Педагогикалық ақпараттық технологиялар – Педагогические информационные технологии – компьютерлік пен желілік технологияларды және дидактикалық құралдарды пайдалануға негізделген оқытудың тиімділігі мен ырғағын дамытатын ақпараттық технологиялар.
Сандық білім беру ресурстары (СБР)– оқытуды интерактивті форма түрінде қамтамасыз ететін оқылатын пәндер бойынша сандық дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнекөріністер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалдық шындық пен интерактивті модельдеудің объекттері, дыбысты жазулар және басқа оқу материалдары.
Ұлттық білім беру деректер базасы (ҰБДБ) –ЭОЖ-ның қосалқы жүйесі, білім беру ұйымдарындағы жабдықталу, қызметкерлер құрамы және контингент туралы бірыңғай орталықтандырылған деректер қоймасы. ҰБДБ саланың жоспарлануы мен дамуына қажетті ақпаратқа ие.
Электрондық басылым (ЭБ) – Электронное издание (ЭИ) – тасылатын мағлұматтары бар, өзгертілмейтін түрде тарату үшін арналған, редакциялық-басылымдық өңдеуден өткен электрондық құжат (электрондық құжаттар тобы).
Электрондық білімдік ресурс – Электронный образовательный ресурс – бұл білімдік сипаттағы ақпараты бар кез келген электрондық ресурс
Электрондық кітапхана – Электронная библиотека –тез іздестіру және нақты басылымға қатынау үшін арналған электрондық тасуыштардағы оқулық әдебиеттер басылымдарының ұйымдастырылған қоймасы.
Электрондық кітапхана – Электронная библиотека – жинау, өзекті ету және телекоммуникациялық желі арқылу толық мәтіндік ақпараттық оқу-анықтамалық және басқа мақсаттағы өзінің құжаттау мен қауіпсіздік жүйісі бар ресурстарды пайдаланушыларға ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен. Электрондық кітапхананың негізгі элементті электрондық оқу курсы (оқу-әдістемелік кешен) болып саналады.
Электрондық кітапханағасандық білім беру ресурстар, нормативтік құжаттар базасы, ЭОЖ бақылау-өлшеу материалдар банкісі енеді.
Электрондық құжат – Электронный документ – абоненттік жүйенің жадында сақталатын құжат.