Оқушылардың білімін есепке алу-оқу үрдісінің бір бөлігі
Оқушылардың білімін жүйелі түрде есепке алып отырудың тәрбиелік маңызы зор, ол оқушыларды тәртіпті болуға, өз міндетіне жауапкершілікпен қарауға, мақсат қоя білуге еркін, зейін тәрбиелей білуге үйретеді. Әрбір сабақты уақытында шын пейілмен орындауға тәрбиелейді.
Оқушылардың білімін есепке алудың үш түрі бар: алдын-ала тексеру, ағымдағы тексеру және қорытынды тексеру. Алдын ала тексеру мақсаты: өткен жылғы білімдеріне сәйкес жүргізіледі. Соның негізінде жаңа білімді меңгеру көзделеді.
Ағымдағы тексеру оқушылардың білімін белгілі бір уақыттың ішіндегі өтілген материалдар бойынша жүргізіледі. Онда іскерліктер мен дағдыларды тексеру көзделеді. Ағымдағы тексеру оқушылардың жүйелі түрде дайындалып жүруіне негіз болады.
Қорытынды тексеру әр түрлі формада жүргізіледі, соның бір түрі-сынақ, ол әрбір тақырыптың не бөлімнің соңында жүргізіледі, қорытынды тексерудің екінші түрі-емтихан, онда оқушылардың білімі белгілі бір жүйелікпен қорытындыланады
.
Достарыңызбен бөлісу: |