Ќазаќстан Республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/64
Дата21.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#26039
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64
Байланысты:
Д. А. Джумабеков т. . к., ауымдастырыл ан профессор

Негізгі әдебиет: [ 1, 3, 8, 11, 14 16] 
Қосымша әдебиет: [ 27, 28, 29, 30, 31, 32, Электр. әдеб 49, 52 
 
4- 
ші  тақырып.  Кеңестік  мемлекеттік  құрылыс  үлгісінің 
жүзеге асырылуы 
 
Қазақстандағы 
жұмысшы 
қозғалысының, 
аграрлық 
қозғалыстың, жалпы өлкедегi азаттық күрестiң дамуында ХIХ-ХХ 
ғасырлар шебiнде туындаған зиялылар айтарлықтай рөл атқарды, 
қоғамдық-саяси  қызметiнiң  сипаты  бойынша  зиялылар  әр  түрлi 
топтарды  бiрiктiрдi,  бiрақ  оның  негiзгi  бөлiгiн  дәрiгерлердi, 


30 
 
адвокаттарды және басқаларын отаршылық-әкiмшiлiктер өкiлдерi 
құрады. 
Бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғыс  Қазақстан  экономикасын 
құлдыратты.  Қазақстан  өнеркәсiбi  соғыс  қажеттерi  үшiн  қызмет 
еттi. 1916 жылы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орталық Азияның 
және  iшiнара  Сiбiрдiң  19  жастан  43  жасқа  дейiнгi  “бұратана” 
халық  ер  –  азаматтарын  тыл  жұмыстарына  алу  туралы  жарлығы 
көтерiлiстiң  бұрқ  ете  түсуiне  әкелдi.  Қазақстанның  барлық 
аймақтарында  дерлiк  стихиялы  наразылықтар  басталып,  көп 
ұзамай қарулы көтерiлiске ұласты. Көтерiлiстiң iрi –iрi ошақтары 
Жетiсу мен Торғайда болды. Олар патша өкiметiнiң отаршылдық 
саясатына және үстем таптарға қарсы болды. 
Қозғалыс бiрте-бiрте ұйымдасқан сипат алды: Жетiсуда және 
Торғайда  оның  iрi  ошақтары  пайда  болды.  ұйымдастырушылар 
Б.Әшекеев,  Ұ.Саурықов,  Т.Бокин,  Ә.Жанбосынов,  А.Иманов, 
Ә.Жангелдин болды. 
Қазақстан  мен  Орта  Азиядағы  1916  жылғы  ұлт-азаттық 
көтерiлiс  тұтас  алғанда  Ресей  империясындағы  саяси  және 
әлеуметтiк-экономикалық  дағдарыстың  одан  әрi  асқына  түсуiне 
әкелдi.  1916  жылғы  көтерiлiс  қазақ  халқының  патша  өкiметiне 
қарсы  ұлт-азаттық  көтерiлiсiнiң  құрамдас  бiр  бөлiгi  болып 
табылады. 
1917 
жылдың 
ақпанында 
Ресей 
буржуазиялық- 
демократиялық  революция жеңiп,  патша өкiметiн құлатты. Қазақ 
халқы,  әсiресе,  ұлттық  зиялылар  Ақпан  революциясын  құптады, 
уақытша  өкiмет  пен  оның  комиссарларына  қолдау  көрсеттi. 
Облыстық  уездiк  және  болыстық  қазақ  комитеттерi  құрыла 
бастады.  Ә.Бөкейханов  Торғай  облысы  бойынша,  М.Тынышпаев 
Жетiсу  облысы  бойынша  Уақытша  өкiметтiң  Комиссарлары 
болды.  1917  жылдың  көктемiнде  қазақ  облыстық  сьездерi 
өткiзiлдi.  Елдiң  орталығы  және  басқа  аймақтарында  орнаған  қос 
өкiмет Қазақстанда да орнады, Уақытша үкiметтiң  органдарымен 
қатар жұмысшы, солдат және шаруа Кеңестерi пайда болды. 
1917  ж.  24  қазанда  (6  қарашада)  Петроградта  қарулы 
көтерiлiс басталды. Ертеңiне көтерiлiсшi жұмысшылар, солдаттар 
мен матростар астананың аса маңызды орындарын басып алды. 25 


31 
 
қазанда  (7  қарашада)  таңертең  әскери  революциялық  комитет 
Уақытша үкiметтiң құлатылғанын хабарлады. 
Қазан  қарулы  көтерiлiсiнiң  Петроградтағы  жеңiсiнiң  және 
орталықта,  сондай-ақ  Қазақстанмен  iргелес  iрi  қалалар  – 
Ташкентте,  Омскiде,  Орынборда,  Астраханьда  кеңес  өкiметi 
орнауының  Қазақстанда  бүкiл  өкiмет  билiгiнiң  Кеңестер  қолына 
өтуi  үшiн  шешушi  маңызы  болды.  Алайда  Қазақстанда  Кеңес 
өкiметiн  орнату  төрт  айға,  1917  ж.  аяғынан  1918  ж.  наурызына 
дейiн  созылды.  Бұл  процесс  өлкенiң  әлеуметтiк-экономикалық 
және  мәдени  артта  қалуынан,  жергiлiктi  жұмысшы  табымен 
большевиктiк  ұйымдардың  сан  жағынан  аз  әрi  әлсiз 
болғандығынан,  ұлтаралық  қатынастардың  күрделiлiгiнен  туған 
қиыншылықтар себебiнен шиеленiсе тустi. 
Қазақстандағы  азамат  соғысының  алғашқы  ошақтарының 
бiрi 1917 ж. қарашасында Торғай облысының әкiмшiлiк орталығы 
Орынборда  қалыптасты,  мұнда  Орынбор  казактары  әскерiнiң 
атаманы 
Дутов 
Кеңес 
өкiметiн 
құлатып, 
Кеңестердiң 
Бүкiлресейлiк 
сьезiнiң 
делегаты 
С.Цвиллинг 
бастаған 
революциялық  комитеттi  тұтқынға  алады.Кеңес  өкiметiмен 
күресудiң  қарулы  орталығы  Жетiсуда  да  болды,  1917  ж.  1  (13) 
қарашасында  Жетiсу  казактары  әскерiнiң  әскери  кеңесi  Әскери 
үкiмет дегендi ұйымдастырады. Верныйға (қазiргi Алматы) кеңес 
үкеiметiне  қарсы  күресу  мақсатымен  ақгвардия  офицерлерi  мен 
юнкерлер  жиналады.  Қазақ  даласында  Кеңес  өкiметiн  орнату 
жолындағы  күрес  жүрiп  жатты.  Соның  нәтижесiнде  1917  жылғы 
қазаннан  1918  жылғы  наурызға  дейiн  Қазақстанның  көптеген 
аудандарында Кеңес өкiметi орнады. 
1918-1920  жылдарда  шетел  басқыншылары  мен  елдiң 
iшiндегi  төңкерiстi  жақтайтын  күштердiң  қарсылығы  жеңiлгенен 
кейiн,  Қазақстанда  экономиканы  қалпына  келтiру,  мемлекеттiк 
құрылысты  нығайту  жұмыстары  жүргiзiлдi.  1919  жылы  10 
шiлдеде  РКФСР  Халық  комиссарлары  Кеңесi  “қырғыз 
Автономиялы Кеңестiк Социалистiк Республикасын құру туралы” 
жарлық  қабылдады.  Орынбор  қаласы  қазақ  АКСР-iнiң  алғашқы 
астанасы болды. 
1920  жылы  4  қазанда  Орынборда  алғашқы  Қазақстан 
Кеңестерiнiң  құрылтай  сьезiнде  Орталық  Атқару  Комитетi 


32 
 
(төрағасы  С.М.Меңдешев)  және  Халком  Кеңесi  сайланды.  Сьезд 
“қырғыз 
(қазақ) 
АКСР-i 
еңбекшiлерi 
құқықтарының 
декларациясын” қабылдады. 
 
Негізгі әдебиет: [ 1, 3, 8, 11, 14, 16] 
Қосымша әдебиет: [30, 31, 34, 37, 39, 46, 47] 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет