Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жјне єылым министрлiгi



бет1/12
Дата27.09.2023
өлшемі121 Kb.
#111091
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Тақырып 3 Мемлекет түсінігі, мәні, функциялары. Мемлекеттік билік және мемлекет механизмі.


Сабақтың мақсаты:
Әр типті мемлекеттерді мысалға ала отырып, оларды салыстыру арқылы жалпы мемлекеттің және құқықтың пайда болу ерекшеліктерін, заңдылықтарын түсіндіру. Мемлекет және құқықтың пайда болуына қатысты теориялардың әралуан болуының себептерін ашу. Негізгі теорияларға сипаттама беру. Мемлекет мәніне экономикалық, саяси, әлеуметтік, ғылыми заңдылықтар тұрғысынан сипаттама беру. Мемлекет функциясының ұғымы және оның жіктелуі туралы түсінік беру.
Мемлекет функциясымен тығыз байланыстағы құбылыс ретінде мемлекет механизмі ұғымына сипаттама беру. Мемлекет механизмінің мазмұнын ашып, құрылымын көрсету. Мемлекеттік орган ұғымына түсінік беріп, оның түрлерін сипаттау. Мемлекеттік органдарды классификациялау критерийлеріне тоқталу.


Жоспары:
1 Алғашқы қауымдық құрылыстың сипаттамасы. Мемлекетке дейiнгi кезеңдегi
билiк және әлеуметтiк нормалар.
2 Мемлекеттiң пайда болу себептерi. Мемлекеттiң пайда болу формалары.
3 Мемлекет ұғымы және негiзгi белгiлерi.
4 Мемлекеттің таптық мәнi және мемлекеттiң жалпыәлеуметтiк мәнi.
5 Мелекет функциясы ұғымы және түрлері.
6 Мемлекет механизмi ұғымы және құрылымы.
7 Мемлекеттiк орган ұғымы және түрлерi.
8 Мемлекеттiк аппарат ұғымы және оның қызметiн ұйымдастыру принциптерi.


Тақырып бойынша дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер:
негiзгi: [1,2,3,4,5,6] қосымша: [8,9,10,11,12]


1 Алғашқы қауымдық құрылыстың сипаттамасы. Мемлекетке дейiнгi
кезеңдегi билiк және әлеуметтiк нормалар.
Алғашқы қауымдық құрылыстың негізі болған - қауым-ру, тайпа, олардың біріккен түрлері. Ру (рулық қауым) - бір атадан туып бірге тұратын және жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін, қандас, туысқан адамдардың жиынтығы. Ру - ұйымдасқан отбасының пайда болу кезінен басталады, яғни, тәртіпсіз жыныс қатынастарының орнына бірлікке негізделген отбасы пайда болады. Әрбір ру, жеке шаруашылық бөлігі, өндіріс қүралдардың меншік иесі, еңбекті үйымдастырушы ретінде көрінеді.
Ру - жер көлемінің бірлігі емес, дербестік. Адамдар жер көлемдеріне қарамай, экономикалық, адамгершілік, діни және туысқандық қатынастарға байланысты біріккен.
Рулардың бір жерден екінші жерге көшіп жүргендігіне қарамастан, олардың ұйымшылдығы тығыз сақталған.
Өкімет - қоғамдық сипатты ұстаған. Ол рудан шыққан (бөлек) және өзін-өзі басқаратын органдарды құрған. Билік қызметін рудың барлық үлкен адамдары іске асырған. Алғашқы қауымдық қүрылыста, қоғамдық биліктің органдарына рудың жиналысы, ақсақалдар басқаруы жатады. Олар, ру мүшелерінің ішіндегі беделді, халық сыйлайтын, сенетін адамдар болды.
Рулар өзінен үлкен бірлестіктерге біріккен. Ең жоғарғы рулардың бірігу түрлеріне тайпа, тайпалар одағы жатады. Тайпаның көпшілік жұмыстарын ақсақалдар мен әскер басшыларынан түратын Кеңес баскарған.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде белгілі тәртіп сақтау жолдары әлеуметтік нормалар қызмет еткен. Оған жататын әдет-ғүрып нормалары, яғни көп жылдар бойы қолданылып, адамдардың үйреншікті әдетіне кіріп, табиғи қажеттілігіне айналған құбылыс.
Әдет-ғұрып, еңбекші, ру мүшелерінің тұрмысын, отбасылық қатынастарын, қоғамдық қатынастардың реттеушілік міндеттерін атқарды. Олардың көбісі, бір мезгілдегі, алғашқы моральдік және діни нормалар ретінде қалыптасып, қалған әдет-ғұрыптарды сақтауға ықпалы болған.
Алғашқы әдет-ғұрып белгілеріне тән сипаттамалар:
- олар рудан шығып, олардың мүдделерімен еріктерін көрсетті;
- олар әдеттерге сүйеніп кимыл жасап, өз еріктерімен орындады, ал ондай қажеттілікті барлық ру болып қамтамасыз етті;
- әдет-ғұрыптың бүзылмауын қорғайтын арнайы органдар болмаған. Керек жағдайда, әдет-ғұрыпты бұзушыларға, ондай іс-қимылдың қате екендігін түсіндіру жүмыстары жүргізілген, ал кей жағдайда, барлық рудың және тайпа атынан қыстау арқылы сол тәрбиенің іске асырылуын қамтамасыз еткен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет