Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі



бет11/19
Дата06.01.2022
өлшемі445,5 Kb.
#11521
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Қантты печенье дайындау

Унифицирленген рецептура кітабы бойынша печенье рецептурасын таңдап алып, 100 гр ұнға қосылатын шикізаттың керекті мөлшерін есептейді. Рецептура бойынша шикізаттың құрамы;

ұн -

маисті крахмал -

қант -

маргарин -

сірне -

аммоний -

сода -

тұз -

эссенция -

Қамыр илеуге керекті судың мөлшерін төмендегі теңдеу бойынша есептеп табады:

Х=

Мұндағы: X — қамыр илеуге керекті судың мөлшері, %

А — қамырдың ылғылдылығы, %

В — шикізаттың мөлшері, г

С — шикізаттың құрғақ заты, г.

Қамырды илеу кезінде шикізатты салу тәртібі: қант ұнтағы, крахмал, тұз, су, сірне, ұн, сода, аммоний, эссенция (қопсытқышты суда ерітіп қосады).

Дайындау әдісі

Температурасы 21-23 °С болған рецептуралық қоспаны көрсетілген тәртіп бойынша қамыр илегішке салынады. Илеу мерзімі - 5 минут. Қамырдың дайындығы иленген массаның біркелкілігіне және оның температурасы бойынша анықтайды. Дайын қамырдың температурасы 22-24° С, қамырдың ылғалдылығы — 17-20 %.

Қамырдың дайын ылғалдылығын анықтаған соң, қамыр илейтін машинаны тоқтатып, оны шығарып алады.Содан соң қамырды тақтаға жаймалап, қол штампымен штамптайды. Осы дайын болған печеньені трафаретке салып 250-280° температурада, пеште пісіреді. Пісіру мерзімі — 4-5 минут. Дайын болған печеньенің ылғалдылығы 5-6 % болғанша 20-25 минут суытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет