Хабаршы №3-2015ж.
168
ісі», «сау басына сақина тілеу», «сырдың суы жұлығына да келмейді»,
«құтырған ит иесіне шабады», «ел құлағы – елу» сияқты мақал-мәтелдер –
шығарма жанына әр кіргізеді. Халықтың қазынасы болып табылатын мақал-
мәтелдер – келелі ой, кең мазмұнды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір-
ақ ауыз сөзбен айтып берудің тамаша үлгісі. Оларды көркем шығармада
пайдалана білудің маңызы зор. Орнын тауып қолданған әрбір мақал мен
мәтел ойды өткірлеп, ажарландыра түседі [3, 257 б.].
С.Шаймерденов мақал-мәтелдерді халықтық сипатта қолданумен қатар,
өзінше өзгертіп жаңғыртып та жұмсаған. Мысалы:
Өзі қонақтап отырған
бұтақты өзі аралаған Қаһар Жүсіпті не деуге болады?! [2, 22 б.]. Прозадағы
өзі қонақтап отырған бұтақты өзі аралаған анықтауыштық қатынаста
жұмсалған үйірлі мүше – халық тіліндегі «өз қолыңды өзің кеспе», «суын
ішкен құдыққа түкірме», т.б. мақал-мәтелдермен мәндес болса, орыс тілінің
«не руби сук, на котором сидишь» мақалының аударылып алынған нұсқасы
деуімізге негіз бар.
Қаламгер кейіпкердің бейнесін ашу мақсатында халық арасында жиі
қолданысқа түсетін мақал-мәтелдерді кейіпкердің өз тіліне бейімдеп
айтқызады. Мысалы:
«Байтал түгіл бас қайғының» кері болып,
мұғалімдіктің өзінен айрылмай аз-ақ қалдым [2, 31 б.].
«Шешінген судан
Достарыңызбен бөлісу: