Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жјне єылым министрлiгi


Мелекет функциясы ұғымы және түрлері



бет6/12
Дата27.09.2023
өлшемі121 Kb.
#111091
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
5 Мелекет функциясы ұғымы және түрлері.
Мемлекет функциясы ұғымы. Өзінің бағыттарына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады. Оның астарынан мемлекеттануда мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын түсіну қабылданған. Онда өзіне қажетті қарым-қатынас тәртібін бекіту мен алдыға қойған мақсатқа қол жеткізу ниетін түсіну қиын емес. Мемлекет қызметінің осы негізгі бағыттарының әрқайсысы тұтастық пен оқшаулықтың үлгісін көрсете отырып, белгілі бір айқындығымен сипатталады; онда аз мөлшердегі компоненттер жинағы міндетті түрде болады, ол компоненттер мемлекеттің дербес функциясын ерекшелеп тұрады. Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпал процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінің жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т.б. Мемлекет функциясының оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынандай компонентін бөліп көрсету керек, оның астарынан ара қатынасты:
а) сенімді және мәжбүрлеуді;
б) басқаруды орталықтандырудың және орталықсыздандырудың бастауын;
в) авторитарлық пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлық варианттарын еркін таңдау принциптерін түсінуге болады.
Функциялар теориясы:
а) мемлекеттің іс-әрекеті жағын сипаттайды, оның ролін, мәнін, даму перспективасын ашады, басқа жақтармен қатысын анықтайды;
б) мемлекеттің қызметін өзінің бағыты бойынша бөлуге, реттеуге мүмкіндік береді;
в) соңғысын олардың мүмкіндігіне, мәніне, іс жүзіндегі нәтижелілігіне қарай, олардың орындалу кезегі бойынша пікір қалыптастыра отырып, бағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің функциясында мемлекеттің сипаты мен қоғамдық-саяси табиғаты, оның маңызды әлеуметтік мәні бейнеленген.
Мемлекеттің функциясы мен мәнін себептік қатынастарымен байланыстыра отырып, бұл тікелей байланыс еместігін естен шығаруға болмайды. Ол кейбір аралық факторлармен, атап айтқанда дамудың белгілі бір кезеңінде мемлекеттің алдында тұрған міндеттермен жанама байланысқа түседі. Мемлекеттің міндеті неғұрлым динамикалы фактор, демек мәніне қарағанда анағұрлым өзгермелі. Мемлекеттің экономика, әлеуметтік және рухани қатынастар саласындағы, қылмыспен және құқық бұзушылықпен күресте, сыртқы саясаттағы нақты міндеттерінің жиі өзгеруі мемлекеттік қызметтің тиісті түрлерінің ауқымы мен қарқынына, олардың ара қатынасының пропорциясына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет