Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет75/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102
Байланысты:
Хабаршы жылына 4 рет шы ады

тайынбайдының» кері ме, миы шығып, қорысқа айналып кеткен ақшу 
көшелермен аяғымды қағылез басып, салып келем [2, 64 б.]. Мешкей деген 
жақсы емес. Тілімді алсаң, қоныс аудар [2, 76 б.]. Сыйламақ парыз бізден. 
Алмақ парыз сізден. Әңгіме жорғада емес, көңілде [2, 47 б.]. «Қыз сырын 
сұрамас болар... қыз арынын сынамас болар...» – деп Қарғаш та болмайды [2, 
65 б.]. «Ат тұяғын тай басар» деген, Балуан Шолақтан бата алған баласың, 
жаяу қалғаның жарамас [2, 54 б.]. «Қолда өскен түйенің тайлақ аты қалмас» 
дегендей, дамбалсыз жүрген күніңді көрген соң, бала санай береміз-дағы [2, 
24 б.]. 
Автор мақал-мәтел құрамындағы лексемаларды ауыстырып, мақал-
мәтелдің құрылымын кеңейтіп және тарылта, мақал-мәтелді түрлендіре 
жұмсайды. Мысалы: «Екеуі де сөзуар, от ала келіп, отыз ауыз әңгіме 
шертетіндердің дәл өзі» [2, 21 б.].
«Түнергені болмаса жауары жоқ», «Тақияңа тар соқпайды», «Тоғанын 
ағытқан судай» деген секілді мәтелдер өзгеріске ұшырап, жиі айтылған.
Кейіпкердің ішкі сезім күйін көрсету мақсатында қолданылған мақал-
мәтелдер де кейіпкердің өз ырқына бейімделіп, өзгертілген. 
Қарғаш күлкісі қаттырақ шықты: – Қарашасын таратып жіберсе, хан 
хан бола ма? – Баяғыдан бері көрші отырып, сені бөтенге қоя берсе, жігіт,
жігіт болмайды [2, 29 б.]. 
Жазушы мақал-мәтелден кейiн «дептi ғой», «деген екен», «дегендей» 
етicтiктерi мен «әдеті емес пе», «кебін киіп», «кері болып», т.б. өз жанынан 
сөздер қосып, мақал-мәтелдерді ажарландыра түскен.
«Ақсұңқар балапаны үшін торға түседі» демей ме, жаңылыстан мені 
үйде қалды деп ойлап, лаулаған оттың ішіне қойып кеткен де, содан қайтып 
шықпаған [2, 13 б.]. Оқыған адамның көзі ашық демейтін бе еді, өзі де білер 
деген шығармын [2, 11 б.]. «Жығылған үстіне жұдырық» – дегендей, осы бір 
жүдеу көңілімді көрші ауылдың мына Арам сары тұрғылас бір қу тақымы 


Хабаршы №3-2015ж.
169 
қарсы кездесіп мүлде құлазып кетті [2, 61 б.]. «Іріген ауыздан шіріген сөз 
шығады» дегендей... Есің дұрыс па өзіңнің? – деп ұшып тұрды да есікке 
ұмтылды [2, 53 б.]. Жалғыздық бір алланың өзіне ғана жарасқан, шаршадым, 
шырағым. Қайтсең де бірер жыл қасымда бол, – деп қарсы болды [2, 5 б.] 
деген сияқты сөйлемдер шебер қолданыс тапқан. 
Сафуан Шаймерденов бейнелі, әсерлі сөз қолданыстары – қаламгердің 
оқырманын өзіне тартар көркемдік ерекшеліктерінің бірі. Қаламгердің 
халықтық мақал-мәтелдерді көркем шығармаларында молынан қолданып, 
қажетіне жаратуы – халық тілінің байлығы, ауыз әдебиетінің нақыл сөз 
үлгілерінің әдеби тілімізді байытуда рөлі ерекше екенін дәлелдейді. Мақал-
мәтелдер қандай мақсатта, қалай қолданылса да өзінің табиғатына біткен, 
эмоция туғызатын әсер күшінен айрылмайды. Мақал-мәтелдер ойды 
дәлелдеу, кейіпкерді бағалау, эмоцияны білдіру, пікір қорыту сияқты 
қызметтерде жиі көрінеді. С.Шаймерденов халықтық мақал-мәтелдерді 
кейіпкерлердің сөйлеу тілінде, кейіпкерлердің бейнесін нақтылауда жұмсап, 
оларды тілдік амалдың бірі ретінде қолданған.
Сонымен мақал-мәтелдер айтылар ойды ықшамдап жеткізуде де, сөздің 
тоқ етерін айтып, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтуда да жетекші 
орын алады. Қаламгер әңгіме орайына сәйкес келген мақал-мәтелдерді 
молынан келтірген. Мақал-мәтелдерді кейде еш өзгеріссіз, кейде көмекші 
етістіктермен, кейде өз жанына жақын сөздер қосып сәл өзгертіп береді. Бұл 
авторлардың сөз саптаудағы тіл шеберлігін көрсетеді.
Жазушылар шығармаларындағы тағы бір тілдік бірлік – тұрақты 
тіркестер. Сафуан Шаймерденов шығармалары тілінің көркемдік ерекшелігін 
қарастыруда 
тұрақты 
тіркестер 
ерекше 
көзге 
түседі. 
Қаламгер 
туындыларында фразеологиялық тіркестердің тілге көркемдік беретін
эмоционалды-экспрессивтік қызметі талғампаздықпен жасалған. Тұрақты 
тіркестер көбінесе кейіпкердің сыртқы кейпін бейнелеуде қолданылады: 
Кеспірі өрт соққандай; етегі елпі, жеңі желпі; бал-бұл жанып, қызара 
бөрткен; қайыстай қатқан т.б. Кейіпкер бейнесін жасауда, кейіпкерге тілдік 
мінездеме беруде фразеологизмдер ұтымды жасалған.
− Мұғалім бала-ау, екі иініңнен су кеткендей ұнжырғаң түсіп кетіпті 
зат өзіңнің. Өстіп көз майыңды тауысып, соңынан қарап қала бергенше
қасыңа отырғызып алып неге кетпейсің? Ай, ынжықсың ғой деймін. Аузын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет