Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Key words: Scottish ballad, Scottish folklore, genre, romanticism, lyric hero,  culmination, refrain, introduction



Pdf көрінісі
бет84/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102
Байланысты:
Хабаршы жылына 4 рет шы ады

Key words: Scottish ballad, Scottish folklore, genre, romanticism, lyric hero, 
culmination, refrain, introduction.
 
 
*** 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТАРИХ 
ИСТОРИЯ 
HISTORY
ӘОЖ: 009.891 (574) 
Рысбеков Т.З. – т.ғ.д., профессор, 
М. Өтемісов атындағы БҚМУ
Мырзабаева Б.М. – М. Өтемісов атындағы 
БҚМУ магистранты 
E-mail: bakit_murza82@mail.ru 
АКАДЕМИК Р.Б. СҮЛЕЙМЕНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 
ЖҮРГІЗІЛУ МӘСЕЛЕСІ 
 


Хабаршы №3-2015ж.
184 
Аннотация. 
Мақалада 
академик 
Р.Б. 
Сүлейменов 
еңбектеріндегі 
Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілу мәселесі талқыланып, сол 
мәселеге арналған Р.Б. Сүлейменов еңбектеріне тарихнамалық шолу жасалады. 
Кілт сөздер: мәдени құрылыс, ғылыми-зерттеу жұмыстары, академик Р.Б. 
Сүлейменов еңбектері. 
Академик 
Рамазан 
Бимашұлы 
ғылыми 
және 
ғылыми-
ұйымдастырушылық қызметі арқылы Қазақстан тарихы ғылымының 
дамуына айтарлықтай үлес қосты. Республикада жүргізілген мәдени 
құрылыстың өзекті саласы ретінде өркендеген ғылым тарихы Р.Б. 
Сүлейменовтің мақалалары мен монографияларынан лайықты орын 
алды. Олардың қатарына С.Б. Нұрмұхамедов, В.К. Савосько, Х.И. 
Бисеновпен бірге жариялаған зерттеулерінен басқа "Кеңестік 
Қазақстан мәдениеті 50 жылда", "Великий Октябрь и культурные 
преобразования в Казахстане" кітаптары, сондай-ақ "Ұлы ынтымақ 
жемісі", "Ұлы достық мерейі" атты зерттеулердегі және 1963 жылы, 
1967 жылы, 1984 жылы шыққан "Қазақ ССР тарихы" (5-том) 
академиялық басылымдарындағы мәдениет құрылысы жайлы 
тараулары жатады. Ғылым туралы ойлары В.А. Моисеевпен бірге 
жариялаған "Шоқан Уәлиханов - шығыстанушы", Х.М. Әбжановпен 
бірге жазған "С.Д. Асфендияров" атты еңбектерінде жүйеленген. 
Мерзімді баспасөз беттерінде республикадағы ғылымның дамуын, 
оның өзекті мәселелерін көтерген көптеген мақалалар жариялады [1]. 
Оның ғылым тарихы мен ғылыми таным мәселелерін қозғаған 
тырнақ алды мақаласы студент кезінде-ақ жарық көрді. Ол 1956 жылы 
"Коммунист Казахстана" журналында жарияланған Г. Плеханов, оның 
ғылыми социализм идеялары жайлы мақала болатын. Мұнда жас 
тарихшы көрнекті ойшылдың философиялық көзқарасын, пролетарлық 
революция және социализм туралы қағидаларын, дүниеге монистік 
талдауын салиқалы түсіндіре алды. 
Ғылымның даму тәжірибесі мен тағылымына арналған алғашқы 
мақаласы 1961 жылы "Қазақстандағы ғылымның даму тарихынан" 
деген атпен жарияланды. Мұнда 30-жылдарда қазақстандық ғылыми 
мекемелердің құрылуы, дамуы, ғылыми-зерттеу жұмыстарының 
бағыты және ғалымдардың социалистік құрылыс ісіне қосқан үлесі 
баяндалды. Кандидаттық диссертацияның мақсат-міндеттеріне сай 
даярланған еңбек болғандықтан, хронологиялық шеңбері 1933-1940 
жылдар аралығын қамтыды. 
1970 жылы Қазақ КСР "Білім" қоғамынан жарық көрген "Кеңестік 
Қазақстан мәдениеті 50 жылда" атты еңбегінде Р.Б. Сүлейменов 
Қазақстан ғылымын дамытуда Кеңестік Ресейдің шешуші көмек 
көрсеткенін атап өтеді. Орыс оқымыстылары революцияға дейінгі 
жылдардың өзінде-ақ қазақтардың тұрмысын, мәдениетін, тарихын, 
дәстүрін, тілін, жерінің табиғат байлықтарын зерттеді. Олардың 


Хабаршы №3-2015ж.
185 
ықпалымен бірінші қазақ ғалымы Ш.Ш. Уәлиханов өсіп шықты. 
Алайда революцияға дейінгі Қазақстан тарихын және табиғатын 
ғылыми тұрғыдан зерттеудегі жұмыс тым аз, әрі әлсіз болды. Артта 
қалған Ресей империясының самодержавиелік құрылысы ғылымның 
дамуына жағдай жасамады, ол халықтан оқшау қалып, академизм мен 
жаттаудың қысымында болды. 
20-шы жылдарда КСРО Ғылым академиясының құрамында 
одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөнінде Ерекше 
Комитет құрылды. Академик А.Е. Ферсман басқарған бұл комитет 
Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеуде үлкен жұмыс атқарды. 
1926-1927 жылдарда КСРО Ғылым академиясының арнаулы 
Қазақстандық экспедиясы ұйымдастырылып, ол жүйелі түрде 
статистикалық-экономикалық, топырақ-ботаникалық, геологиялық 
және 
гидрологиялық 
зерттеулер 
жүргізіп, 
қазақ 
халқының 
экономикасымен, дәстүрімен танысты. Орыс ғалымдары Қазақстанды 
зерттеп, оның мәдениетін үйреніп қана қойған жоқ, сонымен қатар 
республиканың жергілікті ұлт өкілдерінің ішінен көптеген ғалымдарды 
тәрбиелеп шығарды. Соның арқасында 1932 жылы Қазақстанда КСРО 
Ғылым академиясының тұрақты Базасы құрылып, 1938 жылы ол 
өзгертіліп, КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық филиалына 
айналды [2, 29-30 бб.]. 
30-жылдардағы Қазақстан ғылымы жоғары оқу орындарында, 
бірен-саран ғылыми-зерттеу институттарында бой көтергені белгілі. 
Р.Б. Сүлейменов осылардың ішінен 1932 жылы шаңырақ көтерген 
КСРО Ғылым академиясының Қазақ базасына айрықша назар 
аударады. Автордың пайымдауынша, осыдан бастап республикадағы 
ғылымның дамуында маңызды ілгерілеулер орын алды. 1932 жылы 
республикадағы ғылым жүйесін 75 мекеме құраса, 1934 жылы олар 91-
ге жетті, оның ішінде ғылыми-зерттеу институттары - 15, тәжірибе 
станциялары - 16, тірек пункттері мен лабораториялар - 60. Аталған 
мекемелерде 1932 жылы 558 ғылыми қызметкер еңбек еткен, ал 1934 
жылы 844-ке жетеді, бұлардың төрттен бірін қазақтар құрады. 
Мақалада ғылыми кадрлар саны мен құрамына айтарлықтай мән 
берілуі кездейсоқ емес. Өйткені ғылымның тағдырын шешетін фактор 
мекеменің аты емес, ондағы ғалымдар. Мәселенің осы қырын терең 
ұғына білген Р.Б. Сүлейменов аспирантура тарихына жіті үңілген. 
КСРО Ғылым академиясының Қазақ базасы жанынан алғаш рет ол 
1936 жылы ұйымдастырылған болатын. Оған барлығы 15 қазақ, 
зоологиядан - 3, ботаникадан - 3, геологиядан - 4, Қазақстан тарихы 
мен әдебиетінен - 5 аспирант қабылданды. Осы жылдары 
Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары мен ВАСХНИЛ-дің Қазақ 
филиалы жанынан аспирантура ашылды. 
Ұлттық ғылыми мамандарды даярлауда көптеген қиыншылықтар 


Хабаршы №3-2015ж.
186 
мен кедергілер алдан шықты. Басты қиыншылық ретінде ғылыми атақ-
дәрежесі бар ғалымдардың аздығы айтылады. Мамандардың өсуіне 
орталықтың көмегі, әсіресе Мәскеу мен Ленинградтың қолғабысы игі 
әсер еткені дұрыс бағаланған. КСРО Ғылым академиясының көрнекті 
ғалымдарының басшылығы мен қамқорлығының арқасында 30-
жылдары танымал болған қазақ ғалымдары деп геологтар К.И. 
Сәтбаевты, биолог К.М. Мыңбаевты, гидрогеолог У.М. Ахмедсафинді, 
тарихшылар С.Ж. Асфендияровты, Ғ. Тоғжановты, филологтар Қ. 
Жұбановты, С. Аманжоловты, философ І. Қабыловты т.б. көрсетті [3, 
81-83 бб.]. 
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кең өріс алуының нәтижесінде 
КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы 1938 жылы 
филиал болып қайта ұйымдастырылды. Оның төрағалығына геолог, 
көрнекті орыс ғалымы, академик А.Д. Архангельский тағайындалды. 
Қазақстандық ғылыми ойдың даму барысы, ғылыми-зерттеу 
мекемелерінің саны мен жүйесіндегі өзгерістер динамикасы Р.Б. 
Сүлейменов шығармаларында 60-жылдары одан әрі ашыла түсті. Бұл 
мәселені "Очерки истории социалистического строительства в 
Казахстане (1933-1940 гг.)", "Социалистический путь культурного 
прогресса отсталых народов", "Ұлы ынтымақ жемісі" кітаптарындағы 
тарауларда талдап көрсетті. Мәселенің хронологиялық ауқымы 
айтарлықтай кеңіді. Әсіресе, Х.И. Бисеновпен бірлесіп жариялаған 
монографияда қазақ ғылымының тарихы орта ғасырларға кететіні, 
оның көрнекті өкілі әл-Фараби екендігі көрсетілген, Орта Азия және 
Қазақстан 
халықтарында 
жазба 
әдебиеттің 
ерте 
кезеңде-ақ 
қалыптасқанын жаза отырып, сол кезеңнен Ж. Баласағұни, М. Қашқари 
т.б. ойшылдардың шығармалары бізге жеткені баяндалған [4, 40-41 
бб.]. ХІҮ ғасырдан бастап ХХ ғасырдың басына дейін ғалымдар 
негізінен шығармаларын араб тілінде жазған, сондай-ақ түрік және 
парсы тілдері кең қолданылған. ХҮІ ғасырдағы Қ. Жалайыри мен М.Х. 
Дулати еңбектерінің маңыздылығын атап өткен [4, 55 б.]. Ш. 
Уәлихановтың ғылыми мұрасын жоғары бағалаған. Революцияға 
дейінгі қазақ ғылымына тежеу болған фактор ретінде патшалықтың 
отарлық саясаты аталады. Бұл ойлар "Ленинские идеи культурной 
революции и их осуществление в Казахстане" атты монографияда 
дамытылады. Онда: "Говоря о развитии научной мысли в Казахстане в 
досоветский период, следует, во-первых, подчеркнуть, что ее истоки 
уходят в далекую древность. Во-вторых, ее изучение свидетельствует о 
древней духовной общности народов Средней Азии и Казахстана, о 
широких культурных связях Казахстана (и притом далеко 
неодносторонних) с различными сопредельными и несопредельными 
странами Востока и Запада", - делінеді [5, 110 б.]. 
Республиканың жер қойнауы байлықтарын ашуда геологиялық 


Хабаршы №3-2015ж.
187 
зерттеулер үлкен орын алды. Қазақстандағы геология ғылымының 
дамуында Қ.И. Сәтбаев, А.А. Гапеев, Н.Г. Кассин, И.С. Яговкин, М.П. 
Русаков, Р.А. Борукаев, В.П. Нехорошев, М.М. Пригоровскийлер 
жемісті еңбек етті. Профессор И.М. Губкиннің басшылығымен 
Қазақстан геологтары мен инженерлері Орал-Ембі мұнайлы ауданын 
зерттеп шықты. М.П. Русаков Қоңырат мыс рудалары кенін, Р.А. 
Борукаев Бозшакөл мыс кенін зерттеуді ойдағыдай жүргізді. 
Геологтардың бытыраңқы күштерін біріктіріп, байланысын нығайту 
үшін КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасында 1935 
жылы геология секторы ұйымдастырылды. Геологиялық зерттеулердің 
табысты жүргізілуі 30-жылдардың аяғында-ақ іске қабілетті ғалымдар 
ұжымын топтастыратын дербес институт құру мәселесін алға қойды. 
1941 жылдың басында КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалының 
жанынан Геология институты - республикадағы болашақ Ғылым 
академиясының бірінші ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырылды. 
Институт директоры болып Қ.И. Сәтбаев тағайындалды. Жезқазған 
мыс кенінің қорын анықтау үшін Қ.И. Сәтбаевтың ұзақ жылдар 
бойындағы зерттеуінің нәтижесі орасан зор болды. 
1932 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық 
базасының құрамында алғашқы болып ботаника мен зоология 
секторлары және ботаника бағы құрылды. Бұл ғылыми мекемелер 
Қазақстанның хайуанаттары мен өсімдіктер дүниесін зерттеу, 
республикада өсімдіктердің әр алуан түрлерін және өнеркәсіптің 
шикізат өсімдігін, кәсіптік маңызы бар хайуанаттардың жаңа түрлерін 
шығару, өсіру жұмыстарын жүргізді. Қазақстан ботанигі, кейін Қазақ 
КСР ҒА академигі болған Н.В. Павлов тынымсыз ғылыми 
ізденістерінің нәтижесінде 1938 жылы "Орталық Қазақстанның 
өсімдіктер дүниесі" деген еңбегін жарыққа шығарады [4, 203 б.]. 
Р.Б. Сүлейменов Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға 
эвакуациямен келген ғалымдар мен жоғары оқу орындары еліміздің 
интеллектуалдық әлеуетін нығайтуда маңызды рөл атқарғанын 
лайықты бағалай алды. Ресей мен Украинадан республикаға 20-дан 
астам ірі-ірі ғылыми-зерттеу институттары, 36 жоғары және орта 
арнаулы оқу орындары эвакуацияланды, олардың ішінде Украин КСР 
Ғылым академиясының физика-техника институты, КСРО Ғылым 
академиясының физиология институты және т.б. бар еді. Осы 
институттардың құрамында көрнекті орыс ғалымдары еңбек етіп, 
ұлттық жас мамандардың өсіп-жетілуіне айтарлықтай үлес қосты. Атап 
айтқанда, тіл білімінен И.И. Мещанинов, Е.Р. Истрина, тарихшылар 
А.М. Панкратова, Н.М. Дружинин, Б.Д. Греков, М.П. Ким, белгілі 
түріктанушы С.Е. Малов, әдебиеттанушы А.С. Орлов соғыс жылдары 
басталған қамқорлықтарын кейін де жалғастыра берді. 1941-1944 
жылдары Бурабайда әлемге танымал ірі ғалымдар - академиктер В.М. 


Хабаршы №3-2015ж.
188 
Алексеев, А.Н. Бах, Л.С. Берг, С.Н. Бернштейн, В.Н. Вернадский, Н.Д. 
Зелинский, Л.И. Мандельштам, С.Г. Струмилин, т.б. жұмыс істеді [4, 
280-291 бб.]. 1942/1943 және 1943/1944 оқу жылында республика 
жоғары оқу орындарында КСРО Ғылым академиясының 20 ғылым 
докторы, 2 академик, 3 корреспондент-мүшесі, Мәскеу, Ленинград, 
Киев, Харьков және басқа қалалардан 35 профессор, 92 доцент қызмет 
жасады [5, 391 б.]. 
Одақтас республикалардан келген ғалым-педагогтар түрлі 
саладағы мамандарды, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындары 
оқытушылары мен аспиранттарынан ғылым кандидаттары мен 
докторларын дайындауға үлкен көмек көрсетті. Мәселен, Р.Б. 
Сүлейменов 1967 жылы Х.И. Бисеновпен бірлесіп жазған ұжымдық 
еңбегінде, соғыс жылдары тек бір ғана Қазақ мемлекеттік 
университетінде 40 кандидаттық және 4 докторлық диссертация, Қазақ 
тау-металлургиялық институтында 8 кандидаттық және 3 докторлық 
диссертация қорғалғандығын жазады. Соғыс жылдары Қазақстанның 
жоғары оқу орындарының барлығы 130-ға жуық оқытушылары ғылым 
кандидаты және докторы ғылыми дәрежесін алды. Осылайша, соғыс 
елге қайғы-қасірет, қиыншылық әкелгенімен, Қазақстан ғылымы үшін 
ілгерілеуге негіз қалады. 
Авторлар өз еңбектерінде осының барлығы соғыс кезеңіндегі 
қиындықтарға қарамастан, біріншіден, Қазақстандағы жоғары мектепті 
айтарлықтай кеңейтуге және нығайтуға, екіншіден, Ресей, Украина 
және Белоруссияның жоғары оқу орындары мен техникумдарының 
кері эвакуациялануына және үлкен көлемдегі профессорлар мен 
оқытушылардың кетуіне қарамастан халық шаруашылығы үшін 
жоғары 
білікті 
мамандарды 
дайындау 
сапасын 
арттыруын 
жалғастыруға мүмкіндік бергенін атап өтеді [4, 278-279 бб.]. 
Р.Б. Сүлейменов республикаға келген ғылыми ұжымдар 
құрамындағы төмендегідей көрнекті кеңес ғалымдарын көрсетеді: И.И. 
Мещанинов, Л.И. Прасолов, А.С. Орлов, И.М. Завадовский, В.А. 
Догель, Б.М. Козо-Полянский, Н.Н. Баранский, А.Б. Думанский, Н.М. 
Дружинин, А.М. Панкратова, Е.Р. Истрина, Н.В. Юшманов және 
басқалары. Кейбір эвакуацияланған ғалымдар соғыс аяқталғаннан 
кейін де өздерінің одан арғы ғылыми қызметтерін түпкілікті 
байланыстырып, Қазақстанда жұмыс жасауын жалғастырды. 
1946 жылы 16 ғылыми-зерттеу институты мен 7 сектор негізінде 
Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылды. Р.Б. Сүлейменов Қазақ КСР 
Ғылым академиясының құрылуын республика ғылымы тарихындағы 
ең ірі құбылыс деп бағалады. Академиялық ғылымның іргесін қалаған 
зерттеушілердің табыстарын сала-салаға бөліп талдады. 1950 жылдың 
аяғында Қазақ КСР Ғылым академиясының жүйесінде 50 ғылыми-
зерттеу мекемесі, оның ішінде 19 институт, 13 сектор, 2 мұражай, 


Хабаршы №3-2015ж.
189 
обсерватория, 3 ботаника бағы және 8 ғылыми база жұмыс жасап, 
оларда 427 аспирант оқыды [5, 404 б.]. 
Р.Б. 
Сүлейменов 
жазықсыз 
қуғын-сүргінге 
ұшыраған 
ғалымдардың ғылыми мұралары мен еңбектерін, есімдерін ақтау және 
қалпына келтіру ісіне ғылымға ден қойған 50-ші жылдардың аяғында-
ақ көңіл бөлген болатын. КОКП ХХ съезінен кейін жеке басқа табыну 
құрбандары ақтала бастағанда алғашқылардың бірі қатарында С.Ж. 
Асфендияровтың өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеуге қалам тартты. 
1959 жылы "Санжар Жағыпарұлы Асфендяировтың ғылыми қызметі 
туралы" [6, 101-102 бб.] және "Көрнекті қоғам қайраткері және ғалым"
деген екі мақала жариялап, онда С.Ж. Асфендияровтың мемлекеттік 
және ғылыми қызметтерін алғаш жүйелі баяндады [7, 4 б.]. Хрущевтік 
"жылымық" тұсында бастау алған үрдіс - заңсыздық құрбаны болған 
жеке тұлғаларды зерттеу ісі брежневтік тоқырау тұсында біртіндеп 
азайып, тіпті олар туралы жазуға бейресми тиым салынғанына 
қарамастан Р.Б. Сүлейменов С.Ж. Асфендияровқа қатысты 
зерттеулерін тоқтатпай, жалғастыра берді. 1966 жылы "Қазақ КСР ҒА 
хабаршысы" журналында "Первый казахский историк-марксист" деген 
мақаласын жариялап, онда С.Ж. Асфендияровтың ғылыми мұрасы, 
Қазақстан тарихын зерттеуге қосқан үлесі жаңа ақпараттармен 
талданады [8, 65-76 бб.]. Алайда 1969 жылы 1979 жылы тамаша 
тарихшының 80, 90 жылдық мерейтойына байланысты ғылыми-
теориялық конференция ұйымдастырмақ болған ниеті қолдау таппай, 
партиялық-идеологиялық өктемдікпен "жоғарыдан" кері қайтарылды. 
1985 жылы елімізде жүргізілген қайта құру мен жариялылықтың 
арқасында С.Ж. Асфендияровтың ғылыми еңбектері мен республика 
ғылымын дамытудағы қызметі қайта бағаланып, ғалымның жақсы аты 
қалпына келтірілейін деді. Осы игілікті істің көпшілік арасында қолдау 
тауып, ғалымның шығармашылық мұраларын жинақтап, оның мәнін, 
мазмұнын талдап, бағалауда Р.Б. Сүлейменовтің еңбегі ерекше. 
Ғылыми журналдар мен газет беттерінде бірнеше мақала жариялады, 
оларда қазақстандық тарихнамадағы Асфендияровтың орнын, ислам 
дінінің шығу тарихын саралауға қосқан үлесін, республика ғылымын 
көтерудегі қызметін талдады. Сондай мақалалардың бірі 1987 жылы 
"Санджар Джафарович Асфендиаров" атауымен жарық көрді [9, 86-95 
бб.]. Рамазан Бимашұлының қазақ ғалымы С.Ж. Асфендияров туралы, 
оның ғылыми мұраларын халыққа жеткізуде, насихаттауда сіңірген 
еңбегін ғылыми қауым жоғары бағалады. 
1989 жылы Санжар Жағыпарұлы Асфендияровтың туғанына 100 
жыл толу мерекесін атап өту үшін Қазақстан Коммунистік партиясы 
Орталық Комитетіне қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы 
Р.Б. Сүлейменов хат жолдады [3, 88-89 бб.]. Онда мерейтойға орай 
ғалымның өмірі мен қызметі туралы арнайы кітап немесе кітапша 


Хабаршы №3-2015ж.
190 
шығару, газет және журнал беттерінде ол туралы мақалалар жариялау, 
конференция өткізу қажеттігі сөз болады. Елдегі қоғамдық-саяси 
ахуалдың өзгеруіне байланысты бұл жолы ұсыныс қолдау тауып, 1989 
жылы 
қазанда 
Қазақ 
КСР 
Ғылым 
академиясында 
С.Ж. 
Асфендиаровтың 100 жылдығына арналған "С.Ж. Асфендиаров: уақыт, 
өмірі мен творчествосы" деген тақырыпта ғылыми-теориялық 
конференция өтті. 
Осы жылы Р.Б. Сүлейменов пен Х.М. Әбжановтың 
құрастыруымен "Ғылым" баспасынан "Қазақстан ғалымдарының 
библиографиясы" 
сериясы 
бойынша 
"Санжар 
Жағыпарұлы 
Асфендиаров" деген кітапша жарық көрді. 
Академик Рамазан Бимашұлының ғылымның дамуына үлес 
қосқан басқа да ғалымдар жайлы зерттеулері баршылық. Мәселен, 
орыстың ұлы ғалымы М.В. Ломоносовтың өмір жолы, тарихи 
көзқарастары, тарихи еңбектері туралы "М.В. Ломоносов тарихи 
көзқарастары", "Ғалым-патриот", "Отандық тарихтың мәселелерін 
талдауға Ломоносовтың үлесі" атты мақалалар жазды. Мәдениет 
құрылысы тарихын зерттеуге академик М.П. Кимнің сіңірген еңбегі 
"Көп ұлтты Кеңес мәдениетінің көрнекті зерттеушісі" деген 
мақаласында ашылды. Әйгілі қазақ ғалымы Ә.Х.Марғұланға арнап 
"Ғылымға арналған ғұмыр" атты мақала жазса, А.Н.Нүсіпбеков туралы 
"Жауынгер, ұстаз, ғалым" деген еңбегін жариялады. Тарих 
ғылымының 
дамуына 
үлкен 
еңбек 
еткен 
Б.А.Төлепбаев, 
С.Б.Бейсембаев, 
Г.Ф.Дахшлейгер, 
П.В.Волобуев, 
В.П.Юдин, 
Е.Бекмаханов туралы мақалалары әр жылдары жарық көрді. Ғылым 
жолындағы ұстазы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 90-жылдығына 
арналған жиында сөз сөйлеп, заңғар жазушыны мәдениет тарихының 
көрнекті зерттеушісі ретінде бағалап, "Ауэзов М.О. как историк 
культуры" деген тақырыпта баяндама жасады. Сондай-ақ республика 
Ғылым 
академиясының 
тұңғыш 
президенті, 
Қазақстандағы 
металлогения ғылымының негізін салушы, ғылымның талантты 
ұйымдастырушысы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың қоғамдық 
ғылымдарды дамытудағы үлесіне арнап мақала жазды. 1989 жылы 
шыққан "Сатпаев К.И. Избранные статьи о науке и культуре" деген 
кітаптың редакция мүшесі болды. 
Р.Б. Сүлейменов 80-жылдары ғылымның пайдасы төмендеп, оны 
дамытуға ресурстар бөлудің, қаржы бөлудің қалдықты принципі 
қалыптасқанын ашына жазды. Сондай-ақ ол "әрқашан өмірмен ілесіп, 
халық шаруашылығының маңызды проблемаларын оң шешіп келген 
Қазақстан ғылымы (соғысқа дейінгі және соғыс жылдарындағы 
академиктер: Қ.И. Сәтбаев, И.И. Бок, Р.А. Борукаев, Е.Д. Шлыгин, И.Г. 
Галузо, Х.Ж. Жұматов, В.А. Бальмонттардың ғылыми қызметі) соңғы 
жылдары халық шаруашылығының маңызды проблемаларын шешуде 


Хабаршы №3-2015ж.
191 
тәжірибеден алшақ жатты. 1981-1985 жылдары ғылыми ұжымдар 
нысаналы ғылыми бағдарламаны талдап, ғылыми жаңалық енгізбеді. 
Қазақ КСР Ғылым академиясының бірде-бір институты елімізде 
құрылған салааралық комплекстерге кіре алмады" - деп ғылым мен 
өндірістің байланысы әлсірегенін көрсетті [3, 89-92 бб.]. 
Қорыта айтсақ, Р.Б. Сүлейменовтің Қазақстан ғылымы тарихын 
зерделеуі 60-80-ші жылдардағы ғылыми ой биігіне толық жауап берген 
табыстар қатарына кіреді. Оның деректік негізін қалаған құжаттар мен 
айғақтарды бүгінгі күн қажетіне сай ой елегінен өткізсе, маңызды 
тұжырымдарға жетелері сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет