Қазақстан республикасы білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата11.01.2017
өлшемі1,17 Mb.
#1644
1   2   3   4   5   6   7   8
[83,  С.  117].  Дәуір  әдебиетіне 
арқау  болған  адамгершілік  мәселесі  де  ақын  шығармаларының 
негізгі  лейтмотивіне  айналды.  Осындай  ауыр  сәттерде  ақиқат 
жолын  Алладан  іздеген  А.Барманбекұлы  сөздерінің  халыққа 
рухани  серпіліс  алып  келгені  де  жасырын  емес.  Ел  ішіндегі 
ымырасыздықты, берекесіздікті, дінсіздікті (ислам дінінің шарт-
тарын дұрыс ұстамау) көрген ақын:  
Азаматтар, күш кетті, 
Қырғыз бенен қазақтан. 
Мұсылманды сақтағай,  
Мақшарда Алла азаптан [38]. 
–  деп  күйзелді.  А.Барманбекұлы  мен  Ш.Қанайұлының 
өлеңдерін  салыстыра  келе  І.Жансүгіров  былайша  қорытынды 
жасайды: «Асанның мазмұны да, түрі де Шортанбай үлгісі. Бұл 
да  Шортанбай  сияқты  шолақ  молда,  жырында  әлеумет  мұңы 
мол, бұқарамен ақсақалдың тілегін қосып жырлаған феодалдың 
жырауы, бірақ Асандағы әлеумет мұңы Шортанбайдан әлдеқай-
да кең, әлдеқайда желілі жатыр.  Асанда көбінесе Шортанбайда 
жоқ  жер  мұңы,  базар  қарсылығы,  патша  үкіметінің  соңғы  тәр-
тібі»  [42].  Жердің  бөліске  түсуі,  жақсы  жерлердің  отаршылдар 
қолына көше бастауы Асан ақын шығармаларында: 
Талдыбұлақ, Көкқырқа, 
Қызылқия, Белді алды. 
Бақ, Терек, Бақтықурай, 
Шаппа тұз деген кенді алды. 
Қарабұлақ, Сарыжазық,  

93 
 
Текесті де енді алды. 
Ойқайың, Қарасай, Дардамбы, 
Үшқақпақ деген төрді алды. 
Есекартқан, Сүмбе мен 
Қоныстың шеті Өрді алды [50, Б. 34-35], 
– деп шынайы бейнеленген. Міне, көріп отырғанымыздай, 
көз алдында болып жатқан отаршылдықтың осындай түрлеріне 
ақын  бей-жай  қарай  алмады.  Отаршыл  патша  үкіметінің  қазақ 
жерінің  бәріне  белгі  соғып,  жерді  түгелдей  өлшеп-сызып  алып 
жатқандығын ақын былайша жеткізе жырлады:  
Жердің бәрі өлшеніп, 
Қазынаға алынды. 
Қос соқа мен таңбалар
Кинагаға жазылды. 
Кең жайлауы тарылып, 
Өлшеуменен қалынды. 
Өзен су, жайлы жерлерге, 
Бәріне қала салынды. 
Сатусыз жер-су азайып, 
«Булан» қазық қағылды [67, Б. 77].  
Атадан балаға, ұрпаққа аманат етіп берілген, ата-бабамыз-
дың  қанымен  суғарылған  мекен  жат  біреулердің  еншісіне  ай-
налып  бара  жатқан  тұста  қол  қусырып  қарап  отыра  алмаған 
ақын  осылайша  қолына  қалам  алып,  елдің  мұң-зарын  жырға 
қосты.  А.Барманбекұлы сияқты ең өзекті мәселелердің бірі жер 
тағдырын шығармаларына арқау еткен зар заман ақындарының 
бірі – Мұрат Мөңкеұлы. Ол өзі өмір сүрген тұстағы өмір шын-
дығын былайша жырлайды:  
                   Еділді тартып алғаны–  
Етекке қолды салғаны. 
Жайықты тартып алғаны–  
Жағаға қолды салғаны 
Ойылды тартып алғаны – 
Ойдағысы болғаны. 
Мал мен басты есептеп, 
Баланың санын алғаны,  

94 
 
Аңғарсаңыз жігіттер, 
Замананы тағы да  
Бір қырсықтың шалғаны!.. [84, Б. 136] 
Жер  үшін  күресу,  яғни  патша  саясатына  қарсылық 
Махамбет жырларында да ерекше көзге түседі:   
Еділ үшін егестік,  
Жайық үшін жандастық,  
Қиғаш үшін қырылдық,  
Тептер үшін тебістік [85]  
Исатай  бастаған  халық  көтерілісінің  де  негізгі  мақсаты 
отаршылдыққа  қарсы  жатқандығы  тарихтан  мәлім.  Ендеше, 
М.Мөңкеұлы мен М.Өтемісұлының отаршылдыққа қарсы күрес-
ті  білдіретін  осы  жырларының  қатарын  басқа  ақындар  да  то-
лықтырады. Мұрат ақынның  ойынша өмірді осылай бұра тарту  
табиғат бұзылғандықтан, діннің жоғалғандығынан емес, табиғат 
бұрынғы қалпында, заманды бұзған қазақтың өз қауымы:    
Бәйіт еттім бұл сөзді;                               
Қайғы шегіп заманнан.                       
Заман азып не қылсын,          
Ай орнынан туады,   
 Күн орнынан шығады,–                                                      
Бұның бәрі адамнан…[84, Б. 136] 
Ақыр  заман  туралы  Шортанбай  ақынның  осы  ой-пікір-
лерінің  негізі  арыдан  бастау  алатындығы  әдебиет  тарихынан 
белгілі.  XІІ  ғасырда  Ахмет  Иүгнеки  «ақырзаман»  болатынына 
өзінше пайымдау жасап, бұзылған заман емес адам, адамды тәр-
биелесе заман орнына келеді, сондықтан адам өзгеруі керек де-
ген болатын:  
Діндар кісі қойды дінді, амалды, 
Ғалым билеп, көңілді әнге сап алды. 
Таза жүрген жол таба алмай торығып, 
Өсіп жүр ғой арам жолға түскендер [86, Б. 50]. 
Өйткені  елін  қанап  жатқан  жат  жерліктерге  қоса  елін, 
жұртын  талауға  салған  болыс-билердің  іс-әрекеті  көңілге  си-
майтын еді. Зар заман ақындары сөз еткен, көре тұра шыдай ал-
маған жағдайлар болыс сайлауы, ел биінің орнына ұлыққа пара 

95 
 
берген  қу  билердің  сайлануы,  жер  қысымшылығы  туралы  еді. 
Бұл  тұрғыда  А.Барманбекұлының  да  адам  бейілінің  бұзылуы, 
«бастың  аяқ  болуы»,  яғни,  ел  басындағы  билік  айтар,  елді  бір-
лікке  шақырар  азаматтарының  ниетінің  бұзылып,  содан  келіп 
қалың  бұқараның  тығырыққа  тірелгендігі  туралы  ойлары  атал-
ған ақындар ойларымен үндес. 
Ресей империясының аярлық саясатының басы ел билеуші 
бишігештерді  біріне-бірін  айдап  салу  болды.  Бұл  ниеттеріне 
жергілікті  ұлт  өкілдерінен  аға  сұлтандық,  болыстық,  старшын-
дық билік мансаптарын үлестіру арқылы қол жеткізді. Олардың 
қолдарына  мөр  беріп,  бірқатар  биліктің  басын  ұстатып,  алдап-
арбап  ұстады.  Биліктен  айырылып  қалмау  үшін  қазақ  билері 
айуандықтың түр-түріне барды. Аға ініге, әке балаға қарамады. 
Сайлау уақыты келген кезде ел іші алуан түрлі сойқанға толып 
кететін болды. Сондықтан да егін егілмей, мал бағылмай айтыс-
тартысқа  толы  әділетсіздіктің  барша  түрі  кең  жайылып  кетті. 
Сайланған  би-болыстарды  патша  тағайындаған  губернаторлар 
қадағалап,  тексеріп  отырды.  Айтқандарына  көніп,  айдауына 
жүргендеріне  мақтап,  марапаттап,  дүние-мүлік,  әскери  шен-
шекпендер  берді,  кеуделеріне  ордендерін  тақты.  Осындай  ке-
леңсіздіктер  қазақтың  ұлы  ақыны  А.Құнанбаев  шығармалары-
нан да кең орын алды. Абай мұрасы жөнінде С.Қасқабасов: «Ол 
қазақ  өміріне,  оның  рухани  дүниесіне  сын  көзбен  қарап,  олар-
дың заман ағымына сай емес екенін анықтады, жаңа ізгіліктерге 
ұмтылу қажеттігін айтып, оларды халық айқындап берді» [87, Б. 
545],  –  деген  болатын.  Абай  болыс-билердің  халыққа  емес,  тек 
қана ұлыққа қызмет жасауын: 
Мәз болады болысың 
Арқаға ұлық қаққанға. 
Шелтірейтіп орысың 
Шенді шекпен жапқанға [88, Б. 133] 
–  деп  шынайы  бейнелеп  көрсетті.  Ел  басқару  жүйесінің 
осылайша  күрт  өзгеруіне  наразы  болған  ақын  ел  билеушілерді 
сынай отырып, олардан жиренуге шақырды. Адамзат баласының 
қандай ізгіліктерге ұмтылу керектігін халықтың өз тіршілігі ай-
қындап берді. Отаршылдық саясаттың ақыры қазақ халқының әр 

96 
 
сатыдағы  лауазымды  адамдарының  арасындағы  алауыздықты 
күшейтті,  біріне-бірі  жауығып,  бірін-бірі  көре  алмайтын  жайт-
тарға  жетті.  Олар  билік,  мансап  үшін  бірін-бірі  өлтіруге  дейін 
барды.  Оны  С.Мұқанов:  «Қазақ  халқының  күшін  ыдыратуға, 
бірліктен айыруға патша үкіметі екі әдіс қолданды: біреуі көшіп 
барған  шаруалармен  тұрғылықты  қазақтардың  арасына  ұлт 
араздығын тұтату, екінші – қазақтардың өзін өзара жауластырып 
ұстау»,  –    деп  түсіндірді  [62,  Б.  122].  Осындай  ел  басындағы 
жағдайларды  тап  басып  көре  білгендер  әрине,  XIX  ғасырдағы 
көзі ашық, көкірегі ояу, қаруы өткір сөз болған қазақ ақындары 
еді. Олар патша ойластырған жаңа биліктің басындағы билеуші 
сұлтан-төрелерді, болыс-билерді ел басқаруда ата-баба салтынан 
жырақ кетпеуге, бірлікке, елдікке, имандылыққа шақырды. Бұл 
орайда А.Барманбекұлы : 
Патшаның сайлауы 
Үш жылда бір келеді. 
Елу басы тізіп ап,                                                     
Қолына шарын береді. 
Қадірменді бай адам,   
Парамен шарын жеңеді. 
Екі жақ болып таласып, 
Елді ортадан бөледі. 
Намысты қолдан берме деп, 
Сайлауда талай өледі [50, Б. 79]. 
Немесе:  
Сайлау шарды шығарып,                     
 Бірлікті алды еліңнен.         
 Қазынаға жаздырып,                      
Тарылтты тағы жеріңнен,                            
Бейілімізден айрылдық.                       
 Албан, бұғы бұзылды.                  
Әлеумет мынау көрімнен…[50, Б. 16] 
–  дейді.  Патша  өкіметіне  сатылып  кеткен  сатымсақ  жан-
дардан елге  келер  зияннан  басқа  түк  те  жоқ.  Содан  келіп жем-
қор, жұрт үстінен пайда көрер парақорлар кейпі ақынның ашу-
ызасын  тудырып,  қабырғасын  қайыстыра  ойлантады.  Ақын  кө-

97 
 
кейіне  қонбаған,  еш  келісе  алмаған  жайттың  бірі  –  ел  билеуші 
топтың  озбыр  істері,  халықтың  қамын  ойлайтын  адал,  «тура 
бидің»  заманының  өткені,  ендігі  ел  билеушілердің  сатымпаз-
дығы  мен  жағымпаздық  бейнесі.  «Тура  биде  туған  жоқ»  деп, 
билерден  тек  қана  әділдік,  төрелік  күткен  ақын  ендігі  жерде 
олардың да «Алтын көрсе періште жолдан таяр»  дегендей  құл-
қынның құлы болып кеткенін кешіре алмады. Сондықтан да ел 
билеушілердің аярлығын уытты тілмен әшкереледі.  
Қытайда  өзінің  сауда-саттығын  дамытуды  1868  жылдан 
бастап  қолға  ала  бастаған  орыстар,  осындай  жолды  саяси-эко-
номикалық    жағдайларын  шешудің  бірден-бір  тиімді  жолы  деп 
түсінді.  Түркістан  әскери  округін  басқаратын  капитан  Гойерге 
жазған  хатында  генерал  Г.А.Колпаковский  былай  деп  жазады: 
«Россіи  было  бы  выгодно  отсутствіе  Китайских  купцовь 
Китайского  правительства  если  бы  она  могла  воспользоваться 
ихь  отсутствіем,  пріучить  Иліиской  народонаселеніе  кь  рус-
скимь товарам и пріучить Китайское правительство кь русским 
караванам вь сердце Китая» [89, С.3]. 1882 жылы Ресей Жетісу 
өңірін  толықтай  игерген  соң  Қытаймен  келісе  отырып,  жәр-
меңкелер жұмысын жақсартуды қолға ала бастады. Ол дегеніміз 
сауда  алыс-берістерінің  Қытай,  Иран,  Ауған,  Индия,  Тибет  ел-
деріне жол ашуын қамтамасыз етер еді. Елдегі бірліктің жоқты-
ғы мен берекесіздікті, патшаның отарлау саясатымен қатар кел-
ген  сауда  саттықты,  базардың  пайда  болуын  ақын  елге  келген 
келеңсіз  құбылыс  санап,  оған  жасар  амалының  жоқтығына 
күйзеледі.  Осылайша  ақын  атақты  «Қарқара»  жәрмеңкесіне 
басы  ашық  қарсылық  білдірді.  Қарқара  жәрмеңкесінің  пайда 
болуы  –  1893  жылға  сай  келеді.  Бұл  жәрмеңке  Асан  ақынның 
туып-өскен Жетісу жерінде ашылғандықтан да оның бар зиянды 
жақтары көз алдында өтіп жатты. Ұзақ мерзімге созылатын бұл 
ырду-дырдуға  жергілікті  халықпен  қатар  Семей,  Ақмола  және 
Қашқар  мен  Қоқандық  саудагерлер  көптеп  келетін.  Қытайдан 
тараншылар мен қалмақтар ағылып жататын. Осыған орай жәр-
меңке  әкімшілігі  де  әрқилы  қызмет  түрлерін,  мысалы,  судья 
қызметі,  уезд  бастығы,  уақытша  пошта  бөлімі,  медицина  және 
малдәрігерлік  пункттердің  жұмысын  жасайтын.  Жәрмеңкенің 

98 
 
пайдалы  жағымен  қатар, зияны  да  шаш  етектен  екендігін  ақын 
жасыра алмады. Жәрмеңкенің зиянды жақтарын ақын сонда жи-
налған жастардың қосылып арақ ішуі, барын базарға салып сау-
далауы,  ұрлық жасау ісінің дендеп ел ішіне енуі сияқты келең-
сіздіктер арқылы санамалап көрсете білді:  
Базарға сатып тауыстың, 
Пормы келген атыңды. 
Жәрмеңкені жағалай, 
Көп шатақтар сатылды. 
Қарып, нашар малы жоқ, 
Тұз бенен сатты отынды. 
Базары жақын болғалы, 
Бейілі жұрттың тарылды. 
Көл шайқалып азайып, 
Қорлы саба сарқылды [50, Б. 41]. 
А.Барманбекұлы  айтқан  «ақыр  заманның»  тағы  бір  кө-
рінісі  –  әйелдің  басына  билік  беру  оларды  еркекпен  тең  ұстау 
ісі.    Осындай  жағдайлардың  бәрін  де  ол  заманның  азып-тозып 
бара  жатқандығы,  заманның  бет  алысының  өзгеруі  деп  түсіне-
тіндігі  анық  аңғарылады.    «Қалағанын  алар  деп,  Базаршы  қыл-
дың  қатынды»,  «Ерге  қызмет  қылатын,  жүгіріп  тұрған  қатын 
жоқ»  деген  ақын  атасының  алдын  кеспейтін,    ері  мен  тұңғыш 
баласының  (кемпір-шалдың  баласы  ретінде  тұңғышының  атын 
атамайтын  болған)    атын  атамайтын,  үлкенге  иіліп  ізет  жасай-
тын қазақ келіндерінің де жаңа заманмен бірге ойының бұзыла 
бастағанына  күйінеді.  Жаугер  халықты  отарлаудың  бірден-бір 
жолы  олардың  әйелдеріне  бостандық  бергізіп,  өз  ішінен  іріту 
керек  екендігін  түсінген отаршылдардың  түпкі саясаты  бүгінде 
ашылып жатқаны белгілі. Олар әйелге тең құқық береміз деген 
сылтаумен оларды табиғи болмысынан айырды. Қазақ қыздарын 
трактор мен машинаға отырғызып, оларды әйел ана бақытынан 
айырды.  Қызмет  қуған  қазақ  қыздарының  ой-санасы  түбірімен 
өзгергеніне бүгінгі таңда көзіміз жетіп отыр. Олай болса, ақын-
ның әйелдердің теңдікті дұрыс түсінбеуін, оның зиянды жақта-
рын көрсетуі әрине орынды.  

99 
 
Осындай  пікір  сол  замандағы  ақындардың  бірқатарының 
шығармаларынан  орын  алды.  Солардың  бірі  –  Ш.Қанайұлы. 
Оның:  
Закон айтып қатын тұр, 
Қойнында жатқан еріне. 
Зарланып тұрған қатын бар,  
«Қосылғам жоқ деп теңіме» [46, Б.89]. 
–  деген  жолдарынан  да  әйел  теңдігіне  деген  наразылық 
бар. Қазақ халқы қыз баланы қонақ ретінде сыйлағаны баршаға 
аян.  Мұндағы  ақындардың  айтып  отырғаны  сол  теңдікті  әйел-
дердің дұрыс түсінбеуі. Алла тағаланың өзі бір саты төмен етіп 
жаратқанын ескермеген  әйелдердің ақылдан адасуы ақындарды 
ғана  емес,  сол  тұста  өмір  сүргендердің  бәрін  де  алаңдатты. 
Оның  тағы  бір  жағы  заңға  сүйену  болса,  сол  заң  сан  ғасырдан 
бері  қағазға  жазылмаса  да  өз  заңы  қалыптасқан  қазақ  халқына 
түрпідей тиді.  
Осы  тұрғыда  тағы  бір  айта  кететін  жайт,  «Жақсы  әйел» 
мен «Жаман әйел» сипаттарын жыр өзегіне айналдырмаған ақын 
кемде-кем.  А.Барманбекұлы  да  өзінің  шығармаларында  бұл 
тақырыпты  айналып  өте  алмағандығы    осы  себептерден  болса 
керек. Ол  түсінікті де, себебі әйел үйдің тұтқасы, қазығы, ұйыт-
қысы  десек,  әйелден  күтер  талап  та  соншама  жоғары  болмақ. 
Ақынның «Әйелдің әңгімесі», «Жақсы қатынның әңгімесі» атты 
өлеңдерінде  азаматқа  серік  болар  әйелдің  жақсы  және  жаман 
қасиеттері туралы сөз болады. Аталған өлеңдерді 1915 жылы 15 
февральда  жазғаны  көрсетілген.  Ақынның  төте  жазумен  жа-
зылған  өз  қолжазбасының  60-61-62  беттеріндегі  осы  өлеңдерді 
бүгінгі  кирилицаға  түсіріп,  бізге  жеткізген  ақынның  тікелей 
ұрпағының бірі –  Ш.Мұсаұлы. Ақын:  
Ер бағын құдайым ашарында, 
Жақсы болса  ырысқа қатын серік. 
Мейманның атын байлап есік ашып, 
Тілі шекер болады майдай еріп. 
Өзіңнің бар жоғыңды білдірмейді, 
Аямай қолдағыны алып беріп. 
Жоқта болса тайың деп ауыз ашпай, 

100 
 
Бар жоқты тұрған болса өзі біліп. 
Ондай қатын жолықса ырысың ғой, 
Түзелді сенің ісің оңға келіп. 
Бағыңды алла сенің ашқаны сол, 
Асы таза, қылықты қатын беріп. 
Кемеңгер өзі дана жақсы қатын, 
Тұрады өзіңе де ақыл беріп [50, Б.103-104] 
–  деп  жақсы  әйелдің  мінезін  ердің  басындағы  ырысына 
балайды, келген  қонағыңды  күліп қарсы  алса, сөзі  шырын,  қы-
лықты, асы таза, ақылды әйелдің ерге де ақыл беріп тұратынын, 
алланың  сенің  бағыңды  ашқаны  осы  деп  біл  деген  сөз  қалды-
рады. Ал, жаман әйелді төмендегіше бағалайды: 
Жаман қатын айтайын нышанасын, 
Туысқаннан айырар қулық теріп. 
Шай да, май да, тауып кел тәуір көйлек, 
Қайдағы жоқ нәрсеге болар «жерік».… 
Қатынды жақсы демеңіз шырын сөзді болмаса, 
Ертелі кеш жасырын айтқан сөзің қонбаса. 
Тауар көйлек бүрмелі қос етек бұған болмаса. 
Үйге келген мейманға қағып кигіз салмаса. 
Бір сөз айтсаң қорс етіп ерінің тілін алмаса, 
Құдай қосқан екен деп қадырыңды білмесе, 
Бой - бойымен жыртылған үстіне жіп ілмесе, 
Опыр-топыр от басы, үйінің ішін жыймаса, 
Бар -жоғыңа қарамай алып кел деп қинаса
Өсек айтып тағы да даладан жанжал  жинаса, 
Ұрсып, тілдеп үй ішін жаман сөзбен былғаса, 
Қатты айтып орнынан тұр дегенде тұрмаса, 
Жақтырғысы келмей сөзіңе мойын бұрмаса [50, Б. 105]. 
Бұл еріншек, салақ, ұрысқақ, өсек-аяңға жақын әйел бей-
несі, мұндай әйел ер жігіттің соры, басына Алла салған бейнет-
пен  тең  келеді.  XІІІ  ғасыр  әдебиетінің  белді  өкілінің  бірі  Шал 
(Тілеуке) Құлекеұлы (1748-1819) да бұл туралы: 
Жақсы қатын алсаңыз, 
Жұмақтан шыққан хормен тең. 
Жаманға басың қосылса, 

101 
 
Маңдайға біткен сормен тең 
– деп атап көрсеткен [4, Б. 396]. Бұл тақырып та бастауын 
өте  ескі  замандардан  алады.  Қазақ  ауыз  әдебиеті  үлгілерінде 
әйел  ердің  жары  ғана  емес,  сонымен  қатар  ақылшысы  ретінде 
көрінеді.  Қобыланды  батырдың  жары  Құртқа,  Алпамыс  батыр-
дың  жары  Гүлбаршын,  Ақжүніс  болып  жалғасады.  Сонымен 
бірге  осы  тақырыпқа  қалам  тартпаған  ақын  кемде  кем.  Бұл  ай-
тылған өлеңдердің тәрбиелік, тәлімдік мәнімен қатар дидактика-
лық маңызы мен өміршеңдігі арқылы болашақта да өзінің мәнін 
жоймайтыны анық. Осы жыр шумақтарынан көкірегі ояу адам-
ның үлгі тұтар тұстарының көп екендігіне еш шүбә жоқ. Қорқыт 
ата кітабында да әйелдің үш түрі болатынына тоқталып өтуінің 
өзі осы тақырыптың адамның өмір сүру жағдайында алатын ор-
нының зор екендігіне назар аудартады. 
 
А.Барманбекұлының  замандасы  А.Қорамсаұлының  «Қыз 
сипаты», «Әйелдер сипаты», «Айтамын замандасқа біраз кеңес», 
«Жігіт  сипаты»  өлеңдерінде  де  адам  бойындағы  мінездер  жете 
сөз  болғаны  белгілі.  Жақсы  мен  жаманды  қатар  суреттеуде 
ақындар  жастарға  жаманнан  жиреніп,  жақсыдан  үйрену  керек 
екендігін ескертеді.  
Қазақ  поэзиясынан  үлкен  орын  алатын  тағы  бір  топ  – 
адамның  жас  ерекшелігіне  қатысты  өлеңдер.  XI  ғасырда  өмір 
сүрген  Жүсіп  Баласағұн  өзінің  бәйіттерінен  де  адам  жасына 
қатысты айтылған шындықты аңғаруға болады. Ол адамның жас 
өлшемін: 
Асқан адам қырықтың қырқасынан, 
Айырылар жастық шақ сырласынан. 
Елу отыз жиғанды кері алады, 
Алпыс қолын тигізсе нең қалады?! 
Алпысты ассаң – шілденің аптабынан, 
Аттадым де қысқы аяз қақпанына [92, Б. 82] 
–  деп  поэтикалық  тұрғыдан  шебер  суреттейді.  Қазақ  поэ-
зиясын  хикметтерімен  байытқан  Қожа  Ахмет  Иассауидің  жас 
сипатын  әңгімелейтін  Хикметтерін  талдай  келе  оның  мұрасын 
зерттеуші М.Жармұхамедұлы мынадай тұжырым жасайды: «Ол 
өз өмірін әңгіме еткенде, соның кейбір түйінді-түйінді жерлерін 

102 
 
ғана  көктей  шолып  жырға  қосады.  Бұл  тұста  да  астарлы  тұс-
палдау, пернелеп жұмбақтау тәсілдерін жиі қолданады. Бір атап 
көрсететін ерекшелік: бұлардағы дидактикалық мазмұн мен жас 
ерекшеліктерін  сипаттау  Шығыс  үлгісіндегі  жазба  ақындармен 
қатар,  ауыз  әдебиетіндегі  суырып  салма  дәстүрін  ұстанған  ха-
лық ақындарына да елеулі әсер етіп, тұрақты із қалдырды» [93, 
Б. 42].  Қазақ поэзиясының арғы-бергі тарихына көз жүгіртетін 
болсақ,  жас  сипатына  қатысты  мысалдарды  көптеп  келтіруге 
болады.  Бұл  тақырыптың  кеңінен  ашылып,  түйінді  тұжырым-
дармен берілуі, Бұқар жырау толғауларында, Шал ақын шығар-
маларында, Шернияз Жарылғасұлы өлеңдерінде де орын алады. 
Ұлттық поэзияда қалыптасқан осы дәстүрді А.Барманбекұлы да 
жалғастырды.  Оның  өлеңдерінің  бір  саласы  адамның  өмір  жа-
сын  сипаттауға  арналған.  Адамның  жас  ерекшелігіне  қарап, 
олардың әрқилы кезеңдерін жілік-жілікке бөліп қарастыруда да 
ақын біраз жетістікке жетті. Адамның жас деңгейіне байланыс-
ты ақын көрсеткен ерекшеліктер кез-келген адамның өткен өмі-
ріне көз жүгіртуі, саралап талдауы, ойды салмақтап қорытуы бо-
лып табылады. Себебі,  әрбір адам өз өмірінде басынан кешіре-
тіндіктен  болар,  өз  дәрежесінде  бұл  тақырыпты  айналып  өте 
алмайды.  
Он жаста жарға ойнаған лақтайсың. 
Он жастан жиырмаға келгеніңде 
Түскейден көзі ашылған бұлақтайсың.  
Елуде ерлер мінген пырақтайсың. 
Алпыста ақыл ауып, қайрат кетіп, 
Әйтеуір ат жейтұғын құрақтайсың. [50 Б. 62] 
Ақын-жыраулардың  жыр-толғауларында адам баласының 
жастық өмір белестері, жастық шақ пен кәріліктің келуі туралы 
айтқан  ойлары  жастарға  өмірдің  әрбір  сағатын  қадірлей  білуге 
шақыратыны  белгілі.  Сондықтан  да  қазақ  әдебиетіндегі  адам-
ның жас ерекшелігін сипаттайтын мұндай өлеңдердің тәлімдік-
тәрбиелік мәні ерекше. 
А.Барманбекұлының  өлеңдерінен  орын  алған  жағдайлар-
дың бірі – елге келген арақ ішу, сот ісі, ақша айналымы сияқты 
құбылыстар.  Ақын    мұндай  үрдістерге  үрке  қарайды.  Бұл  жай-

103 
 
ларды ел ішіне келген кері салт есебінде қабылдайды. Адам са-
насын улайтын арақтың керегі жоқ екендігін айтып, одан адам-
заттың  аулақ  тұруын  тілек  етеді.  Мұсылман  дініне  жат  харам 
асты ақын да қабылдай алмайды. Сонымен бірге оның зияннан 
басқа берері де жоқ еді. «Атқа мінген азамат», «арақ ақыл табар 
деп», «арақты судай сапырды» деп ашынған ақын оны өз өлең-
деріне қосады: 
Есіріктеніп, мас болып, 
Аюандай боп ақырды 
 Немесе: 
Арамнан тапқан тиынмен, 
Қабақшыға барады. 
Жығылып жатқан жерінде, 
Күшіктер аузын жалады. 
Мастықпенен ұрысып, 
Бірін-бірі сабады  [50, Б.41-43].        
А.Барманбекұлы  да  басқа  ақындар  сияқты  әдепсіздікке 
қарсы  шығып,  қазақ  қоғамындағы  адамгершілікке  жат  қылық-
тардың өріс алу себебін надандық індетінің салдары деп түсін-
діреді. Сондықтан оқып, білім алған жастардың қоғам өмірінен 
алатын  орындары  өзгеше  деп  бағалаған.  Адам  бойындағы  да-
налық пен жақсылықтың бәрі тәрбиенің, оқу мен білімнің нәти-
жесі.  А.Барманбекұлының  заманында  білімнің  таралуы  екі  ба-
ғытта:  діни  және  азаматтық  бағытта  жүргізілді.  Ақынның  оқу 
туралы алғашқы ойлары осы діни бағыттағы қадымдық оқудың 
жайы  болса,  кейінгі  Қ.Қожахметов  ақсақалдың  сақтап  келген 
«Жол  ашылды  білімге»  деген  өлеңінде  азаматтық  білім  беру 
жүйесіне  негізделген  көріністерді  байқаймыз.  Осындай  заман 
тудырған    сорақылықтардың  ең  алдымен  жастардың  санасын 
улайтыны  белгілі  жайт,  ал,  жастар  елдің  болашағы,  ертеңгі 
тірегі  екендігін  ойлаған  ақындардың  бұл  өрескелдікке  тыныш 
қарап  жатуы  мүмкін  емес  еді.  Бұдан  ақындардың  қайраткерлік 
мінез-құлқын да тануға болады. Осындай жағымсыз істерді тіз-
белей  келген  ақын  жастарға  ақыл-кеңес  беріп,  келер  ұрпаққа 
ғибратты сөздер де қалдыра білді: 
 

104 
 
Жаманға жақсы болғанша жақсыға ерген жаман бол, 
Жүгері дәні болғанша ақ бидайға сабан бол. 
Шалағай жүйрік болғанша көтермелі шабан бол 
Зәлім молда болғанша түзу жүрген надан бол. 
Уадасынан кетпеген аумайтұғын табан бол, 
Білімсізден ит артық білімді жақсы адам бол [50, Б. 103]. 
Осы    тақырыптағы  өлеңдер  М.Мөңкеұлы  өлеңдерінен  де 
көрінеді. Ақын: 
Кейінгі туған баланың  
Шашын, мұртын қойдырып. 
Ащы суға тойдырып, 
Бұза ма деп реңін
Адыра қалғыр заманның, 
Жаратпаймын сүреңін [84, Б. 10] 
– деп  қайғы ойлайды. Міне, мұның бәрі XІX ғасыр ақын-
дары басына түскен жауабы қиын сұрақтар болатын. Ақырзаман 
орнарда адам, заманмен қатар табиғаттың өзгеруінің өзін соның 
айғағындай етіп көрсету біршама ақындарға тән. 
Б.Омаров  сөзімен  айтсақ:  «…зар  заман  ақындары  өздері 
азды-тозды  деп  есептеген  кезеңдегі  табиғат  апаттарын  ақырза-
манның
 
хабаршысындай көреді. Ә.Кердері мен А.Барманбекұлының
 
Жетісу өңірінде болған жер сілкінісінен секем алып, ой толғауы, 
Қашаған Күржіманұлы мен қырғыздың зар заман ақыны Молда 
Қылыштың  өз  жеріндегі  алапат  апат  жайында  арнайы  дастан 
жазуы  –  осындай  түсінік-танымның  нәтижесі.  Мәселен, 
Ә.Кердері төмендегідей ой толғайды: 
Бұл да ақырдың мысалы: 
Жетісу деген облыста 
Жер астына жайылған, 
Мұны көрген адамның, 
Ішкен асы қойылған. 
Сондай, сондай ғаламат 
Өткен жылдың ішінде 
Құйрықты жұлдыз көрінген. 
Мұндай оқиға болғанда 
Көңілім қатты бөлінген [7, Б. 97]. 

105 
 
Осы өлең жолдарынан, жер шалғайлығына қарамай  басқа  
да  аймақтарда  болып  жатқан  оқиғалардың  ақын  көзінен  таса 
қалмай  отыруы  байқалады.  Мұны  да  ақын  ақырзаманның  мы-
салы  деп  көрсетеді.  А.Барманбекұлының  пайымдауынша  бұл 
оқиғаның болуына әсер еткен жағдай заманның, адам пейілінің 
бұзылуы: 
Күн тұтылып күзінде, 
Айдарлы жұлдыз көрінді 
Бес әлемет көрінді 
Сапар айдың ішінде.  
Жетісінде тарс етті  
Отырдым намаз ішінде. 
Жиырма бірінде күн тұтылып, 
Жарқырап кешке тарс етті. 
Жер тебіренді тағы да 
Жиырма сегіз кешінде [50, Б. 48] 
– деп беріледі. Осыдан барып заман бұзылуын табиғат өз-
геруімен  байланыстыра,  бояуын  қоюлата  көрсету  үлгісі  келіп 
шықты:      
Асылы асқан заманда:     
Шөп сұйылды жердегі,  
Құс таусылды көлдегі                       
Бай таусылды елдегі. 
Бұл  жайында  Б.Омаров:  «Заманның  да,  табиғаттың  да 
азып-тозуы  «Жалаң  жерлер  қуарып,  Таусылды  жердің  құрағы, 
Ат  суарға  қанбады,  Азайды  таудың  бұлағы»,  деп  бірыңғай  жұ-
таңдануы баяндау үрдісімен суреттелсе, ақынның замана туралы 
пайымдауы «бас аяқ болды деген сөз, осы күні рас болды» деген 
байламымен  үндес.  Мұндай  түйіндеулер  көнеден  жеткен  бол-
жамдардың ел тағдырымен өзектестігін, халықтың өмір тәжіри-
бесіне  сүйеніп  айтылатындығын    аңғартатыны  анық  дүние»,  –  
деп қорытады [7, Б. 131]. А.Барманбекұлының өлеңінде көбінесе 
«албан», «бұғы» рулары қатар аталады. Бұлар қазақ-қырғыздың 
қоныстас  рулары.  Албан  –  қазақ  та,  бұғы  –  қырғыз. 
А.Барманбекұлының  өлеңдерінен  қазақ-қырғыздың  еншісі  бө-
лінбеген  туыстығын,  жақындығын  анық  байқаймыз.  Қазақ  ба-

106 
 
сына  төнген  қауіп-қатердің  көп  ұзамай  қырғыз  халқының  ба-
сына  келерін  қырғыз  ақындары  да  ерте  сезген.  Мысалы,  қыр-
ғыздың Қалығұл, Арыстанбек, Молда Қылыш, Балық, Солтобай 
сияқты  сондай-ақ,  ХVІІ-ХІХ  ғасырлар  аралығында  өмір  сүрген 
ақындардың    ел  тағдырына  алаңдаушылығы,  заманның  қалай 
қарай бет түзегеніне деген терең ойлары қатар өрілген. Сондық-
тан  қырғыз  ақындарымен  Асан  Қайғы,  Бұқар  жырау,  Дулат, 
Сүйінбай,  Шортанбай,  Құлмамбет,  Жамбыл  есімдері  қатар 
аталады.  Жетісу  ақындарының  бірін-бірі  жақсы  біліп,  жақын 
араласқаны    туралы  ешқандай  дау  тумаса  керек.  Халық  ақыны 
Жамбыл Албан елінде берілген ас, ат шаптырып жасалған той-
думандардан  қалмай  көп  аралаған.  Үлкен  айтыстарда  сөз  жа-
рыстырған. А.Барманбекұлын Жамбылдың білгендігі туралы ой-
дың ұштығын тарата келіп, Жамбыл өлеңдерінде оптимизм жо-
ғары  болса,  Асан  өлеңдерінде  сары  уайым  басым  дегенді    әде-
биет 
зерттеушісі  С.Медеубекұлы  алға  тарта  отырып,  Жамбылдың
 
мына бір өлеңін келтіреді:  
Ақыр да, ақыр заманнан, 
Азғындаған адамнан, 
Түңіліп тынбай зарланған. 
Асан молда  Албаннан, 
Өткенді айтып қарғанған [12]. 
Қырғыздың  ең  биікте  саналатын  суырып  салма  ақын-
дарының  бірі  –  Қалығұл  Байұлы.  Ол  1875  жылы  Ыстықкөлдің 
оңтүстігінде жатқан Қара-ой деген жерде дүниеге келген. Кедей-
кепшік,  жарлы-жақыбайдың  қорғаны  болып,  өзі  де  дүниеге 
сұғынбай  орта  ғана  дәулетімен  өмір  сүріп,  ешқашан  мансап, 
билікке  таласпаған.  Атақты  ырчының  өлең  өрімдері  ата  мекен, 
туған жер, замана түрі, адам өмірінің әр алуан тұстары, жақсы-
жаман  мінез  қылықтар  турасындағы  нәрлі  туындыларынан  тұ-
рады.  Сол  маңайдағы  және  одан  кейінгі  ақын-жыршылар 
Қалығұлды  өзіне  ұстаз  тұтқан,  қадірлеген.  Соған  орай,  заман-
ның  бет-бедерін,  қазақ  ақындарымен  қатар  Қалығұл  да  өзі  куә 
болған  тұстарын  атап  көрсеткен.  Қ.Байұлының  өлеңінің  аты 
«Ақырзаман»  деп  аталса,  І.Жансүгіровтің  А.Барманбекұлының 
өлеңдерінің  топтамасын  «Ақырзаман»  атымен  шығаруы  көрші 

107 
 
жатқан  екі  ел  ақындарының  ой  өрімдерінің  бір  жерден  шық-
қандығының анық белгісі дер едік. Соның айқын дәлелі ретінде  
зерттеу  барысында  бұрын  баспа  бетінде  жарияланбаған  біра  з 
өлеңдерін  айтар  едік.  Оның  бірі  «Жол  ашылды  білімге»  деген 
тақырыптағы Құрман Қожахметов ақсақал көшіріп алып сақтап 
келген  өлеңі.  Ақсақалдың  айтуы  бойынша  1893  жылы 
Тоғызбұлақта Жаңабай деген атақты  кісі мектеп салдырған, осы 
кезде  қонақ  болған  А.Барманбекұлының  айтқан  сөздері  екен. 
Бұл Жаңабай (1866-1916ж) деген кісі Қарқара көтерілісі басшы-
ларының  бірі  болған,  ұйғыр  ауданына  тұңғыш  шыққан  ағарту-
шы,  сауатты  адам  болған.  «Ол  албан  жұртынан  түтін  басынан 
ақша жиғызып, тоғыз жолдың торабы бау-бақшалы Тоғызбұлақ 
дейтін  жерде  төрт  сыныптық  мектеп,  интернат,  асхана,  кітап-
хана,  монша,  спорт  алаңы,  төңірегін  ағаш  қоршаған  он  гектар 
бағы  бар  жай  салғызған»  [94,  Б.  107].  Осы  туралы 
А.Барманбекұлының өлеңі «Жол ашылды білімге» деп аталады. 
Онда: 
Қазақ, қырғыз, ұйғырдың 
Балалары оқиды, 
Білім алып әр қилы, 
Албан деген еліме, 
Тоғызбұлақ жеріне. 
Салғызған сарай төріне, 
Құдайым берген бұл сыйды, 
Мың рахмет айталық, 
Жаңабайдай еріме. 
Ойналық та, ойлалық, 
Жол ашылды білімге, 
Қазағым, бауырым, асылым, 
Мектебіңе-ордаңа, 
Болсын жырым шашуым [94, Б. 107]. 
Бұл  жолдардан  ақынның  жаңа  оқу  жүйесіне  оның  берер 
жақсылықтарына  қол  соғып  қуанатынын  байқаймыз.  Бұдан 
туатын  түйін  –  ақын  келген  жаңалық  атаулының  бәріне  қарсы 
емес, ол ел игілігіне жарар дүниеге қол соға қуанады, бірақ елге 

108 
 
кері  әсер  берер  жайттарға  басы  ашық  қарсы  екендігі.  Ол  жаңа 
ашылған мектепті: 
Есігінен түйе өтер, 
Терезеден бие өтер 
Китабасы дүр жаңа, 
Бұлауы да әдемі [50, Б. 107] 
–  деп  сипаттай  отырып  «Бәрі  де  бар  бұл  жерде,  бір 
жаныңа керегі» деп шаттана қуанады. Қазақ жеріндегі оқу орын-
дарының  ашылуы  ақын  көңіліне  дем  беріп,  рухани  азық  болар 
жылы сөз айтып, оны кейінгі жастарға үлгі-өнеге етеді.   Елдің 
болашағы жастар екендігін түсінген ақын бар кесапаттан білімді 
болғанда ғана құтылатынымызға сенеді де оларды жаңаша білім 
алуға шақырады.        
ХІХ  ғасыр  ақындарының  шығармаларында  орын  алған 
үрдістің  бірі  –  арнау  өлеңдері.  Олар  кейде  сынап-мінеу  мақса-
тында айтылса, кейде мақтау, мадақтау үшін де айтылып отыр-
ған. Сондай өлеңдер А.Барманбекұлы шығармаларында да ұшы-
расып  отырады.  Оның  Өскенбайға,  Жаңабайға  арналған  өлең-
дері –осының айғағы. Асан өлеңіне арқау болып отырған Өскенбай
 
Шабданұлы 1846 жылдары дүниеге келген. Руы – Алжан ішінде 
Мөңке  атадан  тарайды.  Алғашқыда  кедей  болып,  күнін  егін 
салу, аңшылық жасаумен көрген Өскенбайдың бай болып кетуі 
қызық  оқиға.  Қақпанына  түскен  қызыл  түлкіні  Қытайдағы 
Торғауыштан  жылқы  сатып  алып  келе  жатқан  Иран  шахтың 
саудагері қалап алады да оны Иран патшасына тарту етпек бол-
ған 
ойын айтады. Ақысына
 айдап әкеле жатқан шұбар жылқыдан 
500  жылқының  ішінен  50  жылқы  беремін    дейді.  Өскенбай  ой-
ланбастан  керегедегі  қызыл  түлкіні  алып  саудагерге  береді. 
Осыдан бастап, Өскенбай кедейліктен құтылып, Албан ішіндегі 
атақты  бай  қатарына  қосылады.  Бұдан  кейін  Өскенбай  байға 
арнап А.Барманбекұлы мақтау өлеңін жазады: 
Өскенбай байға рахмет 
Жоқ-жітікке қарады. 
Бір болыс елдің адамы 
Есігінен тарады. 
 

109 
 
Алыс жақын албанның  
Қажетіне жарады [50, Б. 112]. 
Шын  мәнінде  де  ел  арасындағы  адамдардың  естелікте-
рінде  Өскенбайдың  тұрмысы  нашар  адамдарға  көмектесіп,  қол 
ұшын  беріп  отырғандығы  баса  айтылады.  Сондықтан  да  ол  ту-
ралы халық арасында жақсы ой қалыптасқаны анық. 
XІX  ғасырдағы  патшалық  Ресейдің  қазақ  елін  отарлауы 
А.Барманбекұлы    шығармашылығының  басты  әрі  негізгі  тақы-
рыбы болғаны белгілі.  Сондай-ақ, сол кезеңдегі ел тұрмысына 
отарлық  езгінің  қаншалықты  әсер  еткенін  көрсетуге  тырысқан 
ақын  ғасырға  жуық  уақыт  бұрмаланып  бұра  тартылып  келген 
ащы  шындықтың,  нақтылы  тарихи  шындықтың  көркем  көрініс 
беруіне  барынша  тер  төккендіктен,  ғылыми  еңбегімізде  ақын 
өмір  сүрген  дәуірдің  тарихи  ахуалын  тарихи  болмысында  жан-
жақты  барлай  қарастыруға  тырыстық.  Ақын  шығармаларының 
мазмұндық  мәні  өзімен  бір  заманда  өмір  сүрген  Дулат, 
Шортанбай,  Мұрат,  Әбубәкір,  Нарманбет  сынды  ақындармен 
салыстырыла зерттелді. Ондағы мақсат – сол тұстағы өмір шын-
дығын  ақындардың  қалай  жырлағандығы  мен  ұстаған  мақсат-
тарын  ашып  көрсету.    Аталған  ақындардың  шығармаларымен 
салыстыру  барысында  Асанның  қазақ  поэзиясына  қосқан  үлесі 
сараланды. 
Зар  заман  әдебиетінің  соңғы  өкілдерінің  бірі,  бар  өмірін 
елінің  қамын  ойлауға  сарп  еткен,  өз  заманының  озық  ойлы 
ақыны  Албан  Асан  Барманбекұлының  өмірі  мен  шығармашы-
лық  ғұмырын  сөз  ету  барысында  оның  ХХ  ғасыр  басындағы 
қазақ  әдебиетіне  біршама  үлес  қосқандығына  көзіміз  жетті.  Ол 
қазақ поэзиясында өзіне дейін қалыптасқан дәстүрді жалғастыра 
отырып, оған өз үлесін қосты. Оның қаламынан туған өлеңдерін 
саралай  отырып  өз  ішінен  тақырыптық  жағынан  былайша  топ-
тауға  болады:  отаршылдық  зардаптары,  жер  мәселесі,  адамның 
жас  мөлшеріне  қатысты,  адамның  жақсы-жаман  қасиеттері  ту-
ралы, өмірден түңілу, жәрмеңкенің зиянды жақтары, ел басқару, 
жер мәселесі, дін, өнер-білім туралы.  
Бодан елдің арман еткен тәуелсіздігін жырға қосқан ақын-
ның  мұрасын  тәуелсіз  елдің  ұрпағы  ешқашан  ұмытпақ  емес. 

110 
 
Оның  бір  жарқын  мысалы  ақынның  туып-өскен  жері  Алматы 
облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз ауылындағы орта 
мектепке есімі берілуі. Елінің сауатты болуын арман еткен ақын 
есімін  мектепке  беру  оған  жасалған құрметтің  бір  белгісі  екені 
анық. Мектеп ауласындағы ақынға арналып қойылған ескерткіш 
халқының  тәуелсіз  ел  болып,  бостандықта  өмір  кешуін  мақсат 
тұтқан,  болашақ  жастардың  ар-иман,  адалдық,  тәрбие-тағылы-
мын  көксеген ақынның арман-мұратына деген тағзым. Қарасаз 
ауылының  орталық  көшесінің  біріне  ақын  атының  берілуі  де 
азаттықты  аңсаған  ақын  жырларының  мәңгілік  жасайтынды-
ғының дәлелі. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет