып 
туған  ол  өте  зерделі  бала  болып  өсті.  Нарманбеттің  қабілетін 
байқаған  әкесі  молдаға  беріп,  сауатын  ашқызады.  14  жасында 
Қарқаралыға  барып  ноғай  көпесінің  үйінде  жатып,  орысша  екі 
кластық  білім  алады.  Алғашқы  өлеңдері  де  сол  кезде  шыға-
рылған.  Кеңестік  идеологияның  қылышынан  қан  тамып  тұрған 
кезінде Нарманбет те «зар заманның» ақыны ретінде көрсетіліп, 
шығармалары айтуға да, жариялауға да жатпады. Оған себеп те 

54 
 
жоқ  емес,  Нарманбет  мұрасының  ұстанған  басты  бағыты  сол 
кездегі  қоғам  мен  заманның  ащы  шындығы.  Өзі  көріп  тұрған 
патша тарапынан болған сорақылық, елінің бодандығы, пұшай-
ман  түрі.  Елін  сүйгендігі,  жаны  ашығандығы  үшін  де  адамды 
жазалауға  бола  ма,  әрине  жоқ,  бірақ  ол  кездегі  саясаттың  ойы 
басқа.  Бұл  тақырыптағы  Нарманбеттің:  «Заман»,  «Аждаһаның 
аузында», «Кер заман», «Сарыарқа, сайран жерім-ай», «Бұл күн-
де  байлар  ғаяр,  билер  мекер»,  «Сарыарқа»,  «Шал  қайғысы», 
«Сахараға қарасақ», «Қазақ ұлы біз тұрмыз», «Жасқаншақ бас» 
сияқты өлеңдері отарлау саясатына  қарсы бағытталды. Жолын-
дағыны  жалмап  жұтатын  аждаһа,  жалмауыз  кім  дегенде 
Нарманбетше  ол  патша  өкіметі  болып  шығады.  Оған  мысал 
Нарманбеттің «Аждаһаның аузында» өлеңі. Үзінді келтірсек: 
Аждаһаның аузында, 
Айрылып қалдық қоныстан. 
Бекіліп мизам шықпай тұр, 
Әлі бізге орыстан. 
Қазақтың жолы тарайып, 
Нәпсілері қарайып – 
Әділеттік азайды, 
Би, старшын, болыстан. 
Араб, парсы, орыс тілдерін жетік біліп, әдебиетімен таныс 
болған. 12 – 13 жасынан өлең шығара бастаған. Ел басқару ісіне 
жастайынан  араласқан  ол  1917  –  1918  жылдар  аралығында 
Қарқаралы  қаласында  уездік  сот  қызметінде  болды.  Нарманбет 
1918  жылы  Қарқаралыда  совдептің  уездік  судьясы  болып 
қызмет  істеп  жүргенде,  ауырып  қайтыс  болған.  Нарманбет 
Орманбетұлы  өлеңдерінің  негізгі  тақырыбы  –  оқу-білім,  адам-
гершілік,  өмір  туралы,  ел  тәуелсіздігі.  Ол  өмір  құбылыстарын 
саралай  келе,  шындықты  көркем  бейнелеуге,  оны  философия-
лық ой-тұжырымдармен түйіндеуге ұмтылған “Қасірет деген бір 
тау бар”, “Балалық күй”, “Шал қайғысы”өлеңдерін жазады. 
Нарманбет  Орманбетұлы  отаршылдыққа  қарсы  “Оян, 
қазақ!”  деп  ұран  тастап,  1905  жылғы  дума  сайлауында  “Талап 
етер  күн  туды,  кел  ұйқыдан  тұрайық”  “Сахараға  қарасақ”  деп 
сөз  бастаған.  Ол  орыс  отаршылдығын,  ел  басындағы  қасіретті, 

55 
 
азаттыққа  қол  жеткізуді  жырлаған  “Аждаһаның  аузында”, 
“Ұран” деген өлеңдерін жазды. Патшаның тақтан құлауын қуана 
қарсы  алып,  “Тілекті  берген  күн”  атты  өлеңін  шығарса,  оның 
“Айшаға”, “Жамалға”, “Дауысың қалай асыл” атты өлеңдері ма-
хаббат,  жастық  тақырыбына  арналған.  Нарманбеттің  ұстанған 
жолы –Абай дәстүрі болатын. Абай үлгісінде көптеген өлеңдер, 
нақыл өлеңдер, нақыл сөздер жазып шығарған. Ақын шығарма-
ларының таңдаулы үлгілері 1939 жылы жеке жинақ болып және 
1939-1944 жылдардағы хрестоматияларда жарық көрді. 
Қоғамдық өмірге белсене араласқан Нарманбет Ресей им-
периясының  отаршылдық  саясатына  қарсы  халықтық  үн  көте-
рілген  1905 жылғы  Қоянды  жәрмеңкесіндегі  атақты  Қарқаралы 
петициясына  қатысушылардың  бірі  болды.  Нарманбеттің  қазақ 
халқының  әлеуметтік  өміріндегі  аталған  саяси  маңызы  зор  іс-
шараға  қатысқаны  жөнінде  Қазақ  Ғылым  академиясы  сирек 
кітаптар мен және қолжазбалар бөлімінде мынадай құнды дерек 
бар. Осы кезде қазақ даласында қызу түрде ұлт қозғалысы бас-
талды.  Ұлтшыл  оқығандардың  басы  қосылып,  Қарқаралы  уе-
зінде  бұл  қозғалыс  айқын  және  кең  орын  алды.  Сол  жылы 
Қоянды  жәрмеңкесінде  ұлтшылдардың  мың  адам  қол  қойған 
талап-тілектеріне  қызу  араласты.  Ол  (Нарманбет)  соған  арнап 
бірнеше өлең жазды. «Мектеп бастығына» деген өлеңінде ақын 
А.Байтұрсынұлының  алдына  ұлтшылдық  пікірін  жайып  салды. 
Қарқаралы  қозғалысының  ұйытқысы  болған  Ахмет,  Жақыптар 
жер аударылғанда шығарған өлеңі «Қазақты жүруші еді қойдай 
бағып».  Сонымен  қатар  Жақып  Ақпайұлы  екеуі  «Алаш 
Орданың»  сайлауын  өткізуге  бара  жатып,  бір  үйде  шығарған 
өлеңі «Құрылтайға бара алмай құр қалмайық» деген және 1905 
жылы «Жақыпқа» атты өлеңдері бар. Мұрағат құжатында кешегі 
таптық  таным,  идеологиялық  көзқарас  жатқанымен  Алаш 
арыстары  өмірінен  құнды  деректер  табамыз.  Мәселен,  ақын 
1905 жылы жазылған «Жақыпқа» деген өлеңінде: «Жатпадық су 
түбінде  сәден  болып,  Шықпадық  бір  күндерде  дария  толып. 
Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай, Сықылды болдық қарға 
ұшып-қонып. Біз болдық өнерімізді тауысқандай, Мерт болдық 
айға  шауып  арыстандай.  Байғазыдай  тауда  жатып,  тас 

56 
 
жастанбай,  Шықылдап  көзге  түстік  сауысқандай»  деп  соғыс 
алаңында жаумен арпалысып өлгеніміз жөн еді дегендей өкініш 
білдіреді.  «Қазақты  жүруші  едің  қойдай  бағып»  өлеңінде 
Қарқаралы  петициясының  маңызын,  осы  іске  ұйытқы  болған 
Алаш азаматтарының елдік жолындағы қызметін: 
Жазылды жәрмеңкеде патшаға дат
Мұнан соң мәшһүр болды бұл ғазағат. 
Тоқтамға жұрт қатарлы елді сұрап, 
Жанақтан болсын деген келді рұқсат. 
Қазақты жүруші едің қойдай бағып, 
«Қабаған» сәттерінде қоңырау тағып, 
Халықты аяй тұғын асыл заттар. 
Бір-екі тұйғын ұшты қанат қағып. 
Ұшқан жоқ ол тұйғындар қызыл үшін, 
Соқты ғой дін мұсылман қызығы үшін, – 
деп  бағалаған  ақын  дүниетанымына,  шығармашылығына 
1905 жылғы бірінші орыс төңкерісі де айрықша ықпал етеді. Ол 
оның  саяси-әлеуметтік  поэзиясына  жаңа  үн, жаңа  сарын  әкелді 
деп айта аламыз. 
«Адал мінез, ақ кәсіп, 
Үйде отырып қорланбай, 
Ашық тұр ғой кең есік - 
Кіріп хаққа жылайық! 
Қаршыға аңдып қоянды
О да шошып оянды, 
Кел, ұйқыдан тұрайық!» – деп ұлттық ояну ұранына 
өзіндік  үнін  қосады. Бұл  өлеңде  Нарманбеттің  1905  жылы  қан-
дай  бағыт  ұстанғаны,  қандай  мақсат  көздегені  айқын  көрінеді. 
Ол  сол  кездегі  барша  көзі  ашық,  көкірегі  ояу  ұлт  зиялылары 
сынды  заман  ағымы,  қоғам  өзгерісіне  сергек  қарады.  Сол  се-
бепті де қазақ әдебиетінде алғашқылардың қатарында болып, өз 
кезеңіндегі  барша  Алаш  азаматтарын  толғандырған  қоғамдық-
әлеуметтік  мәселелерді  батыл  көтерді.  Ол  империялық  отар-
шылдық  саясат  әдейі жасап  отырған  рулық  тартыстарды,  олар-
дың  халықтың  бірлігіне  нұқсан  келтірген  кереғар  әсерін,  елі-
міздің ауызбіршілігінің жоқтығын, сол кезеңдегі қоғамдық қай-

57 
 
шылықтарды сынай отырып, халықты оқу-білімге, рухани ояну-
ға шақырды. 
Ақын  1906  жылы  Семей  қаласында  өткен  Мемлекеттік 
Думаға депутаттықа кандидат ұсыну жөніндегі жиынға қатысса, 
1907  жылы  Семей  облысының  қазақтарынан  Мемлекеттік 
Думаға  сайланатын  осы  өңірдің  сайлау  жиналысының 
Қарқаралы уезі болыстығынан сайлаушысы да болып бекітіледі. 
Осындай  әлеуметтік  өмірге  араласа  жүріп,  ақын  патшаның 
отаршылдық саясаты қазақ халқын жерінен айыру, елдігін жою 
екенін терең ұғына бастайды. Ол «Сарыарқаға қарасақ», «Қазақ 
елі біз тұрмыз», «Шал қайғысы», «Ауыл қайғысы», «Бұл күнде 
байлар  ғаяр,  билер  мекер»  өзге  де  саяси-әлеуметтік  тақырып-
тағы  өлеңдерінде  өз  көрінісін  тапты.  Сондықтан  да  оның  поэ-
зиясының  негізгі  арқауы  –  патшалық  отаршыл  саясат  озбыр-
лығы, жер қайғысы, әлеуметтік теңсіздік, халық бостандығы бо-
лып  келеді.  Нарманбет  бұл  заманды  «Керзаман»  деп  атайды. 
Осы аттас өлеңінде «приставтың» аңқау елге көрсеткен жауыз-
дық  істерін  көрсету  арқылы  заман  түрін  береді.  «Сарыарқа» 
атты өлеңінде туған жердің жат қолының қанауы мен талауына 
түскен аянышты халін Нарманбет ақын былайша жырлап еді:   
Сарыарқа сайран жерім-ай, 
Салқын да самал белім-ай! 
Сандықтай тауың тізілген, 
Өлкелі өзен, көлім-ай! 
Сансыз қара айдаған, 
Салқында бие байлаған. 
Сары қымызды сапырып, 
Шілдеде мас боп ақырып, 
Кемпір де шалдар ойнаған. 
Сарыарқаны өрт алды, 
Мезгілінен ерте алды [35, Б. 278], 
Ақынның өлеңінде жау қолында кетіп «өрт шалған»   сол 
тұстағы Сарыарқаның мүшкіл халін ойлап зар қағады. Осы өлең 
жолдарындағы  «жерім-ай»,  «белім-ай»,  «көлім-ай»  деген  сөз-
дерден  ақынның  көкірегін  кернеген  ащы  запыранды  сеземіз. 
Көбінде  мұндай  аһ  ұрған  зарлау  үлгісі  жоқтау  жанрында  кез-

58 
 
десетін  болса,  ақынның  өз  елін  зарлай  жоқтағанын  байқаймыз. 
Ол  туралы  М.Әуезов:  «Зар  заманның  артқы  ақыны  ХІХ  ғасыр 
мен ХХ ғасырдың жапсарында өмір сүріп, сол кезде өлең айтқан 
Нарманбет.  Заман  зарының  ең  ақырғы  күйін  шертіп,  тоқтаған 
осы ақын» деп қорытады.[2,220 б] 
Сол  кездегі  ақша,  сауда-саттықтың  елге  әкелген  зардап-
тары туралы Нарманбет «Замана» атты өлеңінде: 
Бай озды қамал бұзған батырдан да
Ақша озды бұл заманда ақыннан да, -.[36,510б] деп айқын 
көрсетеді. 
Ол туралы әдебиетші ғалым Е.Ысмайылов: «Нарманбет – 
сөзсіз ірі талантты ақын, ол өз дәуірінің зор реалист сыншысы. 
Мұның  творчествосында  ХІХ  ғасырдың  ақыры  мен  ХХ  ғасыр-
дың  басындағы  қазақ  даласының  саяси-экономикалық  және 
әлеуметтік  шындығы,  бейнесі  айқын  көрінді.  Нарманбет  твор-
чествосының  негізгі  мотивы  –  халықтың  қоғамдық  өмірін  ай-
тып, жырлап беру» — деп атап көрсеткен болатын. 
Сонымен  қатар  Қазан  төңкерісіне  дейінгі  ұлт  баспасөзін 
ыждахатты  зерттеуші  Ү.Субханбердина  атап  өткеніндей, 
Н.Орманбетұлы  «Қазақ»  газетіне  хабар жазған,  тілшілік  міндет 
те атқарған. 
          Нарманбет шығармаларының жариялануы 
Нарманбеттің өлеңдері. – Алматы: ҚМКӘБ, 1939. 
Нарманбет  Орманбетулы  //  Поэты  Казахстана.  Ленинград:  - 
«Советский писатель», 1978. С. 345-351 
3. Нарманбет. 
Сахараға қарасақ. //Жұлдыз, 1990 № 2. 151-162 –бб. 
4. 
Нарманбет.Шығармалары.  -  Қарағанды:  Болашақ  -  баспа,  1998. 
356 – б. 
5. 
Нарманбет Орманбетұлы. Өлеңдер. - Алматы: Алаш, 2004.320- б. 
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.
 
Нарманбет Орманбетұлының өмірі. 
2.
 
Нарманбет және заман өзгерістері. 
3.
 
«Аждаһаның аузында» өлеңінің идеясы. 
4.
 
Нарманбеттің күрескерлік бейнесі. 
5.
 
Нарманбеттің тіл ерекшелігі.  

59 
 
3.ТАРАУ. А.БАРМАНБЕКҰЛЫНЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРІ 
3.1. Өмірі мен шығармашылығы 
 
А.Барманбекұлы  қазіргі  Алматы  облысының  Райымбек 
ауданындағы  Қақпақ  деген  жерде  1866  жылы  дүниеге  келген. 
Зерттеушілер  Х. Арғынбаев, М. Мұқанов, В.Востровтың Қазақ 
шежіресі  хақында  бірігіп  жазған  еңбегі  [37,  Б.  59], 
Т.Қаупынбаевтың  [38],  О.Халидуллиннің  [39]  мәліметтері  мен  
М.О.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер  институты  қолжазба 
қорына  Ғ.Жантөреұлы  тапсырған  шежіредегі  [40]  деректерге,  
ақынның  ұрпағы  Шоғанбай  ақсақалдан  алынған  естеліктер 
негізінде  Албан  Асанның  шыққан  тегі  туралы  бірсыпыра  мағ-
лұмат беруге болады.  
Аты  аңызға  айналған  ұлы  жүз  Бәйдібек  атаның  әйелі 
Домалақ  енеден  (Нұрила)  Жарықшақ  (Тілеуберді),  Жарық-
шақтан  Албан,  Суан,  Дулат  болып  тарайды.  Албаннан  Сары, 
Шыбыл сынды екі ата тарайды. Албанның Сары руы өз ішінен 
екіге айырылады: Сүйерқұл мен Таубұзар (Сүйменді), бірақ бұл 
есімдер  халық  ішінде  ата  болып  аталмай,  олардың  балалары 
атында  бергі  рулар  кездесетіндіктен,  этноним  ретінде  алын-
байды.  Мәселен  Сүйерқұлдың  төрт  ұлы:  Шоған  абыз,  Досалы, 
Қожбамбет,  Жарты  мен  қызы  Әлжан  (Алжан)  бар.  Әлжан 
(Алжан)    кірме  Мәмбетке  тиіп,  ата-анасының  қолында  қалып,  
Аламан,  Сырымбет,  Шағыр,  Қиғылық  деген  төрт  ұл  табады. 
Сырымбет,  Шегір,  Аламан,  Хангелді.  Әлжанның  жоғарыдағы 
төрт  бауыры  мен  оның  ұлы  ел  аузында  «Сегіз  Сары»  деп 
аталады. Ал  Сырымбет үш әйел алған кісі. Сол әйелдерінен Әлі
Көшек,  Есенгелді,  Есенғұл,  Жангел,  Хангелді  есімді  балалар 
туған.  Асанның  арғы  бабасы  Алжанның  Әлі деген  немересінен 
тарайды.  Әліден  Көшек,  Көшектен  Есенгелді,  Есенгелдіден 
Бәйіт, Бәйіттен Бейбіт, Бейбіттен Қосуын, Қосуыннан Бәйімбет, 
Бәйімбеттен  Бәрменбек,  Бәрменбектен  Асан.  Хангелді  Жоңғар 
шапқыншылығына  қарсы  күресте  Қаракерей  Қабанбай,  
Қанжығалы  Бөгенбай,  Шапырашты  Наурызбай  секілді  айтулы 
батырлармен үзеңгілес жүріп, асқан ерлік көрсетіп, туған жерін 

60 
 
жаудан  қорғаған    әйгілі  батыр  болған.    Оның  Түке  деген  бала-
сынан туған Райымбек те бабасының жолын қуып, ұзақ жылдар 
бойы  бел  шешпей  жорықта  жүрген  халық  батыры,  әулие  кісі. 
Олардың аңызға айналған ерлігі мен батылдығын, әулиелігі мен 
көріпкелдігін  қайта  жаңғыртып,  оған  жан  бітірген  үлкенді-
кішілі  шығармалар  қазақ  әдебиетінде  жетерлік.    Асан  ақын 
батырлығымен алты алашқа танылған Райымбек бабасын үнемі 
пір тұтып,  аруағына сыйынып отырғанын мынадай өлең жолда-
рынан байқауға болады: 
Албанға болған екен алтын қазық, 
Қаріп-қасер жетімге болған азық. 
«Азаматқа ғибарат сөз болсын»  деп, 
Райымбек сыйынып аруағына, қойдым жазып.  
Барманбектің әйелі бірден төрт бала («екі егіз» деген ма-
ғынада)  көтереді.  Дүниеге  үш  ұл,  бір  қыз  келеді.  Қыз  туа  сала 
шетінеп  кетеді.  Үш  ұлдың  үлкені  Боқбай,  ортаншысы  Асан, 
кішісі  Жанқазы.  Райымбек  ауылында  тұратын  Асан  ақынның 
ұрпағы  Шоғанбай  Мұсаұлының  деректері  бойынша  Асанның 
соңында  Ысқақбек,  Рыскелді,  Жақыпбай  атты  ұлдары  мен 
Алтын дейтін қызы  қалған. Әйелі Мөрібала ерте қайтыс болып 
кеткендіктен,  жас  балаларын  келіні  Мырзеке  асырап,  ер  жет-
кізген.  Ысқақбек  пен  Рыскелді  заман  қыспағынан  1933  жылы 
Қытай  жеріне  өтуге  мәжбүр  болады.  Ал,  туған  жерінен  қоныс 
аудармаған  Жақыпбай  деген  баласы  1942  жылы  Ұлы    Отан 
соғысында қаза табады. Оның жалғыз баласы Жұмаш Райымбек  
ауданының  Қаратоған  аулында  тұрған.  Қазір  Талғарда  тұратын 
оның екі ұл, үш қызы бар. Асанның Алтын деген қызынан туған 
балалары  бар.  Ал,  Боқбайдың  Смажай,  Ережеп  деген  балалары 
Қытай жерінде.  Жанғазының ұрпақтары да Қытай жерінде. Ал-
тыннан Мұқаметжан, Тұрсынбүбі, Жұман, Ханымқан, Әйімқан, 
Үкі, Әбдіғали туған. Жанғазының қызы  Күміс, оның ұрпақтары  
Иманалы,  Нұрғали  Нарынқолда  тұрады.  Міне,  осындай  дерек-
терге  сүйене  отырып,  Асан  молданың  шыққан  тегі  мен  тұқым-
жұрағаты  жөнінен  хабардар  боламыз.  Ақын  1916  жылы  көк-
темге қарай,  яғни ұлт-азаттық көтеріліс   басталардан аз ғана уа-
қыт  бұрын  қайтыс  болған.  Денесі  Қақпақ  ауылдық  аймағына 

61 
 
қарасты Көксай қорымына жерленген. Осы деректерді біз Асан 
ақынның  жиені    Шоғанбай  ақсақалдың  ауызша  айтқан  естелік-
теріне сүйене  отырып  келтірдік.  Ш.Мұсаев  ақсақал  1945  жылы 
қазіргі  Райымбек  ауданындағы  Көкбел  аулының  (ол  кезде 
Сталин  атындағы  колхоз)  шопаны    Қожеке  қарияны  іздеп  ба-
рады. Іздеу себебі: ол кісі Албан Асанмен ұзақ жыл көрші тұр-
ған  екен.  Сонда  Қожеке  қария  1906  жылдан  бастап    жаз  жай-
лауда,  қыс  қыстауда  бірге  болғандығын  айтып  еді  деп  келеді 
естелікте. 1916 жылы Көкбел жайлауында қоныстас болып бірге 
отырғанда  таңертең  молдекеңнің  үйіне  сәлем  бере  кірген 
Қожеке  Асанға  заманның  бет  алысының  жақсы  болмай  тұрға-
нынан қорқатынын айтады. Асан ақынды да көптен бері мазалап 
жүрген  сұрақ  болғандықтан,  сұрақтың    шешімін  ол  былай  деп 
түсіндіреді:  «Меніңше жақында Албан мен Бұғы елі Қытай же-
ріне ауады. Себебі орыстар жердің тәуірін тартып алып жатыр. 
Екіншіден, енді орыс патшасы қазақ-қырғыз жастарын майданға 
алып,  соғыс  болып  жатқан  жерге  жер  қазғызып,  бекініс  жаса-
тады. Содан ел жерін, атамекенін тастай көшер. Содан кейін мен 
де о дүниелік болармын. Қожеке, саған аманат: мені Үлкен Қақ-
пақтағы  Көксайға  апарып  қойыңдар  –  дейді.  Сол  жылы  шы-
нында да дүрбелең басталып,  ақын 1916 жылы  қайтыс  болады. 
Қожеке қария молдекеңнің аманатын орындап, Көксайға апарып 
қойғандығын,  қайтыс  боларында  Асан  ақын  тастап  кеткен 
қолжазбаларды    заманның  әрқилы  жағдайларына  байланысты 
Қарасай  деген  жерде  тастың  астына  көміп  тастап,  кейін  таба 
алмай қалғандығын айтады. Кейін ел: «Ақынның басына жеміс 
ағашы өсіпті», – дегенді айтып  жүрді» [41]  деп сөзін қорытады 
ақсақал.  
Асанның замандасы  Қожеке ақсақалдың оның туған жері 
мен  қайтыс  болғаны  туралы  айтқан  деректері  кейінгі  жылдары 
жазылған еңбектермен  үндесіп  жатады.  Осы сөзімізді ақынның 
өмірі 
мен 
шығармашылғы 
туралы 
алғаш 
жазылған 
І.Жансүгіровтің  мақаласы  да  растайды:  «Ақын  Асан  Алматы 
облысы,  Кеген  ауданындағы  (Жаркент  уйезі)  Алжан  руынан, 
1916  жылы  50  жасында  дүниеден  қайтқан.  Және  Асан  туралы 
сол  елдің  адамдарының  айтуынша:  Асан  бір  ат,  бір  бұзаулы 

62 
 
сиырдан  дәулеті  артылмаған  жұқана,  молда  кісі,  молдалығын 
бұлдап,  оны  іске  асыра  да  қоймаған  адам.  Тек  бес  намазды 
оқығанда  оқып,  оразаны  қаза  қылмай,  дінге  ықыласты  болып, 
ығы  келсе,    әрбір  ауылға  қоңсы  қонып,  төртті-бестілеген  бала-
ларға қой, серкешке хат оқытарлық молда болған. Асан туралы 
әзірше долбарлап бар білгеніміз де осы-ақ» [42, Б. 356].  
Сонымен  бірге  Асан  ақын  өз  заманының  білімді,  көзі 
ашық  адамы  болған.  Ауыл  молдасынан  алған  білімімен  ғана 
шектеліп  қоймай,  білімін  ұштап,  жетілдіре  түсу  жолында 
Тәшкен,  Бұқара,  Самарқан,  Ашхабад  шаһарларын аралап  үнемі 
іздену үстінде болғаны аян. Орыс тілін үйренуге де ден қойған. 
Ол  жөнінде  Асанның  көзін  көрген  шәкірті  Жанәбіл  Тоқанұлы 
ақсақал  былай  дейді:  «Мен  1905  жылы    9-10  жасымда  Асан 
молданың үйінде жатып, арабша хат таныдым. Әкем Тоқан екеуі 
әңгімелесіп  отырғанда  Асан  молда  өзінің  Тәшкен,  Бұқарадан 
білім  алғаны  жайлы  әңгімелейтін  еді».  А.Барманбекұлының 
білімге  құштарлығын,  өз  бетінше  іздене  білгендігін  Т.Әлбеков 
те  ерекше  атап  өткен  болатын:  «Алғашында  ауыл  молдасынан 
тіл  сындырған  Асан  1875  жылы  шамасында  Бұхара  қаласына 
барып, сондағы діни оқу орындардың бірінен тәлім алады. Араб, 
парсы  тілдерін  меңгеріп,  өздігінен  орысша  үйренуге  талпына-
ды» [43, Б. 145]. Райымбек ауданының (XIX  Партсъезд колхо-
зы)  тұрғыны,  соғыс  және  еңбек  ардагері,  ұлағатты  ұстаз 
Ш.Мұсаевтың ақын мұраларын жинастыруда сіңірген еңбегі өте 
зор. Ол Жанәбіл Тоқанұлы қарияның көзі тірі кезінде Асан ақын 
туралы  көрген-білген    естеліктерін  жазып  алып,  қолын  қойды-
рып  отырған.  Осындай  бір  естелікте:  «Албан,  Бұғы  арасында 
халықты сауаттандыруға барынша күш-жігерін қосқан адам еді. 
Барманбекұлы Асан орта бойлы, сарылау келген, атжақты, өткір 
көзді,  адаммен  тез  тіл  табысып  кететін.  Сондықтан  Асанды 
«Асан,  молдеке»  деп  сыйлайтын»,  –    деп  келеді  де,  соңына 
«Тоқанов  Жанәбілден  жазып  алдым.  Естелікті  жазған    Мұсаев 
Чоғанбай. 29 сәуір,1991жыл. XIX  Партсъезд колхозында»  деп 
жазады [41].  
Осындай естеліктердің бірінде: «Қарқара жайлауында бір 
ірі бай қайтыс болып, маңайдағы елдерге ат шаптырып, жиырма 

63 
 
шақты  молда алдырылады, Құран аударылады. Біткен кезде әр 
молдаға сый-сияпат көрсетіледі. Асан молда бұл асқа шақырыл-
май  қалады.  Асан  ақын  көп  жағдайда  жаяу  жүре  береді  екен. 
Осы  кезде  Қақпақтан  Қарқараға  (50-55  км)  келген  Асан  молда 
ешкімнің  тісі  батпаған  Құранды  аударғанда, Тәшкеннен  келген 
молда: «Мына кісі нағыз ілімге жүйрік, қари екен», – деп, өзіне 
берілген  ат  пен шапанды  Асан ақынға  сыйлаған  екен»,  –  деген 
дерек бар. Оның ілімді молда болғандығын, дін оқуына өте же-
тік  екендігін  сол  өңірдің  азаматтары  да,  өзінің  тікелей  ұрпақ-
тары да айтып отырады.           
Асан ақынның тағы бір қасиеті барар жеріне жаяу, таяғын 
қолына  ұстап  тартып  отырады  екен.  30-35  шақырым  қашық-
тықта тұратын ағайындарына жаяулатып жиі барып тұратынын 
ел адамдары, туған-туыстары күні бүгінге дейін айтып отырады.  
Дін оқуын жете меңгерген ол ауылда бала оқытып молда 
атанған. ХХ ғасыр басында бала оқытқан сауатты, білімді адам-
дардың  барлығын  молда  атанғанын  ескеретін  болсақ,  оның  да 
сауаттылығынан  молда  атанғандығын  аңғаруға  болады.  Осын-
дай  ерекшеліктерімен  бірге  оның  табиғат  құбылыстарын  жұл-
дыздар  арқылы  болжайтын  қасиеттері  де  болған.  Осы  сияқты 
жеке  қасиеттерін  көрсету  үшін  ел  аузындағы  бір-ер  мысалды 
келтіруге  болады.  1914  жылы  тамыз  айында  қар  жауатынын 
алдын  ала  халыққа  айтқан  көрінеді.  Сол  айтқаны  келіп, 
Байынқол ауылын қар басып қалыпты.  
Осындай  естеліктердің  бірінде  А.Барманбекұлының  1911 
жылы Іле Алатауы бөктерінде, Верный қаласында болған алапат 
зілзаланы  да  алдын  ала  болжап  білгені  баяндалады.  Тағы  бір 
естелікке  қарағанда,    бірде  ол  Қарқара-Текесте  қыстың  қатты 
болатынын,  сондықтан  малды  Іле  бойына  қыстату  қажеттігін 
айтып,  көпшілікке  ақыл  беріпті.  Оның  жақын  ағайындары  Іле 
бойын  қыстап,  көктемге  қарай  Текеске  қайтып  оралса,  ерініп, 
тіл  алмай,  осында  қыстап  шыққандар,  малы  қырылып,  таяқ 
ұстап  қалған  екен.  Сонымен  қатар,  Асан  ақынның  емшілік 
қасиетінің  де  бар  екені,  дәрілік  шөп  іздеп  жаз  бойы  жайлау-
ларды аралайтындығы ел есінде сақталған [44, Б. 65]. Осындай 
деректерді    ел аузынан көптеп естуге болады.  

64 
 
Ендігі  сөз  Асан  ақын  атына  албан  атауының  қосарлануы 
жайында. Зар заман ақындарының мұрасын зерттеген Б.Омаров: 
«…оны «Албан Асан» деп атаған қырғыз ағайындар көрінеді», – 
десе [45, Б. 247], жергілікті ақын Еркін Ібітанов та ол жөнінде: 
«Қазақ пен қырғыздың балаларына хат танытқан молдалығымен 
қатар ақындығы және емдік шөп іздеп қырғыз жерін аралауы да 
оны осы іргелес жатқан елдің өз адамына айналдырып жіберген 
еді.  Бұғы  елі  сондықтан  оны  албан  Асан  атандырған»  [46],  – 
деген тұжырым жасайды. Бұл жөнінде Асанның өмірі мен шы-
ғармашылығы 
туралы қалам тербеп жүрген жазушы Т.Қаупынбаев 
[
47]  пен  Т.Әлбековтің  пікірлері  де  осы  арнада    тоғысады.    Ол 
жөнінде Т.Әлбеков  былай  дейді:  «Асан  молданың  туындылары 
Асан  қайғы  толғауларымен  ұйқасып  жатқандықтан,  Асан  есі-
міне ру атауын қосарлаған Ілияс сияқты» [43, Б. 147]. Келтіріл-
ген  пікірлерден  туатын  тұжырым  –  Асан  Барманбекұлын  Асан 
қайғымен шатастырмау мақсатында оған өз руын қосып айтатын 
болған дегенге саяды.  
І.Жансүгіровтың  Қарқара  өңіріне  бару  сапары  кезінде 
жазылған, бірақ белгісіз себептермен аяқталмай қалған поэмасы 
«Мақпал» деп аталады. Поэманың басты кейіпкері Мақпал, оны 
алғаш сауаттандырған, өмір танымдарына үйреткен ұстазы Асан 
молда.  Анығында  бұл  1916  жылғы  Қарқара  жеріндегі  ұлт-азат-
тық  көтеріліс  басшысының  бірі,  Ұзақ  батырдың  қызы  Бәкей 
екендігі  белгілі.  1916  жылғы  ұлт-азаттық  Қарқара  көтерілісінің 
ұйымдастырушысы Ұзақ батыр А.Барманбекұлымен бір заманда 
өмір сүріп, аралас-құралас болған адамдар. Деректерден белгілі 
болғанындай, Бәкей  Ұзақ батырдың үш ұлдың ішіндегі жалғыз 
қызы.  Бұл  жерде  Асан  молданың  үлкен  жүректі  адам  болған-
дығы, тәрбиесінің тәлімді, терең білім бере білгендігі сөз бола-
ды. Поэмада А.Барманбекұлының бейнесі ұлағатты ұстаз ретін-
де  көрінеді.  Бәкей  қыздың  ескілік  шырмауында  қалып,  траге-
диялық жағдайда қаза тапқаны сол ел адамдарының жүрегін дір 
еткізген жайт еді. Шамасы ақын өзінің поэмасының арқауы етіп 
осы  жайды  алғысы  келген.  Белгісіз  себептермен  поэма  аяқтал-
май  қалған.  Ғұлама  жазушы  М.Әуезовтың  «Қилы  заман»  пове-
сінде  де  Бәкей  қыздың  сауаттылығы,  ақылдылығы  жөнінде 

65 
 
әңгіме  болады.  Бәкейдің  өлімі  туралы  ел  арасында  әр  түрлі 
аңыздар  тараған.  Солардың  бірі  төмендегіше  болып  келеді: 
Айттырған  адамы  малдан  айырмашылығы  шамалы  болғандық-
тан  оған  төзбеген  сауатты  қыз  қырғыз  жігітімен  көңіл  қосып, 
қашып  кетеді.  Қыз  әкесі  Ұзақтың  ағасы  Тұңғатар  мен  інісі 
Қожамберді «сүйегімізге таңба салды» деген желеумен қызды өз 
үйінің  шаңырағына  асып  өлтіреді.  І.Жансүгіров  пен  М.Әуезов 
сынды  қаламгерлердің  1916  жылғы  «Қарқара»  оқиғасының  10 
жылдығы тұсында сол елге барғандығының нәтижесінде дүние-
ге келген көркем туындылар қазақ халқының көркем шежіресін 
жасады.  Осы  шығармалар  жөнінде  Ә.Нарымбетов  былай  деген 
болатын: «Орыс империясына қазақ елi XVIII-ғасырда бағынып, 
бодан болғаны тарихи шындық. Үш ғасырға жуық уақыт iшiнде 
қазақ халқы отарлау саясатының адам айтқысыз барлық азабын 
бастан  кештi.  Сол  азапқа  мойын  сұнбай,  көнбей  қазақ  халқы 
отаршылыққа  қарсы  үш ғасыр  бойы  ерлiкпен күрестi де. Бұған 
XVIII  ғасырдағы  отаршылық  саясатқа  қарсы  Сырым  Датұлы 
бастаған  көтерiлiс  (1783-1797),  ХIХ-ғасырдағы  Кенесары 
Қасымұлы бастаған көтерiлiс (1837-1847), ХХ-ғасыр басындағы 
Амангелдi  Иманұлы  бастаған  көтерiлiс  (1916)  толық  дәлел. 
Отаршылдыққа  қарсы  қазақ  халқының  қаһармандық  күресi 
қазақ әдебиетiнде жарқын бейнеленгенi мәлiм (М.Әуезов «Қилы 
заман»,  С.Мұқанов  «Ботагөз»,  Б.Майлин  мен  Ғ.Мүсiрепов  шы-
ғармалары т.б.)»  [48, Б. 78].  
А.Барманбекұлының  Мақпалдан  басқа  да  шәкірттері 
көптеп саналады. Сондай шәкірттерінің бірі – Жанәбіл Тоқанов. 
Оның  айтуынша,  өзімен  бірге  оқығандардың  ішінен  Қонаев 
Мұса  1919-27  жылдар  арасында  Көкпек  ауылында  ауылдық 
кеңес  төрағасы  қызметін  атқарған  белсенді,  Сыпатаев  Смажан 
1920-27 жылдар арасында мемелекетке мал дайындау бөлімінде 
жұмыс  істеген,  Қабылбек  Сауранбаев  та  1916  жылғы    албан-
бұғының  ұлт  азаттық  жөнінде  Қарқарада  болған  Ұзақ  бастаған 
көтерілісіне  қатысқан.  Сол  сияқты  Қонаев  Аусафия,  Бұғыбаев 
Қомшыбай, Ошақбаев Есіркеп, Дәлденбаев Іргебай болып жал-
ғасып кете береді. 

66 
 
Ел  аузында  және  Асан  ақынның  өз  қолжазбаларында 
«Асан  молда»    деп  берілу  жағдайы  да  жиі  кездесіп  отырады. 
Оның  Нарынқолда  ғана  емес,  Қарақолдағы  қырғыз  ағайын-
дардың балаларын да оқытқаны белгілі. Ол оның діндарлығына 
ғана  байланысты  берілген  атау  емес,  сол  кезде  бала  оқытып, 
халықты  білім  нәрімен  сусындатқан  адамдарды  да  молда  деп 
атағанын  ескерсек,  оны  «ұстаз»  деген  сөздің  баламасы  ретінде 
қабылдауға  негіз  бар.  Осы  ойымызды  Т.Омаровтың:  «Қырғыз 
әдебиетінде есіміне «молда» сөзі қосып айтылатын Молда Нияз, 
Нұрмолда,  Молда  Қылыш,  Алдаш  молда,  Молда  Бағыш  дейтін 
ақындар бар. Олар «молда» деген сөзді «оқыған, тоқығаны көп 
адам»  деген  ұғымның  аясына  сыйғызады»  [49,  Б.  20]  –  деген 
тұжырымы да растай түседі.  
Ақын  өмір  сүрген  кезең  орыс  патшасының  қазақ  елін 
отарлау саясатының өршіп тұрған шағына тұспа-тұс келді. «XIX 
ғасырдың  екінші  жартысында  дүниеге  келіп,  творчестволық 
жолда  болған  ақын-жазушы  атаулының  бәрі  де  өз  шығармала-
рындағы  өзекті  де  басты  сарын  патша  үкіметі  өндірген  отар-
шылдық  саяси-әлеуметтік  тақырыптарды  суреттегені  талас  ту-
дырмайтын шындық», – [8,Б.192] деп М.Мырзахметов көрсетке-
ніндей А.Барманбекұлының өлеңдері де осы жайларды қамтиды. 
Елінің ұлттық дәстүрі мен ұлттық болмысының, халқының ішкі 
жан  дүниесінің  отаршылдықтың  құрбаны  болғаны  нәзік жанды 
ақынның  жүрегіне  өшпес  жара  түсіріп,  жанын  аяздай  қариды. 
Халқының  ауыр  тұрмыс-тіршілігінен  гөрі,  рухани  азып-тоза 
бастауы ол үшін айықпас дертпен тең еді.  
Себебі,  кез-келген  ақын  өз  заманының  жыршысы  бола-
тындығы  тарихтан  мәлім.  Сол  тұстағы  заман  шындығы 
А.Барманбекұлы өлеңдерінде былайша көрініс тапты: 
Шетін бассаң сызықтың, 
Қыла ма тағы жаланы. 
Орысқа тиген жерлерге, 
Салт атты кісі баспады. 
Мұраталы, Қақпақтан, 
Жүрер жолды тастады
Немесе: 

67 
 
Жер суыңды өзі алды, 
Басыңды тұтқан орысың. 
Орыстың сөзін сөйледі, 
Би, старшын, болысың [50, Б. 38].  
Көріп отырғанымыздай жергілікті би-болыстардың өзі жо-
ғарғы жаққа жағыну үшін қол астындағы бұқараға тізесін баты-
рып, халыққа емес, шенге қызмет етуге бет алған. Бұрын соңды 
мұндайды  көрмеген  еркін  қазақ  халқы  өз  жерінде  еркін  жүре 
алмағандығын ақыр заманның келгенімен түсінді.  Кіндік қаны 
тамған жерден айрылу, ішіп отырған ауыз судан айырылу қазақ 
халқы  үшін  орны  толмас  қасірет  еді.  Себебі  тек  қана  мал  шар-
уашылығын кәсіп еткен елдің жерден айырылуы олардың әлеу-
меттік те, экономикалық та құлдырауына алып келетіні белгілі. 
Осындай  көкейге  келген  сан  сұрақтарға  жауап  іздеген,  көкірек 
көзін  мұң  мен  шер  басқан,  ата-баба  қанымен  келген  қоныстың 
енді  «қаңғып  келген  біреулердің»  қолына  өтіп  жатқандығын 
көрген көзі қарақты, сауаты бар жандар бар күш жігерін қаламға 
салуға тырысты. Өз ата-бабасынан қалған жерінде кердең қағып, 
алшаңдап  жүруден  қалған  олар  мұндай  өмірге  лағнет  айтты, 
сондықтан да үдере көшуге ден қойды.  
Қазақ  әдебиетіндегі  «Зар  заман»  тіркесін  М.Әуезов  отар-
шылдық  дәуірдегі  ақындардың  еңбектеріне  сай  термин  ретінде  
қолданғаны  белгілі.  «Зар  заман»  атауы  –  XIX  ғасырда  өмір 
сүрген  Шортанбай  ақынның  заман  халіне  айтқан  бір  өлеңінің 
аты.  Шортанбайдың  өлеңі  ілгергі,  соңғы  ақындардың  барлық 
күй,  сарынын  бір  арнаға тұтастырғандай жиынды  өлең  болған-
дықтан, бүкіл бір дәуірде бір сарынмен өлең айтқан ақындардың 
барлығына  «зар  заман»  ақындары  деген  ат  қойдық»  [2,192],  – 
деген  М.Әуезов  сөзі  арқылы  әдебиеттану  ғылымында  «зар 
заман»  ұғымы  қалыптасты.  М.Әуезов  бұл  ағымға  XIX  ғасырда 
болған  ақындардың  бәрі  кіретінін  айтады.  Ғұлама  жазушы 
А.Барманбекұлының  шығармаларынан  Асан  Қайғы,  Бұқар 
жырау іздерін көрумен қатар оның заңды жалғасы іспетті танып
зар  заман  ақындары  санатына  қосады.  Оған  дәлел  ретінде 
М.Әуезовтің 1927 жылы жазылып, белгісіз себептермен жария-
ланбай келген еңбегіндегі: «Он был несомненно богато одарен-

68 
 
ным  поэтом,  вышедшим  из  толщи  народной.  Но  косная  кон-
сервативная среда, глухая к пламенному призыву поэта к спра-
ведливости,  зачастую  отнимала  его  неокрепшие  силы,  впадая 
порой в безнадежный пессимизм, в религиозную мистику. Сти-
хи, отмеченные печатью этой мистики своей грустной настроен-
ностью  и  внешней  отделкой,  на  первый  взгляд,  как  бы  воскре-
шают  канон,  унаследованный  от  времен  Асан  Кайгы,  Бухар 
Жирау  и  развитый  потом  в  первой  половине  XIX  века  Малой 
Среднеордынскими  поэтами  «Зар  Заман»  [51,  С.  82]  деген 
пікірін келтіруге болады. Ғалымның осы тұжырымын негізге ала 
отырып  А.Барманбекұлын  зар  заман  поэзиясының  соңғы  өкі-
лінің бірі екендігін баса айтуға болады.  
Ел  қайғысын көзі тірісінде көрсетіп кетуді өзінің міндеті 
санаған ақын өз ойларын ортаға салып, артына қалдырып кетуді 
көксегендігі  оның  өлеңдерінің  өне  бойынан  көрініп  тұрады. 
Өлеңдерінің басты мақсаты, негізгі айтар ойы, идеясы – халық-
ты рухани таза болуға шақыру, айналада  болып жатқан патша 
ылаңынан болған келеңсіздіктерден сақтандыру, сол  жолда бар 
жанын  сала  отырып  қызмет  ету,  ел  мен  жерге  қатысты  өзекті 
мәселелерге халықтың көзін жеткізу, т.б. болып келеді.  
Жұртқа үлгі болсын деп, 
Заманның түрін қозғадым. 
Ынсаннан шыққан саңлақ боп, 
Қатардан шауып озбадым. 
Шүкір деп тауба қылайын
Тілімде болса жазғаным, 
Надандықпен бар шығар, 
Желігіп көңіл азғаным. 
Ілімді пайда көрсін деп, 
Мінеки, менің жазғаным [50, Б. 50]  
–  деген  жолдардан  ақынның  қатардағы    қарапайым  адам 
екендігі, тәубасын серік қылған азамат екендігі көрініп тұрады. 
Жұртқа үлгі болсын деп жазғандығы айтылады.  
Елдегі бірліктің жоқтығы мен берекесіздік,  ен даланы ер-
кін  жайлаған  қазақ  халқы  үшін  жайлауының  тарылып,  бас  ер-
кінің  басқа  біреудің  қолына  көшуі  тұйыққа  тірелгендей,  ақыр 

69 
 
заман  орнап  келе  жатқандай  әсер  етеді.  Бір  жағынан  орыс  үкі-
меті салған алым-салық, екінші жағынан ел ішінен шыққан пы-
сықайлар  белгілеген  ауыр  алым-салық  ел  еңсесін  түсіріп,  ха-
лықтың жағдайын тұралатып тастаған еді. Бұл жайында ақын: 
Мансаптағы адамдар, 
Ұлықтарға жағып тұр. 
«Мынау менің белгім» деп, 
Мойнына ызнак тағып жүр. 
Бұқарасын жеп ішіп, 
Шаяндай боп шағып жүр. 
Біреу қарсы сөйлесе, 
Бетінен қаны ағып тұр. 
Күндегісін күнде алып, 
Борандай боп қағып тұр. 
Шетінен басып жей түсіп, 
Қасқырдай боп бағып тұр [50, Б. 30], 
 –  деп  заман шындығын ашып көрсетеді.  Әрине, қоғамда, 
өмірде болып жатқан өзгерістерден, қандай да бір ақын немесе 
ел  қамын  ойлаған  азаматтар  болсын,  бойын  аулақ  сала  алмасы 
белгілі.  Елдің  өзі  осылардың  аузынан  шыққан  сөзді  құран  сө-
зіндей  көретін  кез  де  келіп  жетті.  А.Барманбекұлы  –  өзі  өмір 
сүрген  заманның  қиын-қыстау  кезеңін  жүрегімен  сезініп,  пат-
шалық Ресейдің елге жүргізген үстемдігіне куә болғандықтан ол 
оқиғаларға  атүсті  қарай  алмады.  Ақын  шаруашылық  түрінің 
өзгеріп, ата салтының бұзылғанын, бұрын өз бетімен еркін жү-
ріп,  жайлауды  еркін  жайлаған  қазақ  халқы  үшін  келген  нәу-
беттей  қабылдады.  Себебі,  Ресей  патшалығының  отарлауына 
дейін  қалыптасқан  қазақтың  өзіндік  басқару  жүйесі  бар  еді. 
Қазақтардың  ел  басқару  жүйесі  жөнінде  С.Г.Кляшторный  мен 
Т.И.Султанов  тұңғыш  қазақ  мемлекетінің  құрылғанына                  
525 жыл толуына арналған зерттеулерінде: «Право участия в об-
щегосударственном управлении султаны  казахских улусов осу-
ществляли, сообща являясь на ежегодно созываемый курултай – 
собрание, ведавшее делами, касавшимися всех слоев и прослоек 
казахского  общества.  Один  из  пунктов  «Жети  Жаргы»  гласил: 
«Чтобы  сам  хан,  равно  как  и  все  султаны,  старейшины  и  пра-

70 
 
вители родов, собирались осенью в одно место, в средине степи, 
для рассуждения о делах народных», – дейді [52, С. 347]. 1470-
1718  жылдар  аралығында  қалыптасқан  хан,  сұлтандардың  бас-
қару  жүйесін  отаршыл  империяның  күйретуі  халықтың  үлкен 
наразылығын тудырды.  
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  патша  саясатының 
қатты белең алғандығын Ж.Ысмағұлов Абай мұрасына қатысты 
да  баса  айтып  еді:  «Ал,  шынтуайтына  келгенде,  Абай  заманы 
патшалықтың отарлау саясаты әбден шығандап тұрған шағы еді. 
Бұл  кезде  қазақ  даласындағы  өмірдің  патша  әкімшілігіне  тә-
уелді  болмаған,  отаршылдықтың  қатал  заңына  бағындырыл-
маған бірде-бір саласы қалған жоқ еді» [53, Б. 24]. 
Патша саясаты ХХ ғасырдың басында отарлаудың шегіне 
жеткені  тарихтан  мәлім.  Отаршылдыққа  қарсы  шыққан  алаш 
арыстарының тарих сахнасынан ысырылып тастауының да сыры 
осында жатыр. Көріп отырғанымыздай қазақ еліне, жеріне жүр-
гізілген  патша  саясатына  исі  қазақ  қарсы  болды.  Отаршыл-
дықтың  көптің  көзі  бола  білген  ақындар  шығармаларынан  кең 
орын  алуының  да  басты  себебі  осы.  Сондықтан  да 
А.Барманбекұлы    әдеби  мұрасының  барлығы  дерлік  отарлық 
езгіге қарсы бағытталып, ел мен жер тағдыры, елдің әлеуметтік 
жағдайы, заманның бұзылуы, адам пейілінің тарылуы, халықтың 
ауыр тұрмысы, елдің рухани азып-тоза бастауы сияқты ел жағ-
дайынан  хабар  берерлік  өлең,  қисса,  толғаулар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет