Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет72/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   102
Байланысты:
Хабаршы жылына 4 рет шы ады

 
Аннотация: Мақалада көркем шығармалар тілінде жұмсалған мақал-мәтелдер 
мен тұрақты тіркестердің жұмсалу ерекшеліктері сөз болады. Тілдік 
қолданыстардың кейіпкердің әдеби бейнесін ашуда, образ жасауда, автордың ойын 
танытуда, өзіндік көзқарасын білдіруде әр түрлі тәсілмен және түрлі жағдайларға 
байланысты орайластырып берілуі нақты мысалдар арқылы талданады. 
Кілт сөздер: ұлттық болмыс; кейіпкер келбеті; тілдік амал; әлемнің тілдік 
бейнесі; авторлық ұстаным; уақыт тынысы; жазушы шеберлігі. 
 
Халықтың ұлттық болмысы, дүниетанымы, өмір сүру салты, әдет-


Хабаршы №3-2015ж.
165 
ғұрпының айқын көрінісі тілде қалыптасқан тұрақты тіркестер мен мақал-
мәтелдердің қорында айшықталып, сақталады, баға жетпес рухани құндылық 
ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Көркем шығармаларда өзгеше бір сипатпен қолданылатын тілдік бірліктер 
– мақал-мәтелдер. Олар шығарманы ажарландырып қана қоймайды, жазушы 
шеберлігінің арқасында жансызға жан бітіреді. Аз сөзбен терең ой айтуға 
қызмет етеді. Ол жазушының баяндау құралында да, кейіпкерлерінің тілінде де 
жиі ұшырасады.
Көркем сөз шебері Ғабит Мүсірепов өз шығармаларында халық тілін 
пайдаланғанда өз елегінен өткізіп, оған өзінше ерекше әуен, лебізді үн қосады. 
Ғабең қолданысындағы кейбір сөйлемдердің өзі табиғаты жағынан нақыл 
сөздерге айналып жатады. Бұл, әрине, автор ойының тапқырлығы мен 
ұшқырлығынан туындайды. 
Мақал-мәтелдің кейіпкердің әдеби бейнесін ашуда, образ жасауда, 
автордың ойын танытуда, өзіндік көзқарасын білдіруде рөлі зор. Олар көркем 
шығарманың сөз кестесімен етене бірігіп, шығарма тілінің әрлене түсуіне, 
ойдың әдемі айшықтармен берілуіне қызмет етеді. Көркем сөз зергері өз 
романдарында мақал-мәтелдерді әр түрлі тәсілмен және түрлі жағдайларға 
байланысты орайластырып, әрқайсысын өз орнында ұтымды қолдана білген. 
Әр заманның көркем сөзі, әдебиеті сол заманның салт-санасына, сол 
заманның тұрмысынан туған мұратына ұқсап туады. Ғабит Мүсіреповтің 
қолданған мақал-мәтелдері де осы айтылған пікірмен дөп түсіп жатыр. 
Қазақ әйелінің бағасы мен сипатын, қадір-қасиетін дәл тауып, оны 
өзінің даналық сөздері, мақал-мәтелдері арқылы өрнектеп, ұрпақтарына 
мирас етуші халқымыздың бітім-болмысы, тұрмыс-тіршілігі, асылы мен 
жасығы туралы көзқарасы аталған теңдессіз мұраларында айқын көрініс 
тапқан. Мысалы, «Әйелдің әйелден артықшылығы – мінезінде», «Көріп алған 
көріктіден, көрмей алған текті артық», «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі 
келсін», «Жақсы әйел жаман еркекті адам қылады, жаман әйел жақсы 
еркекті надан қылады», «Жақсы әйел өміріңді ұзартады, жаман әйел үстіңе 
тұз артады» дейтін халық даналығында жүрген мақалдарды орайын тауып 
келістіреді. Соның нәтижесінде фразеологизмдер оқиға желісінің ыңғайында 
орынды пайдаланылып, шығарма тілінің көркейе түсуіне септігін тигізіп 
тұрады. 
Сөз зергері әйел затын, ана құдіретін шығармаларының негізгі өзегі етіп 
алды десе де болады. Жалпы "Оянған өлке", "Жат қолында" романдарының 
басты тақырыптарының бірі – қазақ әйелінің тағдыры. Романдардың негізгі 
нысанасы – қазақ тұрмысына ене бастаған жақсылық, жаңалықтарды көрсету 
болса, осы қазақ әйелі тақырыбы онымен біте қайнасып жатыр. Бұның 
астарында қазақ әйелінің жан сұлулығы мен қайсарлығының алдында үнемі 
бас иіп, риза болу сезімі жатса керек. 
Қарағандыға келген жұмысшылар ауыр жағдайда еңбек етеді. 
Барактарда өмір сүріп, күн кешеді. Соншалық ауыр күйге түссе де еңбек 
адамдарының жігері жасымайды. Сол қиын өмірдің өзінен жақсылық, ізгілік 
таба біледі. Осындай жағдайда күрескерлік дәрежеге көтерілген 
Кенжеғарадай қажырлы жан қорғаныш болады. Осы жәйттерді автор былай 
берген: «Кенжеғара келіп араласқанша бұлар да «бөрі арығын білдірместің» 


Хабаршы №3-2015ж.
166 
деңгейінде ғана тұратын" [1, 137 б.]. Сөзі өтімді, екі жақ та бірдей 
тыңдайтын: шонжарлар жағы күйзеліп тыңдайтын, жарлылар жағы үмітпен 
тыңдайтын Кенжеғараға ел билеу тізгінін бермек болып өзінен жасы кіші 
болса да «Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра деген дұрыс сөз екен» 
[1, 63 б.] - деп Игілікке салмақ сала келген кәрі би «Өсер елдің баласы он бесінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет