Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


ІІ ҚАЗІРГІ ЖАРНАМА МӘТІНДЕРІНІҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет10/14
Дата07.01.2022
өлшемі401,5 Kb.
#18774
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ІІ ҚАЗІРГІ ЖАРНАМА МӘТІНДЕРІНІҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарнама – қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылатын құбылыс. Оның қолданылмайтын саласы кемде-кем. Қоғамдық өмірдің әр саласының кәсіптік ерекшеліктері болатындықтан, сол салаларда қолданылатын жарнаманың да қолданылуында өзіндік ерекшеліктері мен орны бар. Жарнама бір салада жиі қолданса, екінші бір салада аз пайдаланылады. Жарнаманың ең көп және жиі қолданылатын салалары қатарына сауда, туризм, спорт, мәдениет, қызмет көрсету, бұқаралық ақпарат, медицина, ғылым, халық ағарту, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, құрылыс, көлік, ақпарат және т.б. жатады. Бұл салаларда қазақ тіліндегі жарнама барлығында бәрінде бірдей деңгейде қолданылмайды, өйткені қазіргі кезеңде жарнаманы табыс көзі деп түсінген жарнамалаушылар қай тілде жариялаған жарнамаларынан тез және мол табыс түскеніне байланысты әрекет етеді, яғни жарнаманы не орыс тілінде, не қазақ тілінде жариялауы – оның әсерлі табысына тәуелді деген сөз. Бұл прогресс стихиялық жолмен жүріп отырады.

Жалпы алғанда жарнама қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына біртіндеп, үздіксіз еніп келеді. Жарнамалар халық үшін де, жеке адамдардың өз басы үшін де жеке адамдардың басы үшін де жасалуда. Мысалы, соңғы кездері қала ішіндегі автобус, троллейбус маршруттарындағы, көліктерде жүру билеттерінің мұқаба беттері, плакаттар, көрнекті жерлерге орналасқан стендтер, спорт алаңдары, адам көп жүретін темір жол, автобус бекеттері т.б. көрікті жерлерде жарнамалар жасау жиілей түсті. Жарнамашылар ішінде қазақша жарнама ойлап табу жөнінен өзге ұлт өкілдері жарысқа түсуде.

Жарнама - өмірдің қай саласында қолданылса да адамға тіл арқылы жеткізіліп, түсінікті болатын күрделі құбылыс. Өмірде әр тілдің орны бар, әр тіл өз халқына қымбат. Алайда жарнаманың кез - келген тілде жариялануы мемлекеттік тілге деген сенімсіздік немесе қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін мойындамау, сыйламау деген сөз. Оны қазақ тілін жарнама саласында қолдану елімізге қалай болса, солай, ұйымдастырылған түрде жүріп жатқанынан көруге болады. Мысалы, қазақ тілді газеттерде жарияланып жатқан аукциондық мәтіндегі қазақ тіліне мүлдем сәйкес емес сөздерден, терминдерден, сөйлем құрылысынан т.б. көз жеткізуге болады. Жарияланушы «жарым жан жарнама» үлгісінде, яғни қазақ тілінде де, өткізілуі – орыс тілінде, мұның бір – сыпыра себебі бар: біріншіден, Тіл заңы жүзеге аспай, тежеуге түсуде; екіншіден, бұл салада басшылыққа алатын – жарнама туралы заң жоқ; үшіншіден, жарнама тілін /қазақша жарнама мәтінін/ тексеріп, қадағалайтын орган жоқ, мемлекеттік бақылау қойылмаған.

Қазақ тілін жарнама саласында қолдануға деген ықылас үрдісі әр кезде әр түрлі болды. Мысалы: 1989 жылы алғашқы Тіл заңы қабылданған кезде жарнама саласында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде елеулі қызмет атқара бастаған еді. Сол кезде жарнаманың көпшілігі екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде беріліп, мерзімді баспасөзде арнайы жарнама агенттіктері ашылып, қазақ тілінде жарнама беретін теледидар және радио бағдарламалары /«Таңшолпан», «Хан тәңірі»/ жұмыс істей бастаған еді. Бірақ бұл іс-шаралар көздеген мақсатына жете алмады. Оның басты себебі: біріншіден, қазақ тілінде жасалған түп нұсқа жарнама оның әдеби нормасына сәйкес келмеуі көбейді; екіншіден, аударма саласы өте нашар болды, қазақ тілінің заңдылықтарына сай келмейтін калька жарнамалар бой көрсеткен еді, үшіншіден, қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз ақша табу үшін орыс тіліндегі жарнамаларды басуды жиілетіп жіберді; төртіншіден, қате жазылған жарнамаларды жөндеу, қалыпқа түсіру мақсатында мемлекет тарапынан елеулі іс-шаралар жасалмады. Осы құбылыс жарнама саласында жалғаспаса, толастаған жоқ.

1997 жылы Тіл заңы дүниеге келгеннен кейін қазақ тілінің жарнама саласындағы қызметі жақсарып, тілдік апасы артуы орнына ағылшын тілінде жарияланған жарнамалар қапта кетті.

Қазіргі кезде, қазіргі жағдайда жарнама кез-келген тілде қалай болса солай жарияланып, мемлекеттік тілдің беделін түсіріп қана қоймай, оның қоғамдық қызмет аясын тарылтып отыр. Мысалы, Тараз қаласының көшелеріндегі, базарларындағы т.б. жерлеріндегі жарнамаларға көз тоқтатар болсақ, олар мынадай сипатта болып келеді. Мысалы:


  • Төле би көшесінің бойындағы жарнамалар. Музыка салоны, Кафе – Бар Кездесу. Пейте COCA-COLA. Кафесі – Бар Анара. Кафесі Ыстық шай Кафе Горячий чай. Перекресток Шығыс европалық Дәмхана – Перекресток Восточно европейская кухня. Подгорный агрокорпарациясы фирмалық дүкен. Азық-түлік круглосуточно. Продуктовый магазин. Дәріхана, Аптека т.б.

  • Абай көшесінің бойындағыжарнамалар. Lucky. Химчистка киімдерді құрғақ тазалау – сухая чистка одежды. Темір банк Сберкасса Обмен валют.

  • Газеттердегі жарнамалардың мәтіндері жарнама талаптарына мүлдем сәйкес келмейді, талаптар көбіне орындалмайды.

Бұл жарнамалардың қатесін екі топқа бөліп көрсетуге болады:

1. Тіл заңының жарнамаға байланысты 21-бабына сәйкес келмейтін жарнамалар: а/ «мемлекеттік тілде сол жағына немесе жоғары жағына орналасады, бірдей көлемдегі әріптермен жазылады» делінген. Бұл бап бірде- бір жарнамада сақталмаған; ә/ «мандайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда басқа тілдерде жазылады» деп көрсетілген. Бұл жарнамалардың ішінде мемлекеттік әдеби тіл нормасына сәйкес жазылған бірде-бір жарнама кездеспейді.

2. Қазақ тілінің әдеби нормаларына сәйкес келмейтін жарнамалар: а/ Кафесі – Бар Жібек жолы емес, Жібек жолы кафе – бары болып жазылуы керек; Подмаг «Диана» азық-түлік дүкенідеп емес, керісінше Азық – түлік дүкені «Диана» продмаг болып жазылуы керек; Жасұлан дәріхана емес, Дәріхана Жасұлан болуы керек; Астық-инвест. Мука-ұн. Оптом и розницу. Доставки /қазақша алдында я үстінде жазылуы керек/; Жаңа ғасырға жаңарудың жарқын стратегиясы /ғасырда болуы керек/; Дүкен Отабек вино-водка, продукты /қатеге толы, түсініксіз/; АО Бахус Арақ-шарап дүкені. Коньяк, Вино, Шампанское /қысқарған сөз қазақшаланбаған және сөздердің орын тәртібі нормаға сай емес/. Еліміздің жаңа қоғамдық қатынасына өтуіне байланысты және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы нәтижесінде қазақ тіліндегі жаранмалар көптеп өмірге келе басатады. Қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени салаларда жарнама қазақ тілінде кеңінен жариялануда.

Жарнама - қоғамдық өмірдің аса маңызды саласы. Ол өмірдің барлық саласына қатысты. Жарнама ақпарат береді, үйретеді, жарнамаға қарап адам әрекет етеді, қалай сөйлесуді, қалайша өз ойын жарнамалауды үйренеді. Жарнаманың қызметі бүгінгі күні жан-жақты көріне бастады. Жарнама – құрал, жарнама - жан азығы. Жарнама – сауда құралы. Жарнама – тіл қызметінің аясын дамытатын сала. Жарнама – пайда көзі. Жарнама еліміздің даму тарихының бүгінгі кезеңінде тіліміздің табиғи-тілдік ортасын кеңейтіп, нығайтатын, байытатын бұқаралық ақпарат ортасына айнала бастады. Осындай ерекшеліктеріне байланысты жарнама тілінің әлеуметтік және лингвистикалық қызметті зерттеуді қажет ететін мәселеге айналды. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты, оның әлеуметтік қызметі кеңейді, тіліміздің өмірдің күллі саласында еркін қолдануы жолында ешқандай тосқауыл, кедергі кездеспеуге тиіс болса да оның аясын кеңейтуге, өмірдің барлық саласына енуіне кедергілер көп десе де болады.

Жарнама - қоғамдық өмірдің аса маңызды саласы. Ол өмірдің барлық саласына қатысты. Жарнама ақпарат береді, үйретеді, жарнамаға қарап адам әрекет етеді, қалай сөйлесуді, қалайша өз ойын жарнамалауды үйренеді. Жарнаманың қызметі бүгінгі күні жан-жақты көріне бастады. Жарнама – құрал, жарнама - жан азығы. Жарнама – сауда құралы. Жарнама – тіл қызметінің аясын дамытатын сала. Жарнама – пайда көзі. Жарнама еліміздің даму тарихының бүгінгі кезеңінде тіліміздің табиғи-тілдік ортасын кеңейтіп, нығайтатын, байытатын бұқаралық ақпарат ортасына айнала бастады. Осындай ерекшеліктеріне байланысты жарнама тілінің әлеуметтік және лингвистикалық қызметті зерттеуді қажет ететін мәселеге айналды. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты, оның әлеуметтік қызметі кеңейді, тіліміздің өмірдің күллі саласында еркін қолдануы жолында ешқандай тосқауыл, кедергі кездеспеуге тиіс болса да оның аясын кеңейтуге, өмірдің барлық саласына енуіне кедергілер көп десе де болады.

Қазақ тілінің қоғамдық қызметін дамыту мүмкіндігін өмірдің кез келген саласында таныту қиын болғандықтан, әр салада аз да болса алға жылжу байқалады. Көп мүмкіндіктердің ішінде жарнама саласындағы мүмкіндік те бар. Қазақ тілінде “Жарымжан жарнама” деген сөз тіркесе пайда болды. Оның себебі - жаңадан ашылған жарнама беретін теледидар мен радио бағдарламалары, жарнама агенттіктері жарнамалауды бірізділікке, бір жүйеге түсіре алмай отыр, жарнамалар саласындағы жаңалықтар тиісті нәтижелер бермей, көпшілік назарына ілікпей отыр. Орыс тілді жарнамалардың толқыны қазақ тіліндегі жарнамалардың қадамын аштырмай келеді. Соған қарамастан мемлекеттік мәртебелі тіліміз жарнама тілі ретінде көшеде, радио, теледидар, кино, газет сияқты бұқаралық ақпарат арналарында жиі қолданыла бастады. Бірақ ол өзінің қолданылу аясын мейлінше кеңейте алмай келеді. Мысалы, айналамыздағы жарнамалардың көпшілігі орыс не шет тілінде жариялануда. Бұл жағдай әр қазақ ұлтжандыларын, ана тілін құрметтеуші отаншылдарды мазалауда. Жарнаманың қазақ тілінде адымын алшақтата баса алмай келе жатқандығының себебі айтпаса да түсінікті. Біріншіден, жарнаманы орыс тілінде жариялауды оңай көреміз, екіншіден, шын мәнінде жарнама тілі мен стилі қазақ тілінде әлі де болса қалыптаса қойған жоқ.

. Жалпы өміріміздің бар саласына көз жүгіртіп, осы саладағы барды барынша айтар болсақ, еліміз егемендік алғаннан бері жарнама қызметін қазақ тілінде жүргізуге байланысты кейбір ілгерілеу байқалады. Жұмысымыз да осы осы ілгерілеу барысында жарнама тілінің табиғаты мен ерекшеліктерін талдау, жетістіктері мен кемшіліктерін көрсету жұмыс мақсаты етіп алынды. Осы мақсатқа жету жолында төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:


  • газет беттерінде, көшелерде, кітаптардың ішінде жарияланатын жарнамалардың ерекшеліктерін анықтау;

  • қазақ тілінің жарнама саласындағы қызметінің кеңею я тарылу үрдістерінің себептерін көрсету;

  • жарнамаларда қазақ тілінің емле, тыныс белгілері ережелерінің бұзылу себептерін, жаңалықтардың қазақ тілінде игерілу дәрежесінің кешеуілдеу себептерін көрсету.

. Жарнамалардың мемлекеттік тілде, оның әдеби тіл нормасына сай берілуі - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Соған байланысты мемлекеттік тілдің жарнама саласында қолдануына байланысты, оның ереже заңдарға сәйкес іске асырылуына, жарнама саласында мемлекеттің тілдің мәртебесін өсіру бойынша қолданылу аясын кеңейту мақсатында жұмыста нақты ұсыныстар жасалып, олар жұмыстың жаңалығы ретінде ұсынылады.

. Қазақ тілінде жарнама мәтіндерін жариялаудың ерекшеліктерін айқындау мақсатында сипаттама тәсілі, құрам-құрамын талдауда структуралық тәсіл, тақырыптық, мағыналық мәтіндерін талдауда аналитикалық, синтетикалық тәсілдер қолданылады.

Дипломдық жұмыста пайдаланылған тілдік материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, көшелерде, мекемелерде, бұйымдарда жасалған жарнамалардың мәтіндерінен, тілге байланысты қабылданған Заңдар мен ережелердің баптарынан алынып пайдаланылды.

Жарнама - өмірдің көпастарлы саласы. Оның экономикалық, әлеуметтік, саяси, психологиялық, лингвистикалық т.б астарлары бар. Лингвистикалық тұрғыдан алғанда, жарнама – біріншіден, сөз; екіншіден, жарнама – сөйлем; үшіншіден жарнама – бірнеше сөйлемнен тұратын мәтін; төртіншіден, жарнама – көп сөйлемнен тұратын шығарма; бесіншіден, жарнама – тіпті бөлек кітап, кино да болуы мүмкін.

Қазақ тілінің төл сөздері жарнама саласында жиі көріне бастайды, сол негізде олар жаңа мағынасында тұрақты қолданыла бастады. Мысалы, жарнама сөзінің өзі жиі қолданылуда, жарнама сөзінен пайда болған жарнамашы, жарнамалау немесе жарнама беру, заңды тұлға жарнамасы, жеке тұлға жарнамасы, жарнаманың жаңа түрі деген сияқты, “Жарнама” сөзімен баспа сөздерін тіркесінен туған күрделі атаулар пайда болуда.

Жұрнақтар жалғау арқылы қазақтың төл сөздерінен жаңа атаулар туу актив тәсілге айналды: хабаргер, мерейгер, сапарнама, мәйітхана, дыбысхана, ұстазхана, мейрамхана, нұсқама, кескіндеме, лездеме, талдама т.б. Бұл ерекше өнімді тәсіл жұрнақтар жалғау арқылы жасалған жаңа атаулардың көбісі осы ретте кейбір: -кер, -гер, -нама, -хана, -қы /-кі, -ғы, -гі,/, -ым, -ім, -м, -ма, -ме, -қыш, -ғыш т.б сияқты жұрнақтардың активтенуі негізінде туған. Мысалы: хабаргер, баспагер, мерейгер, әдіскер, дерекнама, сапарнама, өмірнама, мадақнама, дыбысхана, дәмхана, ойынхана, құрылғы, жылытқы, басылым,терім, сұраным, нұсқама, безендірме, талдама, талапкер, тәлімгер т.б баламасы, мысалы: шағын ұжымдық кәсіпорын “Трест” фирмасы Алматыдағы ірі сауда-делдалдық кәсіпорындардың бірі [3]. Бұл сөз “ұйым” сөзімен төркіндес. Дәлірек айтқанда, дыбыстарының алмасуы негізінде жасалған. Демеуші – бөгде тілде қолданылатын “спонсор” сөзінің қазақша баламасы. “Демеу” сөзі қазақ тілінде бұрыннан бар, содан “демеуші” пайда болған.

“Демеуші” әлеуметтік әр түрлі іс-шараларға материалдық жәрдем беруші. Көптеген фирмалар мен ұйымдар елімізде болып жатқан алуан түрлі жарыстарға, қайырымдылық көрсету жұмыстарға арналған жиылыстарға демеуші болу арқылы өз фирмаларының атын жарнамалайды. Сауал – белгілі бір іс бойынша ресми түсінікті талап ету.

Жарнама саласында көрініс берген жаңа сөздердің бәрі бірдей орынды қолданылады деп айтуға болмайды, өйткені қазақ тіліне бұрыннан енген сіңісіп кеткен кірме сөздерге үнемі жаңа балама іздеу қате екендігін көпшілік лингвистер қолдайды. Мысалы, самолетті - өзіұшар, газетті – үнқағаз, телефонды – үнсандық деп, жасанды сөздермен білдіру тіліміз үшін де, қазақ тілінде сөйлесушілер үшін де оңтайлы емес деген тұжырымды қолдағанымыз дұрыс болар еді [5]. Осы “самолет” сөзін ұшақ деп, ал “вертолет” сөзін “тік ұшақ” деп қолдану әлдеқайда тілге жатық және мәнді, қолданысқа тез енген атаулар. Жарнама тілінің бейнелі де, әсерлі де болуы, әдеби нормаға сай болуы - өмір талабы. Қазақ тілі – елімізде мемлекеттік мәртебелі тіл. Сондықтан жарнамаларды тіл мәдениеті тұрғыстан мінез жариялау да бірден – бір дамытуды қажет ететін міндет. Түсініксіз, мазмұнсыз, шұбар тілді «жарымжан жарнамалардың» көбейіп кетуі қазақ тілінде жарнамалауды тежеп отырған жағдайын да кездестіріп жүрміз. Жарнама, тілі мен стилі, көлемі мен безендіруі т.б. оқырманның, тыңтарманның, көрерменнің назарын бірден аудару керек. Жақсы жарнама адам саласында белгілі бір бейне жасап, сонымен байланысты сезімдерді нығайтып, қалыптастырады. Жарнама жасауға психологтар, социологтар, экономистер, әрине тілшілер өте – мөте қажет мамандар. Жарнамадағы сөздер және тағы басқа атрибуттар қандай жағдайда болмасын адамның ақылы мен сана – сезіміне жақсы әсер етіп, олардың естеріңде ұзақ уақытқа сақталуы үшін сәйкестендірілуі керек. Басты назар аударатын нәрсе – жарнамада жалғыз сөз арқылы сезімді айтып, ойды өзгерту керек, оған үгіт – насихаттық та сипат береді. Сондықтан жарнама мәтініндегі жарнамаланатын мәселеге, мазмұнына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолдана білудің және қажетті синтаксистік құрылысты пайдалана білудің үлкен мәні бар.

Жарнамада тілдің стильдік мүмкіндігі жалпы халық шаруашылығының, қала мен ауылдың өсіп-өркендеу тарпынына, халықтың хал-ахуалына, рухани және мәдени даму дәрежесіне сәйкес бірте-бірте жеріле түседі, кеңейіп отырады. Сөздің ауыс мағыналары қалыптасады. Олар, белгілі бір стильдік қажетке байланысты келіп туады. Ауыс мағына-жалпы халықтың стильде де, жеке адамның қолдануында да туа береді. Жалпыхалықтың ауыс мағына және синекдохалық жолмен жасалатын болса, осы айтылған ауыс мағынада сөздер жарнаманың мәтінінде кеңінен қолданылып, мәтінді тартымды ете түседі. Мысалы, жарнамада синекдохалық өнімнің немесе қызмет көрсету шараларын жарнамалауда белгі бір ерекше қасиеттерін өз атауымен атамай, оны басқа белгімен немесе бір бөлшегін ғана атау кезінде қолданылады: «Тайқазанға табыс тілейміз. «Алма» - бұл адал бизнес». Осы жарнамалардағы «Тайқазан» - қазан радиосының жарнама агенттігі, ал «Алма» - биржаның аты. Жарнамада синекдоханы қолдану белгілі атқа ықшам түрде жеткізіп, есте ұзақ сақтап, тез қабылдануға көмектеседі. Бұл жарнамашының тіл байлығынмен, сөз қолдану шеберлігімен байланысты. Синекдоха тәсілі арқылы жасалатын стильдік реңк қазіргі жарнама мәтіндерінің қай-қайсысының тілінен де кездеседі. Мысалы: «Бедел» Сізге қызмет етуге даяр! т.б.

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғаннан бері жарнама ісін бұл тілде жүргізу мәселесі біршама болса да жөнге келіп, қалыптасуы үстінде. Соның бір айғағы тікелей жарнама саласына байланысты жаңа нақыл сөздердің пайда болуы. Мысалы, «Іскермен жақын болсаң ісің бітеді», сол сияқты «Жаңа заман, жаңа адам – Жаңа Қазақстанның бет-бейнесі», «Бес аспап бола білу-нарың талабы», «Жемқорлық – халыққа жасаған қиянат».

Мемлекеттік тілдің жарнама саласындағы қолданылу аясын кеңейтеге ықпалын тигізетін шаралар аумағы өте кең. Бірақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жарнамаларында қолданылатын іс-қағаздарының үлгісінің жасалмауы, жарнамалар мен олардың іс-қағаздарының мемлекеттік тілде берілуін талап етпеу, жарнамалардың Тіл заңының талаптарына сәйкес берілуін қадағалау, қазақ тілінің жарнама саласындағы өз қызметінің аясын кеңейтуіне кедергі болып отыр. Сонымен қатар, «жарнама» туралы, «жарнама тілі» жөнінде көпшілік арасында үріт-насихат, түсінік беру жұмыстары жүргізілмейді, бұқаралық ақпарат құралдары жарнаманы экономикалық жағынан жариялай отырып, оның мәтініне аса мән бермейді. ҚР «Тілдер ықпалы» заңының, Үкіметтің 1999 жылдың 8 қаңтарындағы «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ереженің» және «Мемлекеттік органдарда тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» белгілі қаулыстың /14 тамыз 1998 жыл/ талаптары қатаң сақталмайды, оны қадағалау да жолға қойылмаған.

Қазақстан Республикасының егемендікке ие болуы қоғамның саяси, экономикалық, мәдени сипатына елеулі өзгерістер әкелді. Қазақстан халқы дамудың күрделі сатысына көтерілді. Нақ осы тұста ұлттық дүниетанымда, халықтық табиғи санада соны мұрат – идея көзге түсіп отыр. Ол –халықтық табиғи генетикалық өз ерекшеліктерін, ұлттық мәдениетін, тілін дамыту, тілдің қоғамда атқаратын қызметін күшейту. Осы мақсатта қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасының күллі азаматтары мойындауға және басшылыққа алуға тиісті осы Заң Ата заманымызда өз күшімен толық енгізіліп, заңдастырылды.

Жарнама, жарнамалау, оның тілі - өте күрделі құбылыс. Жарнаманың бірнеше түрі бар. Оларды түріне қарай топтастырсақ, бірнеше топқа бөлуге болады.

Жарнаманы жалпы мақсаттарына байланысты топтастырсақ, оны екіге бөлуге болады: біріншісі – сауда сатылық (коммерциялық) жарнама, екіншісі – саяси жарнама. Сауда – саттық жарнамасының өзі өнеркәсіптік және сауда жарнамасы болып екіге бөлінеді.

Өнеркәсіптік жарнамаға белгілі бір фирманың өнімдері мен қызмет көрсетуге арналған жарнамалары жатады да, ал сауда жарнамасына көтерме сауда жарнамасы мен дүкендер ұйымдастырған жек жарнамалар жатады.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан берілуіне байланысты жарнама: газет, журнал, кино, радио, теледидар, телефон, почта т.б. жарнамалары болып бөлінеді.

Жарнаманың таралу аймағы кең тар көлемде болуы мүмкін. Сондықтан жарнамалар таралу көлеміне қарай: жергілікті, қалалық жалпы халықтық, шет елдік, дүниежүзілік болып бөлінеді.

Таралу жиілігіне, берілу ретіне қарай жарнамалар: бір рет берілетін жарнама, бірнеше рет берілетін жарнама, күнделікті берілетін жарнама деп топтастырылады.

Жарнаманы жан-жақты зерттеп, оған тән әлеуметтік, лингвистикалық т.б. ерекшеліктерді анықтап, мемлекеттік тілдің жарнама саласындағы сотолингвистикалық өзекті мәселелерін тұжырымдаған еңбекте (16) жарнамаға мынандай анықтама берілген. Бұл анықтама – қазіргі күні жарнаманың қызметін жан-жақты ашатын анықтама болып табылады. Онда: «Жарнама деген – белгілі бір затпен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті күшейту мақсатымен (ауызша, жазбаша) жарияланған хабарлама жиынтығы» деген жарнаманың қазіргі күнгі мәнін толық ашып берген анықтама берілген.

Қоғам өмірінің әр саласында адамдардың мүддесі мен қызметіне, әлеуметтік жағдайына байланысты, тілі де ерекшеленіп, таңдалып туындады. Сол сияқты қазақ тілінің жарнама саласындағы қолдану ерекшеліктері мен қызметі де көптеген факторларға байланысты көрініп отыр.

Тіліміздің, қазақ тілі – ресми түрде мемлекеттік қамқорлыққа алынып, мемлекеттік мәртебе берілген тіл. Сондықтан ол өміріміздің барлық саласында еркін қолданылуы керек. Тіл заңының бір бабында (21-бабы) жарнамаға байланысты: «Хабарландырулар, жарнамалар, көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде жазылады» [17] делінген. Солай бола тұрса да Қазақстанда, соның ішінде өз қаламызда жарияланып жүрген жарнамалардың Тіл заңының бұл тарауын қаншалықты орындап, басшылыққа алып жүргендігін нақтылы зерттеу жүргізбей-ақ байқауға болады.

Жарнама – қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылатын құбылыс. Оның қолданылмайтын саласы кемде-кем. Қоғамдық өмірдің әр саласының кәсіптік ерекшеліктері болатындықтан, сол салаларда қолданылатын жарнаманың да қолданылуында өзіндік ерекшеліктері мен орны бар. Жарнама бір салада жиі қолданса, екінші бір салада аз пайдаланылады. Жарнаманың ең көп және жиі қолданылатын салалары қатарына сауда, туризм, спорт, мәдениет, қызмет көрсету, бұқаралық ақпарат, медицина, ғылым, халық ағарту, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, құрылыс, көлік, ақпарат және т.б. жатады. Бұл салаларда қазақ тіліндегі жарнама барлығында бәрінде бірдей деңгейде қолданылмайды, өйткені қазіргі кезеңде жарнаманы табыс көзі деп түсінген жарнамалаушылар қай тілде жариялаған жарнамаларынан тез және мол табыс түскеніне байланысты әрекет етеді, яғни жарнаманы не орыс тілінде, не қазақ тілінде жариялауы – оның әсерлі табысына тәуелді деген сөз. Бұл прогресс стихиялық жолмен жүріп отырады.

Қазақ тілін жарнама саласында қолдануға деген ықылас үрдісі әр кезде әр түрлі болды. Мысалы: 1989 жылы алғашқы Тіл заңы қабылданған кезде жарнама саласында қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде елеулі қызмет атқара бастаған еді. Сол кезде жарнаманың көпшілігі екі тілде, қазақ және орыс тілдерінде беріліп, мерзімді баспасөзде арнайы жарнама агенттіктері ашылып, қазақ тілінде жарнама беретін теледидар және радио бағдарламалары («Таңшолпан», «Хан тәңірі») жұмыс істей бастаған еді. Бірақ бұл іс-шаралар көздеген мақсатына жете алмады. Оның басты себебі: біріншіден, қазақ тілінде жасалған түп нұсқа жарнама оның әдеби нормасына сәйкес келмеуі көбейді; екіншіден, аударма саласы өте нашар болды, қазақ тілінің заңдылықтарына сай келмейтін калька жарнамалар бой көрсеткен еді, үшіншіден, қазақ тіліндегі мерзімді баспасөз ақша табу үшін орыс тіліндегі жарнамаларды басуды жиілетіп жіберді; төртіншіден, қате жазылған жарнамаларды жөндеу, қалыпқа түсіру мақсатында мемлекет тарапынан елеулі іс-шаралар жасалмады. Осы құбылыс жарнама саласында жалғаспаса, толастаған жоқ.

Қазіргі кезде, қазіргі жағдайда жарнама кез-келген тілде қалай болса солай жарияланып, мемлекеттік тілдің беделін түсіріп қана қоймай, оның қоғамдық қызмет аясын тарылтып отыр. Мысалы, Тараз қаласының көшелеріндегі, базарларындағы т.б. жерлеріндегі жарнамаларға көз тоқтатар болсақ, олар мынадай сипатта болып келеді. Мысалы:



  • Төле би көшесінің бойындағы жарнамалар. Музыка салоны, Кафе – Бар Кездесу. Пейте COCA-COLA. Кафесі – Бар Анара. Кафесі Ыстық шай Кафе Горячий чай. Перекресток Шығыс европалық Дәмхана – Перекресток Восточно европейская кухня. Подгорный агрокорпарациясы фирмалық дүкен. Азық-түлік круглосуточно. Продуктовый магазин. Дәріхана, Аптека т.б.

  • Абай көшесінің бойындағыжарнамалар. Lucky. Химчистка киімдерді құрғақ тазалау – сухая чистка одежды. Темір банк Сберкасса Обмен валют.

  • Газеттердегі жарнамалардың мәтіндері жарнама талаптарына мүлдем сәйкес келмейді, талаптар көбіне орындалмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет