Лекция №13. Коммутация заңдары. Үшфазалы электр тізбектері. Анықтамалар. Жұлдыз тәрізді қосу. Үшбұрыш тәрізді қосу
13.1. Үшфазалы электр тізбектері. Анықтамалар
Электр энергиясын тасу кезінде және оны техникада қолдану тиімділігін сақтау мақсатында қоректендіру көздері тәуелсіз бірқатар тізбектерді бір жүйеге біріктіреді. Үш фазалы және алты фазалы тізбектер кеңінен қолданылады.
Үшфазалы жүйені ХІХ ғасырдың аяғында алғаш жасаған және енгізген М.О.Доливо-Добровольский. Үш фазалы жүйедегі энергия көзі генератордың үш орамасы болып табылады. Орамалар периодтың үштен біріне ығысқан айнымалы ЭҚК – ті индукциялайтын етіп жатқызылады.
Үшфазалы электр тізбегі – бұл амплитудасы мен жиілігі бірдей синусоидалы ЭҚК-і бар үш электр тізбегінің жиынтығы. ЭҚК фаза бойынша периодтың үштен біріне ығысқан.
Бұл ЭҚК-тер бір қоректендіру көзінен алынады.
Фаза деп бір жүйеге біріктірілген қоректендіру көздері тәуелсіз болатын тәуелсіз электр тізбектерін айтады.
Фаза деп біріге алатын қоректендіру көздері тәуелсіз әрбір тізбекті айтады.
Фаза деп біріге алатын әрбір тізбектегі электр энергиясының қабылдағыштарын айтады.
шфазалы жүйенің анықтамасы бойынша фазалық ЭҚК-тердің лездік мәндері:
Барлық фазалар бойынша бірдей шарттары бар (комплексті кедергісі мен ЭҚК амплитудалары тең) үш фазалы жүйе симметриялы деп аталады.
13.2. Жұлдыз тәрізді қосу
Үш тәуелсіз тізбекті генератор орамасының фазасы және қабылдағыштар фазасының ұштары екі түйін құрайтындай етіп біріктіруге болады. Мұндай біріктіру жұлдыз тәрізді қосу деп аталады.
Екі түйінді қосатын тоқ өткізгіш сымды нейтраль деп атайды. Ал басқа тоқ өткізгіш сымдар (, , ) сызықты деп аталады. Генератор фазаларының (немесе жүктемелерінің) қысқаштарындағы кернеу фазалық кернеу деп аталады. Фазалар орамасындағы немесе фазалық жүктемелердегі тоқ – бұл фазалық тоқ. Сызықты тоқ өткізгіш сымдар арасындағы кернеу – сызықтық кернеу. Сызықты тоқ өткізгіш сымдардағы тоқтар сызықты тоқтар деп аталады.
13.3. Үшбұрыш тәрізді қосу
Генератор орамасы мен жүктемелерді суретте көрсетілгендей етіп біріктіруге болады. Мұндай қосылу үшбұрыш тәрізді қосу деп аталады. Бұл жағдайда тізбек үш өткізгішті болады.
Үшбұрыш тәрізді қосу схемасынан
яғни үшбұрыш тәрізді қосу кезінде сызықты кернеу барлық уақытта фазалық кернеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |