Орал өзен – екі елдің шекарасы,
Аржағы түн, бер жағы күн баласы.
Аржағы үймелеген жын ұясы,
Бер жағы Ер Түріктің сардаласы, - деп, тебірене отырып сыр шеткен еді. Ойшыл ақын Мағжан географиялық атаулардың мазмұн жағынан саясатпен тікелей байланысты жататын құбылыс болуы себепті де, отаршыл Ресей империясының басқыншылық саясатын, табиғи шекараны бұзуын меңзеп отыр. Тіпті, осы мәселе IX ғасырда жазылған «Шаһнама» дастанында жырланып, біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда айқындалған Иран, Тұран арасындағы мемлекеттік шекара мәселесін де еске түсіреді.
Афрасиаб Сепанджаб даласынан
Обқа дейін әскерін жасақтады, - деуінен мемлекеттік шекараның аумағы көрініп тұр. Яғни, Тұрандағы Афрасиаб мемлекетінің жер көлемі ұзындығы жағынан қазіргі Сайрамнан Обь өзеніне дейін, көлденеңі Румнен Қытайға дейінгі аралықты алып жатқан ұлы империяны көреміз. Ал Фаридун патшалық еткен кезде Тұранның шекарасы Жейхун (Әмудария) өзенінен басталды десе, кейіннен:
Түріктер Бұхара, Соғды, Самарханд пен Шашты және Испиджаф пен Піл сүйегі бар елді жаулап алып Ганг тарапына келді -деуінен, мемлекет шекарасының аумағы кеңи түскендігін көреміз. Осы шекаралық аралықтағы географиялық елді мекен, жер атаулары түрік тілінде болумен бірге парсы тілді елді мекендердің де ұшырасу Тұран жеріндегі географиялық елді мекен, жер атауларында парсы тілді топонимикалық екінші қабаттың болғанын айғақтап тұр. [7].
Қазақстан Республикасында географиялық елдімекен, жер атауларының ұлттық негізінде бастапқы халықтық атауларын қалыптастыру әрекеті қызу жүргізілуде. Әрине, бұл әрекет тәуелсіздіктің белгісі. Бірақ осы әрекетімізде біз топонимикалық сауатсыздыққа елеулі түрде жол беріп алдық. Бұл қателік түбінде бір түзетілер, бірақ ол қателіктерден оңайлықпен арыла қоймаспыз. Осындай шарасыздықтан саналы түрде тезірек арылудың жолы қоғамдық санаға қозғау салу қажеттілігі туындап отыр. Топонимикалық сауатсыздықтағы басты қателігіміз – географиялық елді мекен, жер атаулары саласындағы ғасырлар бойы қалыптасып бекіген ұлттық сипаттағы аса берік халықтық дәстүрімізді ұмытудан немесе социалистік негізінде қоғамның жасанды менталитетінен арыла алмаудан туындып отырған санадағы салғырттық, немкеттілік тәрізді қалыптан туындайтын проблемалар да жатыр.
Еліміз бен жеріміздің екі жарым ғасырдан астам уақыт Ресей империясының бодандығында болған уақыт та антропонимдік атауларға айтарлықтай өзгерістер әкелді. Мұның үстінде Ресей арқылы өткен еуропалық әсердің өзі де өз дегенін істеп жатты. Кісі есімдері енді орыстық, еуропалық антропонимдермен атала бастады. Бұл әрекет, әсіресе, кеңес үкіметі тұсында үдемесе баяуламады. Біржақты жасанды түрдегі халықтар достығы туралы насихаттың тұсында енді біздің антропонимдік аталымдарға интернационалистік кісі аттары шапшаң түрде жайыла түсті. Тіпті, осы құбылысты іштей қабылдамаған Д.Қонаев Атырауға барған сапарында шопан кісінің әйелі егіз ұл туып, Димекең «балалардың бауы берік болсын» деп сый-сияпат апарған. Сонда Димекең: «Отағасы, балалардың атын қалай қойдыңыз?»,- деп сұрағанда: -Аттарын қатырдым. Біреуінің аты – Максим, екіншісінікі – Горький, - деді. Үнсіз қалдым. Еліктеуден туған надандық. «Максим» деген ат тек Горькийге жарасады. Ал, оны қазаққа телудің қанша қажеттігі бар. Аңғал әке ойламады-ау, ертең ұрпағының Горькийден тарағандар болып шығатынын», - деп қамығып өкініш білдірген екен. Бұл сияқты аңғалдықпен өкінген қазақ әкелер әлі де баршылық. Осындай әкелер бүгін де ұлдары мен қыздарының атын Мэлс, Ким, Тимиряз, Лаура, Эльмира, Дизентерия, Ганди, Индира, Ворошилов деп сарғытып келеді. Мысалы, осы жылдың (2002 ж) маусым айының ортасында Тараз университеттін Қордай ауданынан келіп, қазақ тілі мен әдебиетінен мемлекеттік емтихан тапсырған 45 білімгердің 15-нің есімі араб, парсы, грек, орыс және еуропалық халықтар есімімен аталатыны анықталды. Яғни, бұл – білімгерлердің 33 пайызы немесе үштен бірі деген сөз. Бұл Оңтүстік аймағындағы көрініс, ал Сарыарқа мен Шығысты, Басты жайлаған қазақтардың арасында бұл құбылыс дендеп орын алғаны өтірік емес, шындық. Бұл Димекең айтқандай «Еліктеуден туған надандық», немесе жат жұрттарға еліктеп құлдық ұрған психологиялық танымның айна қатесіз көрінісі емей не дерсің!
Бір жағынан қарағанда мұнда тұрған не бар дейсің, дейтін қазақы салғырттықпен қарасақ та бұл мәселенің астарында терең саяси-әлеуметтік мән жататынын аңғара бермейміз. Жат жұрттықтың есімі қойылған адам сол жұрттың идеологиялық белгісін өмір бойы көтеріп, соның тірідей насихатшысына айналғанын сезбейді де. Яғни, құлдық психологияның біздің ой-санамызды қаншалықты меңдеп алғанына осыдан да байқауға болады. Ал, енді бізбен өмірде мидай араласқан славян халықтары ұлдары мен қыздарының бірде біреуіне қазақ не түрік халықтары атының қоймау себебінің астарында не жатыр? Немесе біздің әншілер, өнер қайраткерлері, тіпті, қарапайым ауыл өнерпаздарының өзі орыс, еуропа халықтарының әнін шырқап, көбірек айтқанын мақтан көреді. Мақұл-ақ, дейік. Ал, енді славян мен еуропа халықтарының әншілері не себепті не іште, не сыртта қазақ, түркі халықтарының тамаша ғажап әндерінің бірде бірін емге болса да айтпауының сыры неде? Бұл құбылыс та, тоқетерін айтқанда, біздің отаршылдықтың құлдық психологиясынан шыға алмауымызды, ал, олардың әлі де болса ұлы державалық сананың тұтқынында қалуынан басқа еш нәрсе де емес. Бұл кесапаттан шығудың бірден-бір жолы – ата-баба салты мен ұлттық дәстүріне қайта оралуда жатыр. Бүгінгі және ертеңгі саналы ұрпақ аға буын жіберген саяси-әлеуметтік, психологиялық қысымнан туындаған ағаттықты жыл өткен сайын саналы түрде тазалап, түркілік түп бастауымыздағы халықтық ата-баба дәстүріне оралса, игі.
Кісі аттарындағы осы психологиялық құлдық белгінің ресми бір көрінісі азаматтардың жеке төл құжатындағы алабажақ есім көріністері дер едік. Осы мәселе туралы 1990 жылы «Ана тілі» газетінің 22 наурыздағы тұңғыш санында жағымды не жағымсыз қасиеттерін қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығын жүргізу және тұрмыс-тіршілігінің өзге де қажеттіліктері тұрғысынан сипаттайды деп топшылауға болады.
Топонимикалық атаулар жүйесі қалыптасуын біз Түлкібас өңіріндегі жер-су атауларын талдаудың негізінде қарастырдық. [8].
Түлкібас!Бұл жер ме, бұл жер асырып айтпағанның өзінде жер жаннаты. Бұл жер атам заманнан солай.Жыл сайын жаңарып, құлпырады да жатады. Осы Түлкібас жайлы Шерағам, Шерхан Мұртаза не дейді?
«Анау батыстан шығысқа қарғиын деп жатқан қара қабылан тәрізді жон–Дәу баба. Оның төбесінен төніп тұрған ақ бас шыңдар Талас Алатауының Ақсу–Жабағылы тұсы. Қақ маңдайда қақпа болып көлденең жатқан Қарагер–Құлан тауы. Солтүстікте–Боралдай,Қошқар–ата. Сол таулардың ортасындағы жатқан жап–жасыл жаннат – Түлкібас...
...Періштенің түсіндей, пейіштің төріндей қайран Түлкібас! Саған, сірә, мына дидарыңа қарағанда жаманшылық жуымас. Мынау заңғар аспан, анау асқар Тәңірдей таулар, қанық жасыл жапырақты әулие жаңғақ ағаштар, түпсіз аспан шырқауда қалықтап жүрген тәкаппар қырандар, төскейдегі шүйгінде семіздіктен мамырлап қалған шыжанадай мал...
Ия, бұл жаннатта тек Адам–Ата мен Хауа–Ана тектес адамдар ғана тұрса керек еді...» Шераға Түлкібасты осылай суреттейді.
Міне, осы жер жаннаты Түлкібаста «Құлый бабамыздың» бір қауым ұрпақтары тұрады. Негізінен олар Түлкібас ауданының шығыс өңіріндегі елді мекендерді жайлаған. Олар Бекет–Түлкібас, Алғабас ауылы, II-ші Түлкібас ауылы, Шұрайлы Түлкібас өңірінің етегіндегі Көктерек ауылы.Оңтүстік баурайында ұзыннан –ұзақ кәрі Алатаудың сілімдері аңызға айналған Дәу – Баба жалғасып, созылып жатыр.Тау төбесіне қонақтаған қар көкек, мамыр айларына шейін ерімей жатады. Темір жол бойынан шығысқа қарай шамамен 400 метрдей жерде атақты Көктерек әулие бейіті бар.Сол бейіт түбінен бір құлақтан мөп – мөлдір бұлақ суы шығып жатады. Суы тұнық , топырағы құнарлы өлкенің қия беткейлерінде малға аса жұғымды киікоты, бетеге, тау пияз, рауғаш, бұйра сасыр т.б. шөптер өседі. Осы Көктерек ауылы үстіңгі Көктерек, астыңғы Көктерек деп екіге бөлінеді. [9].
Жер – су және басқа атаулар сонау ертеден басталып, күні бүгінге дейін тарихи лауазымға ие болып келеді. «Құлый баба» ұрпағының «Есбол» тармағына жататын, көпшіл, аузын ашса аржағы көрініп тұратын аңқылдақ , талай игілікті ісшаралардың басы – қасында жүрген, 1943 жылы Түлкібас ауданы Көктерек елді мекенінде туған Мекенбай Есенбеков жер – су аттарын былай таратады:
Ақсу – Жабағылы суынан бөліп, ел игілігіне жарап келе жатқан, ертеде де жаратқан Үлкен арық (канал) «Құлый арық» аталады; оны ел өзі қазған. Өйткені төменгі ел негізгі өзеннің суын осылай үлкен арық (канал) арқылы төменгі елге су жеткізілген. Бұл су бау – бақша өсіріп, егін салуға септігін тигізген. Әр – бір ата мұрасындай – «Түлкібас» бекетінде «Көктерек» атты әулие бастау бар. Суы қандай десеңізші! Ішсеңіз бал татиды. Түлкібас бекетінен батысқа қарай басталған, тау бөктері «Қыдырбай төс» деп аталады, ал «Алғабас» елді мекенін «Орталық» деп есептеген, үстіңгі «Көктерек» ауылы «Жарбол - Қасқа» елі деп айтылған, астыңғы «Көктеректі», «Майтөбе» Түктібай – Есбол елі деп аталған.
Түлкібасы!Түркібасы!Елді мекендердегі әлі де болса сақталып қалған көне тас дәуірінен бастап, соңғы кездерге дейінгі уақыттарды қамтитын тарихи мұраларды қорғау керек екенін халық арасына уағыздау қажет. Бұл біздің баршамызға қойылатын асыл міндет. Осы орайда алып қарасақ көп жағдаймен ұмыт бола бастаған Түлкібасының аты Түркібасы! Мұны бүгінгі қолымызда бар құжаттар мен тарихи деректер растайды, дәлелдейді. Халқымыздың аяулы ұлы, асыл ағамыз Бауыржан Момышұлы Түркібасы туралы көп айтатын. Айтып қана қоймай бар болмысымен, жүрегімен Жуалы мен Түлкібасыны екі бөліп тасталғанына қатты ренжіп отырып: «Бір кезде, - дейтін Баукең – Жуалы мен Түлкібас бір дене, бір жүрек еді.Оны алды да екіге қақ бөліп бірін Шымкентке, біріне Әулие-Атағы берді де жіберді.Сондықтан екі облыс та Құлыйлар үшін, жалпы жуалылықтар мен Түлкібастықтар үшін жақын бір ұғым.Алайда ал, Түлкібас аты туралы әр түрлі айтылады. Кейбір аңыз бұл өңірде түлкі көп болған десе, екінші аңыз тау жоталарының бірінде Түрік қолбасшысының басы жерленген дейді.Содан Түркібасы атанған дегенді айтады. Мүмкін бұл аңыздар сонау Тұран қағанатынан бастау алатын болар».
Баукең қалай болған күнде де осы екі ауданды бөле жармаған. Екеуін де өзінің туған жерім, кіндік кескен елім деп бағалаған. Екеуін бірдей сағынған.
Қалай десек те осы екі ел бұрыннан аралас- құраласын жоғалтпаған. Ал енді ауданның Түлкібасы аталуына байланысты деректерге сүйенсек құнды дәлелдер бар. Мәселен, қазақ жерінің атауларын жете зерттеген орыс ғалымы В.Бартольдтің шығармаларында мынадай жазбалар бар.Оның шығармаларының IV томының 113 бетінде: «Местные жители говорили, что название Тюлькубаш есть искажение слов «Түркілер башы» - Глава Тюрков. После селения Тюлко – Баш начинается плоскогорье всегда были любимым местом кочевников и в II и VII в.в. служили летней резиденцией тюркским ханам» - деп жазылған екен. Әрине, егер В.Бартгольдт бұл жазбасын 1893 жылы қалдырған болса, онда осында тұрған ата – бабаларымыз жердің шын атын ұмыта қоймаған шығар деп ойлаймыз.
Түлкібасының табиғат әсемдігі В.Бартгольдті де бей – жай қалдырмаған секілді. Мөлдір сулы бұлақтар, тау аңғарларынан жөңкіле аққан шағын өзендер, орман – тоғайлы шатқалдары әр түрлі өсімдік пен жеміске бай. Сирек кездесетін гүлдер де, аң мен құстар да осында .Тау беткейлері мен қойнауларында өрік, алма, долана, тау пісте мен жаңғақ басқа да жеміс ағаштары мен бұталары арша, қайың, тобылғы өседі. Шөп пен гүлдің мыңдаған түрін кездестіруге болады. Тау қыраттарында арқар, киік және басқа аңдар жортып жүреді. Ал шатқалдарда елік, қоян, аю және басқа жыртқыш аңдар мен кекіліктер мекендейді.
Жуалы өңірінде де бұлақтар мыңдап саналса, мұнда да, «Ақбұлақ», «Көкбұлақ», «Алмалы», «Қарабастау» атты ондаған бұлақтар бар. Осында мекендейтін жануарлар мен аңдардың атымен аталатын «Борсықты», «Жыланды», «Құланды», «Киікті» сияқты атаулар мол.
Әрине, ақын – жазушылар осынау таңғажайып өлкеге арнап өлең жазып, шығармаларына арқау еткенін жақсы білеміз. Бұл өлке жайлы жүрегімізге жақын, атақты Белгібай ақын да қалам тартқан. Ендігі сөзді ақынның өзіне берсек.
Достарыңызбен бөлісу: |