7.1 Дипломдық жобаны қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.
7.2 Дипломдық жобаны қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі.
Дипломдық жобаны қорғау студенттердің, шығарушы кафедра оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.
7.3 Бір диплом жобасын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет.
7.4 Диплом жобасын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды.
7.5 Диплом жобасын талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады.
7.6 Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.
7.7 Диплом жобасын қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.
7.8 Дипломдық жоба қорғау бойынша баға ғылыми жетекшінің пікірін, рецензенттің бағасын, алдын-ала қорғауды және қортынды қорғаудан алған бағасын ескеру арқылы қойылады
7.9 Диплом жобасын қорғаудың қорытындысы әр студент бойыншамемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.
Достарыңызбен бөлісу: |