Бақылау сұрақтары:
Инновацияның көлемділігі нені тудырады.
Хонерин инновацияны қандай түрлерге жіктейді.
Владимир Мужич, Зита Главашкин инновацияларды қалай бөледі?
Жоспары:
Дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин, В.А. Левин);
Дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі(П.М.Эрдниев).
Лекция мақсаты: бастауыш білім берудің қазіргі заманғы технологияларымен таныстыра отырып, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Лекция мәтіні:
1. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады.
Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:
қатар оытартын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
әдістеме мен технологияның сабақтастығы;
оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;
параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;
мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б.
Демек, 1 – 4-сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |