Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


хотя бы до миллиона держать, но токмо, чтоб только одним листом



Pdf көрінісі
бет88/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102
Байланысты:
Хабаршы жылына 4 рет шы ады

хотя бы до миллиона держать, но токмо, чтоб только одним листом 
под протекцию Российской империи быть обязались»...[3, 79 б.; 4, 15 б.]- 
деп жазылған. 
І Петрдің бұл арманы өзі өлген соң 6 жылдан соң орындалғанын білеміз 
(1731). Бірақ бұл хаттың мазмұны осы уақытқа дейін айтылып келгендей 
бодан болуға берілген хат емес еді. Башқұрт елімен бұрынғы достықты 
орнату үшін жазылған хат еді. Алайда осы уақытқа дейін біз оның орысша 
жалған аудармасын пайдаланып келіп нақақтан Әбілхайыр сынды тарихи 
тұлғаны айыптап келіппіз [2]. Әрине бұл басқа мақаланың үлесінде. Біздің 
бұл жерде айтпағымыз осы бір қазақ халқына жасалған кезекті қиянаттың 
өзі де І Петрден шыққанын еске сала кету біздің міндетіміз. 
Әрине қазақ еліне қиянат пен қастандықты үйіп төккен Ресей патшасы 
жалғыз І Петр емес, басқаларының жасаған жамандықтары да жетерлік. 
Алайда, солардың бәрінен Ақтабан шұбырынды оқиғасы асып түседі. 
Қысқаша және қорыта айтарымыз тарихымыздың соңғы жылдардағы 
жаңалықтары ешқандай оқулықтарға енгізілген жоқ. Ал, «Қазақстан тарихы» 
оқулықтарын әрбір Қазақстандағы жоғары оқу орындарында бір бірімен 
жарыса шығарып жатыр. Солардың ешқайсысында соңғы жылдардағы тарих 
зерттеулерінің жаңалықтары кірген жоқ. Бұрынғы айқай бір айқай болып 
қалып жатыр. Тарих оқытушылары соңғы жаңалықтарды баяндамаларына 
кіргізгенмен сиясы кеппеген жаңа оқулықтарда олардың болмағаны 
таңқаларлық жағдай. 
Жоғарыда айтылған тарихи хаттың мазмұны қазақ – башқұрт 
халықтары арасындағы Ресей арқылы бұзылған достықты қайта орнату 
болғаны белгілі. Енді Қазақ – башқұрт қатынастары тарихының кейбір 
деректеріне жалпы шолу жасайық: 1707-09 жылдардағы әйгілі Башқұрт 
халқының Ресей патшасына қарсы ұлт азаттық көтерілісі кезінде Әбілхайыр 
сұлтан Арал мен Каспий өңірі қазақтарынан құралған 3 мың әскермен келіп 
көмектескен еді. Бұл оқиға деген біздің түркі халықтары тарихының аса 
жарқын беттері... Сонда башқұрттар қазақ сарбаздарының жәрдемімен көп 
жетістіктерге жеткені соншалық башқұрт халқы Әбілхайыр сұлтанға енді 
біздің ханымыз бол - деп жалынып үлкен өтініш жасаған еді. Осы жағдайды 
есіткен Қазақ билері мен Тәуке хан Әбілхайырды шұғыл шақыртып алып 
Кіші жүз ханы етіп сайлап бекітеді (1709 жылдың күзі). Бұрын Кіші жүзде 
хан билігі болмаған еді, Орталық Ханға яғни сол кездегі Тәуке ханға 
бағынатын еді... 
1736-39 жылдардағы Башқұрт көтерілісіне де қазақтар Әбілхайыр 
басшылығымен қыруар көмек көрсетті. Сол Ресейге қарсы қырғын соғыстар 
кезінде башқұрт елінің басшылары Әбілхайыр қол астына кіруге қаншама 
әрекет жасады... Әрине Ресей оған көп кедергі жасағаны белгілі... Сол кезде 
Әбілхайыр мен Кіші жүз қазақтары Ресей қол астына кіргені шындық болса 
осындай әрекетті башқұрт басшылары жасайтындай ақымақ емес еді... 
Белгілі ғалым Шоқан Уәлиханов 1730 жылғы Әбілхайырдың, және 


Хабаршы №3-2015ж.
195 
басқалардың Ресейге бодан болу үшін өтініп жазған хаттарын көрген жоқ, 
сондай-ақ қазақтардың Ресейге бодан болғанына сенген де жоқ болатын. 
Олардың жалған хат екеніне күдіктенсе де, мойындауға мәжбүр болған еді. 
Шоқан түгілі осы мәселені арнайы зерттеген /1871 жылдан кейін/И. Крафт 
секілді ғалымдардың өзі шындыққа көз жеткізе алмай кеткен еді. Дегенмен 
Крафт Қазақ жүздерінің Ресейге өз еркімен қосылды дегеннің жалған екенін 
делелдесе де, 1730 жылғы Әбілхайырдың хатының шындығын біле алмай 
кеткен еді. Себебі ол да, басқалар сияқты Әбілхайыр жазған хаттың 
түпнұсқасын көрмей, тек орысша аудармасын ғана көрген болатын. 
Сондықтан көптеген зерттеушілер, және алаштың ардагер азаматтарының өзі 
шындыққа көздері жетпегендіктен соңғы жылдарға дейін Әбілхайырды 
нақақтан айыптап келді. 
Осынау хаттың түпнұсқасын көріп шындыққа көз жеткізудің сәті түсті, 
тек Совет Одағы ыдыраған соң, 9 жылдан кейін… 
Сол тарихи хатта бодандық туралы әлде Ресейге қосылу туралы ештеңе 
де жоқ, ондай әңгіменің болуы да мүмкін емес еді. Себебі 1709 жылға дейін, 
және сол жылы (1709) Әбілхайыр хан болып сайланған Кіші жүз елі өз 
шегарасын қорғап Ресеймен 150 жыл бойы соғысқан еді. Сол соғыстың соңғы 
30 жылын/1730 жылға дейін/ Әбілхайыр өзі басқарды. Сондай адам Ресейге 
бас иіп бодан болуы әрине мүмкін емес. Себебі Ресей бодандығындағы 
туысқан башқұрт халқының жағдайын Әбілхайыр өте жақсы білетін еді. Сол 
хаттың мазмұны Ресей қоластындағы туысқан халық башқұрттармен 
бұрынғы достық жағдайды орнату үшін ғана жазылған еді. Сол хатты алып 
кету үшін башқұрт өкілі Алдарбай келмегенде ондай хатты Әбілхайыр 
ешқашан жазбаған болар еді. Алдарбайды жіберіп отырған патша әкімдері 
болатын… 
Алдарбайдың Әбілхайыр ордасына келуі өздігінен емес, оны осы 
мәселе үшін әдейі жіберген Ресей өкіметінің басшылары. Біз осы жерде 
кішкене шегініс жасап Қазақ – башқұрт қатынасына шолу жасайық… 
Татар мен башқұрт халықтарын ХҮІ ғасырдың ортасында Иван 
Грозный жаулап алып Ресей құрамына кіргізген еді. Осы екі халық Қыпшақ 
мәдениетінің жалғастырушылары және ежелден көрші аралас құралас болса 
да екі түрлі халық, және екі түрлі тағдыры бар. Мысалы башқұрт халқы ХҮІІІ 
ғасырдың ақырына дейін Ресей бұғауынан босану үшін қаншама рет ұлт-
азаттық көтеріліске шықты. Олардың арасынан елін, жерін қорғау үшін 
көптеген халық батырлары шықты. Солардың ішінде біздің халықтың көп 
білетіні – Салават Юлаев, 1770 жылдардағы Пугачев көтерілісіне белсене 
қатысқандардың бірі… 
Бірақ, татар елі ешқашан Ресей отарлығына қарсы күреспеген халық. 
Сондықтан олар патша өкіметіне өте сыйлы болды және басқа халықтарды 
отарлауға Ресейдің оң қолы бола білді. Тевкелов секілді татарлар Ресейдің 
дипломаттық қызметін жақсы жүргізу үшін қазақ еліне барғанда өзін 
башқұртпын деп таныстыратын болған. Себебі қазақтар башқұрттармен дос, 
сыйлас, тағдырлас халық… 
Башқұрттардың Ресейге қарсы кезекті көтерілістерінің бірі 1707-09 
жылдары болды. Соған көмектесуге Әбілхайыр батыр үш мың әскермен 
келді. Сонда башқұрт халқының күресі көп жеңіске жеткен себепті, аса ырза 


Хабаршы №3-2015ж.
196 
болған башқұрт елінің игі жақсылары Әбілхайырға – Біздің ханымыз бол-деп 
шын жүректен жалынған еді…Әрине Әбілхайырды мұндай құрмет жай 
қалдырмаған болуы мүмкін. Алайда ол 1709 жылдың күзінде Қазақ билерінің 
шақыртуымен Түркстан жаққа кетіп қалды да, Башқұрт көтерілісі жеңіліске 
ұшырады… 
Қазақ билері Әбілхайырды текке шақыртпаған екен. Қазақ елі 
басшыларының сол жиналысында екі үлкен мәселе қаралды. Бірі Жоңғар 
шабуылына қарсы күш біріктіру болса, екіншісі Әбілхайырды Кіші жүз ханы 
етіп сайлады. Бұрын Кіші жүзде хан болған жоқ еді, орталық хан билейтін 
еді. Алайда, соңғы он жылда Ресей тарапынан Жайық казактарының 
шабуылы қатты күшейді. І Петр Еділ қалмақтарына Аюкені хан қойып және 
оларды тісіне дейін қаруландырып Кіші жүз жеріне шабуылды үдеткелі 15 
жылдан асып барады…Осынау қырғын соғыста қазақ жерін қызғыштай 
қорғап, батырлығымен, жанкештілігімен және ұйымдастыру қабілетімен 
көзге түскен Әбілхайыр болатын… Сөйтіп Әз-Жәнібектің Сүйік деген 
баласынан тараған ұрпағы Әбілхайыр алғаш рет Кіші жүздің ханы болды. Ол 
енді Кіші жүз жерін хан болып басқаратын және қорғайтын болды… 
Осылай башқұрттар мен қазақтар арасындағы тағдырлас достық 
қатынастар жалғасып жатты. Себебі екеуінің де қарсыласы, яғни ата жауы 
Ресей болатын. Сондықтан Ресей басшылары қалай болмасын екі халықтың 
достығын бұзу үшін неше түрлі айла –шарғыны көп жылдар бойы жасады. 
Мысалы түнде барып казачьи отрядтар башқұрт ауылын шабады, кісілерін 
өлтіреді және малын айдап кетеді де жаланы қазақтарға жабады…Сонсоң 
башқұрттарға көмектесіп қазақ ауылын шабады. Қысқасын айтқанда 1730 
жылға дейін қазақ пен башқұрттың арасындағы достық бұзылған еді. 
Әбілхайырдың жанына батқаны да сол еді. Ал, енді осы достықты қалпына 
келтіру үшін патша ағзамға хат жазу керек – –деп башқұрт Алдарбай айтып 
келгенде Әбілхайыр алданып қалған еді. Бұл 1730 жылдың маусым (июнь) 
айы еді…Ресейге керегі де сол еді. Хат жазды деген факті бар, оның 
түпнұсқасын ешкімге көрсетпей, аудармасымен келешекте Әбілхайыр өлген 
соң оның балаларын және талай қазақ төресін алдауға болады… 
Башқұрттармен достық қатынасты Әбілхайыр жалғастыра берді. 1736 
жылы башқұрт көтерілісі бұрқ еткен кезде, патша өкіметіне қазақтар мен 
башқұрттарды және бір рет жауластырмақшы болып көп ақша бөлді. 1738 
жылдың ақпан айында Татищев сонда “Әрбір башқұрттың басын әкелген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет