Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі


Ұзақ мерзiмдi есте қалдыру



бет26/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70
Ұзақ мерзiмдi есте қалдыру (Ұзақ мерзiмдi ес);

  • Оперативті ес - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

    Балалардың есте сақтау үрдісін дамыту

    Оны жүзеге асыру жолдары балалардың есте сақтау қабілетін дамытуға септігін тигізетін оқу үдерісін ұйымдастырудың  тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынуды міндеттейді. Яғни, оқу тәрбие барысындағы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, сол арқылы қарым-қатынас жасай білуге үйрету өзекті мәселені танытады.

    Адамның есте сақтау қабілетінің мәні мен маңызы ерекше ғой. Мектеп қабырғасында тиісті бағдарламаны балаға меңгеріп, білімі мен білігін дамыту үшін оның есте сақтау қабілетіне жүк те артып отыр. Осы орайда есте сақтау қабілетінің жұмысын жеңілдету үшін, мәліметтерді есте сақтаудың тиімді әдістері мен тәсілдерін меңгеру қажет.

    Қорыта келгенде қажырлы еңбек барысында есте сақтау қабілеттің дағдылары бірнеше бөліктерден тұратынын анықтаймыз:



    - Белгілі бір мәліметті тез есте сақтауға көмектесетін бейнелі шартты белгілер болуы тиіс. Мысалы, «Мнемотехника» әдісінің Мнемотаблицамен жұмыс тәсілі, дыбыс және оның әріп таңбасын, әңгіме мазмұнын есте сақтап, оны сол шартты белгілерге қарап толық мәлімет беруге оңтайлы.

    - Есте сақтаған мәліметтерді бейнелі образдарға айналдыру қабілетінің  болуы; Бұған мысал ретінде, «Ассоциация» әдісін дәлел ретінде алуға болады.

    - Мәліметті ұзақ уақыт бойы есте сақтау дағдысын қалыптастырып, қажетінде еске түсіртетін зейін тұрақты болуы тиіс;

    - Жадымызда мәліметтердің байланысын есте сақтау үшін көмек көрсететін тірек образдар жүйесі болуы тиіс.

    Білім саласына түрлі технологиялар енгізілуде. Сол технологиялардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап, оқу қызметінің әр кезеңінде тиімді  қолдана білу қажет. Қазіргі кезде мектепетер интерактивті тақталармен жабдықталған. Сол аталмыш техникада дидактикалық материалдарды  қамтамасыз етіп, балалардың қызығушылық қабілеттерін ашып сөздің  айтылуын, оқылуын, жазылуын, суретті интерактивті тақтаға шығарып  қойсақ, оны  өру арқылы, тыңдау арқылы есте сақтап қалу қабілеттерін жақсы дамытуға болады. Психолог ғалымдардың айтуынша: «Көрнекіліктерді қолдану мидың қабығында қосымша тітіркендіргіштердің пайда болуына ықпал жасап, есте сақтау қабілетін нығайтады  екен».

    Есте сақтау қабілетін тұрақтандыру үшін қарапайым қағидаларды да ұстанған дұрыс. Ғалымдар есте сақтаудың бірнеше жолдары барын  мәлімдеді. Мысалы, бос уақытта сурет салу есте сақтауды жақсартады екен. Бұл жерде суреттің сапасы мен көркемдігі маңызды емес, бастысы - сурет ойды тынықтырады. Ойдың тынығуы есте сақтау қабілетін жоғарылатады. Көзге арналған жаттығулар да естің дамуына  пайдалы. Егер таңертен күнде 30 секунд жаттығу жасап отырса, есте сақтау қабілетіміз 10%-ға  жақсарады. Бұл да ғалымдармен  дәлеледенген.

    Сөзжұмбақтар, ойша санау, логикалық сұрақтарды шешу, өлеңдерді жаттау, шет тілдерін меңгеру - миды жұмыс істеуге арналған ең тиімді  әдістер болып саналады.

    Жалаң аяқ жүгірудің өзі есте сақтау қабілетіңді жақсартады. Себебі, адам жалаң аяқ жүрген кезде, аяғын жарақаттап алмайын деп  айналасына барлай  арап жүреді емес пе, мұндай сәтте ми да белгілі бір қызмет атқарады. Ол қызметтер есті жақсартуға көмектеседі екен. Келесі тәсіл – жазу. Қазіргі кезде қолмен жазу қалып келеді. Көбінесе біз пернетақта көмегімен жұмыс жасаймыз. Дегенмен, есте сақтау  қабілетімізді жақсарту үшін бір ауық қолға қалам алып, жазу жазып та тұру өте қажет.

    Жаңа зерттеулер дәлелдегендей, жаттығу кезінде салмағы ауыр заттарды көтерген кезде есте сақтау 20%-ға  жақсарды делінген. Биікке  өрмелеу, шыңға шығу мен ағашқа өрмелеу де есте сақтау қабілеті үшін пайдалы. Себебі, тепе-теңдікті сақтау арқылы жады жұмысы  жақсара түседі екен.

    Бір сөзбен айтар болсақ, миды үнемі жұмыс істетіп тұру қажет.

    Сөзімнің соңында ес туралы мынадай метафораны айтқым келеді: Есті кішкентай және әлсіз, сабырлы және тыныш, мүмкін үлкен және мықты өсіп,  дамып келе  жатқан ағашпен салыстыруға болады (немесе орманмен де). Ал, енді қандай ағаш өсіретініміз - ол өзімізге  байланысты.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет