Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жјне єылым министрлiгi


Мемлекет ұғымы және негiзгi белгiлерi



бет3/12
Дата27.09.2023
өлшемі121 Kb.
#111091
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
3 Мемлекет ұғымы және негiзгi белгiлерi.
Мемлекет - тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің қызметтері арқылы қоғамның алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады.
Мемлекет - саяси биліктің ұйымы, нақтылы мүдделерді (таптық, жалпыәлеуметтiк, діни, ұлттық т.б.) айырықша іске асыруға белгілі аумақ көлемінде ықпал етуші.
Мемлекетті рулық құрылыстың әлеуметтік билігінен айырып қарауға көмектесетін белгілері:
1. Көпшілік биліктің болуы, қоғамнан бөлініп алынған және елдің тұрғындарына сай келмейді (мемлекеттің міндетті түрде басқару және мәжбүрлеу аппараты болады, себебі көпшілік билік - чиновниктер, әскер, полиция, соған қоса абақты және басқа мекемелер).
2. Алым-салық жүйесі (мемлекеттік аппаратты және заттар өндірмей, тек басқару жұмысымен шұғылданатын адамдарды асырауға қажет).
3. Тұрғындарды аумақтарға бөлу (мемлекет өз аумағында тұратын тұрғындарды өзінің билігімен біріктіріп, қорғайды).
4. Тәуелсіздік (мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік және халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік).
5. Құқық (мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі ол мемлекеттік билікті заң жүзінде бекітеді және соған байланысты оны басқаларға мойындатады (легитимді жасап) заңды қалпын және мемлекеттің қызметінің формасын белгілейді.
Мемлекеттің қоғамнан және басқа да қоғамдық ұйымдардан айырмасын білуге көмектесетін, өзіне тән белгілері болады.
Біріншіден, мемлекеттің тұтас аумағы болады, онда сол елдің өз халқы тұрады және оған сол мемлекеттің саяси өктемдігі жүреді. Сол аумақта өмір сүретін адамдар конституциялық құқықтары мен міндеттерін пайдаланып сол мемлекеттің азаматтарына айналады. Қандай мемлекет болмасын өз аумағын сыртқы баскыншылықтан қорғап тұтастығын сақтау үшін көп жағдайларды ұйымдастырады және шешеді.
Екіншіден, мемлекеттің қоғамды, оның қызметін өз жөнінде басқаруға құрылған, органдары, ерекше аппараты бар, саяси (өкіметі) билігі болады. Демократиялық қоғамда өкімет халықпен бірге болады, себебі ол мемлекеттің аппаратын құрғанда тікелей қатынасып, бөліктерінің қызметіне бақылау жүргізеді. Өзіне жүктелген қызметті орындау үшін, саяси өкімет заңдар қабылдайды және басқа да бәріне бірдей шешімдер шығарады.
Заңдар, ел азаматтарының қолдауына ие болып, мемлекет жағынан заңды қимыл жасамай-ақ ерікті түрде іске асырылады. Өкімет өзін азаматтық қоғамға қарсы қоймайды және оның мүддесін қамтамасыз етуге, қорғауға экономикасының дамуына барынша материалдық жағдайлар жасап, қажетті өмір сүру деңгейіне жеткізуді көздейді.
Үшіншіден, тек мемлекет қана өзін тәуелсіз билік иесі екендігін көрсетеді. Мемлекеттік өкімет - жоғарғы, тәуелсіз және бөлінбейді. Оның жоғарғылығы және тәуелсіздігі өзінен басқа, мысалы партияларға не болмаса басқа да ұйымдарға бөлінбейді, себебі мемлекет өзінің өкімет билігін ешқандай басқа ұйымдармен бөліспейді. Мемлекеттің тәуелсіздігі халықтың тәуелсіздігіне қарсы қойылмаған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бойынша тек халық қана өкіметті және тәуелсіздікті ұстайды. Халық референдум арқылы мемлекеттік және қоғамдық, маңызды мәселелерді шешуге құқығы бар. Мемлекеттің тәуелсіздігіне оның әр түрлі, қандай болса да өкіметтен тәуелсіздігі, ішкі және сыртқы проблемаларын шешу мүмкіндігіне ие болғандығы.
Төртіншіден, мемлекеттің өзі ғана, бәрін тегіс қамтитын ұйым. Ол барлық халықты біріктіреді және оның атынан шығады. Оның шешімінің, барлық азаматтарға және олардың ұйымдарына міндеттілік маңызы бар.
Бесіншіден, тек мемлекет қана, әлеуметтік қажеттілікке, отан қорғауға, мемлекеттік аппаратты ұстауға, өз азаматтарынан және барлық ұйымдардан салық жинайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет