Хабаршы №3-2015ж.
171
Келсе екен тезірек деймін.
Өлетін баланың молаға қарай жүгіретін әдеті
емес пе, көрсем деп аңсаймын.Әлде бір тал қармағандай:
өкпеге қиса да
өлімге қия қоймайтын шығар, -деп жоқты медеу тұтып, жұбаныш табам
ондайда
. [2, 120 б.].
Балуанның баласынан айырылғандығына күйінген жазушы
: «...Битабар
тұрмады. Жата берді
. Көңіл айтып үлкен келді. Көңіл айтып кіші келді.
Дүниенің фәнилығын, жалғандығын айтады. Әдемі айтады
: ноқталы басқа
бір өлім. Бәріміздің барарымыз сол піл сауырлы қара жердің суық бауыры...
Әуел баста солай жазған...
Жазмыштан озмыш жоқ...» [2, 217 б.].
С.Шаймерденов
шығармаларында
тұрақты
тіркестер
көбіне
кейіпкерлерінің тілінде жұмсалып, сөйлеу стилінің сипатын береді.
Ғабит Мүсірепов шығармаларында аңшылыққа:
қақпан құру, ор қазу,
құрылған тор т.б.; жаугершілікке:
ел шабу, атарға оғы болмау, айбар шегу,
тегеурін көрсету т.б.; діни наным-сенімдерге:
құрай төбесінен ұру, басына
жұмақ орнату, қияметтің қыл көпірі т.б.; төрт түлікке:
ат тұмсығын тіреу,
әукесі салбырау, айдағанға жүру т.б. байланысты мәдени ақпарат беретін,
ұлтқа тән дүниенің тілдік бейнесін танытатын әдеби фразеологиялық
тіркестер көптеп кездеседі.
Қаламгер Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» романында: «Ақ үйдің
ортасында от маздап тұр.
Жұрт аяғы басылған шақ. Қасында екі жеңгесі,
Ұлпан келіп кірді.
Әдеттегі еркекше киімде емес, қыз киімінде келіпті.
Есеней қуанып кетті» («Ұлпан» романынан). Жазушы «
Жұрт аяғы басылған
шақ» деген сөйлемдегі
«жұрт аяғы басылу» тұрақты тіркесі арқылы адам
аяғының саябырсыған, мал шаруашылығымен айналысатын азан-қазан болып
жататын қазақ ауылының тыныштық тапқан кезеңін құлағымызға етене
таныс болып кеткен тіркеспен береді. Бұл аталған жайттардан тілдік
тұлғаның қатысым барысында негізгі сөздік қорды шебер қолданып,
шығарманы жаңа сөз өрнектері арқылы байытып отырғанын аңғарамыз.
Ғ.Мүсірепов тілдік бірліктерді қатысымдық тұрғыдан қолдану арқылы әрбір
оқырманға этномәдени ақпарат береді.
Тілдік бірліктер сөз тіркесі не фразеологиялық тіркес түрінде келіп,
тура немесе
ауыспалы мағынаға ие болады, ол контекcтен анық көрінеді.
Мысалы,
«Ауылда қалған
ұя бөріктер, шал-кемпірлер жүгіріп Итемген үйіне
жинала қалды». Осындағы
ұя бөріктер тура мағынасында емес, ер адамдар
деген мағынада қолданылған. Жазушы
ұя сөзі мен
бөрік сөздерін кездейсоқ
таңдап алмаған. Мұның астарында үйден шықпайтын
еркектер деген ұғым
жатыр.
Ұя бөріктер тіркесіндегі
бөріктер сөзі «
ер адамдар» деген мағына
беріп, үйшік еркектердің Итемгеннің үйіне жиналғандығын баяндайды. Егер
де, сөйлемдегі
ұя және
бөрік сөздері сөз тіркесі түрінде келмесе, автордың
айтпақ ойы ашылмас еді. Тіркес құрамындағы сөздердің қандай қатысымдық
мәнде, не үшін жұмсалып тұрғандығын контекстегі қолданысы айқындайды.
Сөздердің атауыштық мағынадан қатысымдық мағынаға көшуінің бірден-бір
жолы
– сөз мағыналарының коммуникативтік акт кезінде өзгеруінде және ол
сөздердің
контекс
құрамындағы
мағыналық
байланысы
арқылы
айқындалады.
Адам өзінің танымдық және қоғамдық әрекеттерінің барысында
дүниеден немесе басқа да ақпарат көздерінен алған мағлұматтарын нысанаға
Хабаршы №3-2015ж.
172
алып анықтау және іске асыру үшін тілдік бірліктерге жүгінеді. Тілдік
қордағы сөздер қолданыс барысында автордың қатысымдық мақсатына қарай
мағыналық өзгеріске ұшырайды және ойға қатысты ақпаратты дәл көрсетуге
септігін тигізеді. Бұл жөнінде: «...тіл – сөздер жиынтығы жинақталған үлкен
«қойма» болса, қолданыстағы тіл, яғни сөйлеу – «қоймада» сақтаулы тұрған
сөз бірліктерінің кәдеге асуы болады» деген
тұжырымның орындылығына
көз жеткіземіз [5, 86 б.].
Тілдің қатысымдық мәнін анықтауда тура және ауыспалы мағына
сөздің қолданыс барысында өзгертіліп қолданылуының негізі факторы болып
табылады. Мысалы:
- Ит жанды ит тірілді ғой! – деп қос қабатталған
қамшы бас-көзіме жауып кеп кетті («Ашынған ана» әңгімесінен). Жігіттерде
үн жоқ. Түні бойы едәуір қалыңдап қалған көбік қарды етектерімен сызып
бұлтаң-бұлтаң етіп жүріп келеді
. Қарындары ашқан. Аздап қамшы жеген.
Есенейдің ұрыға қаталдығын да естіген. Қорқып келеді. Мәтінде автор
қолданысындағы
қамшы жеу тіркесі «
таяқ жеген», «соққы көрген» деген
мағынада жұмсалса
, ит жанды, қарны ашу тіркестері мейлінше жиі
қолданатын тіркестер. Тіпті кей жағдайда мұндай тіркестердің даяр тіркестер
екендігін бірден байқай бермейміз де, алайда оқиғаны шындыққа жанасымды
етіп шебер үйлестіруде қажет ететін таптырмас құрал екендігін
мойындаймыз.
Жалпы фразеологизмдерді қатысымдық жағдаятқа байланысты қолдану
мағыналық өрістің ұлғайуына әкеледі. Қатысым барысында сөздердің
белгілерінің ортақтығына қарай семалар қатары кеңейеді, олар парадигмалық
мәндік қатынас түрінде келіп актуалданады.
Осының әсерінен қатысымдық
мағына өрісі түрленеді. Көркем шығармада тілдік бірліктер сыртқы тұлғасы
жағынан да ішкі мазмұны жағынан да автордың айтайын деген ойын іске
асыру мақсатында бір-бірімен тығыз байланыста жымдасып жатады. Сөйтіп,
көркем шығарма тіліндегі қатысымдық бірліктер шығарманың тұтас
мазмұнын түсінуге, идеялық мақсатын ашып беруге мүмкіндік береді. Оның
үстіне кез-келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түсетін, тілге орала
кететін даяр тіркестер көп ойлануды, ұзақ
баяндауды керек ететін қиын
нәрсені бір-ақ ауыз сөзбен ұғындырады.
Қорыта келгенде, жазушылар қолданысына түскен халықтың ғасырлар
бойы жинаған тәжірибесінен туған фразеологизмдер прозада өз орнын тауып,
шығарма тілін шұрайландырған. Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестер
кейіпкер тілінде де авторлық баяндауда да орынды жұмсай білу қаламгерлер
шеберлігінің бір қыры болса керек. Екі жазушының да шығармаларындағы
жұмсалған асыл мұрамыз, біріншіден, олардың дүниетанымдарының кеңдігін,
өрелерінің
биіктігін, ойларының ұшқырлығын танытса, екінші жағынан, уақыт
тынысын, заман сырын, кейіпкер келбетін ашуда үлкен көркемдік әрі
идеялық жүк көтеріп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: