Болат: -Айнытпай салыпты өзі, шебер екен ә!
Жақып: -ІІІебер болғапда айтпа деймін(Ж.Шағатаев).
Сол кездегі Еркештіц қуанғанын айтпа деймін! Қуаныштан ұшып жүр (А.Адамбаев).
Деймін қаратпа сөзге телініп, үндеуді акцентпен өтімді болуына көмектеседі: Асқар деймін, сен осы іске көмектесіп жібер. Сақи деймін-ау, қалың қазақ жайлаған Шымкентте қазақ журналист табылмай қалды дегенге кім нанады(«Егемен Қазақстан»).
3. «Барамын деген соң барамын», «барасың деген соң барасыц», «барады деген соң барады», «бар деген соң бар» типті баяндауыштар да де етістігінің қатысуымен құрылған. Құрылу ережесі мынадай: «ауыспалы келер шақ етістік деген соң - қайталанған ауыспалы келер шақ етістік», барасың деген соң барасыц, «екінші жақ бүйрық рай етістік - деген соң- қайталанған бұйрық рай етістік» (Сөйле деген соң сөйле). Деген соң өз тұлғасына лайық қатысып, баяндауыштың экспрессивті тұлғасын ұйымдастырып тұр. Бұл құрылымдар да қайталанып келіп сол арқылы экспрессивтік мағына қосып тұр.
4. «Үшінші жақ бұйрық рай болымсыз етістік +де» типті құрылған баяндауыштар да экспрессивті мағынаға ие: Осы сол болмасын де.
5. Үшінші жақ бұйрық рай етістік болымды, болымсыз түрде де, деңіз етістігімен бірлесіп экспрессивтік баяндауыш ұйымдастырады: салынсын де, барсын де. Мысалы: Тек әкесініц мінезі жұқпасын де (Ғ.Мұстафин). Ол ойы орыпдалмасын (де (С.Мұқанов). Тек түзу қағылсын деңіз (Ә.Ә6ітаев).
6.«Ашық рай етістік+дерсіц», «есім сөз+ дерсің» түрінде келетін баяндауыш та бар. Баяндауыш экспрессивтік мағынаны қоса білдіру үшін жұмсалады, Мысалы: Шыңылтыр аспан астарын алтын сырғанақ дерсің (М.Қабанбаев). Ит дегеп аты гана, қасқыр дерсің (Т.Нұрмағанбетов). Ыбыштьщ мінезі, келбеті аузындағы сөзі мен күлкісіне дейін әкемнен аумай қалған, сойып қаптағандай дерсің (Д.Исабеков). Алдынан қарап тұрсаң мүсінін тура құлан дерсің (Н.Нарымбетов). Өздері мұрындарынан шаншылып жатыр дерсің (Ғ.Сүлейменов). Күн шықпай ойдан-қырдан аттылы, жаяулы ел қарағұрым болып қаптады дерсіц (О.Бөкеев).
7. Экспрессивті баяндауыш формасы «ашық рай етістік + дейтіннің өзі», «есім сөз + дейтінніц өзі» типті болып құрылады. Мысалы, Шөбі бойшаң, сояу-сояу, ит түмсығы өтпейтіннің өзі (Ә.Тарази). Мына бала иіс алмас дейтіннің өзі (М.Тлесов).
8. Екінші жақ бұйрық рай десеңші, десейші етістік, есім сөздермен бірігіп экспрессивті баяндауыш ұйымдасытьрады: қуат берді десецші, ашық десецші. Бұл баяндауыш сұраулық есімдіктердің ( қандай, канша) ұлғайтынды мағына қатыскан сөйлемдерде жұмсалады. Мысалы: Онда неміз бар десеңші (С.Имашев). Сорлы әке неге шырылдайды дейсің (Қ.Ысқақов). Құдай-ау, осы ойын айтпақ болып қаншама рет оқталып көрмеді десеңші.(Д.Исабеков). Бағанағы айтқанымныц бәрі далаға кеткен десеңші.(Д.Исабеков). Иә, бұл үйді салуға әкесінің қанша қаржысы кетті десеңізші (О.Бөкеев).
Десеңші атаулы сөйлемге телініп жұмсалып, оның экспрессивтік мағыналығын айқындай түседі. Мысалы: Ой, дүние-ай десей-ші (Ж.Аймауытов).
Десеңші одағай сөздерге де де осы қызметте тұрып қатысады.
Көріскендей болды ма жүрт, баланың басына, тұрымтай тұсына...
Иә, десейші! Жаман болды ғой(Ж.Аймауытов).
Десеңші экспрессивтік мағына үстеген тұлғалар баяндауыштар, атаулы сөйлемдер, қыстырма сөздер диалог сөзде кездеседі. Көмекші етістіктің екінші жақ түрінде қатысуы арқылы сөйлеуші өзі айтқан хабарға, эмоцияга гыңдаушыны ортақтастыратын болуы тиіс.
9.Ауызекі сөйлеу тілінде «есім сөз + десе+ қайталанган есім сөз» болып құрылған баяндауыш жұмсалады: Жүйрік десе жүйрік. Баяндауыш экспрессивті: Предикативтік сапаны мадақтап, тамсаньш атайды. Мысалы, Шұға десе Шұға! (Б.Майлин). Шынында сұлу десе сұлу екен (Қ.Ыскақов).
10.Есім сөздің қайталануы арқылы құрылған тағы бір баяндауыш бар.Қайталанған есім сөздерді байланыстыру үшін дегенде, болғанда көмекші етістіктері жұмсалады: Тәтті дегенде тәтті, тәтті болғанды тәтті.Мысалы: Енді бар ғой сүйкімді дегенде сүйкімді сондай! (М.Қабанбаев).
Бұл екі баяндауыштық тұлға да іс-әрекетті экспрессивті етіп хабарлау үшін қызмет етеді. Баяндауыштар өте сирек жұмсалады, бірақ бұлар тілдің жүйесінде орныққан тұлғалар.
Қазақ тілінде десе дегендей түрінде құралып құрылған экспрессив баяндауыш бар. Мына машина десе дегендей, жап-жаңа, жүйрік (Ж.Тұрлыбаев).
Бұл баяндауыш нақты предикативтік іс, кимылды атамайды. Десе дегепдей субъект затқа тән бір қасиетті мадақтауды, сүйсінуді білдіреді.
11. Ауызекі сөйлеу тілінде «екінші жақ бұйрық рай етістік+деген соң қайталанған екінші жақ бұйрық рай етістік» моделімен жасалған баяндауыштар жұмсалады деп ілгеріде атадық: айт деген соң айт. Баяндауыштық тұлға бұйрықты экспрессивті етіп айту үшін жұмсалады. Мысалы: Бар деген соң бар, туған туысқанды көріп тұру керек. (Д.Исабеков). Шық деген соң шық!-деп таяғына жармасты(Б.Майлин).
Бұл сөйлемдердегі баяндауыштың бірінші компоненті (бар деген соң) іс-қимылды қайталап бұйырылған етіп, оны екінші компонент хабарлаған бұйрықтың орындалуын міндет етеді. Осындай қатынас арқылы экспрессивті бұйрық мәнді баяндауыш жасалған.
Осы модель ізімен «ашық рай етістік+деген соң+ қайталама ашық рай етістік», «есім сөз+деген соң қайталама есім сөз» болып та баяндауыш жасалады: қызыл деген соң қызыл, алды деген соң алды, барады деген соң барады.
ІІІ Контактылық қызмет үстейтін баяндауыштар
Контактылық қызмет үстейтін баяндауыштар бірнеше жолмен жасалады. Олар: 1. «Жедел өткен шақ етістік + де» (келді де). Мысалы: Еділден бүгін асса, ертең осында жетті де (Х.Есенжанов). Ол бастық болса, менің күнім туды де (Ж.Тұрлыбаев).
2. Контактылық қызметті «ашық рай етістік+дейсің бе», «есім сөз + дейсің бе» болып құрылған баяндауыштар атқарады: алды дейсің бе, үлкен дейсің бе.
Мысалы: - Сол газет, журналдарды маған парақтап шығу оңай дейсің бе! (М.Қабанбаев). Балта ұстап, орман кезгенше рубкада тұрсаң тақияңа тар келеді дедің бе! (Қ.Ысқақов).
Дейсің бе риторикалық сұрақты білдіретін сөйлем баяндауышының құрамына қатысканда, сөйлемге ерекшеленеді.
Мысалы, «Ашық рай етістік+дейсің бе» тұлғалы баяндауыш пікірді тыңдаушы жаққа бағдарлауды нақтылайды. Бұл тұлғадағы баяндауыш қатыспаса да, пікір бір адресатқа бағытталады. Бірақ ол адресаттың жақтық көрінісі нақты емес, жалпы.
Контактылық кызмет атқаратын баяндауыш ұйымдастыруға тек дейсің бе түрінде емес, көмекші етістік дедің бе, деп пе ең типті тұлғалар да тұрып катысады. Мысалы: Балта ұстап, орман кезгенше рубкада тұрсаң тақияңа тар кслсді дсдіц бе! (Қ.Ысқақов). Қожа Ахмет Йассауидың кесенесіндегі тай қазанның теңгесін алу үшіп ұрлыққа түсіп жүрген адамдар біздің ауылдың мешітінен қорқады деп пе ең?(Н.Ораз).
4. Іс-әрекеттің жүзеге асу қалпын білдіретін баяндауыштар.
Де етістігінің қатысуымен құрылған баяндауыштың бұл түрі де бірнеше жолмен жасалады:
/. «-айын, -ейін, тұлгалы етістік + деді (депді)», «-айын,-ейін тұлғалы етістік + деп тұр (жүр): жүрейін деді (дедім, дедің), жүрейін деп тұр. Мысалы, Ал қозынын жүнінен бастырып, күйген сүйектің күлімен боянган он сегіз қанатты үйдің киізі ептеп сарғаяйын депті, сарғылттанайын депті (О.Бөкеев).
Бүл мағыналы баяндауыштық құрылымдағы де етістігінің грамматикалық сипаты оның болымсыз түрінен айқын көрінеді. Мысалы: Бірақ, өз басыма мылтық кезенемін дегем жоқ едім (Қ.Ысқақов).
3. «ашық рай етістік+ дер емес», «бұйрық рай етістік + дер емес» болып құралады: Айтсын дер емес.
Мысалы: Ол барам дер емес(С.Бақбергенов). Әскербек бізге келсін дер емес
Достарыңызбен бөлісу: |