Байтұрсыновтың өз халқын ұйқыдан оятып, бостандық,
теңдік және туысқандық жолына салу үшін жүргізген
жанпида күресі келер ұрпақты патриоттық тәрбие беруде
үлгі болмақ. Екіншіден, бүгінгі күнде Ахметтің азабы мол
еңбегі азаматтықтың биік үлгісі ретінде қазақ елінің тарихын
қайта жаңғырту үстінде. Үшіншіден, ұлы қайраткер
күрескердің
еңбегін
мүдірместен
демократиялық
дәстүрлерге берік бүгінгі қазақ, Қазақстан Республикасы
зиялылары қайталайтындығына біздің ешбір күмәніміз жоқ.
А. Байтұрсынов өзінің саяси күресінің алғашқы қадамын ауыл
мектептерінде мұғалім болудан бастады, олай дейтініміз, қараңғы халықтың
сауатын ашып, білім беру арқылы бодандықтың бұғауынан босануға
болатынын жақсы білді. Сол үшін ерінбей еңбек етіп, қазақ балалары үшін
әліппе құрастырып, қазақтың төл мәдениетін көтеруге кірісті.
Оның қатысуымен құрастырылған «Қарқаралы петициясы» саяси
бостандықпен теңдікке жету және ұлттық езгіге қарсы тұруды жариялаған қазақ
халқының тұңғыш құқықтық құжаты болып табылады. Алаш көсемінің патша
үкіметінің саясатына қарсы алғашқы ашық қарсылығы болатын.
1913 жылы «Қазақ» газетін ұйымдастырып, оған өзі редактор болды,
қазақ баспасөзінің негізін қалады. Газетке көптеген қазақ зиялы азаматтарын
тартып, қазақ халқын отардан құтқару майданына қосты.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс тұсында А. Байтұрсынов халықтың
тағдырын ойлап қырғын мен қатерден сақтап қалу мақсатында берген ақыл-
кеңестері мен атқарғар зор еңбегі, оның көрегендігін байқатып қана қоймай,
саяси пісіп-жетіліп, үлкен күрес жолына түскен саясаткер екенін танытты.
А. Байтұрсынов «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін
ұйымдастырып құруда және оның шешімдерін жүзеге асыруда үзенгілес зиялы
қайраткерлердің алды болды. «Алаш» партиясының кемеңгері болып, өзінің
білімділігімен ерекшеленді. Азамат соғысының аласапыранында әскери-соғыс
істеріне қатысты белсенді ақыл-кеңес беріп, соғыс зардабынан түрлі азапты
шегіп, ашаршылық пен ауруға ұшыраған қазақ халқына азық-түлік пен
медицина көмегін ұйымдастырды. Азамат соғысынан туған ашаршылық пен
түрлі жұқпалы аурудан, әкімшілік езгіден құтылу үшін Қытайға ауа көшкен
қазақтардың әлеуметтік жағдайын білу үшін Құлжаға сапар шегіп, онда
ашыққан қазақтарға жәрдем ұйымдастырып, олардың елге қайта оралуына
көмегін тигізген.
140
Қазақ халқын қандай үкімет басқарғанына қарамастан, оның ұлтжанды
қайраткер екенін Кеңес үкіметі тұсындағы жанқияр қызметтері дәлелдейді. ХХ
ғасырдың 20-30 жылдары қазақ ұлтының мүддесін қорғап, қызмет ету оңайға
түспегені баршаға мәлім. А. Байтұрсынов сол жылдары ұлтының болашағын
ойлап, Коммунистк партия қатарына өтті, Қырғыз (қазақ) әскери төңкерістік
комитетінің бірінші жауапты орынбасары және аталмыш комитеттің ішкі істер
бөлімін басқарды. Осы қызметте қайраткер қазақ республикасының құрылуы
мен қазақтың байырғы жерлерін қазақтың өз аймағында сақап қалу үшін В.И.
Ленинге хат жолдаған, сондай-ақ Мәскеуге іс-сапармен аттанып үкімет
орындарының мінбелерінде қызу талқылап, өз ұсынысын қабылдатқан.
Ол Халық Ағарту Комиссары қызметінің тұсында қазақ халқының
сауатсыздығымен күресуді жалғастырып, оқулықтар жазды. Ағарту саласының
мамандарын дайындау үшін арнаулы курстар, мектептер, техникумдар мен
университеттерді
ашты.
Оқушылар
мен
мұғалімдердің
әлеуметтік
жағдайларына көп көңіл бөліп, оларды киім-кешек пен отын сумен, паек
карточкасымен қамтамасыз етіп отырды. Жетім балар үшін балар үйі мен
мекпет интернаттарын ашып, олардың әлеуметтік жағдайларын барынша
жақсартты. Қиын-қыстау кезеңіне қарамастан ғылымның дамуына ерекше назар
аударып Академиялық Орталықтың жұмысын басқарып,оның өркендеп
дамуына жағдай жасап, оған өзі тікелей бағыт беріп отырды. Бұл саладағы
қайраткердің қызметін ерлікке бағаласақ артық болмас еді. Оған бір ғана дәлел,
Ресейге қосылғаннан кейін патша үкіметінің хұзырына өтіп кеткен қазақ
жерлерін қайтаруы, білім мен ғылымның дамуына жол салуын ешнәрсемен
теңестіруге болмайды. Әлеуметтік жағдайдың әбден жіңішкеріп, экономикалық
тапшылықтың құрсауындағы мемлекеттің дамып-жетілуіне зор еңбегін
қосқанына қарамастан Кеңес үкіметі А. Байтұрсыновқа алакөздік танытып,
қуғын-сүргінге ұшыратты.
Досмұхамедұлы Халел (1883-1937) – аумалы
төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың,
өмір мен өлімнің бел ортасында жүрсе де азаматтық
тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі,
мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан
салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси
және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы,
тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін
жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы. Туған жері
қазіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданы.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл
молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді.
Мектепті жақсы бітірген Халел бұдан кейін Теке қаласындағы реалдық
училщеге түсіп, оны үздік бітіреді. Өнер білімге құмар жас Санкт-
Петербургтегі Әскери медициналық академияның сынағынан мүдірмей өтіп,
оны алты жылдан кейін Алтын медальмен бітіріп шығады.
141
Халқының жан саулығы мен тән саулығының шипагері бола білген Халел
арнайы шақырумен Орынбор қаласында өткен Жалпы қазақ-қырғыз съезіне
қатысады. Осында қазақ-қырғыз өлкелік автономиясы жарияланады, Алашорда
өкіметі құрылады. Ол соған мүше болып сайланады.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де
жаңа өкіметтің жұмысына тартылады. Ташкенттегі халық ағарту институтында
оқытушы, оған қосымша Орта Азия университеті медицина факультетінің
ауруханасында ординатор қызметтерін атқарады. 1924 жылы Россия
академиясының Орталық өлкетану бюросының мүше корреспонденті болып
сайланады. Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу
орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік
университетін ашуға, соның ұйымдастыру жұмыстарын атқаруға белсене
араласады, оның бірінші проректоры болып тағайындалады.
Халел Досмұхамедұлы бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық
мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде
қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология
жасау ісіне ат салысады. Жер-жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық
мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік
Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметтерін ана тіліндегі
оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге
мәжбүр етті. Ол «табиғаттану», «Оқушылардың денсаулығын сақтау»,
«Адамның тән тірлігі» (қазақша-орысша жаратылыстану сөздігі), «Сүйектілер
туралы» атты еңбектер жазды. Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист
болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ»,
«Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын
көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ-қырғыз білім комиссиясы жанынан
«Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.
Жеке адамға табыну дәуіріндегі алғашқы қуғын-сүргін зұлматына
алдымен халқымыздың маңдай алды аяулы азаматтары ұшырағаны белгілі.
Солардың бірі болып, КазПи-де проректор болып жүрген Халел тұтқындалып,
Воронежге жер аударылды. Сонда жүргенде қайта тұтқындалып, әуелі Мәскеу,
содан соң Алматы түрмесінде отырды. 1937 жылы әскери трибуналдың
үкімімен атылды. Халқыма қызмет етуден артық бақыт жоқ деп, бар мағыналы
өмірін осы жолға арнаған аяулы азамат осылайша зұлымдықтың құрбаны
болды. Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының
Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды.
Демек XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-идеялық ахуалдың
қалыптасуына әр мағынадағы қағидалар мен теориялардың ықпал еткені ақиқат
болып қала бермек. Сонымен, қазақ зиялыларының саяси-құқықтық,
реформаторлық көзқарастары негізінде ұлттық прогресс, саяси бостандық,
отарлық езгінің құрсауынан босану және саяси ұлттық, демократиялық
мемлекет құру идеялары жатты. Себебі, қазақ қоғамының даму процесі, ішкі
шиеленістер осы идеялардың іс жүзіне асуына дәйекті жағдайлар туғызған еді.
142
Шешендер, ақын-жыраулар, батырлар мен қолбасшылар, хандар мен билер -
өзінше ерекше ойларды беріп, онда объективті дүние туралы көзқарастарын
түйіндеді. Бірақ олар нақты философиялық мектептерін қалыптастыра алмаса
да, өз замандарының қоғамдық дамуының негізгі тенденцияларын көрсетіп,
ойтұжырымдап отырды.
Философиялық ойлау әрбір халықтың ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен
сипатталады. Қазақ философиясының қалыптасуының өзіндік ерекшелігі қазақ
халқының өмір-тіршілігінің ерекшелігімен көрінді.
Достарыңызбен бөлісу: |