Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,17 Mb.
#1644
1   2   3   4   5   6   7   8

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  ХІХ  ғасырдағы    қоғамдық-әлеуметтік,  саяси  жүйеге  жалпы 
сипаттама. 
2. ХІХ ғасырдағы ақын-жазушылар туралы  шолу түріндегі мәлі-
мет жасаңыз. 
 3. 
ХІХ ғасырдағы зар заманның жағдайы

Әдеби мұраға көзқа
рас.  
 4.Әдеби шығармалардың маңызы. 
 

14 
 
2 ТАРАУ. ЗАР ЗАМАН ПОЭЗИЯСЫ 
2.1. Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы 
 
  Зар  заман  ақындарына  тән  ортақ  қасиеттер  туралы 
М.Әуезов:  «Бұлардың  сөз  қылған  жайлары  басқа-басқа  сияқты 
болып, атаған емдері де әртүрлі болғанымен, барлығының басын 
қосатын  ортақ  жері  бар.  Ол  ортақ  жері:  заман  халінің  қайғы-
сынан  туатын  өкініш,  зар;  өткенді  ойлап,  күрсініп,  сағынып, 
қазіргіден  қажып,  торығу,  алдыңғыдан  қорқу,  сондықтан  ыңы-
ранып,  зарланып,  зарығу»  [2,195  б]деген  еді.  Ресей  империясы 
отарлаушыларының  озбырлығы  мен  сұрқия  саясаты  зар  заман 
ақындарының  өлең-жырларында  жан-жақты  суреттеледі.  Қазақ 
халқының  шұрайлы  жерлерін  тартып  алып,  ұрпағын  аздырып, 
діннен  аулақтату  сықылды  империялық  пиғылдың  жүзеге 
асуына  қарсыласу  қозғалысы  зар  заман  ақындарының  қайрат-
керлік  поэзиясын  өмірге  әкелді.  Бұрынғы жыраулар  поэзия-
сымен  үндесіп  жататын  өршіл  рухпен  қатар  зар  заман  ақын-
дарының  шығармаларында  сары  уайымға  салыну,  қайғы-мұңға 
берілу сарынының байқалуы да заңды құбылыс. Бұл кезең ақын-
дары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шыға-
тын  жол  таппай  қиналады. Олар  елдің  басына  түскен  нәубетті 
ақырзаманның  келгені  деп  ұғады.  Бұл  жердегі  ақырзаман  – 
әлемет  апат,  жер  бетіндегі  нәрсенің  тып-типыл  болуы    емес, 
отаршылдықтың  уысына  мықтап  түскен  ұлттың  күйреуі  сипа-
тындағы ақырзаман.  
Зар  заман  ақындары  отаршылдықдықтың  белең  алуынан 
бастап  қайраткерлік  биікке  көтерілді.  Ақындар  бар  қажыр 
қайратын  жұртының  санасын  оятуға  жұмсады.  Олар  ел  басына 
төніп  келе  жатқан  қатерді,  зорлық  –  зомбылықты,  алдын  –  ала 
түсініп, одан келер зардаптарды күнілгері тайға таңба басқандай 
айтып берді.  Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кей-
бір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің 
келмеске кетіп бара жатқанына қынжылып, өздерінің өткір сөз-
дерімен де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқи-
ғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды.  

15 
 
Бұл  жайында  ғалым  Б.Омаров:  «Ұлт  менталитеті  –  отар-
шылдыққа қарсы жырлардың негізгі ұстыны. Басқыншылар елді 
ойрандап, езгіге ұшыратқан тұста поэзиямызда ұлттық иммуни-
тет бой көтерді. Ол елдің барлық бөлігін қамтыған жаппай қар-
сылық  жырларына  қозғау  салды.  Бір-бірін  өмірінде  көрмеген 
ақындар  бір  уақытта,  бірдей  сарынмен  үн  қатты.  Сол  арқылы 
қазақ  поэзиясында  отаршылдық  дәуірдегі  қазақ  ұлтының  қасі-
ретнамасы жасалды» [19]. деп жазды.  
Осы  сынды  ақындар  туралы  В.Радлов:  «Мұндай  кітап 
өлеңді  шығарушылар  –  моллалар,  сауатты  қазақтар.  Олардың 
сөз  оралымдарында  исламның,  кітаби  тілдің  әсері,  табы  айқын 
сезіледі» деп, орынды пікір айтқан [20, Б. 18].  
Зар  заман  ақындарының  көпшілігіне  тән  ерекшелік  – 
келешек  өмірді  көрегендікпен  көре  біліп,  алдағы  күндерде  ел 
жағдайын  анық  бейнелеп  айтуы.  Бүгінде  олардың  айтқандары 
расқа шығып отырғанын көреміз. Кеңестік дәуір кезінде аталған 
ақындардың шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Соған 
қарамастан  зар  заман  ақындарының  шығармашылығы  әр 
жылдарда  зерттеу  нысандарына  айналып  отырды.  1978  жылы 
Ленинград  қаласында  М.Мағауиннің  құрастыруымен  «Поэты 
Казахстана» жинағында зар заман ақындарының отаршылдыққа 
қарсы айтылған бірқатар өлеңдері жарияланды.  
 Сонымен  бірге  зар  заман  ақындары  қазақ  поэзиясын, 
дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, көркемдік жағынан 
байыта түсті. Ұлттық поэзиямызды мазмұны жағынан байытуға 
өз үлестерін қосты. 
Ғалым  М.Мырзахметов  бұл  жөнінде:  «Ол  отаршылдық 
саясаттан туындап отырған ел билеу жүйесіндегі әділетсіздікке 
қарсы батыл үн қатқан ақындар поэзиясындағы басты сарында 
жатыр.  Поэзиямыздағы  басты  сарын-отарлаушы  әкімдер  жүр-
гізіп отырған қатыгез саясат пен ел билеуші жергілікті сатымпаз 
атқамінерлердің отаршылдармен тіл табысып, ортақтасқан әре-
кетіне  қарсылықтан  туындап  жатқан  табиғи  наразылықтың  кө-
рінісі демеске болмайды» деген еді [8,183 б]. 
Дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  бұрынғы  қалыптасқан  құн-
дылықтардың  өзгеруі,  елді  басқару  жүйесінің  басқа  санатқа 

16 
 
ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі 
зар  заман  ақындарын  тарих  сахнасына  шығарған.  Олар  халық-
тың  жай  күйін  ойлаған  ұлт-  қайраткерлері  ретінде  танылды. 
Олардың шоғырлары халықтың салт-дәстүрлерді қабығы бұзыл-
маған  қалпында  сақтауға,    ұлттың  –  бітімімен  ажырамауға  үн-
дейді. Еркіндікпен бостандықтың, дәстүр мен европалық метро-
полиядан  еңген  жаңа  тәртіптердің  шегінен  шиеленісуі 
Шортанбай,  Дулат  және  Мұрат  сияқты  «зар    заман»  ағымы 
ақындарының  шығармалары  арқылы  қабылдады.  Олар  ХІХ  ға-
сырдағы қазақ өміріне тән барлық құбылыстарды аяусыз сынай-
ды.  Әлеуметтік,  үйлесімділік  уақыты  ретінде  өткен  дәуірді 
идеяландыра отырып  ,  бүгінгі  заманның келешегінен  де  үмітін 
үзіп,  түңіледі,  қауіп  жұбататын  ешнәрсе  таппаған  Зар  заман 
ақындарының  кеудесін  кернеген  мұң,  зар  ,  шер  әбден  күнәға 
батқан  «замандастарының  құлағына»  жете  қоймайды.  Қазақ 
халқының шырайлы жерлерін алып, аздырып, діннен аулақтату 
сияқты  империялық  пиғылдар  жүзеге  асуына  қарсылас  қозға-
лысы  зар  заман  ақындарының  қайраткерлік  поэзиясын  өмірге 
әкелді. 
Дулат Бабатайұлы (1802-1874) 
Дулат  Бабатайұлы  -  патшалық  Ресейдің  қазақ  өлкесін 
отарлау  кезеңін,  ол  әкелген  зорлық-зобалаңдарды  көзімен  көр-
ген, соған барынша қарсыласып, ел жайын ойлап, халықтың бо-
лашағына мейлінше алаңдаған адамдардың бірі.  
Дулат 1802 жылы Аякөз өзенінің маңында дүниеге келген 
(Қазіргі  Шығыс  Қазақстан  облысы).  Кедей  отбасынан  шыққан 
ол ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауатын ашқан. Өз за-
манының  оқыған,  сауатты  адамы  болғандығы  өлеңдерінен  кө-
рінеді.  Өлеңдерін  қолжазба  ретінде  тізіп,  жазып  жүрген.  Бір 
жерде  отырып  қалмай  ел  аралап,  жер  көріп  әр  жердегі  жағ-
даймен танысып,  өлеңдерін айтып, басқа да ақындар шығарма-
ларымен  танысу  –  сол  кездің  ақындарының  көпшілігіне  тән. 
Дулат та Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Арқа жерлерін 
аралап, айтыс, әзіл-қалжың ретіндегі өлеңдерімен ел көзіне ша-
лынып жүреді де, өсе келе ауыл арасы өлеңдерінен басқа, елдің 
жағдайынан  сыр  шертетін  әлеуметтік  мәселелерге,  қоғамдағы 

17 
 
болып  жатқан  келеңсіздіктерге  қарсы  шығып  өлеңдерінің  та-
қырыбын  сол  арнаға  бұрады.  Өзі  өмір  сүріп  жатқан  қоғамның 
жағдайына көбірек алаңдайды. Ол атап көрсеткен «ақыр заман» 
белгілері  де  қадау-қадау.  Олар:  пайда  қуған  алыпсатарлар,  ел 
билегіш  күштілердің  әділетті  болмауы,  кедей-кепшік  жағдайы-
ның  ауырлауы,  алым-салықтың  көбеюі,  ақша  мен  сауда-сат-
тықтың өршуі, ел бастар азаматтың сатымпаздығы, дінді желеу 
етіп  білгірсіген  құр  кеуде  молдалар.  Көркем  шығармаға  өмір 
шындығының  арқау  болуы  жөнінде  Қ.Жұмалиев:  «Қай  халық-
тың  әдебиеті  тарихына  көз  жіберсек  те  сол  халықтың  өмірі, 
әлеуметтік-тарихи  жағдайларымен  әдебиеттің  тығыз  байланыс-
ты  дамитындығын  көреміз»,  –  дейді  [21,  Б.  153].    Олай  болса, 
қазақ ақындарының шығармаларына сол тұстағы өмір шындығы 
арқау  болғандығы  рас.  Ендеше  қазақ  елінің  сол  тұстағы  тари-
хынан  сыр  шертер  Дулат  шығармаларына  көз  жіберсек  ол  бы-
лайша көрініс берер еді:  
 
Кешегі бір заманда, 
Қайран қазақ, қайтейін, 
Қасиетті еді хан, қараң. 
Мынау азған заманда, 
Қарасы антқор-ханы арам, 
Батыры көксер бас аман; 
Бәйбіше тантық, бай-сараң; 
Бозбаласы бошалаң, 
Қырсыға туды қыз балаң,  
Нары жалқау кер табан, 
Құсы күйшіл, ат шабан, 
Жырғалаң жоқ, жобалаң, 
Ебі кеткен ел болды, 
Енді қайда мен барам!? [22, Б. 198] 
 -деп бұрынғы хандар билеп тұрған заманда тәртіп бар еді, 
мына жаңа заманмен бірге адам да өзгерді, ел билеушілер іштен 
шіріп  заман  солға  кетті  деп  жар  салады.  Дулаттың:  «Қазіргі 
қазақ ұлығы, жаман иттен несі кем?» деген ойы сол заман бас-
шыларының  бет-пердесін  ашып,  мінез-құлқын  беруге  үндесіп 
жатыр.  Ұлықтар  мен  бектерді  өлтіре  сынау  көрінісі    Дулатта  

18 
 
«Азған елдің бектері,  Қан шықса, елін жұлмалар, Қасқырменен 
аралас» деген тіркестермен беріледі. Ақын өзінің толғауларында 
Ресей  отаршылдығымен  бірге  келген  сауда,  ақша,  ел  билеу 
тәртібінің  өзгеруіне  ашық  наразы  болады.  Бұрынғы  билер  әділ 
еді қазіргі би дегеніңіз әуелі елді өзі алдайды, жағымпаздық пен 
сатымпаздықтың  өрескел  түрлеріне  барады,  елі  үшін  емес  өз 
құлқыны  үшін  неден  де  тайынбайды  деп  қанына  қараяды. 
Соның бір мысалы ретінде: 
Заманымыз бұзылды, 
Қияметтің төріндей. 
Аға сұлтан қазының
Ел сілкінді ісінен. 
Ауылдың атқа мінері, 
Жемтікке қонған күшіген. 
-деген  өлеңін  алуға  болады.  Осы  тақырыптағы  біршама 
өлеңдерінде  ащы  мысқыл,  әжуа  көрінеді
,  бектер  мен  билердің, 
сұлтандардың  типтік  бейнесін  көз  алдымызға  дәл  бейнелеп 
әкеледі.  
Майырдың алса бұйрығын, 
Борбайға қысып құйрығын, 
Ел пысығы жортады, 
Өзі елді қорқытып, 
Онан өзі қорқады...     
             
 
Немесе 
 
Шен-шекпенге құмартқан, 
Қанталап көзі мұнартқан. 
Саудалап елін тиынға 
Құмартып патша сыйына...  
-  деп  аямай  сөгеді,  күлкіге  айналдырады,  ащы  сөздермен 
жеріне  жеткізе  қаралайды.  Ойын  еліне  қорған  бола  алмаған 
бейшара билерді тілдеумен қорытындылайды: 
Би мен бектің сәні жоқ;  
Елін қорғай алмаса, 
Тура жолға салмаса, 
Ыстығына күймесе, 
Суығына тоңбаса. 

19 
 
Қандай  жағдайда  еліміздің  шетіне  жауды  кіргізіп  алдық 
деген  ой  ақынның  жанын  жай  таптырмайды.  Ел  сенген  бас-
қарушының жау сөзіне алданып, аңдамай қадам басуының арты 
қандай күндерге әкелгенін тап басып көрсетеді. «Балық басынан 
шіриді»  демекші  ең  алдымен    басқарушы  болыс,  билердің  таза 
болуының  керектігіне  баса  назар  аударады.  Себебі,  ол  жалғыз 
емес артында  өзіне сенген елі бар, ата-баба қанымен суарылып 
келген  жері  бар.  Олардың  ең  бірінші  міндеті  халық  игілігіне 
қызмет  ету,  тура  сөйлеу,  білікті  билік  айту,  елді  бірлікке  ша-
қыру,  ел  шетіне  жақындап  қалған  қандай  да  бір  қауіпті  алдын 
ала  сезіп,  елді  одан  дер кезінде  сақтандырып  отыру.  Малға  ал-
данып  көздері  мен  саналары  мұнартқан  олар  болса  оның  бәрін 
ұмытты,  қисық  жолға  өздері  ғана  түсіп  қоймай  артынан  ерген 
халықты  адастыра  бастады,  жар  астында  жау  бар  екенін  ұмыт-
ты.  Осы  кезде  ел  арасынан  шыққан  көзі  қарақты  ақындар  оған 
төзе  алмады,  қамалаған ойлар  мен  ашындырған осындай жайт-
тар ақын  өзегін өртеді. «Дулат жырауды XVІІІ ғасырдың екінші 
жартысы  мен  ХІХ  ғасырдың  40-50  жылдарға  дейінгі  аралықта 
қазақ  халқы  басынан  кешкен  экономикалық,  қоғамдық,  тарихи 
жағдай  туғызды»,  -  деген  Құлмат  Өмірәлиевтің  пікіріне  сүйен-
сек,  ащы  запыран  болып  төгілген  өлеңдер  міне,  соның  айғағы 
дер едік. Осындай өкінішті Д.Бабатайұлы шығармаларынан кө-
руге болар еді. 
Күнбатысқа көз салмай, 
Күншығысты еске алмай… 
Бізді алатын жау жоқ деп, 
Бізден мықты дәу жоқ деп, 
Алды артыңды байқамай, 
Маған не бар дескенсің. 
Болашақты болжамай, 
Жол сауданы олжалай
Ақбөкендей алданып, 
 Жылқыдай делбе сандалып, 
Ортасына кәпірдің, 
Аңдамай келіп түскенсің [23, Б. 102]. 

20 
 
Елдің  азып,  өз  жеріне  қожалық қылудан  қалғанына  қазақ 
ақындары  істерге  айла  таппай,  дінді  таяныш  етеді.  Дулат  ақын 
өлеңдерінде  «Құран  кітаптарды  оқыдым»,  «молдаға  жүгіндім» 
деген  сияқты  сөз  тіркестері  көп  қолданылады,  сауатын  мұсыл-
манша ашқан ақынның дін ілімдеріне жетіктігі байқалады. Елді 
алдаған  молдалардың,  ишандардың  білімсіздігі  мен  құлқын  қа-
мымен  елді  алдап,  адастырып  жүргендерін  өткір  сөздерімен 
түйрейді: 
Нәпсіге ерген моллаңыз, 
Кітапты жақсы білмейді, 
Кітап ұстап айтқан соң,  
Жалған сөзі шынмен тең. 
Міне,  иманды  деген  молдалардың  сиқы!  «Аңқау  елге 
армза молда» деген осыдан қалса керек. Оларға да бір зауалдың 
барын,  құдай  алдына  бір  барарын,  «тозақ  оты»  дегеннің  бар 
екенін, «мақшар» күнінің боларын ескертеді. Қулық-сұмдықтың 
бәрі бір нәпсіні тыя алмағандықтан екенін баса айтады. 
...Таңда махшар күнінде, 
Құрылады таразы. 
Залымның қылған күнәсі, 
Кәлима- и шәһадат, 
Тәмәм кітап арасы [22]. 
Дулаттың:  «Қазіргі  қазақ  ұлығы,  жаман  иттен  несі  кем?» 
деген  ойы  үндесіп  жатыр.  Ұлықтар  мен  бектерді  өлтіре  сынау 
көрінісі  Дулатта ол «Азған елдің бектері, Қан шықса, елін жұл-
малар, Қасқырменен аралас» деген тіркестермен беріледі. 
Елің түсті езгіге, 
Жол бермей дұрыс сөздіге, 
Көр соқыр бермей тізгінін, 
Көкірегі көздіге, 
Елдің қамын жейтұғын, 
Мынауың теріс дейтұғын, 
Шетке қарсы тұратын, 
Ішіңнен шыққан адам жоқ   [24,177 б]. 
Елден адал басшы кетті ел мен жер «ұстағанның қолында, 
тістегеннің аузында» кетті деп аһ ұрады.  

21 
 
Зар  заман  ақындары  шоғырының  белгілі  өкілі  –  Дулат 
Бабатайұлы  қазақ  халқының  дәстүрлі жыр  үлгісін  түр  жағынан 
өзгертіп,  өлеңді  көркемдеп  кестенің  жаңа  үлгісін  жасады. 
Дулаттың  басқа  ақындардан  бір ерекшелігі  мысал  жанрына  қа-
лам  тартқандығы.Оның  «Сары  шымшық»,  «Шаштараз»,  «Қара 
қарға жем тілеп» атты мысалдары осының айғағы.  
Дулат  Бабатайұлының  ерекше  бөліп  алып  қарастыратын 
еңбегі  «Еспембет»  дастаны.  Батырлар  жырының  үлгісінде  жа-
зылған  бұл  дастанның  жастарды  ел  қорғауға  үндейтін,  ата-ана 
байлығына  мастанбай  барлық керектіні  әр  адамның  өзі  жасауы 
керектігіне  уағыздайтын  маңызы  бар  шығарма.  Биік  рухты, 
адамгершілік,  ел  алдындағы  парыз  сияқты  құндылықтарды  дә-
ріптейді.  Шығарма желісі  қызықты,  тартымды  баяндалады.  Бас 
кейіпкер  Еспембет  –  жетім  бала.  Астына  мінген  аты  Ақбөрте. 
Ақтанберді,  Қабанбайлар  тобында  қалмақтарға  қарсы  соғысқа 
қатысады.  Қартайып  қалған  Ақтанбердінің  орнын  басқан  жас 
Еспенбет  қалмақтарды  жеңіп  елін  көп  олжаға  батырып  жаудан 
азат етеді, өзі сол олжадан ештеңе де алмайды.  
Қалмақтың басы белінде, 
Бақ құсы қонып басына, 
Еспембет келді еліне- деген жолдардан адам бойын, 
батырдың ерлігене сүйсінуден туған қуаныш кернейді. 
«О, Барақ жас, барақ жас» атты өлеңінде патша отаршыл-
дығының  теріс  пиғылына  қарсы  тұра  алмай,  елін  қоса  тонап 
жатқан  билердің  бейнесін  берсе,  «О,  Ақтан  жас,  Ақтан  жас» 
деген өлеңінде болашақта сендей жастар шығып осының бәріне 
тыйым болар ма екен деген үміттің отын жаға сөйлейді, алдағы 
күннен  жақсылықтар  күтетін  оптимистік  тұрғыда  ойын  аяқ-
тайды.  
Жариялануы  және  ғылыми  зерттелуі.  1880  жылғы 
Қазан қаласында басылып шыққан «Өсиет нама» кітабына ақын-
ның өсиеттері және толғаулары енген.  
Қ.Раевтың  құрастыруымен  Дулат  шығармалары  «Өсиет-
нама өлеңдер мен дастандар» деген атпен жарияланды (1 кітап, 
Алматы: Раритет, 2003),            

22 
 
М.Байділдаев  пен  М.Мағауиннің  құрастыруымен  шыққан 
«Бес  ғасыр  жырлайды»  атты  екі  томдықтың  бірінші  томында 
Дулаттың  біршама  өлеңдері  жарық  көрді.  Сонымен  қатар 
Дулаттың  «Орталық  ғылыми  кітапханасының»  қолжазба  қо-
рында  бірқатар  өлеңдері  сақтаулы.  Олар:  1302  папка    (ОҒК) 
«Әуелі  қазақ  деген  ғаріп  жұрт»,  «О,  Барақ  жас,  Барақ  жас», 
«Тегімді  менің  сұрасаң,  қалың  найман  руынан),  «Кеңесбайға», 
«Ел аралаған ишанға айтқаны», «Ақтан деген жетім балаға айт-
қаны» 
«Баласына  айтқаны»,  1-дәптер.1302.
  2-дәптер.  «Еспенбет» 
дастаны.  «Ей,  мұсылман,  қарындас»,  «Алақандай  ай  мен  күн», 
549  папка.  Бабатайұлы  Дулаттың  шығармалары.  879  папка. 
Дулат  жырлары.  140  –дәптер,  139  –  дәптер.  «Жапанға  біткен 
жантақ»   
Ғалым  Х.Сүйіншәлиев  Дулат  өлеңдерінің  сақталып  бізге 
жетуі туралы: « ... Ғаббас Байділдәұлы мен Шәкір Әбенұлының 
еңбегі  ерекше.Бұл  азаматтар  Дулаттың  өзін  көрмесе  де  оны 
көрген  Байділдә  ақсақалдың  қолжазбасын  сақтап,  ғылыми  көп-
10,5  Қазақстан  ғылым  академиясының  «Әдебиет  және  өнер» 
институты қолжазба қорындағы Дулат өлеңдерінің біразы (1500 
жолдай)  соның  сақтауы  арқылы  жеткен»  деп  келтіреді.(Қазақ 
әдебиетінің  тарихы.  Оқулық.  –  Алматы,  «Санат»,  2006.  –  904 
бет). 
Берікболов  Елеусіз,  Ш.Кәрібаев,  Мәулекей  Есімұлы, 
Сапарғали  Бегалин,  Шәкір  Әбеновтердің  жинап,  тапсырған 
Дулат  туралы  деректері  мен  өлеңдерінің  Дулат  мұрасын 
зерттеуде алатын орны өте зор. 
Дулат шығармашылығының ғылыми зерттелуі  
Көрнекті  ғалым,  филология  ғылымдарының  докторы, 
профессор Ханғали Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» 
атты еңбегінде Дулат шығармашылығы мен
 өмірі туралы мол 
мә-
ліметтер келтіріліп, тұшымды
 
талдаулар жасалды.
 
(Сүйіншәлиев Х.
  
Қазақ әдебиетінің тарихы. – 1997. – 449 б.) 
Қ.Раевтың  «Дулат  тағылымы  мен  сын-зерттеулер»  атты 
кітабында Дулат шығармашылығы ғылыми жағынан зерделенді. 
(2 кітап)  (Алматы. Раритет  2003 ж.), Т. Шапай Абай мен Дулат. 
Шын  жүрек  –  бір  жүрек»  атты  еңбегінде  Абай  мен  Дулаттың 

23 
 
өлеңдері арасындағы үндестікке тоқталады.  (Алматы. Жазушы, 
1999),  Т.Қожакеев  «Дулат  –  сатирик»  атты  кітабында  Дулат 
Бабатайұлының 
сатиралық 
шығармаларын 
қарастырады.                          
(Алматы: Раритет 2003), Дулат пен Абай шығармаларын салыс-
тыра отырып талдаған еңбек З.Ахметовтың  «Абайдың ақындық 
әлемі» еңбегі. (Алматы: ана тілі, 1995), Дулат шығармаларының 
тәлімдік жақтарына назар аударған
  еңбек  М.Жармұхамедұлының 
Дулат  Бабатайұлы.  Шығармалары  мен  тағылымы.  (2-кітап. 
Алматы:  Раритет,  2002)  атты  кітабы,  отаршылдықтың  салқыны 
көрші  жатқан  қырғыз  елін  де  айналып  өтпеді,  қазақ  ақында-
рымен қатар қырғыз ақындары да осы тақырыпты қозғады. Екі 
елдің  сол  дәуірдегі  шығармаларын  салыстыра  қараған 
Б.Омарұлының «Екі елге ортақ зар заман отаршылдыққа қарсы 
бас  көтерген  қырғыз,  қазақ  ақындарының  жырлары  талданады 
(Алматы: Жалын. – 1998), Зар заман поэзиясы. (Алматы: Білім, 
2002),  Қ.Өмірәлиев.  Қазақ  поэзиясының  жанры  мен  стилі. 
(Алматы: Ғылым, 1983), ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясы-
ның  тілін  қарастырады.  (Алматы:Ғылым,  1976),  Қ.Раевтың  
«Ұлағат».  Деген  атпен  мақалалары,  зерттеулері,  эсселері  беріл-
ген.  (Алматы:  білім,  2001),  Э.Пертаева    Дулат  Бабатайұлының 
ақындығы. (Алматы: Қаз.университеті, 2000), өзінің ғылыми ең-
бегінің  нысаны  етіп  алған  М.Н.Бекбосыновтың  «Д.Бабатайұлы 
және  Абай  шығармаларындағы  отарлық  езгіге  қарсы  әдеби  са-
рын. фил. ғыл. канд. ...дисс. – Алматы,  2004. –150 б. сияқты бір-
қатар ғалымдардың еңбектерін ауыз толтырып айтуға болады. 
Патша  отаршылдығы  дәуірінде  өмір  сүрген    ақындар 
туралы ғалым Ә.Дербісәлин: «...Дулат, Шортанбайлар өз өмірін-
дегі ескілік үшін күресе отырып, сол заманның біраз шындығын 
жамандай  айтса  да,  оларды  өз  замандастарының көбінен  артық 
көріп,  бейнелі  түрде  айтып  берді»  деп  өз  бағасын  береді 
[Ә.Дербісәлин  «ХІХ  ғасырдағы  қазақ  поэзиясы,  Алматы:  1985, 
Ғылым] 
           
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Дулат Бабатайұлы өмірбаяны туралы мәлімет. 
          2. Дулат Бабатайұлының шығармашылығы. 

24 
 
          3. Мысал өлеңдері. 
          4. «Еспембет» дастаны. 
 5. Ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігі. 
 
 
Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)  
 
Шортанбай – ХІХ ғасырдағы сауатты, білімді, өзі өмір сү-
ріп отырған  қоғамға, заман келбетіне өз ойын ашық айтуға қабі-
леті  де  қарымы  да  жетерлік  ақын.  1818  жылы  қазіргі  Оңтүстік 
Қазақстан  облысының  Түркістан  жерінде  дүниеге  келген.  Бұл 
жолда  қызмет  атқару  үшін Түркістан  жерінен  Арқаға, 
Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің меке-
ніне қоныс аударуға тура келеді. Мұсылман оқуын озық игерген 
ол  Аюлы-Ақсу  бойында  отырған  Жанғұтты  бидің  қасынан  ме-
шіт салдырып, медресе ашады. Жанына жастарды жинап дін ілі-
міне  үйрете  жүріп  ишандық  дәрежеге  жетеді.  Шортанбай                 
1881  жылы  осы  күнгі  Қарағанды  мен  Жезқазған  облыстарына 
қарасты  Шет ауданында қайтыс болады. 
Шортанбайдың  ерте  кезден-ақ  қазақ  әдебиеті  тарихында-
ғы орны анықтала бастады. 1925 жылы М.Әуезов Шортанбайды 
зар заман ақындары ішіндегі ірі жырау, үлкен ақын ретінде атап 
өтсе  де  өкінішке  орай  ақынның  мұрасын  бағалау  әр  түрлі 
қиындықтарға байланысты сан-саққа жүгіртіліп айтылып келді. 
Ол Шортанбайдың ақындығының бағасы емес, патша отаршыл-
дығына  қарсы  атылған  жебедей  сөздеріне  құрылған  тыйым 
салудың өзіндік жолдары  еді.  Мұның өзі ақын мұрасының дер 
кезінде зерттелмей жатып  қалуына әкеп соқты. Тәуелсіздігіміз-
дің таңы атуымен бірге әділдіктің  көк туы да қазақ аспанында 
қалықтаған күн де келіп жетті. Сонымен бірге «өлгеніміз тіріліп, 
өшкеніміз жанды» деген күнге ие болдық. Ақындарымыз халық-
тан өз бағасын ала бастады.    
Шортанбай өз шығармаларында заманның кескін-келбетін 
дәл  басып,  нақты  көрінісін  жасаған  шыншыл  ақын  ретінде  та-
нылды,  өзінің  болмыс-бітімі  көкжиегінің  кеңдігі  нәтижесінде 
болашаққа  көз  жүгірте  отырып,  кетеуі  кеткен  келешекті  айна 

25 
 
қатесіз болжай білген  қасиетімен ерекшеленді, өлеңдерінің ою-
өрнегін  қиюластыра  білген,  мазмұн  мен  маңызды  ұштастыра 
білген  шебер  ақын  болды.  Шортанбай  шығармаларының  басты 
сарыны  –  әлеуметтік  ой  толғауға,  халықтың  санасын  оятуға, 
рухани  тазаруға,  ұяны  бұзбай  ұлт  болып  ұл  өсіріп,  қыз  өсіріп 
өркендеуге,  ата  салтын  ұстауға,  елін,  жерін,  мекенін,  арын, 
ұятын  қорғауға  құрылған  өмірдің  жолына  түсу,  сол  жолға 
шақыру, соған үндеу  болатын. Өз жеріне өзі ие болудан қалып 
қайда  барарын,  не  істерін  білмей,  бұл  тұйықтан  шығар  жолды 
таба алмай сандалған қайран қазақ елі... 
Шортанбайдың  саналы  өмірінің  бәрі  патша  отаршыл-
дығының ойраны өз күшіне еніп, дендеп өсе түскен кезінде өтті. 
Содан  да  болар  Шортанбай  өлеңдерінде  өткенді  аңсау  көптеп 
орын алды: 
Бұрынғы бидің тұсында, 
Шананы міндік күймелі. 
Айтып-айтпай немене, 
Өткен күн қайтып келер ме –деп мұңға берілді. 
Өйткені  елін  қанап  жатқан  жат  жерліктерге  қоса  елін, 
жұртын  талауға  салған  болыс-билердің  іс-әрекеті  көңілге 
симайтын еді. Зар заман ақындары сөз еткен, көре тұра шыдай 
алмаған  жағдайлар  болыс  сайлауы,  ел  биінің  орнына  ұлыққа 
пара  берген  қу  билердің  сайлануы,  жер  қысымшылығы  туралы 
еді.  
Бай кедейді көрмейді, 
Кедей байға ермейді. 
Қызметін бір күн қылмаса, 
Майлы сорпа бермейді – 
Әне байдың қайыры! 
Бұрынғы өткен адамның 
Міне, келді тайыры. 
Жалғанда қылған ісіңнің, 
Алдыңнан шығар ғайыбы[24, 210 б].  
Отаршылдықпен бірге келген ақша, экономиканың өзгеруі 
мен  сауда-саттықтың  келуі  адам  пиғылының  бұзылуының 
алғашқы факторы ретінде қарайды. 

26 
 
Осындай  тығырыққа  тірелген  елдің  әдет-ғұрып,  салт-
дәстүрінен  айырыла  бастауы,  ғасырлар  бойы  жазылмаса  да  ел 
ішіне сіңісіп кеткен ата заңның бұзылуы ақынды ғана емес, сол 
тұстағы  исі  қазақты  алаңдатқан  өзекті  мәселелер  еді.  Ұлттық 
белгілерімізден  айырылу  ұлттығымыздан  айырылуға  алып 
келері даусыз еді. Сондықтан да осы заманды  Ш.Қанайұлы «зар 
заман» деп атаған еді. 
Мазасын  алған  осы  ойлар  оның  «Зар  заман»  атты 
өлеңінде: 
 
Зар заман, зар заман, 
Зарлап өткен бір заман. 
Сөздің басы – бисмілла, 
Біз айталық, сіз тыңда.. 
Мына заман қай заман? 
Азулыға бар заман, 
Азусызға тар заман. 
Тарлығының белгісі: 
Жақсы – жаннан түңілген, 
Жаман – малдан түңілген, 
Мұның өзі – зар заман. 
Зарлығының белгісі: 
Бір – бірлерін күндеген, 
Жай – жайына жүрмеген 
Мұның өзі – тар заман. 
Тарлығының белгісі:            
Мұсылманнан хал кетті, 
Тәңірім болғай демесін.... 
Орыс – бүркіт, біз – түлкі, 
Аламын деп талпынды,  
Орыстан қорлық көрген соң, 
Отырып билер алқынды (25, 10-12) . - деген жолдар 
арқылы көрінді. 
Көріп  отырғанымыздай  ақынның  да  айтып  отырғаны  – 
қайран  қазақ  елінің  өз  жерінен  айрылуы.  «Қанатынан  қайрыл-
ған»  елдің  мүшкіл  хәлін  ақын  қанатынан  айрылған  құстың 
дәрменсіз күнімен еске түсіреді. Ел шекарасы сөгілген, болашақ 

27 
 
бұлыңғыр,  ел  ішінде  алшаң  басып  ойына  келгенін  істеген  өзге 
жұрт  өкілдері,  жер  бөліске  түскен,  не  істерге  білмей  аласұрған 
халық, «бүркіттей бүрген орыс, түлкідей құйрығын бұлғаңдатып 
жағынған  сатымпаз  би  мен  бай»  -міне  еліңнің,  жұртыңның, 
жеріңнің  сиқы  осындай.  Ақынды  тыныш  жатқызбаған,  жанын 
жегідей жеген сұрғылт өмірдің түрі мына өлеңінде:  
Ниетіне қазақтың, 
Тым-ақ тәуір кеп болды. 
Заманақыр болар деп, 
Сол себептен қорқамын! 
Әр нәрсенің болжалы, 
Келе жатыр жақындап, 
Ағашты тауға үй салып, 
Алды кәпір ақылдап. 
Елді еркіне қоймады, 
Буыршындай тақымдап. 
Дәуренбексіп болыс тұр,  
Кәпірдің сөзін мақұлдап, 
 Бейшараның пұлы жоқ, 
Қорыққаннан қақылдап. 
Жарысқа кірген жақсылар, 
Аша алмассың көзің деп, 
Сол  себепті  қорқамын!  [25,109  б].-деген  сөздермен 
берілді. 
Міне,  қазақ  ақындарының  елі  мен  жеріне  жүргізілген 
отаршылдық зардаптарын ашына отырып зарлағандығының бір 
мысалы осылай көрінеді. Ақыр заман туралы Шортанбай ақын-
ның  осы  ой-пікірлерінің  негізі  арыдан  бастау  алатындығы  әде-
биет  тарихынан  белгілі.  XІІ  ғасырда  Ахмет  Иүгнеки  «ақыр-
заман»  болатынына  өзінше  пайымдау  жасап,  бұзылған  заман 
емес адам,  адамды  тәрбиелесе  заман орнына  келеді, сондықтан 
адам өзгеруі керек деген болатын:  
Діндар кісі қойды дінді, амалды, 
Ғалым билеп, көңілді әнге сап алды. 
Таза жүрген жол таба алмай торығып, 
Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер [26, Б. 50]. 

28 
 
Жастар болашағымыздың бет-бейнесі. Сондықтан жастар-
дың тәрбиесіне көңіл бөлу болашақ өмірдің нық болуына жасал-
ған  алғашқы  қадамдардың  бірі.  Заманның  өзгеруіне  орай,  жат 
қылықты адамдардың ел басына келуіне сәйкес жастар өмірінде, 
іс-әрекетінде  теріс  қылықтар  пайда  бола  бастады.  Шортанбай 
өлеңдерінде  көтерілген  басты  мәселенің  бірі  де  осы  тақырып 
еді.  Сол  замандағы  ащы  шындықты  бүркемелемей  көрсеткен 
ақын: 
Заманақыр кезінде 
Ұл сыйламас атасын, 
Арам сідік болған соң, 
Атасы бермес батасын, 
Қазы, болыс қойыпты, 
Некесіз туған шатасын, 
Өзі қылған өкінбес, 
Күнінде содан тартарсың, 
Абақтыға жатарсың. 
Қыз сыйламас енесін, 
Арттырам деп егесін. 
Салыстырар денесін, 
Көзіңді ойып барады, 
Күнде тесіп төбесін [25,105 б]. 
Көпке  қаратыла  айтылған  мұндай  өлең  жолдары  қазақ 
әдебиетіндегі зарлай арнаудың қатарын толықтыра түсті. Өз за-
манының  зарын  жырға  қосқаны  үшін  де  олар  зар  заман  ақын-
дары  болып  танылды.  Негізінен  мал  шаруашылығымен  айна-
лысқан қазақ халқы үшін жайылымды жерлерден айырылу өмір-
дің бітуі, заманның ақыры тәрізді көрінді. Отты да шұрайлы жер 
мен  жайылымдарынан  айырылу  мал  өсімінің  азаюына  алып 
келді. Малдан басқа кәсібі жоқ халықтың осылайша әлеуметтік 
тұрмысы қиындап, кедейлене бастады.Шортанбай басқа халық-
тың  заңдары  мен  тұрмыстағы  ерекшеліктерін  екінші  халыққа 
күшпен  енгізу  қаншалықты  қатерлі  екендігін  және  ғасырлар 
бойы қалыптасқан ел билеу тәртібінің, әдет – ғұрпының  кенет-
тен өзгеріске ұшырауын ол халықтың адамгершілік ұстанымда-
рын бұзатын құбылыс ретінде бағалады.  

29 
 
ХІХ  ғасырда  өмір  сүрген  ақындардың  шығармашы-
лығында орын алатын тағы бір өміршең тақырып - әйел туралы. 
Ер азаматтың алған жары жақсы болса онда оның өмірінің мәні 
мен  сәні,  егерде  алғаны  жаман  болса  азамат  басының  қадірсіз-
дігі мен төмендеуіне әкеп соғады. Бұл өшпейтін мәңгілік тақы-
рып. Сондықтан да аталмыш тақырыпты Шортанбай да айналып 
өте алмаған. «Жаман мен жақсы» деген  өлеңінде: 
Қатыны долы бейбақтың, 
Кісі келсе қылпылдап, 
Ұшып тұрар зәресі. 
Ішкен асы, тамағы, 
Мұрыннан шығып кересі, 
Көк долының сөзінің 
Әсте болмас жүйесі [25,75 б]. 
Немесе 
Болады жақсы әйелдің сөзі жүрдек, 
Шаруасын бітірер өрге сүйреп. 
Арасы ағайынның араз болса, 
Екеуін табыстырар өйдеп, бүйдеп [25,76 б].  
XIX  ғасырдағы  ақындардың  шығармашылығына  талдау 
жасаған М.Әуезов Шортанбайдан бастап дінге бет бұрылғанын, 
тіпті XIX  ғасырдың соңында діни қиссалар көптеп шығарылға-
нын,  сол  арқылы  шайырлар  дінді  таяныш  еткенін  айтса  [27,Б. 
193],  түрколог  ғалым  В.В.Радлов  «Зар  заман»,  «Заман  ақыр» 
сияқты  өлеңдер  дінді  насихаттай  отырып,  халыққа  адамгерші-
лікті насихаттайтынын жазады [20, Б. 18].    
Зар  заман  ақындары  шығармаларындағы  ұлттық  болмыс-
ты,  қазақы  қадыр-қасиетті  сақтап  қалуға  үндеген  ой-пікірлер 
жан айқаймен, шарасыздықпен,  төзімі тауысылған түрде айтыл-
ғандығымен  ерекшеленеді.  Халықты қан  қақсатқан  зобалаңның 
себебін зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұ-
лымдықтан,  екіншілері  діннің  бұзылғандығынан  деп  топшы-
лайды.  Әсіресе,  Шортанбай  ақын  шарасыздықтан  діннен  сүйе-
ніш іздейді: 
        
 
 
  

30 
 
Жамандығын білер ол, 
Ахретке барған соң. 
Махшар күні болғанда, 
Сауал сұрай келгенде, 
Жауап таппай тұрғанда
Тар лахатқа кірген соң 
Рас жаман сол болар – деп иманға шақырады. 
Діннің сол кездегі жағдайы туралы ғалым Х.Сүйіншәлиев: 
«...Тек  билеу  системасында  ғана  емес,  қоғамдық  құрылыстың 
басқа  салаларында  да  жаңа  тәртіп  қабылданды.  Әкімшілік,  сот 
құрылысы, салық, жер, дін, мәдениет мәселелері жөнінде заңдар 
шығарылды.  Дін  туралы  ереже  мұсылман  дінінің  уағыздарына 
тежеу салып, христиан дінінің ықпалын арттыруды көздеді. Бұл 
мұсылман қауымының наразылығын тудырды.[28, 286 б]  деген 
болатын.  
Осындай  келеңсіз  көріністерді  өткір  сынай  отырғанмен, 
Ш.Қанайұлының  өлеңдерінен  айқын  көрінетіні  –    алдағы  өмір-
ден  күдер  үзе,  бұрынғы  артта  қалған  заманды,  өткенді  көксеу 
көп  орын  алады.  Бұндай  келеңсіздіктерден  қалай  құтылуға 
болады,  заманды  қайтсе түзетуге  болады  деген сұрақтарға    тап 
сол заманда жауап беруге Ш.Қанайұлының саяси өресі жетпеді. 
Ол тек Алладан көмек сұраудан басқа жол таба алмай қамықты. 
Себебі  қазақ  халқында  жазылмаған  заңдар  бар.  Олар:  үлкенге 
құрмет, кішіге ізет, үлкеннің алдын кеспеу, ата тұрып ұл сөйле-
меу,  ата  заңды  құрметтеу,  әке-шешені  сыйлау,  т.б.  Ел  ішіндегі 
осындай  ымырашылдықты  көріп  өскен  ақындар  қазақ  ішіне 
басқа  ұлт  өкілдерінің  араласуымен  бірге  қазақ  халқы  бұзылып 
бара  жатыр  деп  түсінді.  Себебі,  бұрын  қазақта  боза  ішкенмен, 
арақ  сынды  харам  сусын  болған  емес.  Міне,  осындай  исламға 
жат  дүниелердің  мұсылман  еліне  дендеп  кіруі  көзі  қарақты 
ақындарды  алаңдатып қана  қойған жоқ,  олар  содан  шығар жол 
іздеді.  Осындай  дүмше  молдалар  Шортанбайдың  да  қатты 
сынына ұшырағаны қазақ әдебиеті тарихынан белгілі:  
 
 
 

31 
 
Асылық азған заманда 
Қожа, молда көбейіп, 
Отырар төрде шөмейіп; 
Жамандығы ішінде, 
Жан-жағына қарасып. 
Немесе: 
Өңкей арам залымдар, 
Зәремізді алады. 
Арам берсең жымиып, 
Қалтасына салады [29, Б. 170].  
Осылайша ақын жалған дүниеде желік қумай, арғы өмірді 
де ойлауға шақырады. «О дүниедегі тамұқ азаптарының бәрі бү-
гінгі  қылған теріс  қылықтарыңнан»  деп, адасудан сақтандыра-
ды.  Дінді  негізге  алып,  сөз  ету  зар  заман  ақындарының  көпші-
лігіне  тән.  Ғалым  Б.Омаров:  «Айналада  болып  жатқан  құбы-
лыстарға  баға  бергенде  дінді  тірек  етіп  ұстанушылық 
Шортанбай, Әбубәкір Кердері, Албан Асанның жырларынан кө-
бірек байқалады. Заманның озығы мен тозығын имансыздықпен 
байланыстыру олардың қай-қайсысына да тән»  [30, 243 ]екенін 
айтады. Оған  мысал Шортанбайдың төмендегі өлең жолдары: 
Таңда мақшар күн туса, 
Таразыны түзетер. 
Жаһаннам деген дозақта.  
Шайтан болар жолдасың. 
Қыбыласын білмей құл, 
Сонда тартар жазасын. 
Кешірмейді құдайым.  
Бес намаздың қазасын. 
Құрт-құмырсқа жиылып, 
Сонда алады мазасын [21, Б. 170]. 
Шортанбай  толғауларының  ішіндегі  көпшілікке  кеңінен 
тараған туындысы “Келер заман сипаты” атты шығармасы. Онда 
халқының  болашағын  болжай білген ақын,  елі  үшін қабырғасы 
қайыса  отырып,  тығырықтан  шығар  жол  іздейді.  Келер  заман-
ның кескін-келбетін көрегендікпен көрсете келіп, өз тарапынан 
тұжырым жасайды, баға береді: 

32 
 
Сауысқан, ала қарға – құстың құлы, 
Басталар ақырзаман жылқы жылы. 
Шақырып кәпірсоқты сұрап алдың, 
Түзетіп ала алмассың, сірә, мұны. 
Мешін-тауық жылдары, 
Жалғыз-ақ қара қалады, 
Ұялмастан бұл кәпір, 
Оған да салық салады [24,0118 б].  
Шортанбай  сонымен  қатар  айтыс  ақыны  ретінде  Шөже, 
Орынбай,  Асан  ақындармен  сайысқа  түскен.  Осылардың  ішін-
дегі көлемдісі де, мазмұны жағынан толымдысы да Орынбаймен 
айтысы.  Айтыстың  өне  бойынан  ақынның  тапқырлығын,  сөзге 
шеберлігін,  тілінің  өткірлігін  анық  аңғаруға  болады.  Талай  ай-
тыстарда  шыңдалып,  сан  рет  жүлде  алған  Орынбай  сияқты  ай-
тулы  ақынмен  сайысқа  түскен  Шортанбай  өзінің  алғырлығын, 
тілге  тиек  болар  жағдайды  бұрынырақ  болжап,  алдын  орап  ке-
тетін сезімталдығын танытады. 
Шортанбайдың  өсиет  түріндегі  айтқан  өлеңі  өлер 
алдындағы сөзі.  
...Билер пара жемеңдер, 
Жалғанды жолдас демеңдер. 
Ақырет қамын іздеңдер, 
Жалған бетті кезбеңдер. 
Кісі хақын алмаңдар, 
Аузыңа харам салмаңдар. 
Дүние жиып өткен жоқ, 
Бізден бұрынғы пайғамбар. 
Сөзін айтайын үлкендер: 
Құдайдан қапы кетпеңдер! 
Әлің келсе Мекке бар,[24, 206 б] 
 
...Енді есен бол елдерім! 
Құсымды салған көлдерім! 
Замандас құрбы теңдерім! 
Ғибрат менен алыңдар [120]. 
Шортанбай Қанайұлының шығармашылық мұрасын өзінің 
кандидаттық диссертациясына негіз етіп, ғылыми нысанына ай-

33 
 
налдырған ғалым Қ.Мәдібаева ол туралы: «Шортанбай баяғыны 
баяндап  беруші  ғана  емес,  өз  дәуірінің  шындығын  нақты  көрі-
ніспен  өлеңге  өзіндік  өрнекпен  көшірген  ірі  дарын.  Ілгерідегі 
өлең  дәстүрін  дамытып,  байытушы,  заманға  сай  жаңа  түске 
көшіруші» деп бағалайды. [11,125 б] 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет