Қазақстан республикасы білім және ғылым


Шортанбай шығармаларының жариялануы



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,17 Mb.
#1644
1   2   3   4   5   6   7   8

Шортанбай шығармаларының жариялануы 
Шортанбай  шығармаларының  алғашқы  жариялануы                       
В.В.Радловтың  «Образцы  народной  литературы  тюркских  пле-
мен,  живущих  в  Южной-Сибири  и  Дзунгарской  степи»  еңбе-
гінде жарияланды (Часть 3. – СПб. Типография Императорской         
АН,  1870).  Қазанда  басылған  ендігі  бір  шығармасы  «Қисса  и 
Шортанбай».  «Шортанбайдың  бала  зары»  –1888,  1890,  1894, 
1911,  1916  жылдарда  жарық  көреді.  М.Әуезов,  М.Жолдыбаев, 
Ә.Қоңыратбаевтардың  ұжымдық  еңбегі  «ХІХ  ғасыр  мен  ХХ 
ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінің  оқу  кітабы»-  деп  аталады                  
( Алматы: 1933, 1934). 
411 папка. Шортанбайдың өлер алдында айтқан сөзі. Бұл 
Шортанбайдың әзірейіл келіп жанын аларда айтқан өсиет өлеңі 
түрінде  келтірілген  шығармасы.  Он  бір  буынды  қара  өлең 
үлгісінде жазылған бұл өлеңнен алар ұлағат мол. Себебі адамдар 
тіршіліктің  қым-қуыт  қиындықтары  себебінен  бір-біріне  жылы 
сөз  айтуды  да  ұмытып  кетіп  жатады.  Биік  адамгершілік  пен 
адамдардың  бір-біріне  құрмет  көрсете  білуінің  маңыздылығын 
арқау еткен өлеңнің оқырмандарға тигізетін ғибраты да аз емес. 
385  папка.  Зар  заман.  Қолжазбаны  1961  жылғы  Уфа-Қостанай 
экспедициясын басқарған   С.Ордалиев тапсырған. Осындай бір 
қолжазба  «Зар  заман»  жырының  бір  нұсқасы  592  папкада 
сақтаулы.  Жинаушысы  Темірғали  Ысмайылов.  1940  жылдары 
Алматыда  тұрған.  Сонымен  қоса  осы  қолжазбада  «Шортанбай 
мен  Орынбай»  (айтыс),  «Бала  зары»,  «Шортанбайдың  насиха-
ты»,  «Шортанбай  өлеңі»  сияқты  дүниелер  бар.  879  папкада 
«Шортанбайдың қоштасуы», «Шортанбай туралы сөз деректер», 
«Шортанбайдың  өлең  сөзі»,  «Шөже  мен  Шортанбай»,  «Тар  за-
ман», «Жаңа закон шыққанда», «Үй іші, әйел, ерлі-зайыптар ту-
ралы  өлең»,  «Тап  қайшылығы  өлеңі»,  «Ескі  бай,  жаңа  бай», 
«Ақсақалдық,  бектік»,  «Әлеуметтік  теңіз»,  «Өсімдік,  дүние, 

34 
 
Жаңабай»,  «Мал-ақша»,  «Мал  дүниенің  тұтқыны»,  «Үкімет  – 
ұлықтары», «Жаңа ұлықтар», «Билік малдынікі», «Жер алынды, 
дүние тарылды», «Қоныс тарылды», «Отар қысымынан құтылу» 
сияқты өлеңдері топтастырылған. 
Шортанбай  шығармашылығының  ғылыми  зерттелуі. 
Қ.Жұмалиевтың құрастыруымен «Қазақ әдебиеті» (Орта мектеп-
тердің  8-класына  арналған  оқу  құралы.  Алматы:  1942). 
С.Мұқанов.  «Қазақтың  ХVІІІ-ХІХ  ғасырдағы  әдебиетінің  тари-
хынан  очерктер»  1-бөлім.  (Алматы:1942)  Ы.Дүйсенбаев. 
«Шортанбай  Қанайұлы.  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  ІІ  том,  1-
кітап  (Алматы:  1961),  М.Әуезов.  Жиырма  томдық  шығармалар 
жинағы.  15-том.  (Алматы:Жазушы,  1985),  Мәдібаева  Қ.  Зар  за-
ман  ағымы  және  Шортанбай  мұрасы:  фил.  ғыл.  канд.  ...дисс.  – 
Алматы, 1995. – 141б. Б.Омарұлы. Зар заман поэзиясы (Алматы: 
Білім,  2000),  Шортанбай  Қанайұлы.  Қайран  халқым.  (Құраст. 
Қ.Жүністегі. Алматы: 2002)  
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.
 
Шортанбай Қанайұлының өмірі. 
2.
 
 Шортанбай және заман өзгерістері. 
3.
 
«Бала зары» мен «Зар заман» толғауларының идеясы. 
4.
 
 Шортанбайдың діни көзқарастары. 
5.
 
 Шортанбайдың тіл ерекшелігі.  
 
Мұрат Мөңкеұлы  (1843-1906
 
Қазіргі  Атырау  облысы  Қызылқоға  ауданы  Қарабау  ауы-
лында  дүниеге  келген.  Жырау,  термеші,  зар  заманның  айтулы 
ақыны  Мұрат  Мөңкеұлы  жасынан  жетім  қалып,  ағасы 
Матайдың қолында тәрбиеленген, ауыл молдасынан білім алған. 
Есет  би  мен  Абыл  ақыннан  өнеге  алып,  өзі  Мұрын  жырау 
Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы  Жылқышы, 
Жаскелең,  Жантолы,  Шолпан,  Тыныштық,  Бала  Ораз  сынды 
ақындармен айтысып, жеңіске жеткен.  Өжет мінезділігі,  қағыт-
паға  жүйріктігі,  сөзге  тапқырлығы  айтыс  өнерінде  оны  үнемі 
жеңіске жеткізді. 

35 
 
Мұрат  Мөңкеұлының  да  өлеңдерінің  басты  бағытының 
бірі  ел тәуелсіздігі, орыс патшалығының бодандығымен келген  
келеңсіздік.  
Замана қайтіп түзелсін, 
Қоңсыдан туған би болды... 
Азамат ердің баласы, 
Айдарына малы жоқ, 
Топ көрерге зар болды. 
Қоспақтан туған қортықша, 
Қатарға шығып нар болды... 
Ақылсыздың баласы, 
 Ақшасына сүйеніп, 
Айтқан сөзі пұл болды, 
Заманың мұндай сұм болды [24,238 б].  
Заманның  бұзылғанын  өз  пайдасына  шешетін  бұзық  топ-
тың  адамдары  қашанда  болған.  Оларға  керегі  елдің  мұң-мұқ-
тажы  емес,  қарақан  басының  пайдасы.    Кері  кеткен  заманмен 
таласа, елін қанаған ақылсыздардың ісі ақынның өлеңінің басты 
тақырыбының бірі. Осы ретте ақын: 
Заман азып не қылсын, 
Ай орнынан туады, 
Күн орнынан шығады
Бұның бәрі адамнан-деп қайырады. 
Мұрат  ақын  осындай  адамдар  мінезінен  қорқады,  қоны-
сының  отарлаушылар  талауына  түскеніне  налиды  да  өзі  туып 
өскен  даланың  кешегі  күнін  сағынышпен  еске  алады.  Оның 
«Әуелі  жеңіп  орыс  Еділді  алды,  Сарытау,  Аштарханның  жерін 
алды. Тәмамы су мен нуды орыс  ұстап, Қазақтың мұнан жұтап 
шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп 
таптырады?»  деген  жыр  жолдары  ақынның  биік  рухына  дәлел 
болады. 
Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Қ.Жұмалиевтың 
пікірінше  «Үш  қиян»  Мұрат  поэмаларының  ішіндегі  мазмұны 
жағынан болсын, түрі жағынан болсын ең күштісі. «Үш қиянда» 
сол  кездегі ел  тілегі  толық қамтылады»  [31,258  б]  Мұнда ақын 
ескі  дәстүрдің  іргесі  сөгіліп  келмеске  кеткенін,  басқа  жұрттың 

36 
 
келуімен  бірге  түрі  бөтен  дәстүрлердің  жол  алып  адамдар  ние-
тінің  бұзылуын  сөз  етеді.  Құнарлы  қоныстарды  тартып  алған 
отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел 
тағдыры  ақынды  тебірентпей  қоймайды.  «Үш  қиян»  жырында  
ноғайлы дәуірі жырларының сарыны да анық байқалады.  
Еділдің бойы – қанды қиян, 
Жайықтың бойы – майлы қиян. 
Маңғыстаудың бойы – шаңды қиян, 
Адыра қалғыр, Үш қиян! 
Үш қиянның ара бойынан, 
Жеті жұрт кетіп жол салған. 
Жеті құрттың кеткен жер, 
Қайырсыз болған неткен жер? 
Адыра қалғыр, көк Жайық, 
Көпір салып өткен жер, 
Асан Қайғы, Қазтуған, 
Орақ, Мамай, Телағыс, 
Шораның шұбап кеткен жер. 
Мұраттың  осы  толғауы  ақындық  шеберлігінің  жоғары 
екендігін  көрсетеді.  Қоғамға  көзқарас,  көкейкесті  ойлар,  батыл 
болжамдар жыр тілімен айшықты өрілген.  Х.Сүйіншәлиев «Үш 
қиян» Мұраттың шешендігін, суреткерлігін танытарлық таңдау-
лы толғауларының бірі. Онда ертедегі жыраулар тілі, шеберлігі, 
образ  жүйелері  өзінің  әсерін  тигізген»  [32,  220  б]  «Үш  қиян» 
толғауымен  «Сарыарқа»,  «Әттең,  қапы  дүние-ай»,  «Қазтуған» 
жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, атамекен, 
құтты  қоныс  жайы.  Ол  «Қарасай-Қази»,  «Шәлгез»,  «Ғұмар 
Қазиұлына  айтқаны»  атты  жырларының  өзегі  діни  аңыздар. 
Білім алып, өнер үйренбейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан 
қайтқан  азаматқа»  өлеңінде  көрсетеді.  Ақын  мұрасының  бір 
шоғыры  -  би-болыстарға,  үстем  тап  өкілдеріне  айтқан  арнау 
өлеңдері.  «Жалғаншы  фәни  жалғанда»  «Өлім»,  «Қыз»,  «Арғы-
мақ  сыйлап  не  керек»,  «Аттан  сұлу  болар  ма?»,  атты  терме-
лерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, 
сұлулық  хақында  толғанады.  «Оқудан  қайтқан  жігітке  хат», 
«Еліне  жазғаны»,  «Бір  досқа»  атты  хат  үлгісінде  жазылған  үш 

37 
 
туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, 
Шалкиіз,  Қазтуған  шығармаларын жеткізушілердің  бірі  болған. 
Әсіресе  Махамбет  өлеңдерін  жеткізудегі  еңбегі  ерекше. 
Махамбет  жырлары  Қуан  жырау  -  Мұрат  -  Ығылман  ақындар 
арқылы біздің заманымызға таралған. 
Ұлы  қаламгер  Мұхтар  Әуезов  зар  заманның  халықтың 
басына  төндірген  қайғы-қасіретін,  оның  ақындар  шығармала-
рында көрініс табуы жөніндегі ойларын баяндай келіп, «Мұрат 
зар заман ішіндегі ірі ақынның бірі. Бұның сөз үлгісі баяғының 
толғауы  сияқтанып,  қарсыға  шапқан  жүйріктей  көсіліп,  құла-
шын  керіп  келеді»  [2,  215  -деп  баға  берді.  Халықтың  біртуар 
перзенті  Мұрат  Мөңкеұлы  ақындық  өнердің  шын  мәнідегі 
шынайы  шебері  болды.  Ол  қалың  қазаққа  жыраулық  дәстүрді 
жалғастырушы ақиық ақын, ел намысын қорғаған суырып салма 
айтыскер, ескі жырларды көп білетін жыршы ретінде танылды. 
Ол  туралы  ғалым  Қ.Сыдиықұлы:  «Алмағайып  заманның  ақ  тү-
тек  боранына  ұшыраған  аяулы  ақынның  бірі  Мұрат  еді»                      
[9, 128 б] дейді.   
Мұрат жыраулық дәстүрді берік ұстанғанына қарамастан, 
ғалымдар  оны  ақындар  тобына  жатқызады.  Оның  бойындағы 
өнер жырауларға да, ақындарға тән. Жыраулар секілді халықтың 
басындағы хал-ахуалды арқау етіп, ағыл-тегіл жыр төгеді, ақын 
болып, күнделікті өмірдің күйін де толғайды.  
Дүниенің төрт бұрышын, 
Қорқыт атаң шайқады. 
Ажалға айла таба алмай, 
Қайта айналып келді деп, 
Бұрынғылар айтады. 
Заманның болар тәрізін, 
Асан Қайғы әулие, 
Көзі көрмей байқады. 
Қанша дәулет бітсе де, 
Басыңнан ауса бақытың, 
Алпыс күн тасқан дария, 
Алты күнде қайтады... 
Бұл дүниенің жарығы, 

38 
 
Туып, батқан күн мен ай. 
Таңы атса, күн болар, 
Күні батса, түн болар. 
Екі жақты сөйлеткен, 
Сайраған қызыл тіл болар, -  деп төгілдіре жырлаған 
Мұраттың толғауы да осыны дәлелдейді. Демек, ол – жыраулар 
дәстүрін  лайықты  жалғастырушы,  халықтың  өнердің  кәусар 
бұлағынан сусындаған арқалы ақын деуімізге болады. 
Мұраттың  суырып  салма  ақын  екенін  ескерсек,  ақықтай 
асыл,  ағыл-тегіл  жырларынан  сөз  өнерінің  шын  мәніндегі  ше-
бері  екеніне  көз  жеткіземіз.  «Топқа  түскендегі  толғауын»  ақын 
мынадай теңеу-салыстырулармен бедерлейді.  
Жылы қылып сөйлейін, 
Жазғы желдің лебіндей. 
Анық қылып сөйлейін, 
Ақ теңгенің мөріндей, 
Шалықтатып сөйлейін, 
Айдынның шалқар көліндей. 
Ақын бұл шығармасында халықтың басына түскен ауырт-
палықты,  елдің  болашағына  төнген  қауіп-қатердің  түп-төркінін 
жыр тілімен баяндап, ашына ой толғады. Патшалы Ресейдің оз-
быр саясатына жан тәнімен қарсы болды.  
Мыңнан-мыңнан жылқы айдап, 
Ақтылы қойды өрген жер. 
Шалқыған дәулет мол бітіп
Қызығын жұртым көрген жер. 
Емендей белін бүгілтіп, 
Жібектей жалын төгілтіп, 
Еріні төмен салынған, 
Құйрығы гүлдей малынған, 
Күдері бел, күпшек сан, 
Бедеу атқа мінген жер.  
«Үш қиянда» дәстүрлі әсірелеу, оқиғаны барынша байыта, 
дамыта көрсету (градация) тәсілі де мол қолданылады:  
Атқан оғы зырқырап,  
Еділден өтіп жоғалған, 

39 
 
Еділде тұрып оқ атса, 
Жайыққа оғын жоғалтқан. 
Жайықта тұрып оқ жатса, 
Еділге оғын жоғалтқан.  
Ақын ата-қоныстың құтының қашып, елдің-жердің жау та-
лапайына  түскені,  дәстүр  жалғастығының  үзілгені  жөнінде  то-
рыға жырлайды.  
Асылзада баласы, 
Дәулеті кетіп қолынан, 
Қоңсысына құл болды, 
Асылсыздың баласы. 
Ақшасына сүйеніп, 
Айтқан сөзі бұл болды. 
Шырқ көбелек айналып, 
Замананың адамы, 
Заманың мұндай сұм болды! –  
деп күйзеліске түсіп, үмітсіз күй кешеді. Мұраттың жоға-
рыдағы  ойлары  зар  заманның  белді  ақындары  Дулат  пен 
Шортанбайдың, Әбубәкір мен Албан Асанның көзқарастарымен 
төркіндес.  
Олардың  ой-пікірлерінің  үндестігі  қоғамда  орын  алған 
қатынастарға ортақ көзқарасты білдіреді.  
Ата-қоныстың  қадір-қасиетінен  айырылып,  отарлаушы-
лардың  талауына  түскеніне  налыған  ақын  өзі  туып-өскен  дала-
ның кешегі күнін сағынышпен еске алады. Елдің дәулеті тасып, 
құт-берекеге кенелген кезін шынайы суреттейді: 
Төртқұдық, Тұзжағасы, Алдаберген –  
Қайран жұрт қонушы еді көлденеңнен. 
Халқымның әр аулына түскен қонақ, 
Жылқыдай болушы еді көлге келген. 
Әр уақыт елімді айтып зарығамын
Сағынып қайран жұртты шөлдегеннен.  
Мұрат осындай сүттей ұйып отырған елді тайдай бүлдір-
ген отарлаушылардың ойранынан үдере көшкендерді санамалап 
отырып жырлайды. Қазтуғаннан, Асан Қайғыдан басталатын ауа 
көшу  сарынына  үн  қосады.  «Үш  қиянда»  отарлаушыларға 

40 
 
мойынсұнғысы келмеген өршіл
 рух басым болса, «Сарыарқадан» 
құдай  салды,  мен  көндім»  дейтін  көнбестік,  шарасыздық  күйі 
айқын сезіледі.  
Алланың құдіретіне шара нешік, 
Болад деп ойлап па едік мұндай қылық 
немесе  
Алланың құлы болсаң бізге күлме, 
Ісіне кім көнбейді бұл құдайдың 
 не болмаса 
Алланың құлы болсаң, бізге күлме, 
Тап болар тасқан жұртқа мұндай лаң, -  
деген  өлең  жолдары  ақынның  өрепкіген  көңілінің  басы-
лып,  әбден  титықтаған  халқына  жұбату  айтудан  басқа  шарасы-
ның жоқтығын түсінгендігін көрсетеді.  
Атақонысты  тастап  үдере  көшкен  бұрынғы  бабалар  мен 
батырларды еске алып, «Соларға пана болмаған бұл қоныс енді 
кімге опа береді» деген тұжырымға тоқталған Мұрат, тығырық-
тан  шығудың  жолдарын  да  өзінше  болжайды.  «Осы  ауыртпа-
лықтан  құтылудың  бірден-бір  жолы  –  жерді,  құтсыз  қонысты 
тастау  керек»  дейді.  Мұраттың  бұл  идеясы  өзге  халықтардың 
аңыздарында  кездесетін  «Қоныс  аудару,  үдере  көшу,  қашу» 
сарынымен  үндеседі.  Мәселен,  орыс  фольклорында  бұл  сарын 
езілген халықтың таптық қанауға қарсылығының белгісі ретінде 
көрінеді.  
 «Қазтуған»  жырынан  Қазтуған  Сүйінішұлының  барша-
мызға белгілі өлең шумақтары көптеп ұшырасады. Ауызша көп 
айтылғандықтан болуы керек, біршама өзгеріске түскен.  
Мысалы, Қазтуған жырау өз өлеңінде: 
Буыршынның бұта шайнар азуы, 
Бидайықтың көл шайқаған жалғызы, -  
десе, Мұраттың «Қазтуған» жырында: 
Буыршынның жалғыз қырқар азуы, 
Бөкеннің желіп өтер төрт саны. 
Бұғының ауыр қара мүйізі, 
Бидайықтың жалғыз соғары,  

41 
 
-деп  өріледі.  Сәл-пәл  өзгеріске  түскені  болмаса,  бір  жырдың 
жолдары екені байқалып тұр. Ал, мына шумақтар тіпті жақын. 
Қазтуған жырау:  
Жабағылы жас тайлақ, 
Жардай атан болған жер. 
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер.  
Мұраттың «Қазтуған» жыры: 
Жатып қалған бозтайлақ, 
Жардай атан болған жер. 
Жабағылы боз тоқты, 
Мың қой болып өрген жер.  
  Қазтуған: 
Ботташығы бұзаудай, 
Боз сазаны тоқтыдай. 
Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған, 
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас, 
Балығы көлге жылқы жаптырмас, 
Бақасы мен шаяны, 
Кежідегі адамға, 
Түн ұйқысын таптырмас, 
десе, Мұрат оны өзінің жырлау тәсіліне бейімдеп, түрлен-
діре түседі. Сәл-пәл өңдеп, өзгеше өң, өзгеше түр береді: 
Баттауығы білектей, 
Ботташығы жүректей, 
Балдырғаны соққыдай,  
Боз сазаны тоқтыдай. 
Балығының көптігі, 
Суына жылқы жаптырмас. 
Бақасының көптігі, 
Адамға ұйқы таптырмас. 
Шырмауығының көптігі, 
Шөккен түйе таптырмас. 
Бұланы жырақ қараған, 
Бұғысы қойдай тараған. 

42 
 
Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған... 
Қазтуған  өз  жырын  Еділге  бағыштай  айтса,  Мұраттың 
Қазтуғаны Жайыққа арналады.  
Жырдың Қазтуғанның өз атынан баяндалатынын ескерсек, 
мұның ішінде Қазтуғанның өз өлеңі болуы да, Мұраттың жаны-
нан  қосуы  да  мүмкін.  Тіпті,  бұл  Қазтуған  өлеңдерін  Мұраттың 
түгелдей  қайта  жырлаған  нұсқасы  болуы  да  ғажап  емес. 
М.Мағауиннің  «Қаратоқай  Мұрат  ақынның  атына  телініп  жүр-
ген «Қазтуған атты ұзақ толғау бар. Мұрат ешқашан оны өз шы-
ғармам демеген, ескіде өткен Қазтуған атты батыр айтыпты деп 
жырлаған.  Бұл  толғауда  Қазтуғанның  өз  аузынан  шыққан  жол-
дар  да  ұшырағанмен,  әртүрлі  анахронизмдер,  Мұраттың  өз  жа-
нынан  қосқандары  көп»  [33,20б]  деген  пікірі  осы  ойымызға 
келіп саяды.  
Мұраттың «Үш қиян» толғауында:  
Еділді тартып алғаны –  
Етекке қолды салғаны. 
Жайықты тартып алғаны –  
Жағаға қолды салғаны.  
Ойылды тартып алғаны –  
Ойдағысы болғаны, -  
деп  жырлауы  ноғайлы  жырларының  әсері,  содан  үйрен-
генінің  жемісі  екені  түсінікті.  Қазтуған  поэзиясының  әсері 
Мұраттың  басқа  өлең-термелерінен  де  байқалады.  Қазтуған 
көшпенділердің  көне  жырларынан  нәр  алса,  Мұрат  Қазтуған 
көшін бастаған ноғайлы поэзиясының кәусар бұлағынан сусын-
дады.  Ноғайлы  дәуірінің  мұрасы  –  Мұраттың  ең  басты  мек-
тептерінің бірі екендігі дау тудырмайды. 
Ақынның  өзі  айтқандай  «кейінгі  туған  баланың»  қамы 
Мұратты  да  қатты  алаңдатады.  Ақын  өз  қара  басының  жайын 
ғана ойламайды, айнала қоршаған әлем, орта, қоғам, ел мен жер-
су бәрі де қырағы көзден тыс қалмақ емес. Осыны ойлаған ақын:  
...Мен қауіп еткеннен айтамын: 
Ақ борықтай иілген, 
Кейінгі туған баланың, 

43 
 
Ұстай ма деп білегін, 
Шая ма деп жүрегін. 
Шашын, мұртын қойдырып, 
Ащы суға тойдырып, 
Бұза ма деп реңін... 
Адыра қалғыр заманның 
Жаратпаймын сүреңін [34,110 б]. 
Мұраттың  ең  көлемді  шығармасы  «Қарасай-Қази»  жыры. 
Жырда Орақ батыр мен оның балалары  Қарасай және Қазидың 
әкелерінің  батырлық  дәстүрін  жалғастырған  ерлік  істері  сурет-
теледі. Көре алмаған ағайындарының арам әрекеттерінен қапия-
да  қаза  тапқан  Орақ  батырдың  өлімі  оған  сенген  елін  де, бала-
ларын да ойсыратып кетеді. Жырда Орақ батырдың өлер кездегі 
тілге келіп, досы Ақмырзаға айтқан сөзі ерекше баяндалады: 
Ақмырза досым келдің бе 
Орақты жатқан көрдің бе?.. 
Қос-қос орда, қос орда, 
Қосылып қонбас менен соң... 
Баса жайлап шет қонып, 
Ел қона алмас менен соң... 
Адам тілін білмеген, 
Басы шоқты қалмағың, 
Аузы түкті кәуірің 
Жан-жағыңды қамалып,  
Қала салар менен соң... [4,635] 
Әкелері  өлген  соң  жаудан  елін  азат  ету  міндеті  Қарасай 
мен Қазиға серт болып қалады. Шешелерінің ақылын алған қос 
батыр  жауға  шауып  елін  азат  етеді.  Жолдарында  ұшыраған 
көптеген  қиыншылықтар  өте  қызғылықты,  батырлар  жырына 
тән  әсірелей  көрсетіледі.  Жырдың  қысқаша  мазмұны  осындай. 
Жырдың  тілі  шұрайлы,  образдылығы  ақынның  ақын  ретінде 
өсіп, жетілгендігін білдіреді.  
ХІХ  ғасыр  ақындарына  тән  түрдің  бірі  –  арнау.  Бұл  та-
қырыпты  да  Мұрат  айналып  өтпейді.  «Айжарыққа»,  «Есенғали 
болысқа»,  «Есентемір  Тұрабай  болысқа»,  «Қарақожа  болысқа» 
деген өлеңдері осының дәлелі. 

44 
 
Мұрат шығармаларының жариялануы 
 
Қазан қаласында Кәрімовтар баспасынан «Мұрат ақынның 
Ғұмар  Қазы  ұлыны  айтқаны»  атты  өлеңі  1908  жылы  басылған. 
Одан  кейін  Ташкентте  1924  жылы  «Мұрат  ақынның  сөздері» 
деген атпен Халел Досмұхамедұлының құрастыруымен шықты. 
Мұрат  Мөңкеұлының  «Қарасай-Қази»  жыры  1943  жылы  басы-
лып  шықты  (Алматы:  ҚМББ),  «Алқаласа  әлеумет»  атты  кітап 
«Жазушы»  баспасынан  1991  жылы  жарық  көрді.  Алматыда 
«Арыс»  баспасынан  «Мұрат»  атты  жинақ  2002  жылы  шықты. 
Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан. 
Орталық ғылым академиясының ғылыми кітапханасының 
қолжазбалар  қорында,  Мұрат  ақынның  «Үшқиян»,  «Қазтуған», 
«Қарасай-Қази»,  «Қалмақтың  қарғысы»,  «Сарыарқа»,  «Мұрат 
Мөңкеұлының  шығармалары»  №593  папкада  сақтаулы. 
М.Әуезов атындағы «Әдебиет және өнер институтының қолжаз-
ба  қорында  №504  папкада  «Мұраттың  айтқаны»,  №97  папкада  
«Мұраттың аулына жазғаны» (ОҒК), «№1302 пакада «Мұраттың 
той бастары» (ОҒК) сақтаулы тұр. 
Мұрат шығармаларының ғылыми зерттелуі 
Мұрат  шығармалары  ғалымдар  тарапынан  көптеп  зерт-
телді. Ақын шығармалары туралы  құнды пікірлер айтылып жүр. 
Әдеби  орта  оң  бағасын  берген  төмендегі  зерттеулерді  беріп 
отырмыз.  Атап  айтқанда:М.Әуезов.Әдебиет  тарихы.  (Алматы: 
Ана  тілі,  1991),  Х. Досмұхамедұлы.  Аламан.  Алматы:  Ана  тілі, 
1991,  Ы.Дүйсенбаев.  ғасырлар  сыры.  Алматы:  Жазушы,  1970, 
Қ.Жұмағалиев.Қазақ әдебиеті. Алматы:  ҚМББ,1943, Қ.Мәдібай. 
зар заман ағымы. Алматы:Қазақ университеті, 1995, С.Мұқанов. 
ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер. 1-бөлім. 
Алматы:  ҚМББ,  1942,  Х.Сүйіншәлиев.  ХІХ  ғасыр  әдебиеті. 
Алматы:  Ана  тілі,1992,  Б.Омарұлы.  Мұрат  Мөңкеұлы  Алматы: 
Крамдс-Пресс,  1993,  Б.Омарұлы.  Бұғауға  бағынбаған  жырлар. 
Алматы:    Ана  тілі,  1998,  Б.Омарұлы.  Зар  заман  поэзиясы. 
Алматы: Білім, 2000ж. 
 
 

45 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
  1. 
Мұрат Мөңкеұлының өмірбаяны мен шығармашылығы. 
      
2. Мұраттағы зар заманның зары. 
      
3. Мұраттың толғаулары. 
      
4. «Қарасай- Қази» дастанының идеялық-көркемдік ерек-
шеліктері. 
 
Әбубәкір Кердері (1861-1905) 
 
Әбубәкір  1861  жылы  Жайық  маңайындағы  Теректі  деген 
жерде  дүниеге  келеді.  Ауыл  молдасынан  сауаттанғаннан  кейін 
Орынбор, Тройцкідегі мектеп, медреселерді бітірген. Одан кейін 
Орал,  Ақтөбе,  Орск,  Орынбор,  маңында  бала  оқытады.  Қазан 
революциясына  дейінгі  дәуірде  отарлаушылық  әкелген  орыс-
тандыру саясаты  кесірінен заманның азып,  адам құлқының бұ-
зылуына  қарсы  бірден  бір  құрал  мұсылманшылық-имандылық 
жол  деп  насихаттаған  ақындардың  бірі  және  көрнекті  тұлға 
Әбубәкір, Кердері еді.
  Кете Жүсіп сияқты шыққан руына қарап 
Кердері  атанып  кеткен  Әбубәкір  он  тоғызыншы  ғасырдағы  кі-
таби ақындардың  бірі. Оның түп тегі Кіші жүздегі Жетіру тай-
пасының Кердері руынан тарайды. Соның ішінде ол Таран деген 
тұқымның тумасы. Ел арасында «Таран таранып тойға бармаса, 
той той болмайды» деген мәтел бар екен. Соған қарағанда, бұл 
әулеттен ойын-тойдың әрін кіргізер әнші-күйші, сал-серілер кө-
бірек  шыққан  тәрізді. Ақынның  атасы  Айтқұл  батыр  болған. 
Әкесі Боранқұл сауыққой әншілігімен қатар он саусағынан өнер 
тамған  бесаспап  шебер,  зергер  ұста  болған  кісі.  Ұдайы  қол-
өнермен  шұғылданып  ер  шауып,  етік  тігіп,  сақина  соғып,  шо-
қиып  отыратын  болғандықтан  жеңгелері  әзілдеп  «Шоқан»  атап 
кеткен. Оның зайыбы Жансұлудың әулетінде де шешен сөйлеп, 
өлең  шығаратын  өнерпаз,  дарынды  адамдар  аз  болмаған.  Ата 
салты мен ана сүтінен нәр алған ақындық олардың үш ұлының 
үлкені Әбубәкірге дарыған. Әбубәкір Шоқанұлы Жайық бойын-
дағы Теректі өңірінде тауық жылы дүниеге келген. Патша өкіме-
тінің  жарлығымен  Теректі  жері  келімсек  казак-орыс  көшен-
деріне беріліп, жаңа қоныстанушылармен жанжалдасып ешқан-

46 
 
дай әділдік таппайтынына көзі жеткен Айтқұл ұрпақтары ауа кө-
шіп,  Ақтөбе  төңірегіндегі  кердерілерге  келіп  паналайды.  Бола-
шақ ақынның балалық шағы осында өтеді. Оның: 
 Біз Кіші жүз ішінде, 
 Кердері деген халықпыз. 
 Су ішінде балықпыз. 
 Аңдушы дұшпан көп болып, 
 Оралдан келіп қалыппыз, – дейтіні де тегін емес. 
Әбубәкір  Кердері  –  жастайынан  білім  қуып,  Орынбор, 
Тройцкіде оқып, медресе бітірген, әдеби де, діни де сауаты мол 
ақын.  Өз  заманының  оқыған-тоқығаны  мол  ұлағатты  азаматы 
ретінде  Орал,  Ор,  Ақтөбе  қалалары  маңындағы  қазақ  ауылда-
рында  ұстаздық  етіп,  бала  оқытып,  молдалық  құрған.  Ел  ара-
сында  бала  оқыта  жүріп  ол  замана  ағымы,  діни  тәрбие,  өнер-
білім,  қазақтың  өткендегі  және  қазіргі  хал-ахуалы  жайында 
өлең-жырлар, толғаулар жазады. Замандас ақындармен айтысқа 
түсіп,  ойы  ұшқыр,  пікірі  ұтқыр  жыр  дүлдүлі  екенін  танытады. 
Жаны жақын, ой-өрісі өрелес адамдарға өлеңмен хат жазады. 
Ақын өзінің өлең-жырларында бір жағынан халықты оқу, 
білімге шақырса, екінші жағынан қазаққа шарапаты тиіп, мектеп 
ашып, жастарды оқуға тарта бастаған сол тұстағы билікті де ма-
дақтайды.  Өнер-ғылымды,  отарба  сынды  машиналардың  шы-
ғуын мақұлдай отырып та ол өткенді аңсаудан арыла алмайды. 
Әбубәкірді  өлеңмен  сапарнама  жазған  («Орскіге  келген 
сапар») алғашқы қазақ ақыны деуге болады. Шежірені өлеңмен 
жазу  қазақта  ежелден  бар  дәстүр.  Әбубәкір  де  сол  дәстүрден 
айнымай,  Қазақ  шежіресін  өлеңмен  өзінше  түзген.  Оның  көпті 
көрген, көкірегі даңғыл қариялардан жазып алған, тарихтан сыр 
шертетін  асыл  қазыналары  да  аз  емес.  Әбубәкір  Кердерінің 
өлеңдері  оның  көзі  тірісінде,  «Әдеби  қазақия»  деген  атпен 
Қазандағы  Кәрімовтер  баспасынан  екі  мәрте  жарық  көрді.  Ес-
телік-деректерге  қарағанда,  оның  жай  айтқан  сөзінің  өзі  ұйқас, 
ырғаққа түсіп, құйылып отыратын көрінеді. 
Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, 
Бір-бірін жамандықтан сақтамаса. 
Бүгін тату болса да, ертең араз, 

47 
 
Достығы бүгінгінің таң-тамаша. 
Бұл күнде шоқ асылдың базары жоқ, 
Жүйріктен мәстек озды тамағы тоқ. 
Аузыңмен құс тістеген би болсаң да, 
Басыңнан бақыт тайса тарқайды топ. 
Ақын  туған  елі  ғана  емес,  қырғыз,  қарақалпақ,  түрікмен, 
өзбек,  ұйғыр,  татар,  башқұрт  арасына  да  мәлім  болған.  Ақын 
шығармалары  1902,  1905  жылдары  Қазан  қаласында  екі  дүркін 
жарияланды.   
Қазақ  жырларының  ақпа-төкпе  ақындық  дәстүрінен,  әрі 
шығыс елдерінің жазба әдебиетінен  өнеге алған Әбубәкір шы-
ғармалары  дін,  инабаттылық  мәселелерін  насихаттауымен,  әрі 
сол уағыздарын ақындық шабытпен еркін, келісті, қисынды жет-
кізуімен  халық  жүрегіне  жол  тапқан  еді.    Демек,  осы  жайлар 
Әбубәкір  атын  Қазақстан,  Орта  Азия  аумағына  мәшһүр  етті. 
Ақын ұзақ жылдар бойы ауырып, дүние салған. Әбубәкір ақын 
зираты  Ақтөбе  облысы,  Алға  ауданы,  Жаманағаш  атанған  кол-
хоздың, Жабасай төбесіндегі қорымда.  
Әбубәкір поэзиясының негізгі идеясы мен көтерген тақы-
рыбының  аясы  мен  шығармашылық  өмірбаяны  туралы  сөз  ет-
кенде оның өмір сүрген ортасы мен уақытын ескеру керек.  Бұл  
Ресей империясының қазақ жерінде  отаршылдық пен орыстан-
дыру саясатының асқынып тұрған  кезі болатын. Патша үкіметі 
Жайықтан өр Алтайға дейінгі аралықты өз мүддесіне пайдалану 
мақсатында  өнеркәсіп  орындарын  ашты.  Аймақта  сауда  өркен-
деді. Қарқара, Қоянды, Никольский, Ойыл сияқты барлығы жет-
пістен  аса  жәрмеңкелер, тұрақты және  көшпелі  сауда  жүйелері 
дамыды. Ресей империясының  қоныстандыру саясатының сал-
дарынан  ауыл  өмірі  күрт  өзгерді.  Еркіндікпен  көшіп-қонып, 
шаруашылығын  жүргізген  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы 
пайдаланған  шүйгін  де  шұрайлы  ата  қоныстарынан,  шөл  - 
шөлейтті далаларға ығыстырылды.  Патша өкіметі 1893 жылдан 
1905  жылға  дейінгі  он  екі  жыл  ішінде  қазақ  халқынан    4  млн. 
десятинадан артық жерді тартып алды. Бұл жергілікті халықтың 
ғұрыптық  шаруашылығына  үлкен  нұқсан  келтірді,  1868-1891 

48 
 
жылдары  қазақ  даласында  әкімшілік  өзгерістерді  іс  жүзіне 
асырды.  
Осының  бәрін  көріп,  сезіп  отырған  қашан  да  ел  қамын 
жеген ақын-жыраулар бұл өзгерістерді  қабылдай алмай қинал-
ды. Сол себепті де   Әбубәкір де осы тақырыпта былай деп жыр-
лайды: 
Жалған сөз азаматқа болды оңай,  
Замана болды халқым, әлде қалай?.. 
....Құдайым өзі сақтап оңғармаса, 
Болып тұр бұл замана судай лай. 
Бұрынғы өткен билер сондай еді 
Қақ жарған қара қылды қандай еді? 
Қызығып дүниаға жолы айтпаған, 
Ақылы жанып тұрған шамдай еді. 
Ақын  осылай  деп  қинала  келіп,  бұрынғы  ел  бірлігін    қа-
зақтың  халық  ретінде  тұтас  болып  тұрған,  ешқандай  алауыз-
дыққа бой алдыра қоймаған кезін аңсайды: 
Арқаның алпыс екі саласын, 
Қазағым тегіс орнаған. 
Ақсүйектен хан қойып, 
Ақсақалдан би қойып
Төресін ғаділ жолдаған. 
Жердің шегі Жайық деп, 
Жайықтан өтсең ғайып деп,  
Қырға қарай дұшпандар 
Аттың ізін салмаған. 
Баланы таза өсіріп, 
Құдайым сөйтіп оңдаған. 
Жүзден бие байлаған. 
Атаны бала құрметтеп, 
Ағаны іні сыйлаған... 
....Заманның түбін барлаймын, 
Бұрынғының бірі жоқ, 
Жақсылардың күні жоқ, 
Соларды жоқтап зарлаймын! 
Халық ұстаған хандарды, 

49 
 
Жас балалар тергеді. 
Не жамандар түзеліп, 
Жоғары қарап өрледі. 
Жүрегі ат басындай ерлерім. 
Басқа ақындарға қарағанда Әбубәкірдің ой – пікірі, бағы-
ты,  көзқарасы  жағынан  өзгешелігі  болды.  Ол  өзі  сөз  еткен  та-
қырыптардың кейбірі туралы біріне – бірі қайшы екі түрлі пікір-
лер айтады. Ақынның «Заманның халіне айтқан сөздері» өлеңін-
де басынан - аяқ Александр патшаны марапаттайды.                               
         Азырақ бұл қағазға шиғыр жаздым, 
          Осылай  ақсақалдар  жаз  деген  соң  –  дегенінен  ақсақалдар 
тарапынан  тапсырылған  іс  болғандықтан  амалсыз  жазып  отыр-
ғандығы  айқын  көрінеді.  Әйтеуір  ауыл  ішіндегі  тапсырманы 
амалсыз орындап отырғандығын жасырмайды. 
Сақталған  деректерде  Әбубәкір  бірнеше  жыл  болысқа 
хатшы  болып  қызмет  істеген.  Болысқа  хатшы  болу  басының 
билігі өзінде еместігін білдіреді. Мүмкін бұл өлең сол жылдар-
дың  еншісінде  шығар.    Ақынды  қазақ  қоғамында  отарлаушы-
лардың әсерінен әділетсіздік етек алып, қазақ психологиясының 
өзгеріп, үлкенді - кішінің сыйламауы, менмендік пен өсек - өті-
ріктің өршуі, халық ұйыған дін, имандылықтың аяқ асты болуы 
қатты ойландырды. 
Қалай қарап жел соқса, 
Солай қарап майысқан. 
Біздің қазақ балдырған 
Атқа мінген жақсыға, 
Патшалы жұрт шен беріп, 
Сыйлап есін тандырған. 
Ел ішіндегі бас көтерер жандардың да өзі шен - шекпенге 
сатылып, өзге жұрттың етегінде жүріп, айтқанына көнді. 
Астрахан елі осы күн, 
Патшаға қылар қызмет. 
Бәрін бағындырып алған соң, 
Біздер қайда барамыз. 
Шарқ айналып шахардың, 
Бәрін де құрсап болған соң? 

50 
 
деп ақын шарасыздыққа маңдай тірейді:  
           Аруақты туған ерлер таусылды, 
          Дұшпанды көрсең қайғырған – 
деп  қысыла  аһ  ұра  күрсініп,  бұл  шарасыздықтан  шығар 
жол іздеді. Тәңірінен көмек болмаса амалы құрыған ол: 
....Орысқа болып қамқоршы. 
Мұсылманның ұлынан, 
Қызыр Ілияс шегінген. 
...Алладан жәрдем болмаса,  
Пенде ғаріп не қылсын? 
Адамзаттың бұл дүниеде сүйенер соңғы тірегі – дінге бай-
ланыстыра толғайды. Өлең - жырларының бастауын әр кезде де 
халық ұйып, сенген дін, шариғат жолымен бастап,  жалғастырып 
әкетеді. 
Жараңдар кеңес жазайын, 
Үшбу дәптер қағазға, 
Ақымаққа таяқ деген бар. 
Ақылы қысқа сабазға. 
Мұсылман болсаң – іждат қыл, 
Иман, ораза, намазға. 
Әбубәкір  де  жыраулар  жолымен  өмір  туралы  өзінің  түй-
гендерін  жыр  жолдары  арқылы  өрнектеген.  Бұл  айтқанымызға 
ақынның: «Жараңдар кеңес жазайын», «Азырақ кеңес жазайын», 
«Ауырып жатқанда айтқан екінші сөзі» т.б. шығармасы мен тол-
ғаулары дәлел бола алады. Үзінді келтірсек: 
...Өзекті жанға өлім бар, 
Уақыты жетсе құдайым, 
Кім-кімді де алады. 
Өзімнен бұрын күнәм көп, 
Соған бір ішім жанады. 
Ләйләтіл қадр түнінде, 
Аспаннан жауған айқын нұр, 
Таңдайға қайтсем тамады?[24,306 б] 
Осы өлеңі арқылы ол адамдардың дені сау кезінде Аллаға 
тәубе келтіруі керектігін айтады және қандай да бір күнә болар 
нәрселерден сақтанып жүруге шақырады. 

51 
 
Әбубәкір  шығармаларында  дін  тағылымына  деген  адал-
дық негізгі діңгек болғандығы шындық. Біреудің ала жібін атта-
мау,  иманды  болу,  өтірік  айтпау  тәрізді  Мұхаммед  хадистерін 
берік ұстаған ақыннан күрескерлік рух жетіспеді деу күпіршілік 
болар. Ақын заманының бұзылуының сыртқы әсерін патшаның 
отаршылдық  орыстандыру  саясатынан  көрсе,  ішкі    әсерді 
адамдардың  дін  қағидаларымен  ұштасып  жататын  имандылық-
тан айырылуынан деп білді. Бұл тұйықтан шығар жол – елдің өз 
салт – санасынан, тіл, діл мен дінінен ажырамай, білім, ғылым – 
ілім үйрену арқылы ғана жетуге болады деп түсінді. 
  Сол себептен: 
....Оқып, біліп, жолдаңыз, 
Орысша, ғылым білмесе. 
Еш пайдаға аспады, 
Мұсылманша молдаңыз, 
Алашқа пайдаң тимесе, 
Өз басыңды қорғаңыз. 
Шекесіне тиген соң, 
Айтып, айтып сөйледі
Әбубәкір молдаңыз. 
Әбубәкір  ақынның  өмірінен  көп  мағлұмат  беретін  «Ауы-
рып  жатқанда  айтқан»  өлеңіндегі  адамның  туғаннан  бергі  жа-
сын, тізбектей жырлау қазақ әдебиеті дәстүрінде бұрыннан бар. 
Ал,  Әбубәкір  өлеңінде  әр  жаста  өзінің  істеген  іс,  қызметтерін 
көрсете келе, көңілге қонымды әсем теңеулермен жеткізе білген. 
Осы  өлеңнен  білгеніміздей  ауыл  молдасынан  (тоғыз  жасынан) 
хат танып, түркі, араб тілдерін игерген  Әбубәкір зейінді, білімді 
мінезіне  көркі  сай  адам  болған.  Әлбетте,  Әбубәкірдің  сипаты 
мен ақылдылығы талайларды сұқтандырса керек. Сондықтан да 
ақын  өзінің  жазылмас  дертке  ұшырауын  Ахмет  пен  Аққұлдың 
тілі тиген деп күдіктеніп былайша сипаттама береді: 
Тап болдым Қарақамыс базарында, 
Өзіне таныс едім өз алдына. 
Көзі тік, түсі сұрғыл, тілі қатты, 
Жоқ екен игесіні ажарында. 
.... Солардың тілі болды маған найза, 

52 
 
Болмайды шешендіктен жанға пайда. 
Ақын  жиырма  жеті  жасынан  бастап  осы  ауруға  шалды-
ғады.  Әбубәкір ақын өзі де «Ауырып жатқанда айтқаны»  атты 
өлеңінде; 
Ұшырадым бұл дертке, 
Қоян жылдың жазына. 
...Қатыным алған өлген соң, 
Алып бер деп бір қызды. 
Шонтыұлы Құлбатыр 
Айттым соған базына. 
Алып берді себептеп – дейді. 
Өлеңде келтірілген  Шонтыұлы  Құлбатыр  Қаба  Қобда бо-
лысында (Ақтөбе уезінде) бірнеше жыл болыс болған. Заманмен 
бірге адам да өзгерді, қазақты енді қандай өмір күтіп тұр деген 
ой қаумалайды ақынды. Оның белгісі:         
 
Қарттардан кетті ауырлық, 
Сопыдан кетті сабырлық, 
Төмен басты заманды, 
Біз заманға не қылдық [6,274 б].  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет