Педагогикалық шеберлік негіздері



Дата16.12.2023
өлшемі27,71 Kb.
#140032

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ


ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ УНИВЕРСИТЕТІ


БӨЖ
Тақырыбы: «Педагогикалық шеберіктің мәні»


Орындаған: Қанатова А.А
Топ: ДДО-101с
Тексерген: Салкынбаева А.
Семей қаласы, 2023 жыл
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ


1.Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны


Жоспары:

  1. Педагогикалық шеберлік және педагогикалық мәдениеттің компаненттері ретінде

  2. Педагогикалық шеберлік компаненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника

  3. Мұғалімнің кәсіби білімі-шеберлік негізі

  4. Педагог мамандығындағы актерлік және режисерлік шеберлік элементтері

  5. Педагог мамандығындағы жеке шығармашылықы қабілетті іске асыру

  6. К.С.Станиславскийдің педагог дайындауда театрлық жүйесінің принциптері



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман-уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында іргетасын қалаушы-ұстаз тұрады.


«Мұғалімдер-қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады», -деп Елбасы н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәелсіз елемізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал, педагогикалық шеберліктің негізі неде?
Шебер педагог білімді, тәжірибасі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштьастыра алуы қажет. әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру –педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жүргізілетін реформалардың мақсаты- оның нарықтық экономика жағдайында ғаламдық ауқымға ие болуын ескере отырып, саналы өзгерістерін қамтамасыз ету деп көрсетілген. Білім беруді реформалау осы саладағы жинақталған оң әлеуетті жақтардың негізінде осы процесті тереңдету мен дамыту жағдайларын жасауды және тиісінше кадрлармен қамтамсыз етуді талап етиеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр»,- деген болатын.
Қазақстан заңдары білім беруді қоғамныңң және мемлекеттің рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуының негізі деп жариялайды. Елімізде 1999 жылы қабылданған «Біліс туралы» Заңда білім беру жүйесінің басым міндеттері көрсетілген.
1-білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
2-жеке адамныңң шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілік байыту;
3-азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу
4-әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын, дәстүрлерін, тілдерін меңгерту
5-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
6-еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Осы міндеттерді орындап, жүзеге асыруда мұғалімдердің рөлі өте зор. Бүгін мұғалімдердің еңбегінің нәтижесі қандай болса, ертең біздің қоғам сондай болады.
Талант деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын-жазушыларда, әртістерде, өнер адамдарында кездеседі. Ұстаздың барлығы талантты болып туылмайды. Егер кез-келген мұғалім ынта –ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәні жақсы білсе, педагогикалық технологияны қалыптастыра алса, педагогикалық шберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіптеі меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Педагогикалық шеберлік –ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский : «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенімен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін»,-айтты.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйесі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады.
Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
В.А.Сухомлинский бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол: «Идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моралтдық-әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы –міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбершілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
Ю.П.Азаров тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: «сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады»
Міне шеберліктің құдіреті –осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П.Азаров қалың оқырман қауымына арнаған публистикалық басылымында «мен шеберлікітің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді. Шеберлік ... істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы тиіс, ме технология деп атап отырған. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.
Ю.К.Бабанский «мұғалім –кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және бала тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті.
Педагогикалық шеберліктің негізі –балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқуышалмен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Болашақ ұстаздардың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруды педагогикалық шеберлік негідерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
-педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
-педагогикалық кәсіби бірлігі;
-педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі;
-педагогикалық техникасы
Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми-зерттеу пайымдаулар мыналар:
-педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;
-тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігін;
әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;
іс-әрекет мазмұнынынң шығармашылық сипат алуы.
Мұғалім шеберлігі –бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері.
Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі-ой өріснініңі кеңдігі оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы крек.
Педагогикалық шеберлік –мұғалімге оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда қажетті, кәсіби білім, білік және дағдылаардың жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің жоғары оқу орнында қалыптасады. Оның мазмұнына:

  1. Кәсіби педагогикалық білім

  2. педагогикалық тәжірибе

  3. Шығармашылық тәжіриебе

  4. тұлғалық қасиеттері

  5. Кәсіби педагогикалық бағыты енді

Шебер педагог –бұл жоғры мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.
Педагогикалық шеберлік –балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педаготың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріп отырылатын өнер.
Оқыту пәнін толық меңгеру, оның тарихын, теориясын, тәсілдерін, қазіргі заманға сай тәжірибесін білу педагогикалық шеберліктің негізін құрайды.
Педагогикалық (білім беру) технология
1)кәсіби педагогикалық басқаруымен жүргізілетін оқушылардың өзіндік және өзара білім алу процесі, оқу жоспары мен оқу бағдарламасында анықталған білім мазмұны мен әрекет түрлерін меңгеруіне байланысты олардың жұмысының әрбір сатысында болатын өзгерістер мен түрленулер
2) студенттерді педагогикалық мамандықтарға кәсіби дайындауға арналып бағытталған оқу пәні
3) дәстүрлі педагогика
Педагогикалық шығармашылық – педагогикалық шебердіктің маңызды және белгілі құрамдас бөлігі. Оның маңыздылығы оқыту мен тәрбиенің жоғары дәрежелі нәтижесінде және «мұғалім –оқушы» жүйесінің дәрежелі нәтижесінде ғана ашылады. Педагогикалық шығармашылықта әр түрлі проблемалы жағдайлардың пайда болуы және оларды педагогтың өз көзқарасы мен стандартты емес тәсілдермен шешуге ұмтылуы шартты.
Педагогикалық стиль-педагогты өзге педагогтардан ерекшелеп тұратын өзіндік ойлары мен әрекеттерінің ерекшелігімен сипатталады.
Психологиялық-педагогикалыө өзара қатынасқа түсе отырып, педагог-гуманистің өзіндік танымы мен рефлекциялық қабілеті ашылады.
Аттракция (латын тілінен аударғанда –тартылыс) –педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу қабілеттілігі.
Эмпатия –педагогтың ңөзге адамды оның уайым-қайғысын, әрекет ету мотивін және сыртқы ортаға деген әсерін іштей түсіне, осы күйді онымен бірге қайғыру
Рефлексия –педагогтың өзін, өзінің психикалық жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін қалай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.
Жоғарыда аталып өткен қасиеттерді өз бойынан таба білетін педаготың мәдениеттілігі, оның педагогикалық тыңдай және тыңдата білу әдісі бойынша ерекшелінеді. Мұғалім адамның өз пәнен терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
Үшінші қыры –мұғалімніңң тілді меңгеру –тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі -өнер. Себебі, тіл-тәрбие құралы.
Төртінші қыры –байқағыштық сезімі және көрегендігі
Бесінші қыры -әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы
Алтыншы қыры –жан-жақты дарындылығы
Жетінші қыры –үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы
Сегізінші қыры –үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді.
Себебі –мұғалімнің келбеті –сыртқы мәдениетті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Мұғалім –Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан-қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: біріншіден, балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші болуы керек.
Педагогикалық шеберліктің бар немесе жоқтығын анықтау үшін И.А.Зязьюн мынадай крийтерилерді белгілеген:
-мақсатқа лайықтылығы
-өнімділігі
-Оптимальдылығы
-шығармашылығы
Мұғалімге қойылған талап –жауапкершілік жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан-жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.
Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп көрсетуге болады:
-жалпы адамзаттық талаптар;
-мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар;
-пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары.
Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершлігі, қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығ, әдептілігі және т.б. жатады.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі –мұғалімнің педагогикалық шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырасуы.
Педагогикалық шығармашылық –педагогтың жеке даралығының, оның тәжірибесінің, дарындылыығының, қабілеттілігінің және тұлғалығының, қиялы мен түйсігінің жоғары көрінісі. Кәсібилігі мен шеберлігінің жоғары өлшемі; мұғалімнің оқу тәрбие процесіне тиімді және стандартты емес педагогикалық шешімдер әзірлеу мен орындауы, тәрбие мен оқытудың теориясы мен практикасын байытуы. Педагогикалық шығармашылық алдыңғы қатарлы инновациялық тәжірибеге, ғылым жетістіктеріне, педагогикалық шешім табудағы өз тапқырлығын сүйене отырып, мақсаттардың, құралдардың және нәтиженің тиімді арақатынасын іздеу түйсігі мен сипатының ықтималдығына негізделген.
Интегралды сипаттары:
-педагогте терең, жан-ажқты білімінің болуы және оларды сыни өңдеу мен пайымауы.
-теориялық және әдістемелік ережелерді педагогикалық әрекетке аудара алу білігі;
-өзіндік жетілуі мен өз бетінше білім алу қабілеті;
-жаңа әдістер, формалар, амалдар мен құралдар әзірлеу және олардың бірегейлі үйлесімділігі;
-іс-әрекет жүйесінің диалектикалығы, вариативтілігі, өзгермелігі;
-қолдағы бар тәжірибені жаңа жағдайларда қолдану тиімділігі;
-өзінің жеке іс-әрекетін және оның нәтижесін рефлексивті сипаттарын үйлестіру мен әзірлеуге негізделген кәсіби іс-әрекет стилін қалыптастыруға қабілеттілігі;
-білім мен түйсікке негізделген импровизацияға қабілеттілік.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепке білім берудің жаңа сапасына жету –мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен шеберлігімен, тығыз байланысты. өз мамандығына жан жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР



  1. Ш.Х.Құрманалина. Б.Ж.Мұқанова. Педагогика: Астана, 2007

  2. Н.Берікұлы. Педагогика. Оқу құралы, 2004

  3. Ж.Б.Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2002

  4. Зязюн. Основы педагогического мастерства М 1989

  5. сластенин В.А. Формирование личности учителя советской школы в процессе профессиональной подгогвки. М. Просвящение, 1976

  6. Қ.Сейталиев. Педагогиканың жалпы негіздері


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет