Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет76/102
Дата20.10.2022
өлшемі4,09 Mb.
#44331
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   102
Байланысты:
Хабаршы жылына 4 рет шы ады

буған өгіздей үндемейтін Арамсарыдан жұрт неге қаймығады. Ай, біздің 
Қараекең сөйлейін десе, тілдің майын тамызды-ау өстіп... [2, 294 б.]. 
Тұрақты тіркестер кейіпкердің ішкі сезім толқынысын дөп басып, дәл 
жеткізу үшін қолданылған:Ұмсындықтың қара көзі от шашып, жалт етті. 
− Ендеше ана малды жинап алыңдар. Боқтарыңды теріп жүре алмаймын 
сендердің, - деп, тебіне жөнелді [2, 259 б.]. Амал бар ма, тасыған көңіл судай 
басылды[2, 35]. Көктен тілегенім жерден табылғандай [2, 35 б.]. Берілген 
сөйлемдердегі: көзінен от шашу, көңілі судай басылу, көктен тілегені 
жерден табылу тіркестерінің кейіпкер көңіл күйіндегі өзгерістерді, ашу-ыза, 
ренжу, қуану сияқты сезім толқындарын оқырман қабылдауына әсерлі 
жеткізуіндегі қызметі ерекше. Кейіпкер басындағы психологиялық жай-күйді 
танытатын 
тұрақты 
тіркестерді 
қаламгер 
туындыларынан 
көптеп 
кездестіреміз: жүрегі мұздау, тілі байлану, қаны қайнау, жаны мұрнының 


Хабаршы №3-2015ж.
170 
ұшына келу т.б. 
С. Шаймерденов шығармаларындағы тұрақты тіркестердің бірқатары 
қазақы өмірге қатысты құбылыстарды бейнелеп, ұлттық ерекшелікті 
танытады.
− От ала келдің бе, неге қашып бара жатырсың?[2, 259 б.]. 
Дүкен алдында қара-құра кісі көп. Кезекте тұр. Қант, май, шай-бәрі де 
осында. Қазанбас сатушы таразыны асықтай үйіреді.
Осы мысалдардағы от ала келу (асығу деген мағынада), асықтай үйіру 
тіркестері – қазақ өміріне тән құбылыстардан алынған, ұлттық нақышты 
өрнектейтін тіркестер. Мұндай тұрақты тіркестер жөнінде ғалым Р. Авакова: 
«Ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын фраземалардың әлемнің тілдік 
бейнесін жасаудағы орны ерекше болса, оны танымдық тұрғыда талдау 
қазақы өркениетті ұлттық мәдениеттің табиғаты мен бітім-болмысын ашуға 
мүмкіндік береді»,- деп түйіндейді [4, 21 б.]. 
Осындай тұрақты тіркестерді қолдану арқылы қаламгер өзі суреттеп 
отырған ауыл өмірі мен ауыл адамдары бейнесіне шынайылық сипат беріп, 
оқырман көңілінде жағымды әсер қалдырған. Қаламгер қолданысында 
қарапайым фразеологизмдер де ұшырасады. «Әдеби тіл нормасына сай 
келмейтін, жай дөрекі тұрақты тіркестерді қарапайым фразеологизмдер 
дейміз. Алайда ол әдеби тіл нормасына жатпағанымен, көркем әдебиетте 
образ жасау үшін кейіпкер сөзінде кездесіп отырады. Бұл тілдік амал арқылы 
жазушы кейіпкердің ой-өрісі, өскен ортасын, әлеуметтік халін, мінез-құлқын 
көрсетеді» [4, 34 б.]. 
Қара басыңа көрінгір, не болды саған? Кет, – деп жекірген кезі де бар 
[2, 206 б.]. О, иттің баласы! Сомадай боп бір тоқтыға шамаң келмей жатыр 
ма? [2, 128 б.]. 
Кейіпкер тілінде қолданылған қарапайым фразеологизмдер кейіпкердің 
мінез-құлқын, мәдениетін көрсетуде ерекше роль атқарған. Мұндай 
қарапайым фразеологизмдер тек кейіпкер тілінде ғана кездеседі және ерекше 
стилистикалық қызметімен ерекшеленеді.
Қаламгер тұрақты тіркестерді автор сөзінде де, кейіпкер сөзінде де, 
қисынын тауып, орынды пайдалана білген. Мұндай тіркестер жазушы 
туындыларында әр түрлі стильдік мақсаттарға орай орын табады. Олар 
кейіпкер бейнесін жасауда, портретін беруде, кейіпкерге тілдік мінездеме 
беруде, сондай-ақ қаһарманның басындағы психологиялық жай-күйді 
аңғартуда 
өте 
сәтті 
қолданған. 
Кейіпкер 
тіліндегі 
қарапайым 
фразеологизмдердің стильдік қызметі зор. Мұндай тіркестер кейіпкер мінез-
құлқын ашуда таптырмас құрал болып табылады. Тұрақты тіркестердің сәтті 
қолданылуы, мазмұн әсерлігіне қызмет етуі қаламгер шеберлігінің бір қыры 
деуге болады.
Сафуан Шаймерденов алдымен, тұрақты тіркестерде берілетін ойды 
алдын-ала еркін тіркестер арқылы баяндап, мағыналас ұғым, суреттермен 
сипаттаған. Мысалы: «Бұл шіркінге не болды?» − деп жұрт аң-таң. Қарғаш 
қылығы оларға терең жұмбақ. Оларға жұмбақ болғанымен маған аян. Сол бір 
жұмбақ барша жұртқа паш болса, құрыдым ғой онда. Жұрт көзіне қалай 
көрінем? Кезенген мылтықтың аузына қарсы жүргендей күнде мектепке құр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет