Р.НҰРҒАЛИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫ
Аннотация. Мақалада ғалым Р.Нұрғалидың қазақ драматургиясын жан-
жақты зерттеп, қазақ әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі қарастырылады. Ғалымның
қазақ драмматургиясының табиғатын, жанрлық жүйесін зерттеумен қатар драма
жанрының ерекшеліктерін, поэтикасын айқындап, кезеңдердегі әдеби даму
заңдылықтарын ашқаны баяндалады.
Кілт сөздер: Ұлттық, шығармалар, драма, әдебиеттану,қойылым, зерттелу,
тарихи-мәдени
XX ғасырдың басында дамыған қазақ әдебиеті толысып, озық ұлттық
әдебиеттердің жанрлық салаларына жол тартып. әлемдік әдебиетке тән
құбылыс - «Кайта өрлеу дәуірін» басынан өткізді. Елді елең еткізер
жаңалықтар бірінен соң бірі халыктың рухани азығына айнала бастады.
Солардың қатарында роман жанрымен бірге сөз өнерінің іргелі саласы болып
табылатын қазақ драматургиясының туып, қалыптасуы осының куәсі еді.
Алғаш қазақ жастары арасында әдеби-сауық кеші болып бастау алған бастама
соңынан ұлттық деңгейдегі драмалық шығармалардың жазылуына ұласты.
Осы саланы дамытуға Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Әуезов, Қ. Кемеңгеров,
С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, Ж. Шаниндер бастаған ұлт
зиялылары үлкен үлес қосты. 1915жылы Көлбай Төгісовтің «Надандық
құрбаны» драмасы жеке кітап болып басылып шықты. 1916-1917 жылдары
Ж. Аймауытовтың тұңғыш үш пьесасы «Рабиға», «Мансапқорлар»,
«Қанафия-Шәрбану»жазылды. 1917жылы жайлаудағы Әйгерімнің қонысында
«Еңлік- Кебектің» тұңғыш қойылымы көрсетілді. Міне, осылай басталған
қазақ драматургиясының кадамы қарыштай дамып, бүгінде әлемдік
деңгейдегі үздік шығармаларды тудырып, биік тұғырдан көрінуде. Жоғарыда
айтқанымыздайқазақ әдебиеттану ғылымында поэзия, эпикалык проза, оның
ішінде ерекше роман түбегейлі зерттелді. Ал драматургия жайында
Ә. Тәжібаевтың «Қазақ драматургиясынын очеркі», Р. Рүстембекованың
«Қазақ совет комедиясы», М. Дүйсеновтың «Қазақ драматургиясының жанр,
стиль мәселесі», Е. Жақыповтың «Дастаннан драмаға», Н. Ғабдуллиннің «Ғ.
Мүсірепов-драматург» сияқты еңбектері дүниеге келді. Ғ.Тоғжанов, I.
Жансүгіров. Н. Львов, Қ. Қуандықов, Б. Қүндақбаев О. Қайдалова,У.
Садықова, А. Тоқпанов Л. Богатенкова, Ө. Сығаев, Ң. Уәлиев сияқты театр
сыншыларының еңбектерінде айтылған. Құнды пікірлерден бастау алған
сыншылык үрдіс қазіргі сыншылар еңбектерінде өз жалғасын табуда. Әлем
драматургиясы мыңдаған жылдарды артқа тастап, сан ғасырлар бойында
қалыптасу жолынан өтті. Ал қазақ драматургиясының тарихы бір ғасырға да
толмайды. Кешегі Қазан төңкерісінен кейінгі қоғамымыздың әлеуметтік-
экономикалық, тарихи-мәдени дамуы халқымыздың мыңдаған жылдық
дәстүрлі фольклоры мен бай әдебиетінен, жаһан мәдениетінің орыс мәдениеті
арқылы жеткен озық дәстүрлерінен бастау алып, қазақтың жаңа сапалы өнері
— драматургия мен театрды дүниеге әкелді. Осының арқасындатұтас, жүйелі,
жан-жақты әдеби-мәдени процесс бастау алды. XX ғасырда қазақ
драматургиясы жалпы драмаға тән қасиеттер мен сапаларға жанрлық
Хабаршы №3-2015ж.
200
құрылымдар мен пішіндерге ие бола отырып қазақ әдебиетімен,
мәдениетімен бірге, өсіп, жетіліп отырды. Әдебиеттің айрықша бір түрі -
драматургияның негізгі нысаны театр, сондықтан театрға арналып жазылады.
Драматургия - танымдық, тәрбиелік мәні зор, идеялық-эстетикалық әсері
күшті өнер. Мұнда тағдырлар тоғысуы мен характерлер қақтығысын,
сезімдер шайқасын көрсете отырып ерекше көркемдік құрал - диалогтар мен
монологтар аркылы болмыстың сан алуан шындықтарын ашады, өмір
құбылыстарына баға береді, билік айтады. Жанр мәселесі өнертану мен
әдебиеттануда өзекті болғандықтан, ерекше көңіл бөлініп, көптеген
зерттеулер мен еңбектер дүниеге келді. Әлемдегі барлық халықтардың
мәдениеті мен әдебиетінде де жанр мен оның түрлері мәні бар
құбылыстардың қатарына жатқызылып, кең орын алады. Типологиялық
тұрғыдан жанр табиғаты ұқсас, сарындас. Олар бір жерде ішкі жағдайлардың
әсерінен дүниеге келсе, екінші ортада тарихи-мәдени алыс-беріс кезінде тууы
да мүмкін. Бұл мәселенің бетін ашу максатында эстетикада әртүрлі
мектептер, бағыттар болғанын білеміз. Мысалы, Аристотель «Поэзия өнері
туралы» шығармасында драмалық жанрларға анықтама берсе, Буало
«Поэтикалық өнер», Дидро «Драмалық поэзия туралы» еңбегі, Гегель
«Шығармалар жинағы», Белинскийдің көптеген сыни еңбектерінде жанр
мәселесі қозғалған. Буржуазиялық оқымыстылардың бір тобы жанрларға
психологиялық, екінші тобы грамматикалық категориялар арқылы түсінік
жасамақ болады. Ал кеңес ғылымы бұларға қарама-қарсы, объективті
критерий ұсынады - жанрды қоғамдық, мәдени- әдеби жалпы дамумен
сабақтас қарап, нақты әлеуметтік-тарихи, эстетикалық-көркемдік аспектіде
анықтама береді. Жанр тудыратын элементтер деп сюжет түзілісі,
композиция, поэтика, бір сөзбен айтқанда, шығарма идеясы мен мазмұнын
ашатын көркемдік қүралдарды айтуға болады. Бұған драмалық эмоциялық
әсер беретін формаларды да қосқан дұрыс: трагедия, комедия, драма. Даму
үдерісінде жанрлар бір-біріне өзара ықпал етеді, бірін-бірі байытады.
Кейбіреуі жаңғырып өссе, енді бірі өшеді, өледі. «Жанр әрқашан өзі, әрі өзі
емес, әрқашан көне, әрі жаңа, жанр әдебиет дамуының әрбір жаңа кезеңінде,
әрбір жаңа шығарма тұсында қайта туындап жасарады... Жанр бүгінгі күннің
тынысымен өмір сүреді, бірақ әрқашан өзөткенін ерекше қасиет ретінле өз
бойында сақтайды. Жанр - әдеби даму үдерісіндегі шығармашылық тұжырым
түрінде қалады», - деп жазды М. Бахтин [1]. XX ғасырдың 60 жылдары
жалындаған жас ғалым Р. Нұрғали өзінің жаңашыл ғылыми зерттеушілік
бағытымен әдебиеттану ғылымына келіп қосылады. Ғалым қазақ
драматургиясындағы
трагедия,
комедия,
драма
жанрларының
ұлттыкерекшеліктерін, дүниежүзілік әдеби дамуға қосылатын белгілерін көп
жылдар бойы аса бір ұкыптылықпен тексерді. Оның айғағы ретінде
«Трагедия табиғаты» [2], «Талант тағдыры» [3], «Күретамыр» [4], «Өнер
алды - қызыл тіл» [5], «Өнердің эстетикалық нысанасы» [6], «Драма
поэтикасы» атты монографияларын айта аламыз[7].
Әдебиет әлемі жөнінде өрелі ой, орнықты пікір айтып, қазақ
әдебиетінің ғылым мен сынында өзіндік сара жол салған Р. Нұрғалидың
«Айдын. Қазақ драматургиясының жанр жүйесі» атты монографиясы қазақ
драматургиясының табиғатын, жанрлық жүйесін жан-жақты саралап
Хабаршы №3-2015ж.
201
зерттеген бірегей еңбек деп айтуымызга болады [8]. Р. Нұрғали қазак драма
жанрларының - өзіндік ерекшеліктерін, поэтикасын айқындаудың, олардың
әдеби дамудағы орны мен маңызын ашудың өрістеу үрдісін тиянақтаудың,
жанрлық құрылымдардың өзгерістерін, сонымен қатар олардың өзара
байланысы мен баюын көрсетудің уақыты келгенін айта келіп, өз зерттеуінің
негізгі нысанасы етіп алуға бел байлайды. Ғалым бұл зерттеуінің XX
ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдеби көркем процесс
диалектикасына енуге. ұлттық және интернационалдық дәстүрлердің
арақатынасын көрсетуге, белгілі кезендердегі әдеби даму заңдылықтарын
ашуға мүмкіндік туғызатынына, сондай-ақ қазақ драматургиясының
дамуындағы қалыптасқан дәстүрлер мен тұрақты байланыстарды анықтауға,
олқылықтар мен кемшіліктерді көрсетуге, болашағын барлап болжауға
жағдай жасайтынына кәміл сенеді. Әдебиет жанрлары жөнінде тұжырым
жасаған академикД.С. Лихачев «Жанрлар түрлі өзгермелі факторлардың
әсерімен қалыптасып, сан алуан қасиеттерге ие болғандықтан, әдебиет
тарихы алдында ерекше міндеттер туады: жанрларды ғана емес, жанрлық
саралауды тудыратын принциптерді зерттеу керек, жеке жанрларды, олардың
тарихын ғана емес, әр дәуірдегі жанрлар жүйесін зерттеу керек» - дейді.
Ғалым академиктің осы талаптарын ескере отырып нақты
шығармаларды талдап, жанрлардың оның ішінде барлық жүйелердің,
дамуүдерісіне зейін қояды. Р. Нұрғали драматургия жанрларын жай қағида,
қатаң тұжырым етіп қана алмай, олардың қоғамдық мәдени дамуы мен
сабақтастығына мән беріп, көркемдік- эстетикалық тұрғыдан баға береді. Өзі
көтеріп отырған күрделі теориялық мәселенің негізгі түйінін ашуға
тырысады. Р. Нұрғалидың бұл еңбегі ұзақ уақыттар бойы сарқыла зерттеу
нәтижесінде дүниеге келді. Осы салада жүргізген ізденістері мен көптеген
құнды ғылыми топшылаулар өз жемісін берді. Монографияда қазақ
пьесалары жанрлық тұрғыдан жіктеліп, белгілі бір ретпен қарастырылады.
Қазақ қаламгерлерінің алпыстан аса пьесалары ғылыми тұрғыдан зерттеліп,
олардың идеялык-көркемдік қасиеттері, жанрлык-стильдік сипаттары
ашылып талданады. Ғалым драмалық шығармаларды бұрынғы зерттеуші
ғалымдар сияқты трагедия, комедия, драмаға бөліп, әр жанрдағы
шығармаларды ішкі сипаттарына карай бірнеше бөліктерге бөледі.
Монография «Трагедиялык тартыс және трагеднялык характер» деген
такырыппен ашылады. Ғалым қазақ әдебиет тануында алғаш рет драманың
негізгі түрлерінің бірі трагедияға жан-жакты жанрлық тұрғыдан сипаттама
береді: «Драматургия жанрларының ішінде өмірге айрыкша жақын түрі-
трагедия, өйткені бұл формада тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат
тартыстар, құштарлықтар мен сезімдер шайқасы, ойлар мен идеялар
қақтығысы ерекше зор пафоспен, әрі реалистік тереңдікпен бейнеленеді.
Классикалық әдебиеттегі трагедияларда дара тұлғаның әлеуметтік-қоғамдық
қайшылықтармен кереғар қайшы келуі, бітіспес күреске түсуі көрсетілген.
Трагедия қаһармандары сұм заманның қатігез әдеттерімен шайқаста опат
болады; олардың алдарына тас қамалдай неше түрлі кедергілер, асу бермес
тосқауылдар тұрады; трагедия асқақ рухты қайсар жанның алапат күресін
суреттейді. Трагедия қаһарманы теңіздей сұрапыл тебіреніс құшағында; ол өз
ішіне терең бойлайды; қамырықты, қайғылы азапты хал кешеді; кедергі,
Хабаршы №3-2015ж.
202
қарсылықтармен қаймықпай күреседі» [8].
Трагедия категориясына қатысты көптеген ғылыми зерттеулер
жазылып, көптеген зерделі пікірлер айтылды. А.В. Луначарский дүниежүзілік
драматургия тарихына сүйене отырып, трагедияны символдық және
реалистік деп екі салаға бөліп қарайды. Бірінші қатарга Гетенің «Фаустын»
қосса, екінші қатарға Шекспирдің «Гамлетін» жатқызады. Трагедияны
оқыған немесе сахнадан көрген адам орасан зор тебіреніске түсіп, сан алуан
сезім толқынынабөленеді, қапалы ой құшағына енеді. Бұл идеялық-
эстетикалық әсер ету ерекшелігін Аристотель - жан ашу, қорқыныш һәм
қуаныш сәттерінің шарпысуынан туған ерекше күй деп атайды.
Fалым трагедияның тағы бір маңызды сипатына кейіпкердің үлкен
қателік жіберіп, зор адасуларга ұшырайтынын жатқызады. «Бұл әлеуметтік
жағдайлар мен қоғамдық қарым-қатынастар тудыратын, кейіпкердің өз
еркінен тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсатына жеткізбей мерт
қылатын зауал іспетті, тағдыр мен жазмыш бұйрығы тағылеттес ерекше
жағдаяттардан шығады».
Сонымен ғалым трагедияға жан-жақты жанрлык тұрғыда сипаттама
жасай отырып: «Сөйтіп, трагедия - драматургияның қаһарлы тартыстар мен
адасулар шайқасы қат-қабат өмірлік обьективті қайшылықтарын терең
образдар аркылы ашып, зор айқастар, үлкен күрестерді бастан өткеріп,
шындыққа жету жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғы- шері, мұң-
ызасы эмоциялық-эстетикалық ғаламат әсермен оқырманға (көрерменге
берілетін. болмыстың қаны сорғалаган сұрапыл шындықтарын айқара ашып,
қопара бейнелейтін іргелі жанры. Әрине, қалыпты өмірдің өзіндік тілек.
талап, шарттары мен тарихи, трагедиялык тұлғаның мақсаты арасындагы
күрес, конфликт, тартыс атаулының әр қоғамда, әр дәуірде, әр әлеуметтік,
ұлттық ортада сан алуан форма, көрінісін тудыруы - объективті заңдылық.
Трагедиялык тартыстар мен адасулар табиғатын, эстетикалық-эмоциялық
әсер ерекшелігін сюжеттік материал, көркемдік-композициялык құралдар
жүйесін, тақырыптық идеялық нысананы ескере отырып, қазақ трагедиясын
мынадай салаларга бөлуге болады: а) эпикалық трагедия; э) тарихи трагедия;
б) адамгершілік- тұрмыстық трагедия», — деп бірнеше бөлікке бөледі [8].
Бұл жүйелеуден ғалымнын драмалық шығармаларды жан-жақты терең
зерттеп, жанрдың ішкі жақтарына көп үңілгеніне көзіңіз жетеді. Бұл зерделеу
монографияның жаңалығы деп айтуымызга да болады.
Ғалым қазақ әдебиетіндегі классикалык үлгіде жазылып, жанр
шарттарына толық жауап беретін ұлттық құндылыгымыз - «Еңлік-Кебек»
трагедиясын алғаш рет жоғары бағалап, әдеби- эстетикалық талдау жасады.
Бүл шығарманың эпикалық трагедияның барлық талабына сәйкес келетінін
дәлелдеді. Алдымен ғалым М. Әуезовтің шығармашылық зертханасына
тоқталып,
жазушының
Шекспир
шығармашылығынан
аударған
туындыларына тоқталады.
Р. Нұрғали монографияда ғалымдар арасында бірінші болып
зерттеудің жаңа ұстанымын қолданды. Бұл дүниежүзілік әдебиеттанудағы
қолданылып жүрген жаңа типологиялық әдіс еді. Fалым зерттеуге нысаны
етіп отырған шығармаларын өздеріне тән сипаттары мен ерекшіліктерін,
ұқсастықтарын бір-бірімен салыстырады. Ұлттық әдебиеттің өзіне тән
Хабаршы №3-2015ж.
203
ерекшіліктерін ескеріп отырады. Мұны да бұл еңбектің құндылығына
жатқызуға болады.
«Еңлік-Кебектің» осы уақытқа дейінгі белгілі бірнеше нұсқаларын
бір-бірімен салыстырып, сабақтастырып, оның қойылу тарихын,сахнадағы
қойылымдарын тізе отырып, ғалым әрбір кейіпкерге, оның тіліне, мінезіне, іс
қимылына, көркем шығармадағы тартыс, мінезінің өзгеруі мен әдеби
кейіпкердің өмірде болған, болмағанына, шығарма шындығы мен оның
жасалуына, сомдалуына жіті көңіл бөледі. Көркем мәтінді жақсы білетін
ғалым
шығармаға
әдеби-эстетикалық
талдау
жасайды.
Эпикалық
трагедияның жанрлық сипатына сараптама жасай отырып, оны әлемдік
драматургияның жетістіктерімен салыстырып отырады. Зерттеуге әлемдік
салыстырмалы-тарихи-типологиялық әдістің барлық мүмкіншіліктерін
пайдаланады. Бұдан Р. Нұрғалидың зерделі білімін, жан- жақтылығын байқай
аламыз.
Ғалым «Еңлік — Кебек» аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде
жеткен төрт нұсқасын салыстырып, мынадай байламдар жасайды. «Ұсақ
ауытқуларды айтпағанда, барлық нұсқадағы оқиға, оның баяндау реті,
аяқталуы, аты аталатын адамдар, негізінен бірдей. Адам бейнелерін кескіндеу
де ұқсас. Кебек батыр. Еңлік - асқан махаббат иесі, Кеңгірбай опасыз болып
көрінеді. Шыңғыстау, Орда, Хан, Доңғалаң, Ащысу барлық нүсқада
айтылады. Нысан Абыздың бал ашқан сөзі, Еңлік портреті, бүркіт салу суреті
сөзбе-сөз дәл келіп отырады. Бірталай тіркестер, жеке детальдар, жаулар
үстерінен түскендегі қашу сәті, Кебек мойнына арқан тасталуы, Еңліктің үш
тілегі, жөргекте зар қағып қалған бала өзгеріссіз қайталанады. Барлық нұсқа
Еңлік пен Кебектің өлімімен тынады. Кеңгірбайдың екі жүзділігі, тобықты,
найман рулары арасындағы кикілжіңнің бас себебі тағдырдың бұйрығында,
жазмыш күшінде деген идея барлық нұсқада бар» Мұхтар Әуезов жазған
пьесаның сюжеті халық аңызының оның ішінде әңгіме, поэма түріндегі
нұсқаларынан бастау алады [8]. Тобықты - найман арасындағы оқиға тұнып
тұрған драма материалы екенін ұққан жазушы көрегендігін айта келіп: «Ру
арасындағы жаңа шайқасқа Кебек-Еңлік ісі сылтау. Дабырайып, өсіп, шегіне
жете сыздаған алтыбақан алауыздық бұлтының түйісуіне кездейсоқ бір оқиға,
титтей себептің өзі жарап жатыр еді. Пьеса көркемдігімен бірге ғалым
пьесада орын алған олқылықтарын да көрсетеді. Пьесаның алғашқы екі
нұсқасындағы басты олқылык дүниетаным саяздығына тіреледі. Автор екі
жас трагедиясының ең негізгі себебін алауыздықта, билердің қатігездігінде
деген ойға мегзейді.
Ғалым әртүрлі елдер әдебиетінде кездесетін бір туындыға қайта-қайта
оралып, әлденеше рет өңдеу дәстүрінің де М. Әуезов шығармашылығына тән
екенін айта отырып, жазушы өзінің тырнақалды шығармасы «Еңлік-Кебекке»
қаламы шыңдалып, үлкен жазушылық мәдениетке ие болған кезеңде 1943
жылы бір, 1956 жылы екінші рет оралып, пьесаға мол өзгерістер енгізіп,
қайтадан өңдеп шыққанына тоқталады. Пьесаның алғашқы нұсқасындағы
сюжеттік желінің қалдырылып, тек трагедияның негізгі идеясын ашуға,
конфликтінің өрбіп, асқынуына еш қатысы жоқ эпизодты алып тастағанын
айта отырып, «трагедиялық қақтығыстың жойқын көрініс беруі үшін ұсақ
бұрылыстарды, жай кикілжіңдерді қысқартып тастау қажет болды» - дейді.
Хабаршы №3-2015ж.
204
[8] Сонымен қатар драматургтың аса үлкен шығармашылық табыстарын да
көзден таса қылмайды. 1943 жылы жазылған нұсқа мен 1956 жылғы
жазылған нұсқаның басты айырмашылықтарын айта келіп, қазіргі театрда
қойылып жүрген нұсқаға тоқтальш, алғашқы нұсқа мен осы нұсқаның
арасындағы түбірлі мазмұндық, идеялық айырмашылықтарды, көптеген
стильдік өзгешеліктерді салыстыру арқылы көрсетеді. «Сөйтіп, Мұхтар
Әуезовтің әуел баста халықтың аңыз негізінде туған «Еңлік-Кебек»
трагедиясы талант құдіретімен әлденеше рет редакцияланып, жаңғыртылып,
байытылуы арқасында образдарды кесек-кесек, тартысты шыңыраудай терең,
тілі ғажап шұрайлы классикалық туындыға айналды» - деп жоғары баға
береді [8].
Ғалымның зерттеу еңбектерінің ерекшелігі жайында ғалым–зерттеуші
Т.Нұртазин: «Р. Нұрғали «Еңлік Кебек», «Бәйбіше - тоқал», «Қарагөз»,
«Абай» трагедияларына текстологиялық зерттеулер жүргізді. Текстология
шығарманың нұсқаларында қандай өзгерістер болғанын, әр нұсқаны
салыстыра отыра зерттеу бізде қазір бар. Бірақ ол кең өрістеніп, дами қойған
жоқ. Өйткені текстология жұмысы көп нәрсе. «Еңлік Кебектің» революцияға
дейінгі төрт түрлі нұсқасы бар екен. М.Әуезов «Еңлік Кебек» трагедиясын
үш дүркін түзеп, редакциялап жаңалаған. Жеті дүркін түлеген дүниені
салыстыра зерттеп көр! Көп зерттеудің текстологияға бой ұрмайтыны да
сондықтан. Екінші текстология салыстыру ғана емес, жаңаланған нұсқасында
неден арылды, неше қасиеттер бойына дарып, идеялық-эстетикалық құдіреті
қаншасына артты – соны ажырату. Мұны зейіні алғыр, талғамы алғыр,
талғамы, танымы күшті сыншы ғана жасай алады. Оған әуелеті жетпеген
зерттеушілер: «Пәлен бетін, жолын, сөзін алып тастапты, пәлен бет жоқ,
пәлен сөз қосыпты» деп текстологияның сырт көлемін долбарлай шамалап
өте шығады
Р.Нұрғали
«Трагедия
табиғатында»
М.Әуезовтің
аталған
шығармалары текстік өзгерістер нәтижесінде неден арылғанын, недей
қасиеттер үстелгенін жан-жақты талданған, таныған, батыл тұжырымдар
жасаған» деп жазады [9].
Ғалым жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуын
социалистік революция жаңғырығымен сабақтастырып байланыстырады.
Сонымен қатар төл әдебиетіміздің інжу-маржаны, қайнар көзі фольклордың
да қазақ қаламгерлерінің творчествосына айрықша әсер еткеніне тоқталады.
Р. Нұрғалиев Жұмат Шаниннің шоқтығы биік шығармаларының бірі
«Арқалық батыр» трагедиясын зерттей отырып, қазақ фольклоры мен
драматургиясының арасындағы күрделі байланысты ғылыми тұрғыдан
саралап береді. Бұл шығарманың туу, жазылу тарихына, уақытына көз
жүгірте отырып, ғалым пьеса нұсқаларын салыстырып, айырмашылық,
өзгерістерін көрсетеді. Архив түбін ақтарған ғалым «Көзі тірісінде
Жұматтың өзі де «Арқалық батыр» трагедиясының материалын халық
жырынан, Ержан ақын аузынан алғанын айтқан екен. Қазақ ССР Ғылым
академиясы қолжазба қорында Арқалық батырдың есіміне байланысты
бірнеше материал бар. Олар: 1) 1939 жылы Құлсариев Ертай тапсырған
«Арқалық батыр» жыры, 336-шы папканың 59-119 беттері; 53 папканың 346-
405 беттері; Екеуі бір-бірін қайталайды. 2) Қабыш Мұсайынов пен Дәуітқан
Хабаршы №3-2015ж.
205
Ибрагимровтар тапсырған нұсқалар. 366-папка а) «Арқалық батыр», 1-2
беттер. б) Арқалық батырдың қазақ-қалмақ барымталас кезінде Әз Жәнібек
ханның жылқысын қалмақтан алып келгені туралы. 19-21 беттер. Мұхтар
Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлерінің
редакциясымен 1961 жылы шыққан «Батырлар жырының» екінші томына
Ержан Ахметовтен 1958 жылы Бекмұрат Уахатов жазып алған нұсқа
енгізілген» деп нұсқа түрлеріне сипаттама беріп, салыстыра отырып
пьесаның негізі фольклорда жатқанын айтады. Ғалым Ержан Ахметов
нұсқасы мен пьеса арасындағы ұқсастықтар, есімдер өзгешеліктері жайында
айта келіп пьесаның фольклор нұсқасынан өзгешеліктерін де көрсетіп береді.
«Арқалық батыр» трагедиясына байланысты материалдарды түгелдей
салыстыра тексерген ғалым пьеса сюжетіне Ертай Құлсариев тапсырған
варианттың жақындығын айтады. Пьесаға ғалым «Арқалық батыр
трагедиясына әдеттегі драмалық шығармаларды талдау-образдарды бағалау,
идеяны көрсету, конфликтінің ажырату, сюжет ерекшеліктерін айқындау
тұрғысынан келуге болмайды. Өйткені бұл туынды – ұлттық әдебиетіміздегі
ең алғашқы күрделі пьесалар үлгісінің бірі. Сондықтан негізгі көркемдік
компоненттерге анализ бере отырып, диалогтың жасалуы, авторлық
ремаркалардың түрлері, көріністер, перделер арасындағы байланыс, тіл
бояулары - сияқты мәселелер төңірегінде де байлам жасау қажеттілігі туады»
деп баға береді. Пьеса бөлімдеріндегі кейіпкерлер санын драматургия
классиктері Шекспир, Грибоедов, Гоголь, Толстой пьесаларындағы
кейіпкерлер санымен салыстырып, пьесадағы кейіпкерлер санының
шағындылығын, авторлық ремаркалардағы кейіпкерлер жасының дәл
көрсетілуі сияқты ерекшеліктерін де ғалым көзден қалт жібермейді. Ғалым
драмада тартысты күшейту мақсатында автордың шарттылыққа, әсірелеп,
шығындата бейнелеу әдістерін қолдануда фантастика элементтерін алуға
болатынын, бұл әдістердің жемістілігін сонау ХVІ ғасырдың өзінде ұлы
Шекспир өз творчествосында көрсетіп бергенін, қазақтың тұңғыш
драматургтері Әуезов, Кемеңгеров, Шанин шығармаларында кездесетін
фантастика элементтерінің эпостан келгенін айтады. «Халық әдебиеті
дәстүрлерімен европалық драма үлгісін ұштастыра жасалған Шанин
трагедиясының көп тұстарында эпостық сарынға қалтықсыз бағынып
кетушілік бар. «Трагедияның әр бөлімі жеке пьеса, аяқталған шығарма.
Алғашқысындағы негізгі конфликті-хан мен қарадан шыққан батыр
арасындағы тартыс. Жиырмасыншы жылдардағы ұлттық драматургиялық
дәстүріміздің болымсыздығын ескергенде, тарихи тақырыпқа мұндай үлкен
пьеса жазылмағандығын ойлаған кезде Жұмат Шанин трагедиясының
әдебиетіміздің тарихындағы көрнекті орны барлығы дау туғызбайды» деп
ғалым бұл пьесаның шынайы бағасын береді Шеберлікке қатысты
олқылықтары, жетімсіздіктері болғанымен бұл трагедияны ғалым қазақ
драматургиясының жаңа туып келе жатқан алғашқы кезеңіндегі күрделі
туындыға жатқызып, пьесаны ұстап тұрған әлеуметтік конфликт,түйдек-
түйдек монологтар, ілік-қақпа диалогтар барын айта келіп, шығарманың жанр
шарттарына сәйкес келетінін көрсетеді. Шынында да жиырмасыншы
жылдардағы ұлттық драматургиялық дәстүріміздің балаңдығын, тарихи
тақырыпқа жазылған үлкен пьесалардың жоқтығын ескерсек Жұмаи Шанин
Хабаршы №3-2015ж.
206
трагедиясы әдебиетіміздің тарихында үлкен орын алатыны даусыз.
Р.Нұрғали қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, бірақ әртүрлі
себептермен зерттеу жүргізілмеген шығармалар жайында да тың деректер
береді. Соның бірі - Ғ.Мүсіреповтың ауыз әдебиеті негізінде жазылған
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясына дейін жазылған Жұмат Шаниннің
осы тақырыпта пьеса жазғандығы туралы мәлімет. Сонымен қатар ғалым
Ғ.Мүсіреповтің трагедиясын да эпикалық трагедияның жауһар үлгісі ретінде
жоғары бағалайды. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының сахнаға
ықшамдалған формасы туралы: «Жыр мен трагедияны салыстыра қарағанда,
драматургтің сюжет түзеуде, тартыс өрбітуде, характер сомдауда жасаған
сан-алуан жаңалықтары анықталады. Бесік құдалық негізінде күні бұрын
шешілген махаббат желісі жырдың басты өзегін құраса, трагедиялық күрес
ескілікпен жаңалықтың арасында өтеді. Пьесада рулық тартыс емес,
әлеуметтік–таптық қақтығыстың көрсетілуінде мән жатыр» деген ғалым
пікірінен трагедияға берілген әділ баға екенін ұғамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |