Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі


«Сөйле» етістігі және оның қолданылуы



бет20/60
Дата07.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#18776
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60
Байланысты:
сөйлеу

1.2.3 «Сөйле» етістігі және оның қолданылуы

Сөйле етістігі де және айт сөйлеу етiстiктерiне қарағанда, негiзiнен, көпмәртелiк әpeкeтті бiлдiретiн негiзгi сөйлеу етiстiктерiнiң бipi болып та6ылады. Сөйле етістігі сөз зат есіміне -ла, -ле eтістік жасаушы аффиксiнiң жалғануы арқылы жасалады. Көптеген түркi тiлдерiнде түбiр морфеманың соңғы з/й дыбыстары ауысып, соның нәтижесiнде сөйле/сөзле фонетикалық нұсқасы пайда болды.

Сөйле-сөзле eтістігі көне түркі ескерткiштерiнде баяндауыш ретiнде де, төл сөздiң қабысуы ретiнде де қолданылады.

Сөйле етістігі семантика-морфологиялық және лексикалық мағынасы және қызметі оның семантикасының ауқымдылығы және грамматикалық категорияларының көп қырлылығы арқылы ерекшеленеді.

Айтылу мағынасындағы сөзле етістігі қазiргi түркi тiлдерінің көбiнде қолданылады.

Қазіргі қазақ тілінде сөйле сөйлеу етістігі және оның туынды тұлғалары кең қолданылады.

Мысалдар: Раушан сөзін бітірген соң, Мариям қайтадан сөйледі. Ол Раушан сөзін мысалға алып сөйледі (Б.Майлин). Бәйбіше кемсеңдеп зорға сөйледі (М.Дүзенов). Оқты көзін Әтікеден алмай тұрып сыздай сөйледі (Б.Нұржекеев). Алдымен жағдайды біліп алды да, ешкім сөйлейтін белгі бермегеннен кейін, ол қайта сөйлеп кетті (Ғ.Мүсірепов).

Келтiрiлген мысалдарда сөйле етiстiгiнiң «сөйледi», «сөйлеп кетті», «сөйлеп отырғанда», «сөйлетпейдi», (сөйлей бастап едi», «сөйлемейсiз бе», «сөйлегенде», «сөйлейдi», «сөйлеуiне қарағанда» сияқты туынды тұлғалары айтылудың, айтудың әртүрлi модальдық реңктерiн бiлдiредi. Сөйле етістігі басқа сөйлеу етiстiктерiне қарағанда мерзiмдi баспасөзде кең қолданылатынын атап айту қажет.

Мысалдар: Парламентшiлердiң өтiнiшi бойынша оған Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледi («Егемен Қазақстан»). Кеңестi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi С.А.Терещенко кiрiспе сөз сөйлеп ашты («Егемен Қазақстан»). Сөйле етістігі негiзгi сыңар бола отырып, eтicтiк сөз тiркестерiн құрайды. Бiрқатар қазақ жазушыларының көркем шығармаларын, сондай-ақ адамдар арасындағы ауыз eкi сөйлеудi қарастыра келе сөйле етістігі сыңарларының байланысу дәрежесi бойынша әр түрлi типтегi сөз тіркестерін құрайтынын көрсеттi.

Мысалдар: Үлкен ыза буып келген Қаратай Құнанбайға аса бiр салқын зілмен сөйледі (М.Әуезов). - Уай, қойшы! Сен марксшi болып жарытпассың, - деп төсекте жатып Балташ кекей сөйледi (Ж.Аймауытов).

Мысалдардан көрiп отырғанымыздай, сөйле етістігі eкi немесе одан да көп толық мәнді сөздерден тұратын сөз тіркестерінің негізгі ұйытқысы болып табылады, ал қалған сыңарлары оған бағына байланысып, сөйлеу әрекетiнiң қандай сипатта жүзеге асқандығын бiлдiредi: зiлмен сөйледi, кекей сөйледi, көңілін аулай сөйледi, шабына сөйледi, жыламсырап сөйледi, шаға сөйледi.

Сөз тiркестерiнде сөйле етiстiгiнiң алдында тұрған бағыныңқы сөздер көбiне оны жан-жақтан: осы сөз қалай, қашан, қандай жағдайда айтылды дегендi айқындап, толықтырады. Бiз зерттеу жүргiзу барысында ұйытқы сыңары сөйле етістігі болатын үш жүзден астам сөз тiркестерiнiң бар екендiгiне көз жеткiздiк.

Синтаксистiк құрылымы бойынша сөз тiркестерiнiң төмендегiдей түрлерi болады:

а) жай сөз тіркестері: абайлап сөйлеу, абдырай сөйлеу, айқайлап сөйлеу, аңғармай сөйлеу, аптыға сөйлеу, асыға сөйлеу, ашыла сөйлеу, ашынып сөйлеу, әзiлдей сөйлеу, бұйыра сөйлеу, бұлдана сөйлеу, даурыға сөйлеу, еркелей сөйлеу, есiп сөйлеу, жалтара сөйлеу, жамырай сөйлеу, жасқай сөйлеу, күмiлжи сөйлеу, кiнәлай сөйлеу, мүсiркей сөйлеу, сынай сөйлеу, тасып сөйлеу, таусыла сөйлеу, шамдана сөйлеу, шiренiп сөйлеу, ыңырси сөйлеу, ышқына сөйлеу, iле сөйлеу және т.б.

ә) күрделi сөз тipкecтepi: ағынан жарыла сөйлеу, дауыс көтере сөйлеу, жыландай ысқырына сөйлеу, жанды жерiне тиiп сөйлеу, сабырлығын сақтап сөйлеу, сыр тарта сөйлеу, сыр шерте сөйлеу, тiлдi шұбарлап сөйлеу, тiлiн шайнап сөйлеу, тігісін жатқызып сөйлеу, шаптан түрте сөйлеу, шаршы топта сөйлеу, шамына тие сөйлеу және т.б.

Осы келтiрiлген күрделi сөз тіркестеріне құрамында лексикалық түйдектi тіркестер бар. Бағыныңқы сыңары тұрақты тіркестер болып саналатын сөздердiң тіркескен тобын лексикалық түйдектi тіркестер деймiз. Олар сол түйдегiмен сөз тiркесiнiң бiр сыңары болады.

Айтылған ойларды түйiндей келе, төмендегiдей қорытынды шығаруға болады:

- сөйле етістігі - негiзгi сөйлеу етістіктерінің бiрi болып табылады және айтылу процесiнiң көп мәртелiк әрекетін бiлдiредi;

-сөзле-сөйле етістігі көне түркі жазба ескерткiштерiнде

баяндауыш ретiнде де, төл сөздiң жалғастырушы қызметiнде де қолданылады;

- қазiргi қазақ тiлiнде сөйле eтicтігі және оның туынды тұлғалары кеңінен қолданылады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет