Ќазаќстан Республикасы Бiлiм жјне єылым министрлiгi


Мемлекеттің ішкі функцияларына



бет7/12
Дата27.09.2023
өлшемі121 Kb.
#111091
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Мемлекеттің ішкі функцияларына қоғамның ішкі өмірінің ірі салаларына мемлекеттік ықпал ету немесе мемлекеттік басқару бағыттарын жатқызуға болады.
Адамдардың өндіріс, орналастыру және алмастыру саласындағы қатынастарын қамтитын мемлекеттің экономикалық функциясы жетекші орындардың бірін алады. Экономикалық функцияның көлемі, масштабы, сипаты және өрісі түрлі мемлекеттерде әр түрлі болады. Алайда қандай жағдайда да мемлекет мына төмендегі жайларға ықпал етеді
1) экономиканы дамытудың сара жолын таңдау (мысалы, нарықтық, директивалық-жоспарлы немесе аралас экономиканы таңдау);
2) мемлекеттік реттеу дәрежесі, оның жетекші салаларын ынталандыру және қолдау;
3) экономикалық дамудың неғұрлым перспективалы бағыттары үшін жайлы жағдай тудыру;
4) жеке меншіктің түрлі формалары мен шаруашылық қызметінің түрлі субъектілерінің мәртебесін анықтау;
5) экономикалық инфрақұрылым құралдарын (шаруашылық басқарудың қаржы-ақша құралдары, несие беру, заем беру, инвестициялық саясат) пайдалану. Салық саясаты экономикалық функцияның айрықша компоненті болып табылады, өйткені мемлекет бюджетінің құралуы, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансталуы осыған тікелей байланысты.
Адамдардың, әсіресе қиыншылықтарға ұшыраған адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, халықты әлеуметтік жағынан қорғауды қамтамасыз етуге, олар үшін тіршілік етудің қалыпты жағдайын жасауға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік функциясының маңызы артып келеді. Азаматтарға медициналық, тұрмыстық-коммуналдық, көлік қызметін көрсету, оларға мәдени-тұрмыстық, білім беру және басқа да қызмет көрсету түрлерінің бір бөлігін мемлекет өз мойнына алып отыр. Мемлекет коммерциялық және басқа да мемлекеттік емес ұйымдардың халықтың тұрмысы төмен топтарына әлеуметтік қызмет көрсеткені үшін салықтық жеңілдіктер белгілеп, олардың қайырымдылық қызметін ынталандырып отырады.
Мемлекеттің ішкі функцияларына сондай-ақ мына төмендегілер де жатады:

  • идеологиялық, бұл функцияның мақсаты - халықтың арасында мемлекеттің саясатын түсіндіру, осы азаматтардың көпшілік тобының қолдауы мен мақұлдауын қамтамасыз ету, бұқаралык ақпарат құралдарын, ғылыми-білім беру, мәдени-ағарту және мекемелердің басқа да идеологиялық бағытын аталған міндеттерді шешуге жұмылдыру;

  • қорғау, бұл функция конституциялық құрылысты сақтау мен нығайту, мемлекеттік және қоғамдық кауіпсіздікті, заңдылықты, құқық тәртібін, азаматтардың құқыктары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік және ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты реттеу, қылмыспен күрес, т.б.

  • экологиялық, бұл функция айналадағы ортаны қорғауды, табиғат байлықтарын сақтауды мемлекет тарапынан атқарылатын қызметті қамтиды. Қазіргі кезеңде мемлекет ғылыми-техникалық прогресті жедел дамытудан және адамдардың қызметінің басқа да түрлерінен болатын табиғатка төніп тұрған қауіпті ескеріп, олардың зардаптарын болдырмауға, ластаушы көздерді жоюға, айналадағы ортаға келетін зиянның басқа да түрлерін қысқартуға тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет